Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын қалыптасуы мен дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 19:58, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі – бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелерінің бірі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік
1.2 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер
1.3 Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазыргі жағдайы
2.2 Қазақстан Республикасындағы дағдарыс жағдайында бағалы қағаздар нарығының даму мәселелері
2.3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы мемлекеттік реттеу және оның перспективалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Экономика теория жөнделген.doc

— 369.50 Кб (Скачать)

     Қазынашылық  вексельдер қағазсыз формада, яғни шоттарға жазу (компьютер жүйесі арқылы бір шоттан басқасына өткізу) түрінде жүргізіледі.Қазынашылық ұзақ мерзімді облигациялар – олар я купонсыз, я баланстағы кері қайтарылатын облигациялар.Олар тек мерзімі аяқталған соң өтеледі.

     Қайтымды  бағалы қағаздар бойынша табыс төлеу  формасы әртүрлі болады: өзгермелі  ставка бойынша (олардың табыстылық деңгейіне және инфляцияға қарай), бекітілген купондық процент немесе дискреттіқ табыс формасында (кейде соңғы екі табыс түрі үйлестіріліп төленуі мүмкін).Мемлекеттік бағалы қағаздар ұсынушы және атаулы қағаз болып шығарылады.

     Қайтымсыз қағаздар деген сатып алу-сатуға болмайтын мемлекеттік бағалы қағаздар.Олар бойынша тек алғашқы сатып алушы шығынының орны толтырылады.Оларды басқаға беруге және ссуданы қамтамасыз ету үшін қолдануға болмайды.АҚШ-та бұндай бағалы қағаздар шығарылуда, әрі олардың маны ұдайы өсуде.Оларға ЕЕ және НН сериялы жинақ облигациялары жатады.

     ЕЕ  сериялы облигациялардың бағасы 50 процентке кемітіп сатылады да, ал көрсетілген құнымен (номиналымен) өтеледі.Көрсетілген құны мен сатылу бағасының арасындағы айырма бүкіл  айналыс мерзіміндегі жалпы процент  сомасын өтейді.Көрсетілген құны 50 ден 10 мың доллар болатын, ал айналыс мерзімі 8 жыл облигациялар болатын облигациялар шығарылады.Алайда, оларды өтеуге мерзімінен бұрын да (шығарылғаннан кейін 6 айдан соң) ұсынуға болады.Облигациялар өтелуі ұлғаймалы шкаламен шығарылады, яғни облигациялар бойынша процент инвесторлардың қолында болу мерзіміне қарай ұлғаяды.1982 жылдан бұл облигациялар бойынша процент өзгермелі ставкамен төленеді.Ол соңғы 5 жылда шығарылған барлық қазынашылық міндеттемелер бойынша орташа табыс көрсеткішіне тең.

     НН  сериялы облигациялар 10 жыл мерзімге шығарылып, шығарылған кезде көрсетілген  құнымен сатылады. Ол 50ден 10мың долларға тең.Олар бойынша төленетін проценттер нарықтық конъюктураны есептеп шығарылып, алдын ала хабарланып, жылына екі рет төленеді. Облигациялар көрсетілген құнынан төмен баға бойныша мерзімінен бұрын өтелуі мүмкін.Бұл сериялы облигациялар 1982 жылдың соңынан кейін емін еркін сатылмайтын болғандықтан, оларды минимальды көрсетілген құны 500 доллар болатын ЕЕ сериялы облигацияларға айырбастау арқылы ғана алуға болады.

     Соңғы жылдары АҚШ-тағы мемлекеттік бағалы қағаздардың саны әртүрлі үкіметтік  мекемелер (Атом энергиясы жөніндегі  Агенттік, Экспорт – импорт банкі  және т.б.) шығарған облигациялары есебінен ұлғаюда.Бұл бағалы қағаздар сенімді  болғандықтан, оларды инвесторлар зор ынтамен алуда.Себебі олар осы мекемелердің активтерімен ғана қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ оларды ешқашан банкротқа ұшыратпайтын АҚШ үкіметі қамсыздандырады.

     Германияда  мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы өте жоғары деңгейде дамыған.Мемлекеттік бағалы қағаздарға федералдық үкіметтің займдары, федерацияның облигациялары, федералдық теміржолдың, почтаның, жердің, коммуналар мен қалалардың займдары жатады.Немістің қор нарығында мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі зор, атап айтқанда, олардың айналымдағы үлесі 40 пайызға тең.Мемлдекет ішкі қарыздардың 50 пайызын қарыз міндеттемелерін шығару арқылы өтейді.Германияда бюджеттің шығынын өтеу үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды пайдалану пайдалырақ деп есептеледі. Сондықтан да бұл елде федералдық қарыз міндеттемелері де қарқынды шығарылуда.Мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырумен Облмгациялық банктік концорциумға кіретін Бундес банк шұғылданады.1986 жылдан концорциумға шетел банктері де қатысуға (олардың үлесі – эмиссияның 20 процентіне дейін) рұқсат етілгенМемлекеттік бағалы қағаздардың барлығы да нақты эмиссиялық бағаммен орналастырылады.

     Германияда  мемлекеттік бағалы қағаздармен  қатар нарықтық емес қағаздар да шығарылады.Оларға А және Б сериялы қазынашылық  сертификаттар (А сериялыға проценттер жыл сайын төленеді, ал Б сериялыға проценттер жинақталып, оны өтегенде төленеді) және федералдық үкіметпен оның мекемелерінің қысқа мерзімді қаражат қажеттілігін өтеу үшін мерзімі 1-2жылға шығарылатын қазынашылық қаржылық міндеттемелер жатады. Қазынашылық қаржылық міндеттемелерді заңды және жеке тұлғалар (банктер мен несие институттарынан басқа) сатып алуына болады.Бұлар қор нарығының процентсіз құралдары болып есептеледі (олар дисконтпен сатылады).

     Сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын экономикасы дамыған басқа да мемлекеттер кең қолданады.Мысалы, Жапонияда тұрғын үй және жол құрылысы, инфрақұрылымды дамыту, әсіресе, энергетика корпорациялары, сондай-ақ аймақтық мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыратын үкіметтік мекемелер.Ұлибританияда Англия банкінің облигациялары жалпыға кеңінен мәлім.

     Қорыта  айтқанда, әрбір елдің мемлекеттік  бағалы қағаздар нарығы, бір жағынан, отандық нарықтың нақты жағдайларына сай болса, екінші жағынан, көптеген елдердегі тәрізді мемлекеттік  бағалы қағаздар нарығының жалпы экономикалық негізін және оның қазіргі жаңалықтарын қамтып көрсетеді . 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

     2.1 Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайы

 

         Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы 1994 жылдың бірінші  жартысында қалыптаса бастады. Сол  кезде Ұлттық Банк Үкіметке бюджет тапшылығын жабу үшін тура несиелерді бере бастады. 1998 жылы Үкіметте тура несиелеу толығымен тоқталып, ал Ұлттық Банк алдындағы барлық үкіметтік борыш арнайы онжылдық облигацияларға МЕАКАМ қайта рәсімделді. 1994 жылдан бастап Қаржы Министрлігі бюджет тапшылығын қаржыландырудың инфляциялық емес әдістеріне көшті – ішкі нарықта акция шығару арқылы қарыз алу. Алғашқы мемлекеттік бағалы қағаздар болып үшайлық казначейлік міндеттемелер табылды.

         2004 жылдан бастап  орта мерзімді бағалы қағаздарды  шығару көлемі едәуір көбейіп, 11,2 млрд. тенгені немесе Қаржы  Министрлігінің барлық теңгелік  мемлекеттік бағалы қағаздарының шығарылымының 23,4%-ын құрады.

         Қазіргі таңда Қазақстан  бағалы қағаз нарығы дамуы жолында  тұр. Белгілі, бағалы қағаз дамуының басты мақсаты – Қазақстан  экономикасының тиімді дамуына ықпал  ету, нарықтық экономиканың барлық субъектілірінің, әсіресе халықтың, жұмысының активизациясы негізінде экономикалық өсім мен қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу.

         Әлсіз дамыған қазақстандық бағалы қағаз нарығы жағдайында тікелей  акционирлеумен байланысты жекешелендіру  негізінен оған қатысуға мүмкіндік  берген көптеген халық пен кәсіпорындар есебінен бағалы қағаздар нарығы құрылуының бастапқы импульсі болып табылады.

         Жалпы алғанда бағалы қағаздар нарығының дамуы халықтағы  қаржы сақталымының өсуін ынталандырып, инвестицилау объектілерін таңдау мүмкіндігін  кеңейтеді, қор портфелін оперативті басқару арқылы әр түрлі қаржылық институттардың жұмыс істеу қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз.

       Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы жағдайы тікелей Алматының аймақтық қаржылық орталық ретінде дамуымен байланысты. Қазақстан үшін қаржылық орталықтың болуы қай жағынан алсақ та ұтымды нәтиже береді:

    • бұл дегеніміз жоғары жалақылы жұмыс орындарының көзі;
    • Орталық Азияның дамуына ықпал;
    • Қазақстан кәсіпорындары мен компанияларына банк несиелеріне пара-пар болатын қаржыландыруды баулу;
    • зейнетақы қорлары түріндегі институционалдық инвесторлар активтерін жаңа әрі сапалы қаржылық құрал-жабдықтарға орналастыру мүмкіндігі;
    • ААҚО-на шетелдік қатысушыларды (бірінші кезекті ресейлік) баулу валюталық фьючерстер нарығын дамытуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде аймақаралық сауда қатынастарын ынталандырады.
 

 2004–2010 жылдарға арналған бағалы қағаздар нарығы даму динамикасы (период соңына, көлемдер  - период үшін, «смж» - салыстырмалы мәлімет жоқ).

Кесте 3.

  2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 (29.11 қоса алғанда)
               
(А  және В) ресми тізімге жіберілген  бағалы қағаздар саны, оның ішінде: 39 57 88 129 174 235 285
  - акциялар 27 33 42 61 78 90 90
  - облигациялар 12 24 46 68 96 145 195
               
(А  и В) ресми тізіміндегі эмитенттер саны 23 32 49 68 79 94 105
               
Акциялардың биржалық нарығының капитализациясы (млн. АҚШ долл.) 1.342,3 1.203,5 1.341,0 2.424,6 3.940,7 10.521,2 38.458,4
  - % өзгерістер смж -10,3 +11,4 +80,8 +62,5 +167,0 +265,5
               
Облигациялардың биржалық нарығының капитализациясы (млн. АҚШ долл.) 176,8 575,0 1.217,9 2.602,3 5.275,8 8.247,7 12.693,1
  - % өзгерістер смж +225,2 +111,8 +113,7 +102,7 +56,3 +53,9
               
Барлық капитализация (млн. АҚШ долл.) 1.519,1 1.778,5 2.558,9 5.026,9 9.216,5 18.768,9 51.151,5
  - % өзгерістер смж +17,1 +43,9 +96,4 +83,3 +103,6 +172,5
               
Ұлттық  бағалы қағаздармен сауда көлемі (млн. АҚШ долл.), оның ішінде: 119,7 315,7 603,6 1.025,2 1.830,0 2.756,3 4.535,8
  - алғашқы орналастыру 18,8 46,8 33,3 96,4 156,3 124,7 321,6
     оның ішінде акциялар 0,004 0,6 16,1 7,6 24,1 62,9 6,8
     оның ішінде облигациялар 18,8 46,1 17,2 88,7 132,2 61,8 314,8
  - екінші ретті айналым 100,9 269,0 507,3 928,8 1.673,7 2.631,5 4.214,1
     оның ішінде акциялар 67,6 81,1 125,5 263,2 942,3 948,9 1.552,3
     оның ішінде облигациялар 30,0 122,6 244,8 515,4 721,0 1.654,0 2.661,8
     Оның ішінде ГПА 3,3 65,2 200,0 150,2 10,4 28,6 0

 
 
 
 

     2.2 Қазақстан Республикасында  дағдарыс жағдайында  бағалы қағаздар  нарығының даму  мәселелері 

     1991 жылы бастауын алған Қазақстан  Республикасының бағалы қағаздар  нарығының  ұзақ емес уақыттағы  тарихын өзіне тән  ерекшеліктері  бар келесі кезеңдерге бөлуге  болды:

     • Нарыққа ынталану

     • Кабинеттік

     • Күту (сенім арттыру)

     • Бейімделу (адаптация)

     Нарыққа ынталану кезеңі (1990 – 1991жж.). Демократияландыру процесі тудырған қоғамның өсу толқынында алғашқы акционерлік қоамдар пайда болды. Олар Қазақстан тарихында алғашқы акциялар-ды шығарды. Алматы және Қазақстандық қор биржалары құрылды. 1991 жылы қабылданған «Қазақ СССР-дағы құнды қағаздар нарығының айналымы және қор биржалары туралы» заңы күшіне енді, артынан қаржы министрлігі өңдеген «Құнды қағаздар орны» туралы заңды Үкімет бекітеді. Егер 1992 жылдың басында құнды қағаздарды тіркеу, шығару және оның айналамы уақытша ережелер-мен жөнге асса, кейін «акционерлік қоғамдардың және инвестициялық қорлардың құнды қағаздарын тіркеу және шығару ережесі» бойынша іске асты.

     Кабинеттік  кезең (1993 – 1995жж.). Қоғамда мемлекеттң және ауылшаруашылық субъектілердің құнды қағаздарымен жұмыс істеуге дайындығы туралы түсінік туады. Құнды қағаздар нарығының инфражүйесін қалыптастырудағы шешуші роль атқаратын алғашқы мамандар «толқыны» даярлана бастады. Болашақ мамандар шетел мемлекеттерінде оқытылып даярланды, ал Жапония, Ұлыбритания, АҚШ, Түркия, Ресей мемлекеттерінің құнды қағаздар институттарында тәжірибеден (практикадан) өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасына халықаралық ұйымдардың эксперттері шақырылып, әйгілі мамандардың қатысуымен семинарлар өткізілді.

       Күту кезеңі (1996 – 1997жж.). Қазақстанның Орталық Ұлттық банкіне және үкіметке бірінші толқынды жас мамандары келе бас-тайды. Осы кезеңде аяқталған құжаттар – заңдар, Үкімет пен Ұлттық банктің жарлықтары, т.б. институттардың нұсқаулары жарық көрді. Олар өз кезегінде құнды қағаздар нарығының қатысушылары ара-сында тұрақты қарым–қатынас құруға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығының құқықты және нормативті инфражүйесінің «қабықшысын» құрды.

     Мемлекет  басшылары құнды қағаздар нарығының  экономикадағы орасан зор ролін түсінді:бюджетке қайнар көздері не тартылады не жабылады, немесе олардың пайда болуы белгілі бір мерзімге ұзартылады, жекешелендіру процесі кешіктіріледі де бюджетке күтілетін табысты әкелмейді. Үкімет, ең ірі меншік иесі ретінде құнды қағаздар нарығына қарқынды түрде өту жоспарын дайындай-ды. Өзінің үлкен – кішілі мешігін мемлекет үш категорияға бөледі:

Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын қалыптасуы мен дамуы