Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 13:06, курсовая работа
Кіріспе
Бағалы қағаздар нарығы дегеніміз қаржы қорларындағы сатушылар мен алушылар арасындағы келісімдерді реттейтін механизм. Жай ғана келісімдерді реттейтін механизм ғана емес, пайдалы келісімдерді жасауға мүмкіндік беретін келісімдер болып табылады.
Республикада бағалы қағаздар нарығының қалыптаса бастағанына 10 жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында 8191 акционерлік қоғамдар құрылып, оның 4605-і өз бағалы қағаздарын нарыққа шығарды. Алайда бағалы қағаздар нарығы қазіргі заманымыздың талаптарына сай дамып отыр деп айтуға болмайды.
Экономиканы тек өзінің қаражаты бар тұлғалар басқара алатындығын ескерер болсақ, онда бағалы қағаздардың экономикалық және тарихи маңыздылығына байыптап ұғынар едік.
Қандай нарық болмасын онда ұсынысс пен сұраныс болатыны белгілі. Қазақстан бағалы қағаздарының нарығы осы нарықта сұраныс пен ұсыныс таразысын теңдестіретін нарық болып табылады. Бизнес және Үкімет мұнда заемшы ретінде көп көзге түсіп, ал халық көбінесе таза кредитор болып табылады.
Республика тұрғындары өз қаржыларын бағалы қағаз сатып алу орнына ортақ қаржыларын депозиттік салымдарға салғанды дұрыс көреді. 2001 жылдың аяғында барлық депозиттік салымдар көлемі 147 млн. теңгеге жеткен, 115 млрд. теңге тұрақты валюталарға айналдырылған. Тұтас алғанда 142 млрд. теңге бағалы қағаздар нарығына араласпайды десек қателесе қоймаймыз. Оның басты себептерінің бірі бағалы қағаздарға төленетін дивиденд көлемінің өте төмен дәрежеде болуы және халықтың акционерлік қоғамдарға сенімсіздік танытуынан туындап отыр. Акцияларға төленетін дивидендтер көлемі акция құнының 1,1%-ті құрайды. Бағалы қағаздар нарығы дамыған елдерде бұл көрсеткіш 25%-ке дейін жетеді.
Бағалы қағаздар нарығының негізгі міндеті кәсіпорындарға инвестициялар тарту болып табылады және осы капитал көзі банктік кредитке қарағанда анағұрлым арзанға түседі.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы үлғайған сайын вексельдермен жасалатын операциялар өсе түседі. Өйткені «таза» ақшаның жетіспеушілігін әзірге осындай бағалы қағаздар шығарумен де біршама жеңіп отыр.
Курстық жұмыс Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайына шолу жасауға арналған. Мұнда бағалы қағаздар нарығындағы ұғымдар мен түсініктер, ондағы жүргізілетін келісім түрлері қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының бүгінгі жағдайын қарастыру болып отыр.
Жұмысты орындаудағы мақсат: бүгінгі нарықтағы бағалы қағаздар қызметтері, мәселелері мен перспективаларын айқындау.
Жұмысты орындаудағы міндеттер:
• Бағалы қағадарды реттейтін жүйелер;
• Қор биржасының қызметі;
• Бағалы қағаздарды қызметтеріне талдау жасау.
Әдістемелік негіз ретінде, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздарына қатысты заң, ереже, нұсқаулары мен нормативтік - құжаттық актілері, отандық және шетелдік авторлар еңбектері қолданылды.
ЖОСПАР
Кіріспе.................
I.
Бағалы қағаздар нарығы -
қаржы нарығының құрамдас
бөлігі………………………………………………………………
1.1
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар
нарығының пайда болуы…………………………………………………………………
1.2
Алғашқы-екінші бағалы
1.3
Қаржы нарығындағы бағалы қағаздардың
үрдістері мен перспективалары...............
II.
Қазақстан Республикасындағы
бағалы қағаздар нарығы........................
2.1
Қазақстан Республикасының заң актілерінде
бағалы қағаздар нарығының орын алуын
реттейтін жүйелері......................
2.2
Банктер бағалы қағаздардың эмитенттері
ретінде.......................
2.3
Бағалы қағаздар нарығының
III.Бағалы
қағаздар нарығының
басқа қатысушылыры..................
3.1
Бағалы қағаздар нарығына басқа қатысушылар...................
3.2
Қор биржасындағы келісімшарт түрлері……………..................
Қорытынды...............
Қолданылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Бағалы қағаздар нарығы дегеніміз қаржы қорларындағы сатушылар мен алушылар арасындағы келісімдерді реттейтін механизм. Жай ғана келісімдерді реттейтін механизм ғана емес, пайдалы келісімдерді жасауға мүмкіндік беретін келісімдер болып табылады.
Республикада бағалы қағаздар нарығының қалыптаса бастағанына 10 жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында 8191 акционерлік қоғамдар құрылып, оның 4605-і өз бағалы қағаздарын нарыққа шығарды. Алайда бағалы қағаздар нарығы қазіргі заманымыздың талаптарына сай дамып отыр деп айтуға болмайды.
Экономиканы тек өзінің қаражаты бар тұлғалар басқара алатындығын ескерер болсақ, онда бағалы қағаздардың экономикалық және тарихи маңыздылығына байыптап ұғынар едік.
Қандай нарық болмасын онда ұсынысс пен сұраныс болатыны белгілі. Қазақстан бағалы қағаздарының нарығы осы нарықта сұраныс пен ұсыныс таразысын теңдестіретін нарық болып табылады. Бизнес және Үкімет мұнда заемшы ретінде көп көзге түсіп, ал халық көбінесе таза кредитор болып табылады.
Республика тұрғындары өз қаржыларын бағалы қағаз сатып алу орнына ортақ қаржыларын депозиттік салымдарға салғанды дұрыс көреді. 2001 жылдың аяғында барлық депозиттік салымдар көлемі 147 млн. теңгеге жеткен, 115 млрд. теңге тұрақты валюталарға айналдырылған. Тұтас алғанда 142 млрд. теңге бағалы қағаздар нарығына араласпайды десек қателесе қоймаймыз. Оның басты себептерінің бірі бағалы қағаздарға төленетін дивиденд көлемінің өте төмен дәрежеде болуы және халықтың акционерлік қоғамдарға сенімсіздік танытуынан туындап отыр. Акцияларға төленетін дивидендтер көлемі акция құнының 1,1%-ті құрайды. Бағалы қағаздар нарығы дамыған елдерде бұл көрсеткіш 25%-ке дейін жетеді.
Бағалы қағаздар нарығының негізгі міндеті кәсіпорындарға инвестициялар тарту болып табылады және осы капитал көзі банктік кредитке қарағанда анағұрлым арзанға түседі.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы үлғайған сайын вексельдермен жасалатын операциялар өсе түседі. Өйткені «таза» ақшаның жетіспеушілігін әзірге осындай бағалы қағаздар шығарумен де біршама жеңіп отыр.
Курстық жұмыс Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайына шолу жасауға арналған. Мұнда бағалы қағаздар нарығындағы ұғымдар мен түсініктер, ондағы жүргізілетін келісім түрлері қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының бүгінгі жағдайын қарастыру болып отыр.
Жұмысты орындаудағы мақсат: бүгінгі нарықтағы бағалы қағаздар қызметтері, мәселелері мен перспективаларын айқындау.
Жұмысты орындаудағы міндеттер:
• Бағалы қағадарды реттейтін жүйелер;
• Қор биржасының қызметі;
• Бағалы қағаздарды қызметтеріне талдау жасау.
Әдістемелік негіз ретінде, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздарына қатысты заң, ереже, нұсқаулары мен нормативтік - құжаттық актілері, отандық және шетелдік авторлар еңбектері қолданылды.
I. Бағалы қағаздар нарығы -
қаржы нарығының құрамдас
бөлігі
1.1
Қазақстанстан Республикасында
бағалы қағаздар нарығының
пайда болуы
Бағалы қағаздар айналымы болатын нарықты құнды қағаз нарығы немесе қор нарығы деп атайды. Басқаша айтқанда құнды қағазды сату мен сатып алу және эмиссияны жүзеге асыратын ссудалық капитал нарығының бөлігі. Ол қаржы ресурстарды, капиталды қайта бөлудің тиімді механизмі. Осы нарықтың пайда болуымен ерекше операцияларды тудырды. Олар: эмиссия, листинг, котировка, сату-сатып алу келісімдерімен құнды қағаз портфелін басқару және т.б.
Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-шы жылдары КСРО-да жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:
* сұраныс пен ұсыныс;
*
делдалдар мен басқа
* нарықтық инфрақұрылым яғни коммерциялық банктер, қор биржалары, инвестициялық институттар және с.с.;
* нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.
Нарықтың
осы құрамдас бөліктері қазіргі
уақытта негізінен құрылып
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының құрамы және бағалы қағаздардың өтімдісі қандай? Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағанындай бағалы қағаздардың ең көлемдісі және ең өтімдісі мемлекеттік қарыз міндеттемелері. Мемлекеттік қарыз міндеттемелері нарығының ерекшелігі оған қатысушыларға байланысты:
Біріншіден, мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті - Қаржы Министрлігі;
Екіншіден, Ұлттық банк - оның (Қаржы Министрлігінің) қаржы агенті (уәкілі), сонымен бірге мемлекеттік бағалы қағаздардың дилері. Дегенмен, бағалы қағаздар нарығына бұл қатысушылар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен оларды айналымға түсіру шарттарын анықтаушылар.
Мемлекеттік бағалы қағаздар:
• мемлекеттік қазыналық вексельдер;
•мемлекеттік қазыналық облигациялар;
• Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді, ноталары;
• жекеменшіктендіру купондары.
Мемлекеттік қазыналық вексельдер мен мемлекеттік қазыналық облигацияларды ішкі мемлекеттік қарыз өлшерінде мемлекеттік бюджетті қаржыландыру мақсатында Қаржы Министрлігі шығарады. Ал қысқа мерзімді ноталарды банк жүйесінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қаржы қорын толтыру мақсатында Ұлттық банк шығарады.
Жекеменшіктендіру купондары аукцион арқылы сатылған мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіруге пайдаланылды, ал оның көптеген мөлшері жеке адамдар қолында осы күнге дейін қалуда. Кәсіпорындар банкротқа ұшырап, жұмыс істемей тұрған қазіргі кезде жекеменшіктендіру купондарының орнына берген акциялар оны иеленушілерге әлі дивиденд (пайда) өткен жылы түңғыш рет пайда түсірді.
Біз
Қазақстан Республикасындағы
Сол
жылдары құрылған 57 жекешелендіру
қорларының арасынан тек қана жалғыз
«Бутя-капитал» қоры ғана халықтың бағалы
қағаздарының дивидендін биыл берді. Бұл
да болса бағалы қағаздарға деген халық
сенімін арттыратын қадам деп ойлаймын.
Мүмкін келешекте акционерлік қоғамдардың
акциялары халық арасында сұранысқа ие
болып, олар биржадағы котировка курстарын
жіті бақылайтындар қатарына кірер деген
үміттемін. Әзірге бірақ мұндай жетілген
капитализмнің ауылы әлі де алыста сияқты.
«Үмітсіз шайтан» деген...
1.2 Алғашқы-екінші бағалы қағаздар нарығы.
Қор
биржасының қызметі
Қазіргі нарықтық экономиканың қалыптасуы жағдайында райы өндіріс қаржыны несиеге алып өркендеуімен ерекшеленеді. Оның ең жарқын көрінісі қарыз міндеттемелерінің кең түрде айналымда жүруі. Қарыз міндеттемелерінің көптеген анықтамалары бар. Олардың әрқайсысы қарыз міндеттемесінің әр жақтарын сипаттайды. Солардың екі-үшеуін қарап өтейік:
1. Қарыз міндеттемесі - оны иемденушінің басқалардың шаруашылығына несиеге ақша немесе мүлік салып, сол үшін табыс алу құқын дәлелдейтін қарыз алушының берген заңды құжаты.
2. Қарыз міндеттемесі - қарыз алу кезінде несие алушының несие берушіге (кредиторға) беретін құжаты.
Сонымен, қарыз міндеттемесі деген жеке немесе заңды тұлғалардың, яғни нарыққа қатысушылардың мүліктік немесе қаржылық жағдайларын анықтайтын құжат. Қарыз міндеттемесін шығарып және оған одан әрі ұстаушыға дейін қызмет ететін тұлғаны эмитент деп атайды. Көп жағдайда эмитентпен қарыз міндеттемесін ұстаушының арасында ұстаушының құқын және эмитенттің міндетін анықтайтын шарт жасалады.
Қарыз міндеттемесі нарыққа қатысушылардың қаржылық жағдайларын алдын ала болжау қажеттілігінен шыққан құжат. Ал нарыққа қатысушылардың қаржы жағдайын сол уақыттағы олардың табысының кірісі мен шығынының арақатынасы анықтайды.
Қаржымен қамтамасыз етудің 3 түрлі жағдайы кездеседі:
1. Тепе-теңдік жағдай. Ол кіріс пен шығынның теңдігінен туындайды.
2. Артық жағдай. Ол кіріс шығыннан көп болғанда туындайды. Демек, сақтаудағы қоры мол, сондықтан бұл субъектінің басқаға несие беруге мүмкіндігі бар.
3. Қаржыға тапшылық жағдай. Ол шығын кірістен көп болғанда туындайды. Демек, бұл субъект қаржыға мұқтаж, яғни оған несие алу қажет.
Кез келген уақытта қаржысы артық шаруашылық субъектілері де, қаржы тапшылығында отырғандар да бір ұлттық қаржы жүйесі шеңберінде кездеседі. Дәл осы жағдайда екі шаруашылық субъектілерінің біреуі артық табысын екіншісіне несиеге беріп, орнына қарыз міндеттемесін алады. Керісінше, бүрынғы қарыз міндеттемесінің орнына қолма-қол ақша жүруі де мүмкін. Қарыз міндеттемесін борышқор несие берушіге жазып береді. Ол борышқор несиесін өтегенше несие берушіде сақталады. Қарыз міндеттемесін иемдену құқынан оны орындау құқы туындайды.
Қаржы міндеттемелерін жеке тұлғалар да, мемлекет және Орталық (эмиссиялық) банк те шығаруы мүмкін. Қаржы міндеттемелерінің шаруашылық айналымын қолдануын есептеуді қаржы активтері деп атайды. Қаржы активтері мен оны айналымға түсіретін ұйымдық түрінің органикалық бірлігін елдің қаржы жүйесі дейді.Ұйымдық тұрғыдан қаржы жүйесінің негізін ақша нарығы және капитал нарығы құрайды. Ақша нарығы бір жыл мерзімге дейін шығарылған қарыз міндеттемелерін біріктірсе, капитал нарығы - бір жылдан көп уақытқа шығарылған қарыз міндеттемелерінің жиынтығы. Бұл инвестициялық қорлардың нарығы.