Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 19:58, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі – бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелерінің бірі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру болып табылады.
КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік
1.2 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер
1.3 Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазыргі жағдайы
2.2 Қазақстан Республикасындағы дағдарыс жағдайында бағалы қағаздар нарығының даму мәселелері
2.3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы мемлекеттік реттеу және оның перспективалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
г) Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары – олар коммерциялық вексельдер, фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар.
3.Бағалы
қағаздар сатылу жеріне
Нарығындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.
Ақша нарығында қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатылады және сатып алынады.Оның айналым мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығына созылады.Бұл нарыққа қазынашылық вексельдер, депозиттік сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар айналымға түседі.Оларды шығарушылар әртүрлі топтарға жатса да, олардың бәрі қарызды бағалы қағаздарға жатады.
Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған бағалы қағаздар түседі.Олар үлесті де, қарызды да бағалы қағаздар болуы мүмкін.Олардың эмитенттері де әртүрлі: мемлекет, жергілікті атқарушы органдар, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқалар.
Айта кететін жәйт, бағалы қағаздардың кейбір түрлері қысқы мерзімге, яғни бір жылға дейін айналымда болса да (мысалы, еркін айналыстағы опциондар) капитал нарығына жүреді.
Нарық
экономикасы дамыған елдерде
бағалы қағаздар нарығында көптеген
сегменттер, атап айтқанда, кәсіпорындар
мен жеке компаниялардың акциялары;
мемлекеттің және жеке фирмалардың
облигациялары айнылыста
АҚШ – та жеке фирмалардың облигацияларының бағалы қағаздар нарығында жоғары үлес салмағы бар екенін көрсетеді.Себебі олар қор биржасынан тыс сатып алу және сатудың әртүрлі әдістерін қолданады.
Айта кететін жәйт, АҚШ-пен салыстырғанда Батыс Еуропа елдерінде, әсіресе Францияда, сондай – ақ Жапонияда мемлекеттік сектордың бағалы қағаздарға қосқан үлесі жоғары, сондықтан оларда әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың облигациялары көптеп шығарылуда.Ал Батыс Еуропа елдерінде шығарылатын кепілдікке мүлік салу облигацияларын және коммуналдық облигацияларын тек ипотекалық банктер эмиссиялайды, сондай-ақ олар қор биржасынан тыс сатылады.
.
Бағалы қағаздар құрамында мемлекет тарапынан, халықтан және заңды тұлғалардан алынған қарыз фактісін куәландыратын мемлекеттік бағалы қағаздар ерекше болып келеді. Олар әр түрлі нысандарда шығарылады: қазынашылық міндеттемелер, қазынашылық боналар, қазынашылық векселдер, облигациялар және басқалар. Олардың арасындағы айырмашылық іс - әрекет ету мезгіліне, табыстарды төлеу мен өтеу шарттарына, айналымдылықтың сипатына, ұстаушыларына байланыстығында. Қазақстан Республикасында қазынашылық векселдер мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер нысанына түрленген, олардың мәні «Мемлекеттік кредит және мемлекеттік борыш»тарауында қаралған.
Қазынашылық міндеттемелер ерікті негізде халық арасында таратылатын мемлекеттік бағалы қағаздың түрі, ол иелерінің ақшаны бюджетке аударғанын куәландырады және осы бағалы қағаздарды бүкіл иелену кезеңінде тіркелген табыс алуына құқық береді.
Боналар — мемлекеттік қазынашылық, муниципалдық органдар, мекемелер, фирмалар шығаратын және ұстаушылары сатып алу және төлем құралдары ретінде пайдаланылатын борышқорлық міндеттемелер.
Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталары 7 күннен 91 күнге дейін айналыс мерзіміндегі мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады. Олар ақша - кредит саясатының мақсаттарын іске асыру және айналымдағы ақша массасын жедел реттеу үшін пайдаланылады. Айналысқа 1995 жылдан бері шығарылып келеді.
Мемлекеттік бағалы
қағаздармен жасалатын
МЕККАМ-ды Үкіметтің атынан Қаржы министрлігі шығарады, мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанның бағалы қағаздарының қайталама рыногында еркін айналыста болады.
Мемлекеттік орта мерзімді
қазынашылық валюталық
Қазынашылық
валюталық міндеттеменің
Мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттелер (МЕИКАМ) мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады, оларды республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру мақсатында Үкіметтің атынан Қаржы министрлігі (эмитент ретінде) шығарады және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген зандарына сәйкес Қазақстанның бағалы қағаздар рыногында еркін айналыста болады.
Индекстелген
қазынашылық міндеттемелердің бастапқы
құны 1000теңге және олар инвесторлардың
арасында аукциондық әдіспен орналастырады.
Айналыс мерзімі 7 жыл және өтеу күні
2007 жылғы 11 мамыр, бастапқы құны 1000 АҚШ
доллары, капиталдың халықаралық орналастырылған
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
бағалы қағаздары – Еурооблигациялар
шығарылады.
1.2 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер
Бағалы қағаздар нарығын реттеу деген оған барлық қатысушылардың іс-әрекетін және олардың арасындағы операцияларды тәртіпке келтіруге бағытталған қоғам өкілетінің қызметі.Нарыққа қатысушылардың іс-әрекетін екі жақты – ішкі және сыртқы реттеуге болады.Ішкі реттеу деген осы ұйымның, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің өз қызметінде ұйымның жарғысын, ережелерін және т.б. іс-әрекетін айқындайтын ішкі нормативтік құжат талаптарын орындауы.Сыртқы реттеу деген осы ұйымның өз қызметінде мемлекеттің, басқа да ұйымдардың, халықаралық келісімдердің нормативтік актілерін орындауы.
Кез келген бағалы қағаздар нарығын тікелей немесе жанама деп бөлуге түрде сауда-саттыққа барлық қатысушылардың – эмитенттердің, инвесторлардың, кәсіби делдалдардың, нарық инфрақұрылымы ұйымдарының қызметін тәртіпке келтіретін уәкілетті органдар реттеп отырады. Реттеудің түрлері:
-
мемлекеттік реттеу, онымен қызмет
бабаына реттеу функциясы
-
нарықтың өзін-өзі реттеуі,
- қоғамдық реттеу, яғни нарықты қоғамдық пікір арқылы ретеу.
Таратып айтқанда, бағалы қағаздар нарығындағы кейбір іс-әрекеттер мемлекеттің немесе нарыққа кәсіби қатысушыларға реттеу әрекеттерін жүргізуіне негізгі себепші болуы мүмкін.
Әлемдік тәжірбиеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу. Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:
-
бағалы қағаздар нарығы
- осы мәселелер бойынша атқарушы үкімет органдарының қаулылары мен бұйрықтары;
-
бағалы қағаздар нарығының
Жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:
- несие үшін процент мөлшерін өзгерту арқылы айналымдагы ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;
- мемлекеттің салық саясаты;
- депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;
- қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы (қазыналық облигациялар, вексельдер, орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздар, мемлекеттік органдардың міндеттемелерін және с.с. шығару)арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;
- мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасы мен алтын операцияларын, экспорт шараларын ынталандыру және с.с. жұмыстарды реттеу):
- мемлекеттің сыртқы экономикаіық іс-шаралары (саяси байланыстарды ұлғайту немесе шектеу және с.с.)
Бағалы қағаздар
Біріншіден, нарықта шаруашылық субъектілері ретінде қызмет істейтін барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы кағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы қажет, яғни олардың керекті мөлшерде (минимум) өз капиталы болғаны жөн. Инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында, әдетте, тіркеуші органдар тіркеуден өткізбеу құқын алады.
Екіншіден, экономиканың барлық субъектілерін нақты хабарлармен қамтамасыз ету. Ол, әдетте, бағалы қағаздарды шығару мен оны шығарушылар туралы анықта толық хабар беретін эмиссия проспектісін шығарумен жүзеге асырылады. Оған алдын ала белгілі бір адамдар ғана біліп және тек солардың арасында орналастырылатын жеке бағалы қағаздар қосылмайды. Одан басқа эмитенттер бұқаралық ақпарат беттерінде үнемі қаржы есебін, фирманың басшы адамдары туралы өзгерістерді жариялап тұруға міндетті.
Үшіншіден, институционалдық органдар бағалы қағаздар нарығын тексеру және ондағы құқық тәртібін сақтау қызметімен де айналысады. Бұл органдардың өкілі заң бұзушылардың кез-келгенін тексеріп, кінәлілерге әкімшілік шара қолданып, істерін сотқа беруге құқы бар. Ол үшін оларға үлкен өкілеттілік берілген, мысалы, бағалы қағаздарға жөне ақша қаражатына тыйым салуға (арест), құжаттарын алуға және с.с. өкілеттіліктер.
Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеті:
- нарыққа қатысушылардың қызмет етуіне сай жағдай жасау;
-
нарыққа қатысушылардың кейбір
жақтардың, алаяқтық, арамдық және
қылмыстық іс-әрекеттерінен
- бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс неігінде ашық баға белгілеу процесін қамтамсыз ету;
-
кәсіпкерлікті ынталандыратын
-
белгілі бір қоғамдық нәтижеге
жеткізетін бағалы қағаздар
Бағалы қағаздар нарығын реттеудің мақсаты бағалы қағаздармен келісімге келісушілердің заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету. Мемлекетің мұндпй айрықша статусқа ие болуы ол бағалы қағаздар нарығында ең ірі эмитент (мемлекеттік қарыздарды қаржыландыру), әрі инвестор (кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік акциялардың бумасы) болуына байланысты туындайды.Сондай-ақ, бағалы қағаздар нарығына қызмет атқаратын қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Олардың ең негізгісі - 1995 жылы Президенттің «Бағалы қағаздар және Қор биржасы туралы» жарлығына сәйкес құрылған Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия.
Қор нарығын мемлекеттік реттеу органдарының негізгі арқарған міндеттері мынадай:
Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын қалыптасуы мен дамуы