ҚР бағалы қағаздар нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 13:06, курсовая работа

Краткое описание

Кіріспе
Бағалы қағаздар нарығы дегеніміз қаржы қорларындағы сатушылар мен алушылар арасындағы келісімдерді реттейтін механизм. Жай ғана келісімдерді реттейтін механизм ғана емес, пайдалы келісімдерді жасауға мүмкіндік беретін келісімдер болып табылады.
Республикада бағалы қағаздар нарығының қалыптаса бастағанына 10 жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында 8191 акционерлік қоғамдар құрылып, оның 4605-і өз бағалы қағаздарын нарыққа шығарды. Алайда бағалы қағаздар нарығы қазіргі заманымыздың талаптарына сай дамып отыр деп айтуға болмайды.
Экономиканы тек өзінің қаражаты бар тұлғалар басқара алатындығын ескерер болсақ, онда бағалы қағаздардың экономикалық және тарихи маңыздылығына байыптап ұғынар едік.
Қандай нарық болмасын онда ұсынысс пен сұраныс болатыны белгілі. Қазақстан бағалы қағаздарының нарығы осы нарықта сұраныс пен ұсыныс таразысын теңдестіретін нарық болып табылады. Бизнес және Үкімет мұнда заемшы ретінде көп көзге түсіп, ал халық көбінесе таза кредитор болып табылады.
Республика тұрғындары өз қаржыларын бағалы қағаз сатып алу орнына ортақ қаржыларын депозиттік салымдарға салғанды дұрыс көреді. 2001 жылдың аяғында барлық депозиттік салымдар көлемі 147 млн. теңгеге жеткен, 115 млрд. теңге тұрақты валюталарға айналдырылған. Тұтас алғанда 142 млрд. теңге бағалы қағаздар нарығына араласпайды десек қателесе қоймаймыз. Оның басты себептерінің бірі бағалы қағаздарға төленетін дивиденд көлемінің өте төмен дәрежеде болуы және халықтың акционерлік қоғамдарға сенімсіздік танытуынан туындап отыр. Акцияларға төленетін дивидендтер көлемі акция құнының 1,1%-ті құрайды. Бағалы қағаздар нарығы дамыған елдерде бұл көрсеткіш 25%-ке дейін жетеді.
Бағалы қағаздар нарығының негізгі міндеті кәсіпорындарға инвестициялар тарту болып табылады және осы капитал көзі банктік кредитке қарағанда анағұрлым арзанға түседі.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы үлғайған сайын вексельдермен жасалатын операциялар өсе түседі. Өйткені «таза» ақшаның жетіспеушілігін әзірге осындай бағалы қағаздар шығарумен де біршама жеңіп отыр.
Курстық жұмыс Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайына шолу жасауға арналған. Мұнда бағалы қағаздар нарығындағы ұғымдар мен түсініктер, ондағы жүргізілетін келісім түрлері қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының бүгінгі жағдайын қарастыру болып отыр.
Жұмысты орындаудағы мақсат: бүгінгі нарықтағы бағалы қағаздар қызметтері, мәселелері мен перспективаларын айқындау.
Жұмысты орындаудағы міндеттер:
• Бағалы қағадарды реттейтін жүйелер;
• Қор биржасының қызметі;
• Бағалы қағаздарды қызметтеріне талдау жасау.
Әдістемелік негіз ретінде, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздарына қатысты заң, ереже, нұсқаулары мен нормативтік - құжаттық актілері, отандық және шетелдік авторлар еңбектері қолданылды.

Файлы: 1 файл

ҚР бағалы қағаздар нарығы. 29.doc

— 214.50 Кб (Скачать)

      Бағалы  қағаз - ақша қаражатына және материалдық товарға мүліктік құқықты растау ғана емес. Оның құндылығы сол бағалы қағазды иеленушіге беретін құқықтарымен де түсіндіріледі. Бағалы қағаздың иесі өзінің товарын немесе ақшасын сол бағалы қағаз ақша немесе товардан артық болған жағдайда ғана бағалы қағазға ауыстырады.

      Экономикалық тұрғыда бағалы қағаз - өзінің ерекше нарығында - бағалы қағаздар нарығында айналымда болатын ерекше товар. Алайда оның бұйымдық та, ақшалай тұтынушылық та құны болмайды, яғни, физикалық товар немесе қызмет болып табылмайды.

      Бағалы  қағаздар сату-сатып алудың және мазмұнына мәміле мен басқа да заңды айғақтардың негізінде құқықтың бір субъектіден екінші субъектіге өтуі кіретін азаматтық-құқықтық айналымның объектісі болады.

      Осылайша, құқықтық және экономикалық ұғымдарды біріктірер болсақ, төмендегідей анықтама аламыз: яғни, бағалы қағаздар дегеніміз - мүліктік объектіге қатысты, материалдық та, материалдық емес те тәсілдермен расталуы мүмкін, сонымен қатар, азаматтық-құқықтық айналымның жеке-дара объектісі ретінде бола алатын құқық.

      Заңмен  бағалы қағаздардың мынадай түрлері  бекітілген:

      1. Акциялар.

      2. Облигациялар.

      3. Ипотекалық куәліктер, коносаменттер және бағалы қағаз құзыретіне ие болатын құжаттардың басқа да түрлері.

      4. Құнды қағаздар.

      5. Басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған, Қазақстан Республикасы  аумағында  өкілді  орган  бекіткен  тәртіпте  айналымға жіберілген, шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары.

      6.  Бағалы қағаздардың Қазақстан Республикасының заңдарымен танылған басқа да түрлері.

      Бірақ бағалы қағаздарды осылайша бөлу жалпы  сипатқа ие, себебі, біздің мемлекетімізде корпоративті бағалы қағаздар және мемлекеттік бағалы қағаздар бар. Сонымен қатар, заң бағалы қағаздардың қор құндылықтары ретінде қаралатындарын ғана қалдыра отырып, төлем құжаттарын (чек, вексель, банкілік сертификаттар және т.б.) бағалы қағаздардан бөліп қарастырады.

      Корпоративті  бағалы қағаздар - мемлекеттік емес заңды тұлғалар шығаратын қағаздар. Іс жүзінде бағалы қағаздардың кейбір түрлері корпоративті де, мемлекеттік те болады (Мысалы: облигациялар).

      Бағалы  қағаздардың жеке түрлерін талдап шығайық. Қазақстан Республикасының заңдары  бойынша акция дегеніміз - иесіне акционерлік қоғамның табысының бір бөлігін дивиденд түрінде алуға, акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатысуға және акционерлік қоғам жойылған жағдайда оның мүліктерінің бір бөлігін алуға құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Осы бағалы қағазға тән белгісі - оны тек акционерлік қоғам ғана шығарады және Жарғылық қорға қатысады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 2-мамырда шыққан «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заң күші бар Жарлығы акциялардың екі түрін жәй және басымдылығы бар акцияларды шығару мүмкіндігін бекіткен.

      Жәй акция бойынша оларды иеленушілерге қоғамның тапқан табысына қарай дивидендтер төленеді. Қарапайым акцияны иеленушінің акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығы бар, ол басқару органдарын және ревизиялық комиссияны сайлауға, бақылауды іске асыруға және іскерлік саясатты бекітуге қатысады,

      Басымдылығы бар акцияны иеленуші табыс мөлшеріне  қарамастан, кредиторлардан кейін, бекітілген дивидендтер алуға, сондай-ақ, заңды  тұлға таратылған жағдайда оның мүлкін бөлуге қатысуына басым құқығы бар. Бұл акцияларды иеленушілердің Жарғымен басқаша көзделмесе, акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқығы болмайды. Қазақстан Республикасының заңдарына, сәйкес, облигация дегеніміз - оны иеленушінің облигацияны шығарған тұлғадан, онда көрсетілген мерзімде облигацияның номиналдық құнын немесе мүліктік эквивалентін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация сонымен қатар, оны иеленушіге облигацияда көрсетілген облигацияның номиналдық құнының бекітілген процентін немесе басқа да мүліктік құқықтарды алуға құқық береді. Облигациялардың мынадай түрлерін шығаруға болады:

      а) Ішкі мемлекеттік және жергілікті заемдардың облигациялары.

      б) Заңды тұлғалардың облигациялары.

      Заңды тұлғалардың облигацияларын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектелген серіктестіктер үш жыл аралығында шығынсыз жұмыс істеу шартымен шығара алады. Алайда, облигациялардың мөлшері эмитенттің Жарғылық қорының мөлшерінен аспауы керек.

      Облигициялар  бір тұлғаның атына, ұсынушы тұлғаға, процентті және процентсіз, еркін айналымдағы және шектеулі айналымдағы деп шығарылуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңының 4-бабына сәйкес, туынды бағалы қағаздар дегеніміз - заңға сәйкес және өкілді органмен осындай деп танылған бағалы қағаздар. Атаулы анықтама туынды бағалы қағаздардың құзыреті мен мазмұнын анықтаудағы мемлекеттің позициясының белгіленбегендігін көрсетеді. 

      2.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары 

      Бағалы  қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндетін атқаратын кәсіби мамандар, яғни делдалдар. Ол жұмыс баға белгілеу үшін және қажетті хабарларды тарататын компьютерлік техниканы қажет етеді. Ол үшін қазіргі уақытқа сай нарыққа әдейі дайындалған кәсіби мамандар қажет. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары:

      1. Брокердер - делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Брокер келісім жасасатын әрбір жақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасауға арнаулы өкілеттік беріледі. Ол тек сол өкіметтік шегінде әрекет етуге міндетті.

      2.Джобберлер  - нарық коньюктурасын бақылаушылар.

      3.Дилерлер - өз капиталымен келісім жасайтын делдалдар.

      Осы мамандармен катар бағалы қағаздар бағалы қағаздар нарығына банк қызметкерлері, инвестициялық қорлардың қызметкерлері және нарық қызметін реттейтін ереже, заң шығаратын мемлекеттік шенеуніктер мен заң қызметкерлері қатысады.

      Бағалы  қағаздар нарығындағы брокерлер  құқықтың тұлға ретінде тіркелген мамандандырылған фирма қызметкерлері. Батыс Еуропа мемлекеттерінде олар не және фирма, не акционерлік қоғам ретінде құрылады. Жаңа егемен мемлекеттерде олар жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемесі болып құрылған. Құрылымы жөнінен брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім, кеңес беретін бөлім, бағалы қағаздар сату бөлімі және хабарлама-техникалық бөлімінен тұрады. Шамамен мұндай фирмада 15-25 адам қызмет жасайды. Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндеттер кіреді:

      1. Консалтинг (кеңес беру).

      2. Бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру.

      3. Инвестициялық қорларды құру және оны басқару.

      Брокерлер өз қызметінде мына түпкі бастамаларды басшылыққа алады:

      1. Клиент брокерлік фирмамен шарт жасағанда барлық тапсырма бойынша келісімге келеді, оның ішінде бағалы қағаздарды қайдан сатып алу жөнінде (қор биржасынан ба, элде биржадан тыс нарықтан ба).

      2. Брокер клиенттің белгіленген сомасы шамасында әрекет жасайды. Бірақ алған тапсырма көлемінде бағалы қағаздарды таңдауда өз құқын пайдаланады.

      3. Брокер тапсырманы  орындағаны туралы  шартта көрсетілген уақытта клиентке хабарлап және бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржыны клиенттің есепшотына аударады.

      4. Брокер мәмілені ерекше кітапқа тіркеуі қажет. Клиент ол жөнінде көшірме талап етуге құқы бар.

      5. Клиент брокерге мәміледегі барлық тапсырманы тоқтатуға үнім бере алады.

      Сонымен бірге, брокерлік фирма мен клиент арасындағы келісім алғашқыда ауызша болса, ол кейін жазбаша құжатта көрсетіліп, заңды күшіне енеді. Брокерлік фирма өз клиенттерінен тапсырма алғанда олардан кепілдік беруді талап етеді. Кепілдік ретінде мыналар берілуі мүмкін:

      1. Мәміледегі бүкіл сомаға вексель.

      2. Мәміленің кемі 25%-тін немесе 100% құрайтын сома брокердің шотына түсілуі керек.

      3. Брокердің атына ағымдарды шот  ашылуы мүмкін

      4. Брокерге сақтандыру полисі және с.с. кепілдер.

      Осылар  жөнінде брокерлік фирма клиентке хабарлан тұруы қажет.

      Ал  дилерлер - олар да делдалдар. Олардын брокерлерден айырмашылығы шарт жасағанда өз капиталын жұмсауы. Бағалы қағаздар операциясына мамандалған дилерлерді жауапкершілігі шектелуі дилер деп атайды. Дилердің атқаратын қызметі:

      - Бағалы қағаздарды шығару, олардың  курсы және сапасы туралы хабар тарату;                             

      - Клиенттердің тапсырмасын орындау;

      - Бағалы қағаздар нарығындағы өзгерістерді бақылап отыру. Егер бағалы қағаздарды сату-сатып алу баяуласа, онда онда бағалы қағаздардың курсын тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз есебімен операция жүргізеді.

      - Сатып алушылар мен сатушыларды бір-біріне кездестіріп, бағалы қағаздар  нарығының  жұмысына  себепші  болады.  Олар  нарықтың катализаторы ретінде жұмыс істейді.

      Бағалы  қағаздар нарығында дилерлердің  қызметі брокерлердің қызметінен өзінің кең көлемділігімен ерекшеленеді. дилер-фирмалардын алғашқы да өзінің бірсыпыра капиталы болады, кейіннен ол делдалдың сыйақымен және инвестициядан түскен пайдамен үнемі толтырылып отырылады.

      Джобберлер - бағалы қағаздар нарығы конъюнктура  мәселелері жөнімен кеңес берушілер. Олардың іс әрекеті бағалы қағаздар нарығының құрылымы кең көлемде және үнемі өзгеріп отырғанда қажет. Джобберлер тек кеңес беріп қана қоймай, күрделі, кейде комплексті мәселелерді шешуге көмектеседі. Джобберлер бағалы қағаздардың кейбір түрлерінде ғана маманданатын болғасын оларды кең көлемде жүргізілетін операцияларға брокерлер мен дилерлер пайдаланады. Джобберлердің қызметі өте жоғары бағаланып, олар жоғарғы жалақы алатындар қатарына жатады.

      2005 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша бағалы қағаздар нарығында 57 брокер-дилер жұмыс істейді, оның ішінде номиналды ұстаушы ретінде клиенттер шоттарын жүргізетіндері - 49 және клиенттер шоттарын жүргізу құқығынсыз - 8, 18 тіркеуші, 10 кастодиан банк, зейнетақы активтерімен инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын 10 ұйым, оның ішінде зейнетақы активтерін дербес басқаруды жүзеге асыратын 3 ЖЗҚ, 14 инвестициялық портфельді басқарушы, 2 өзін өзі реттейтін ұйым бар. 
 

      III. Бағалы қағаздар нарығының басқа қатысушылары. 

      3.1 Бағалы қағаздар нарығына басқа қатысушылар 

      Қазірге кезде бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар: мемлекет, жергілікті әкімшілік, ірі ұлттық және халықаралық компаниялар. Бұндай компаниялардың халық арасында жоғары атағы бар. Сондықтан олар шығарған бағалы қағаздар ешбір қиындықсыз өтеді. Нарық ол қағаздарды көп мөлшерде қабылдауға әрқашан дайын. Бұл қағаздар, эсіресе, мемлекеттік және жергілікті әкімшіліктің қағаздары.

      Екінші  топ, инвестициялық институттар, немесе бағалы қағаздар операциясын жүргізетін қаржы-несие институттары. Олар:

      а) екінші деңгейдегі және инвестициялық банктер;

      ә) сақтандыру қоғамдары;

      б) зейнетақы қорлары және сол сияқты ұйымдар.

      Бұл институттардың көпшілігі әртүрлі инвесторлардың, яғни заңды және жеке тұлғалардың қаржысын біріктіріп, оларды табысты бағалы қағаздарға жұмсау мүмкіндіктерін іздейді.

      Үшінші  топ, және инвесторлар, яғни жеке адамдар, оның ішінде шағын кәсіпорындардың бағалы қағаздары әрқашан қауіпты. Статистика деректері дәлелдегендей олардың бөлігі ашылмай жатып жабылып қалады, тек 1/4 бөлігі ғана кейбір табысқа жетеді екен. Кейбір шағын кәсіпорындары табысты және болашағы бар екенін дәлелдеді.

      Төртінші  топ, бағалы қағаздар нарығы кәсіби мамандары, яғни брокерлер мен дилерлер. Олардың қолындағы хабарлар, керекті байланыс құралдары оларға бағалы қағаздар операциясын жүргізуге жеңілдік береді.

      Әрбір елде бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды  және оған қатысу жағдайларын мемлекет белгілейді. Себебі мемлекеттік заң актілерде елдің экономикалық жағдайы аңғарылады. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар - оларды шығарушылар (эмитенттер) және инвесторлар немесе инвестициялық институттар. Мемлекет эмитент заң жүзінде белгілейді.

Информация о работе ҚР бағалы қағаздар нарығы