Бағалы қағаздардың бастапқы және кайталама нарығы
Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 23:05, лекция
Краткое описание
Біздің ойымызша, нарықтық экономиканы қалыптастыру біздің Қазақстан Республикасында жаңа қоғам қүру. Осы мәселе туралы әлі де бірқатар пікір - таластарды алға тартуға болар еді. Қазақстан Республика-сының Президенті Н. Ә.Назарбаев: «Қазастанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы » деп аталатын еңбегінде біздің стратегияны былай деп анықтайды: « меншіктің негізгі түрлерін (жекеменшік пен мемлекеттік меншік) үйлестіре және өзара іс -қимыл жасай отырып бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік - экономика қүру... ».
Файлы: 1 файл
Тақырып 8 РЦБ.pptx
— 76.23 Кб (Скачать)Тақырып 8. Бағалы қағаздардың бастапқы және қайталама нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы (қор нарығы)- қаржы нарығының бір бөлігі (ссудалық капитал, валюта және алтын нарығымен қатарлы), қор нарығында арнайы қаржы құралдар айналады, оларды бағалы қағаздар деп атайды.
- Бағалы қағаздар - бұл белгіленген түрдегі және белгілі реквизиттері көрсетілген, мүліктік құқықтарды білдіретін құжат. Мүліктік құқықтар ретінде несиеге берілген ақшалар, кәсіпорындарды құрудағы үлестер, мүлікті сату немесе алу, кепілдікке беру, табысты алу қарастырылады.
- Бағалы қағаздар атаулы және ұсынбалы болып бөлінеді.
- Атаулы бағалы қағаздарда иесінің аты жазылып, реестрлерде арнайы тіркеулер жасалынады. Ұсынбалы қағаздың иесі болып оны ұсынып тұрған тұлға табылады.
- Бағалы қағаздар қағаз немесе қағазсыз (электронды) түрде жасалынуы мүмкін.
- Бағалы қағаздарға жұмсалған капиталды – фиктивті немесе қор капиталы деп атайды.
- Бағалы қағаздарды сатуға, сатып алуға, кепілдікке қоюға, сыйлауға, айырбастауға, мұра ретінде тапсыруға болады. Бағалы қағаздар ақшаның кейбір қызметтерін атқара алады, бірақ олар жалпы эквивалент бола алмайды.
- Бағалы қағаздар нарығының мақсаты - қаржы құралдарын жинақтап, оларды қайта бөліну мүмкіншілігімен қамтамасыз ету.
- БҚН келесі міндеттері бар:
- белгілі инвестицияларды іске асыруға қаржы құралдарын жинақтау;
- әлемдік стандарттарға сай нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру;
- туынды нарықты қалыптастыру;
- маркетингтік зерттеулерді белсенділеу;
- мүліктік қарымқатынастарды трансформациялау;
- мемлекеттік реттеу арқылы нақты бақылауды қамтамасыз ету;
- инвестициялық тәуекелділікті төмендету;
- қоржындық стратегияларды қалыптастыру;
- бағабелгіленімді дамыту;
- дамудың перспективалық бағыттарын жобалау.
- Бағалы қағаздар нарығының қызметтері:
- Есептеу - БҚН айналымда журетін барлық бағалы қағаздарды арнайы тізбелерде- реестрлерде міндетті түрде есепке алу, БҚН қатысушыларын және бағалы қағаздармен байланысты барлық жасалыңған іс әрекеттерін тіркеу;
- Бақылау - БҚН қатысушыларымен заңнамалық нормаларды орындауын бақылау;
- Сұраныс пен ұсынысты баланстау қызметі - бағалы қағадармен іс әрекеттерді жасау арқылы нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тепетеңдігін қамтамасыз ету;
- Ынталандыру қызметі - жеке және заңды тұлғаларды БҚН қатысуын ынталандыру;
- Қайта бөлу қызметі - ақша құралдарын кәсіпорындар, мемлекет, салалар, аймақтар, кәсіпорындар, мемлекет, салалар, аймақтар, халық арасында қайта бөлу;
- Реттеу - әр түрлі қоғамдық процесстерді реттеу.
- Бастапқы бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру мен бастапқы эмиссия іске асырылатын жер.
- Бастапқы бағалы қағаздар нарығының мақсаты - бағалы қағаздарды шығаруы мен орналастыруды ұйымдастыру.
- Бастапқы бағалы қағаздар нарығының міндеттері:
- уақытша бос ақша құралдарын жұмылдыру;
- қаржы нарығын белсендету;
- инфляцияның қарқындарын төмендету;
- Бастапқы бағалы қағаздар нарығының атқарымдары:
- бағалы қағаздарды шығыруын ұйымдастыру;
- бағалы қағаздарды орналастыру;
- бағалы қағаздарды есепке алу;
- сұраныс пен ұсынысты баланстау.
- Бастапқы бағалы қағаздар нарығының негізгі операциялары:
- эмиссия
- бағалы қағаздарды орналастырудың негізгі түрлерін анықтау
- бағалы қағаздардың нарықтық құнын анықтау;
- инвестициялық тәуекелділікті бағалау;
- шығарылғын бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу;
- бағалы қағаздарды орналатыру;
- эмиссияланған бағалы қағаздар тұралы есепті тіркеу;
- реестрді жургізетін тұлғаны белгілеу;
- бағалы қағаздарды сақтау.
- Эмитент болып бағалы қағаздарды шығару және орналастыру тұралы шешім қабылдаған тұлға табылады.
- Эмиссия мақсаты:
- барлық нысандағы ақша белгілерін айналысқа шығару;
- мемлекет шығарады немесе оның бақылауымен шығарылады;
- жарғылық капиталды қалыптастыру немесе қарыз қаражатын тарту мақсатымен бағалы қағаздар шығару және орналастыру.
- Бағалы қағаздарды эмиссиялау келесі іс әрекеттерден тұрады:
- - шығарылатын қағаздардың көлемі, эмиссия проспектін дайындап жариялау,
- - шығару процессін тіркеу,
- - бағалы қағаздардың бланктерін баспадан шығару,
- - бағалы қағаздарды шығару тұралы жария жасау.
- Бағалы қағаздарды шығарумен қатар эмиссия проспекті жасалынады, ол үш бөлімнен тұрады:
- 1. эмитент тұралы мәліметтер;
- 2. эмитенттің қаржылық жағдайы тұралы мәліметтер;
- 3. алдындағы бағалы қағаздар шығарылымы тұралы мәліметтер. Бастапқы бағалы қағаздар тұралы мәліметтер.
- Бастапқы нарықта бағалы қағаздар эмиссиялық бағамен сатылады - бағалы қағаздарда көрсетілген баға.
- Туынды бағалы қағаздар нарығы - қор нарығының ең белсенді бөлігі, ол жерде бағалы қағаздармен операциялардың көбісі жасалынады, бастапқы шығаруымен орналастырудан басқа.
- Туынды бағалы қағаздар нарығының мақсаты - бастапқы шығару болған соң бағалы қағаздарды алуға, сатуға және басқа іс әрекеттерді іске асыру үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету.
- Туынды бағалы қағаздар нарығы ұйымдастқан және ұйымдастырылмаған болуы мүмкін, басқаша атқанда сатып алу операциялары биржаларда немесе биржалардан тыс жерлерде жүргізіледі. Бұл нарықта бағалы қағаздар нарықтық бағамен сатылады.
- Туынды бағалы қағаздар нарығында жасалынатын іс әрекеттерге диллерлер қатысады, олар бағалы қағаздарды өз ақшасына сатып алады, ал брокерлер өз клиенттерінің тапсырыстарын орындайды.
- Туынды бағалы қағаздар нарығының міндеттері:
- 1. нарықтың тиімділігін қамтамасыз ету, осы міндет арқылы инвесторлардың мүдделері;
- 2. бағалы қағаздардың курстық айырмашылығын көтеру. Бұл міндетті диллерлер орындайды, олар бастапқы нарықтағы бағалы қағаздарды сатып алып, туынды нарықта жоғары бағамен сатады, және спекуляциялық іс әрекеттерді жүргізеді.
- Тапсырма: Шет мемлекеттеріндегі бағалы қағаздардың бастапқы және қайталама нарығы