Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын қалыптасуы мен дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 19:58, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі – бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелерінің бірі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік
1.2 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер
1.3 Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазыргі жағдайы
2.2 Қазақстан Республикасындағы дағдарыс жағдайында бағалы қағаздар нарығының даму мәселелері
2.3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы мемлекеттік реттеу және оның перспективалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Экономика теория жөнделген.doc

— 369.50 Кб (Скачать)

     § Көкшіл фишка

     § Екінші эшелон және

     § т.б.  қалғандары

     «Көк фишкаға» мұнай өңдеумен өндіру, кен өндірісі, отын және энергетика, түсті және қара металлургиядағы ірі өнеркәсіптерді жатқызды. Оның негізінде мемлекет пакетіндегі акциялардың бір бөлігі қор биржасының айналымына түседі деген мақсат тұрды. Акциялардың меншіктегі тым аз үлесін құрады, дегенмен де оның номиналды құны өте жоғары болды, себебі компаниялар инвесторларды өте қызықтыратын. Үкіметке ресми мәлімденген мерзімге дейін (1997 ж.  күзіне дейін) ҚОҰБ мен, Ұлттық банкімен және басқа да мемлекеттік институттармен, Қазақстанның қор биржасымен, құнды қағаздар нарығына қатысушыларымен әлемдік құнды қағаздар нарығына сай келетін тұтас технологиялық сауда құру жөнінде кең ауқымды жұмыс жасалды.

           Бейімделу кезеңі. 1998 жылдың басында бірнеше отставкалар  мен бірнеше маңызды тұлғалардың  орын ауыстыруына байланысты, «көкшіл  фишкалар» белгіленген мерзімге дейін. Тіпті жақын арада да орындалмайтыны белгілі болды.

            Қазақстан Республикасының жоспарлы  экономикадан түбегейлі жаңа, нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға  өтуі елімізде қаржы нарығын  және оның қызметінқамтамасыз  ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл өте күрделі және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде ия қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни жеке коммерциялық және инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ. Қаржы саласының барлығын мемлекет айрықша құқықпен өзіне қаратып, барлық кіріс көздерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап отырды. Оған дәлел мынандай мысал, ұлттық жалпы өнімнің заттай құрылымының ¾ бөлігі өндірістік құрал-жабдықтарды өндіруді ұлғайтуға жұмсалған. Негізгі құрал-жабдықтар соғыс өнеркәсіп кешеніне жұмсағандықтан халық игілігіне қолдануға болмаған. Елімізде ұзаққа созылған тапшылық экономика-сы қалыптасып, ол тек тұрмыстық игіліктің өткір кемшілігін ғана емес, сонымен қатар үнемі рухани кемшілікті де тудырды. Сондықтан, шаруашылықты ұйымдастыру мен оны басқаруды жаңа әдіспен жүргізу объективті қажеттілік еді.

     Шаруашылықты  нарық әдістерімен жүргізу қаржы  нарығының мол мүмкіндігін пайдалануды  талап етеді. Қаржы нарығы – мемлекеттің  бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Бұл қорлар экономиканың әр түрлі субъектілерінің сұранысы мен ұсынысы әсерінен өзгеріп отырады және үнемі қозғалыста болады. Қазіргі кезде дүниежүзінде АҚШ-тың, Еуропа бірлестігі мен Жапонияның қаржы нарығы  ең үлкен қорларды иемденуде. Ал Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің өркендеуіне жетеді деуге әзірше ерте.

     Құнды қағаздар нарығы экономиканың кез келген саласының өз қажетіне ақша қорын  жасауына жол ашуда. Мысалы, акция  шығарып осы қорды үнемі, яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға  болады, ал облигацияны шығару несиені  банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар құнды қағаздар нарығын өрістетуге мүмкіндік береді.

     Құнды қағаздар нарығы басқа нарықтардан  онда салынатын өзінің айрықша тауарымен  өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар –  құнды қағаздар. Олар біріншіден, меншік белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі пайда болады. Бұдан бұрын айтқанымыздай, бұл тауар-ды өз құны аз болсада, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Құнды қағаздардың көрсетілген құны өте төмен болғанымен, мысалы, өндіріс кәсіпорнына жұмсалған нақты капиталдың белгілі бір мөлшерін көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетілген құннан жоғары болады. Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы құнды қағаздардың «жалған капитал» екенін көрсетеді.

     Қазақстандағы құнды қағаздар нарығының құрылымы және құнды қағаздардың өтімдісі қандай? Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағандай бағалы қағаздардың ең өтімдісі мемлекеттік қарыз міндеттемелері. Мемлекеттік қарыз міндеттемелері нарығының ерекшелігі оған қатысушыларға байланысты.

     Біріншіден, мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті Қаржы министрлігі;

     Екіншіден, Ұлттық банк – оның қаржы агенті, сонымен бірге мемлекеттік бағалы қағаздардың дилері. Дегенмен, бағалы қағаздар нарығына бұл қатысушылар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен оларды айналымға түсіру шарттарын анықтаушылар.

     Мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлері:

     • мемлекеттік қазыналық вексельдер;

     • мемлекеттік қазыналық вексельдер;

     • Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталары;

     • Жекеменшіктендіру купондары.

     Мемлекеттік қазыналық вексельдер мен мемлекеттік қазыналық облигацияларды ішкі мемлекеттік қарыз мөлшерінде мемлекеттік бюджетті қаржыландыру мақсатында Қаржы министрлігі шығарады. Ал қысқа мерзімді ноталарды банк жүйесінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қаржы қорын толтыру мақсатында Ұлттық банк шығарады. Жекеменшіктендіру купондары аукцион арқылы сатылған мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіруге пайдаланылды, ал оның көптеген мөлшері жеке адамдар қолында осы күнге дейін сақталуда. Кәсіпорындар банкротқа ұшырап, жұмыс істемей тұрған қазіргі кезде жекеменшіктендіру купондарының орнына Берген ак-циялар оны иемденушілерге әлі дивиденд түсіре қойған жоқ. 
 

     2.3 Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу және перспективалары  

      Бағалы  қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады. Қазіргі уақытта, барлық дүниежүзінде болып жатқан келеңсіз банктік үрдіс салдарынан, бағалы қағаздар нарығына аса көңіл аударуына әкелді.Бұған, бағалы қағаздардың банктік өнімдерге бәсекелес құралдар ретінде болуы да септігін тигізді.

      Бағалы  қағаздар нарығы арқылы бос капиталдың бір аядан, капиталға қажеттілік туатын екінші аяға аудару арқылы, мемлекеттің  экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектесетін жүйе болып табылады.Осыдан, бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінуге болады.Нарықтың мақсаты – капиталды шоғырландыра отырып, өндіріске, өндірістік емес салаларға ақша – қаржаттарын бөлу.Бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі -бұл банктік өнімге бәсекелес құралдарды шығару және компания, қаржылық ұйымдардың жинақтарын нарық салаларына бөлу ретінде танылады .

      Бағалы  қағаздар нарығында негізгі қоғамға  қажетті екі міндеттер шешеді:

  1. Сатушылар мен сатып алушыларды кездестіре отырып, олардың экономикалық қатынастары дамиды;
  2. Бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі жүргізіледі;

   Қазіргі техника мен телекоммуникациялардың дамуы капиталдың бірі ұлттық нарықтан екінші нарыққа жедел түрде аударуға мүмкіндік туды. Алайда, бұл тек артықшылық ретінде ғана емес, сондай-ақ кемшілік ретінде қарастырылады. Себебі, ұлттық экономиканың басқа экономикадан тәуелділігі жоғарылайды, нәтижесінде ұлттық бағалы қағаздар нарығы тұрақсыз жағдайға әкелуі мүмкін.

      Екінші  жағынан жаһанданудың салдарынан жеке ұлттық нарықтардың өзара бәсекелесі артады.Батыс экономистердің пікірінше, соңғы он жылдықтарда дамушы мемлекеттерде инвестициялық ресурстарға деген қажеттілік жоғарылайды.Бірақ, инвестицияланатын экономиканың қажеттілігінен төмен сипатталады.

      Көптеген  дамушы мемлекеттер үшін ұлттық экономикаға  инвестицияларды тарту негізгі мәселе болып саналады.Осы мәселені шешуде әрбір ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті артықшылықтары бар.

      Бағалы  қағаздар нарығы республиканың экономикасына  шағын инвесторлардың қаражаттарын тарту керек. Бағалы қағаздар арқылы қаражаттарды тарту инфляциялық емес әдіс болып есептеледі.

      Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының  қалыптасу кезеңінен өтті. Кейбір элементтер бойынша даму серпіні де байқалады. Мысалға, пайлық инвестициялық қорлардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерін жатқызуға болады.Алайда, бағалы қағаздар нарығының негізгі бағыты жеткілікті деңгейде жүзеге асырылмайды.Бағалы қағаздар арқылы шоғырланған қаражат өндіріс аясына жеткізілмейді.Оған келесідей бірқатар себептер бар:

  1. бағалы қағаздар нарығының негізгі қатысушылары ретінде банктер болып табылады, ал олардың бөлу бағыты – несие;
  2. ірі инвесторлар ретінде жинақтаушы зейнетақы қорлары болып табылады, ал мемлекеттік талаптарға сәйкес қорлар өндіріске тікелей жұмсауға мүмкіндік жоқ.

      Аталған себептерге байланысты, өндірістік салаларға бағалы қағаз арқылы қаражат жұмсау мәселесі туындайды.Зейнетақы қорлары және банктердің бағалы қағаздарды эмиссиялау арқылы корпоративтік эмитенттердің бағалы қағаздарына қаржы бөлу бірнеше сатылардан тұрады.Ал, бұл қаржы ресурстарды қымбаттылығына әкеледі.Сондықтан да, корпоративтік эмитенттер бағалы қағаздарды шығаруға қызығушылық танытпайды.

      Ішкі  инвестициялық ресурстарды тарту  стратегиялық маңызы бар мәселеге жатқызылады.Экономиканың нақты секторларына инвестицияны тарту  қамтамасыз ету үшін сонымен қатар, қаржы дағдарысын алдын-алу үшін келесідей шаралар жиынтығын жүргізу міндеті:

     - бағалы қағаздар нарығының қызмет  ету механизмін зерттеу; 

      - бағалы қағаздар нарығының дамуын  тежейтін себептерді анықтау; 

      - бағалы қағаздар нарығының тиімді дамуына әсер ететін мемлекеттік әсер ету шараларын жүргізу.

      Осыған  орай, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік  реттеудің маңыздылығын, қажеттілігін байқауға болады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік реттеу органдары республиканың даму сатысына қарай өзгерді.

Алғашқыда, реттеу қызметін ҚР ҚМ атқарған. Кейіннен, ҚР бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясына қызметті аударған болатын.Бірақ, Үкіметтің қаулысымен, 2005-2008 жылдар аралығында ҚР Ұлттық банкі бағалы қағаздар нарығын реттеу органы ретінде өз жұмысын атқарған болатын.Тек, 2008 жылдан бастап, ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қаржылық қадағалау мен реттеу Агенттігі бағалы қағаздар нарығының жаңадан құрылған реттеуші орган ретінде бекітілді.

      Тар мағынада, бағалы  қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу – бұл бағалы қағаздар нарығының қызмет ету кемшіліктерін жою және қалыпты инвестициялық климатты қалыптастыру мақсатында барлық субъектілерге әсер ету механизмнің жиынтығы болып табылады.

      Кең мағынада, бағалы қағаздар нарығын  мемлекеттік реттеу – бұл нарықтық ары қарай дамуына, экономикаға инвестицияларды тартуды қамтамасыз етуге, елдің, аймақтың, кәіпкерлік құрылымдардың, халықтың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, құқықтық мекемелер іске асыратын заңнамалық, атқарушы, ынталандырушы және бақылау сипатындағы шаралар жиынтығы.

      Мемлекеттік реттеудің негізі мақсаты ретінде  бағалы қағаздардың сенімділігінің артуын қамтамасыз ету, елдің экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін ұлттық реттеу үлгіні жасау болып саналады.

      Бағалы  қағаздар нарығының мемлекеттік  реттеу – көп деңгейлі үрдіс.Ол анықталған мемлекеттік мақсат пен қағидаларға  сәйкес, құқықтық , әкімшілдік, экономикалық, техникалық және басқа да әдістер  жиынтығы арқылы нарықтың барлық субъектілерінің  қызметіне әсер ететін механизм.Реттеу жүйесі осы аядағы мемлекеттік саясаттың маңызды құралына жатқызылады.

      Мемлекеттік реттеу бағалы қағаздар нарығында келесідей  жіктелімнен тұрады:

      - бағалы қағаз түріне байланысты 

      - қызмет  түріне байланысты 

      Бағалы  қағаз түріне байланысты мемлекеттік реттеудің әр түрлі сегменттерін қамтиды.Олар – корпоративтік бағалы қағаздар, мемлекеттік бағалы қарыздар, туынды бағалы қағаздар нарығындаығ мемлекеттік реттеуге жіктелінеді.

      Қызмет  түріне байланысты эмиссиялық және инвестициялық  аядағы мемлекеттік реттеуге жіктелінеді.

      Мемлекеттік реттеудің формаларына тікелей  және жанама реттеу болып бөлінеді.Тікелей  немесе әкімшілік реттеу келесі сұрақтарды қамтиды:

  • бағалы қағаз нарығының субъектілер қызметінің талаптарын бекітетін құқықтық актілерді шығару;
  • эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын тіркеу және эмитентің шарттар мен міндеттемелерді орындауға бақылау жасау;
  • бағалы қағаз нарығы кәсіби қатысушылардың қызметін лицензиялау;
  • қор биржа және биржадан тыс нарықтағы бағалы қағаздармен сауда-саттық жүргізетін ұйымдардың қызметін лицензиялау;
  • бағалы қағаз нарығында мнвесторлардың құқықтарын қорғау жүйесін құру және эмитенттер мен кәсіби қатысушылардың оларды бағынуына бақылау жасау;
  • бағалы қағаз нарығының кәсіби қатысушылар қызметін бақылау және

бағалы  қағаз нарығын реттейтін заңнамалық бұзушылық кезінде сәйкесінше санкцияларды қолдану;

  • нарығына қатысушылардың кәсіби біліктілігін жоғарылату бойынша жүйені ұйымдастыру.

      Тікелей реттеумен қатар, жанама әдістерді  қолдану өзекті сұрақтың бірі болып табылады. Себебі, әр түрлі санаттар бір-біріне байланысты.Бір санатқа әсер ету, екінші санаттың өзгеру икемділігі байқалады. Сонымен, жанама реттеу немесе экономикалық реттеу экономикалық жүйедегі тұтқалар арқылы жүзеге асырылады.Экономикалық тұтқаларға жатқызылады:

Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын қалыптасуы мен дамуы