Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын қалыптасуы мен дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 19:58, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі – бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелерінің бірі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік
1.2 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер
1.3 Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазыргі жағдайы
2.2 Қазақстан Республикасындағы дағдарыс жағдайында бағалы қағаздар нарығының даму мәселелері
2.3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы мемлекеттік реттеу және оның перспективалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Экономика теория жөнделген.doc

— 369.50 Кб (Скачать)

ЖОСПАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ 

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ......................................................................................................5

1.1 Бағалы  қағаздар  туралы  жалпы  түсінік ..........................................................5

1.2 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер...............................................15

1.3 Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе...................20 

2 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР  НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ  ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазыргі

жағдайы......................................................................................................................25

2.2 Қазақстан  Республикасындағы дағдарыс жағдайында  бағалы қағаздар нарығының даму мәселелері....................................................................................27

2.3 Қазақстан  Республикасындағы бағалы қағаздар  нарығы мемлекеттік реттеу және  оның перспективалары....................................................................................30 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................36

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................38   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                      КІРІСПЕ 

     Тақырыптың  өзектілігі – бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелерінің бірі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру болып табылады.

      Бағалы  қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады.Қазіргі уақытта, барлық дүниежүзінде болып жатқан келеңсіз банк үрдісінің салдарынан, бағалы қағаздар нарығына аса көңіл аударуына әкелді.Бұған, бағалы қағаздардың банктік өнімдерге бәсекелес құрал ретінде болуы да септігін тигізеді.

     Бағалы  қағаздар нарығы арқылы бос капиталдың бір аядан, капиталға қажеттілік туатын екінші аяға аудару арқылы, мемлекеттің  экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектесетін жүйе болып табылады.

     Бағалы  қағаздар нарығы Қазақстан Республикасының экономикасына шағын  инвесторлардың қаражаттарын тарту керек. Бағалы қағаздар арқылы қаражаттарды тарту инфляциялық емес әдіс болып есептеледі.

      Бағалы  қағаздар -  мүліктік  құқықты  растайтын  ақшалай  құжаттар  немесе  мұндай  құжаттарды  шығарған  ұйымға  олардың  иелері  қарызының қатысы. Бағалы  қағаздардың  бір  ерекшелігі  ретінде  олардың  мүліктік сипатын айтуға  болады. Бағалы  қағаздар  нарығында  шаруашылық  жүргізуші  субъектілер  мен мемлекет  шығарған  бағалы  қағаздардың  сан алуан   түрлері сатылатын және  сатып алынатын  қаржы нарығының бөлігі. Бұл нарықтың  жұмыс істеуі  көптеген  экономикалық , әсіресе инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың  қор құрылымдарының – бағалы  қағаздардың  сан  алуандығымен  қол  жетеді. 90 – шы жылдардың орта тұсында пайда болған Қазақстан бағалы қағаздар нарығы қазіргі кезде қалыптасып даму шағында.Бағалы қағаздар нарығы кез келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекетің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады.

      Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуын зерттеу.

      Курстық жұмыстың басты міндеті:

    1. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуын
    2. Бағалы қағаздар нарығының дамуына әлемдік дамудың әсерін анықтау;
    3. Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы

     Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы.

     Курстық жұмыстың құрылымы – кіріспеден, қорытындыдан, 3 бөлімнен және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

     1-бөлімде,  бағалы қағаздар туралы жалпы  түсінік және бағалы қағаздар  нарығын реттеу жүйелері туралы жалпы қарастырылған.

     2-бөлімінде,  мемлекеттік бағалы қағаздарды  шығарудағы әлемдік тәжірибені және Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағалы қағаздары туралы жазылған.

     3-бөлімде,  бағалы қағаздардың нарықтағы  дамуы және дамуындағы заңнамалық  негіздер және Қазақстан Республикасында  бағалы қағаздар нарығын реттеу жүйелері туралы жан-жақты қарастырылған.

     Жаһандану, әлемдік экономиканың интернациялануы, өршіп тұрған халықаралық бәсекелестік жағдайында өз орныңды табу өте маңызды.Көптеген елдердің, соның ішінде дамушы елдердің тәжірибесі табанды күш жігер болса, әлемдік нарықта өз орныңды табуға болатынын көрсетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА  БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР  НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

          

     1.1  Бағалы  қағаздар  туралы  жалпы түсінігі

     Бағалы  қағаздар нарығы - шаруашылық  жүргізуші  субъектілер  мен мемлекет  шығарған  бағалы  қағаздардың  сан  алуан   түрлері  сатылатын  және  сатып алынатын  қаржы  нарығының  бөлігі. Бұл нарықтың  жұмыс істеуі  көптеген  экономикалық , әсіресе  инвестициялық  процестерді  реттеп, олардың  тиімділігін  арттыруға  мүмкіндік  береді. Бұған  осы нарықтың  қор құрылымдарының – бағалы  қағаздардың  сан  алуандығымен  қол  жетеді.

     Бағалы  қағаздар нарығы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты.

     Бағалы  қағаздардың айналымға түсу уақыты мен өдісіне қарай оларды нарығы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы нарығы бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардың номиналдық (номиналдық құн — бағалы қағазды шығарған кезде анықталған оның құнының ақшалай тұлғалануы), эмиссиялық және рыноктық бағасы (бағамы) болады.

     Қайталама нарық екі бөліктен тұрады: ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығымәмілелер сауда - саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығыбағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда–саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы. Биржадан тыс айналым нарығының ұйымдастырылған рыноктан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асыратын бірыңғай орталық жоқ, мәмілелерді олардың офистарында дилерлер мен брокерлер жүргізеді. Ұйымдастырылған рынокта операциялар қатаң регламенттелінген, ал ұйымдастырылмаған рынокта операциялар шамалы қатаң ережелер бойынша жүргізіледі.

         Бұдан басқа қаржы  рыноктарын басқа критерийлер бойынша ажыратады: бағалы қағаздардың түрлері бойынша: акциялар, облигациялар, жөне т.б. рыногы; эмитенттер бойынша: кәсіпорыңдардың бағалы қағаздар нарығы, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы; аумақтық критерийі бойынша: ұлттық, халықаралық, аймақтық; мезгілдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың нарығы; мәмілелердің түрлері бойынша: кассалық, форвардтық және т.с.с; салалық критерийі бойынша.

Бағалы  қағаздар нарығының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын ала анықталады.Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар нарығында қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсете отырып әрі оларды әр түрлі шығындарға тиімді етіп жұмсауға бағыштай отырып, сауда мәмілелерін жасай алады.

     Қазақстанда қор нарығының қалыптасуы бұрынғы КСРО-ның заңнамасы негізінде акционерлік қоғамдар, брокерлік және қор биржалары құрыла бастаған 1991 жылға жатады. Бұл орайда мемлекеттік  кәсіпорындардың жекешелендірілуі және акционерлендірілуі шешуші рөл атқарды.Қысқа мерзім ішінде күллі шаруашылық кешенді заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде көрінді. 1991-1993 жылдары 200 акционерлік қоғамның, соның ішінде 30-ға жуық акционерлік коммерциялық банктің акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы сомасы 110 миллиард сом болды. Соның ішіңде банктердің үлесі 80 %-ды құрады.

         Алайда акционерлік қоғамдардың, брокерлік және қор биржаларының ары қарай дамуын нарықтық қатынастардың және құқықтық базаның, сонымен бірге бағалы қағаздардың жұмыс істеу ережесінің қанағаттанғысыз дәрежесі тежеді.

   Нарықтық қатынастардың серпінді даму кезеңі Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комисиясы құрылған 1995 жыдан басталады. 1995 жылдың 19 сәуірінен бастап жаңартылған Қазақстан "таза" қор биржасы — Орталық Азия қор биржасы (ОАҚБ) жұмыс істей бастады. 1995 жылдың 21 сәуірінде "Бағалы қағаздар және қор биржасы" туралы Қазақстан Республикасының заңы бекітілді.Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын құқықтық ретеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында Мемлекеттік бағалы қағаздарды қалыптастырдың және дамытудың бағдарламасы әзірленді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызының ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысы және өтеу шарттары туралы қағидалар»  әзірленіп, бекітілді.1997 жылдың басынан Қазақстан Республикасының Парламенті бағалы қағаздарды ретейтін үш заң қабылдады, олар: «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы», «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» заңдар.1997 жылдың ортасынан бастап  «Бағалы қағаздардың орталық депозиттарийі» Жабық акционерлік қоғамы құрылды, оның функциясы барлық мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу болды.Қазақстанның қаржы рыногын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру және онда қалыптасқан қатынастарды бағалау мақсатында 2005 жылдың маусымында Президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы таратылып, оның функциялары мен өкілеттіктері Қазақстанның Ұлттық банкісіне берілді.

      Бағалы  қағаздар  рыногының  қалыптасуы алты жылдай уақытты алды және қазіргі уақытта оның мынадай құрылымы қалыптасып отыр.

    Бастапқы  нарық:

Мемлекетгік емес бағалы қағаздар (МЕБҚ) рыногы:

     - бастапқы орналастыру секторы;

- сатып алу-сату секторы.

       - корпорациялық облигациялар нарығы;

  Акциялар нарығы:

-МЕБҚ-мен жасалатын репо-операциялар секторы        Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) секторы:

- МБҚ-ны сатып алу-сату секторы;

- МБҚ-мен жасалатын репо-операциялар секторы

- Қайталама рынок Қор биржасы

     - Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы.

    - Басқадай сауда-саттықты ұйымдастырушы.

     Бағалы  қағаздариеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар.

     Бағалы  қағаздардың бір ерекшелігі ретінде  олардың мүліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқада да белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, фирманың, кәсіпорынның, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді.

     Бағалы  қағаздар нарық шаруашылығы жүйесінде  ақшаны жұмылдыру, жұмсау және айырбастау процесіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал рөлін атқарады.Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді. 

     Бағалы  қағаздардың айналысқа шығарылуы  әдетте нақтылы шаруашылық келісімшарттарға негізделеді.

     Бағалы  қағаздар бойынша олардың иелеріне дивидендтер немесе пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай - ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі қарастырылады. Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, онын өзінің 
оған тен онда жұмысты ұйымдастыру мен ережелері бар нарығы  
болуы тиіс. Алайда бағалы қағаздар рыногында сатылатын тауарлар өзгеше тауар болып табылады, өйткені бағалы қағаздар—бұл тек меншік титулы, табысқа құқық беретін құжаттар, бірақ нақты емес капитал.

Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын қалыптасуы мен дамуы