ҚР бағалы қағаздар нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 13:06, курсовая работа

Краткое описание

Кіріспе
Бағалы қағаздар нарығы дегеніміз қаржы қорларындағы сатушылар мен алушылар арасындағы келісімдерді реттейтін механизм. Жай ғана келісімдерді реттейтін механизм ғана емес, пайдалы келісімдерді жасауға мүмкіндік беретін келісімдер болып табылады.
Республикада бағалы қағаздар нарығының қалыптаса бастағанына 10 жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында 8191 акционерлік қоғамдар құрылып, оның 4605-і өз бағалы қағаздарын нарыққа шығарды. Алайда бағалы қағаздар нарығы қазіргі заманымыздың талаптарына сай дамып отыр деп айтуға болмайды.
Экономиканы тек өзінің қаражаты бар тұлғалар басқара алатындығын ескерер болсақ, онда бағалы қағаздардың экономикалық және тарихи маңыздылығына байыптап ұғынар едік.
Қандай нарық болмасын онда ұсынысс пен сұраныс болатыны белгілі. Қазақстан бағалы қағаздарының нарығы осы нарықта сұраныс пен ұсыныс таразысын теңдестіретін нарық болып табылады. Бизнес және Үкімет мұнда заемшы ретінде көп көзге түсіп, ал халық көбінесе таза кредитор болып табылады.
Республика тұрғындары өз қаржыларын бағалы қағаз сатып алу орнына ортақ қаржыларын депозиттік салымдарға салғанды дұрыс көреді. 2001 жылдың аяғында барлық депозиттік салымдар көлемі 147 млн. теңгеге жеткен, 115 млрд. теңге тұрақты валюталарға айналдырылған. Тұтас алғанда 142 млрд. теңге бағалы қағаздар нарығына араласпайды десек қателесе қоймаймыз. Оның басты себептерінің бірі бағалы қағаздарға төленетін дивиденд көлемінің өте төмен дәрежеде болуы және халықтың акционерлік қоғамдарға сенімсіздік танытуынан туындап отыр. Акцияларға төленетін дивидендтер көлемі акция құнының 1,1%-ті құрайды. Бағалы қағаздар нарығы дамыған елдерде бұл көрсеткіш 25%-ке дейін жетеді.
Бағалы қағаздар нарығының негізгі міндеті кәсіпорындарға инвестициялар тарту болып табылады және осы капитал көзі банктік кредитке қарағанда анағұрлым арзанға түседі.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы үлғайған сайын вексельдермен жасалатын операциялар өсе түседі. Өйткені «таза» ақшаның жетіспеушілігін әзірге осындай бағалы қағаздар шығарумен де біршама жеңіп отыр.
Курстық жұмыс Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайына шолу жасауға арналған. Мұнда бағалы қағаздар нарығындағы ұғымдар мен түсініктер, ондағы жүргізілетін келісім түрлері қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының бүгінгі жағдайын қарастыру болып отыр.
Жұмысты орындаудағы мақсат: бүгінгі нарықтағы бағалы қағаздар қызметтері, мәселелері мен перспективаларын айқындау.
Жұмысты орындаудағы міндеттер:
• Бағалы қағадарды реттейтін жүйелер;
• Қор биржасының қызметі;
• Бағалы қағаздарды қызметтеріне талдау жасау.
Әдістемелік негіз ретінде, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздарына қатысты заң, ереже, нұсқаулары мен нормативтік - құжаттық актілері, отандық және шетелдік авторлар еңбектері қолданылды.

Файлы: 1 файл

ҚР бағалы қағаздар нарығы. 29.doc

— 214.50 Кб (Скачать)

      Репо  операциясы әдетте, тараптар арасындағы жасалған шарт негізінде жүргізіледі.

      Репо  операциясының тағы да бір анықтамасы бар, яғни, репо операциясы дегеніміз  - бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген несие немесе бағалы қағаздардың кепілдігімен несие беру.

      Заңды күшінің мерзіміне қарай репоның  үш түрі болады: түнгі (бір күндік), ашық (операция мерзімі нақты бекітілмеген), мерзімді (бір күннен астам уақытқа, бекітілген мерзіммен). Репоның мерзімділігімен проценттік ставка да байланысты.

      Репо  мәмілелері мерзімі және ставкасы бойынша ғана емес, сонымен қатар, репо шарты жасалған бағалы қағаздардың қозғалыс тәртібі бойынша, яғни, бағалы қағаздарды сақтау орны бойынша да ажыратылады.

      Репо  нарығының қызмет ету тәжірибесі көрсетіп отырғандай шарттағы тараптар, әдетте, бағалы қағаздарды ауыстыру және сақтаудың үш вариантының бірін қолданады.

      Бірінші вариант бойынша репоның бірінші бөлігінде сатып алынған бағалы қағаздар бағалы қағаздарды сатып алушыға ауысады. Сатып алушы мұндай жағдайда өзінің несиелік тәуекелін минимумға түсіреді.

      Екінші  вариантта бағалы қағаздар репо операциясы бойынша үшінші тараптың пайдасына ауысады. Репоның осы түрі «үш жақты репо» атауына ие болған. Репо шарты бойынша үшінші тарап мәмілеге тікелей қатысушылардың алдында бірқатар міндеттемелер атқарады: бір тараптың екінші тарапқа ауыстырған бағалы қағаздарының түрлерін тексереді. Үшінші тарап репо шартының дүрыс орындалуының кепілі ретінде болады және көрсеткен қызметі үшін белгілі бір сыйақы алады.

      Үшінші  варианттың ерекшелігі - сатылған бағады қағаздар репо шартының бірінші бөлігі бойынша бағалы қағаздарды сатушының қолында қалады және ол сатып алушы үшін бағады қағаздарды сақтаушы болады. Репоның мұндай түрін дәстүрлі түрде «сенімдік репосы» деп атайды және ол бағалы қағаздарды аударуға байланысты шығынның минимальді болуымен; несиелік тәуекелдің тым жоғары деңгейімен сипатталады. Сонымен бірге, бағалы қағаздарды сатушы бүрын өзінің меншігінде болған бағалы қағаздардың есебін жүргізіп отыруы керек.

      Репо  операциясын жүргізу барысында  репоның бірінші бөлігінде сатып  алынған бағалы қағаздардан айырмашылығы бар бағалы қағаздарды қайта сатып  алу, яғни, бағалы қағаздарды басқа  бағалы кағаздармен ауыстыру мүмкіндігі бар. Ауыстыру құқығы бағалы қағаздар шартында жазу арқылы іске асырылады.

      Банктер репо операциясын қор биржаларында ресми котировкасы бар бағалы қағаздармен жүргізеді, нақты айтар  болсақ:

      • мемлекеттік бағалы қағаздармен;

      • мемлекет кепілдік берген бағалы қағаздармен;

      • бірінші дәрежелі коммерциялық вексельдермен;

      • ірі өнеркәсіп компаниялары және банктердің биржада айналымда жүрген акциялары және облигацияларымен;

      • депозиттік сертификаттармен.

      Егер  бағалы қағаздар биржада бағаланбаса, олардың бағасы жарияланатын баланстар  мен қаржылық есеп берудің, осындай ақпаратты жинаумен айналысатын ұйымдардың анықтамалары негізінде банкпен анықталады.

      Қор нарығының мүшесінен банктің сатып алатын бағалы қағазының бағасы олардың түріне, сенімділігіне, өтелімдігіне, репо келісімінің мерзіміне байланысты және әдетте, мәмілеге отыру сәтінде осы бағалы қағаздардың нарықтық бағасының 50-90%-тін құрайды. Келісім мерзімі аяқталған соң қор нарығына қатысушы өзінің бағалы қағаздарын сатып алады.

      Қор нарығына қатысушылар өздерінің қолындағы бағалы қағаздарының құны өспейтін болса, осы бағалы қағаздарды іске асырғысы келмесе; нарықта кең қолданылатын бағалы қағаздармен операциялар жүргізу үшін айналым капиталы қажет болса репо операциясын жүргізуге мүдделі болады, Қазіргі кезде банктер атаулы операцияны квбіне бя.щкстьщ өтемділігін қолдау үшін жүргізеді.

 

       Қорытынды 

      Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығының даму жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер көп. Экономикалық мәселелерге:

      А) нарықты реттейтін механизмінің жоқтығы;

      В) бағалы қағаздар нарығын дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы;

      С) заңдардың мүлтксіз орындалмауы;

      Д) салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;

      Е) бағалы қағаздар нарығының материалдық-техникалық негізінің аздығы;

      Р) нарық инфрақұрылымы өсу деңгейінің төмендігі жатады.

      Бағалы  қағаздар нарығына мамандарды бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның осы іспен шұғылдануға рұқсат берген оқу орталықтары дайындайды. Қазіргі уақытта оқуды табысты бітіріп, мамандық туралы бірінші санатты куәлік алған 1500-дей адам брокерлік, дилерлік іспен айналысуға құқық алды.

      Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі - кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмы арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке инвесторлар мен өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қарастыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатысқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына экеп соқтырды.

      Бағалы  қағаздар нарығының нарықтық үлгісінің  банктік үлгіден айырмашылығы мынада:

      1. Нарықта акционерлік капитал  үлесінің көптігі.

      2. Үлестік бағалы қағаздардың қарыздық  қағаздардан көптігі.

      3. Өндірісті қаржыландырудағы тура  банктік несиенің аздығы.

      4. Нарықтағы банк емес мекемелерінің  көптігі.

      Бұлардан басқа мемлекеттің бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісін таңдап алуға себепші болған 3 фактор бар:

      1. Өндірісті өркендету үшін шығарылып сатылған акциядан түскен ақша - ол "арзан" ақша. Өнеркәсіп өндірісін акционерлік қоғам етіп қайта күру - өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Себебі акционерлердің де, онда қызмет істеп жүргендердің де мүддесі шешіледі.

      2. Әлі көп уақытқа дейін Қазақстан нарығында өндіріс саласын өз активтерімен  инвестициялайтын отандық ұйымдар болмайды. Сондықтан мемлекеттік меншікті жалпы жекеменшіктендіру арқылы халықты кәсіпорын басқаруына жақын арада тарту бұл механизмді пайдалануға мүмкіндік береді.

      3. Саясат факторы - дүниежүзіндегі сияқты Қазақстанда бос ақша көздерінің негізгі иесі - халық.

      Қорыта  айтқанда, Қазақстан Республикасында  қалыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай әлі де біраз өзгерістер енгізілуі мүмкін.

 

       Қолданылған әдебиеттер 

      1. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, Несие, Банктер Алматы Экономика 2001ж

      2. Мақыш С. Ақша, Несие, Банктер  Алматы Экономика 2000 ж

      3. Көшенова Б.А. «Бағалы қағаздар  нарығы», Алматы, 2000 ж.

      4. Журнал «Рынок ценных бумаг»  Москва 2000/11

      5. Банктегі бухгалтерлік есеп және  есеп беру. Н.А. Ғұмар, Р.Ж. Қалығұлова, Алматы, Арыс,2000.

      6. "Банки Казахстана" журналы  №5 2000ж.

      7. Банк хабаршысы. 2000

      8. Сейтқазина Р.С. учебник. Банковское  дело. Алматы. 2002.

      9. Раланова В.А. учебник. Рынок ценных бумаг. Москва 1996 г.

      10. Камаев В.Д. учебник. Экономика  и бизнес. Алматы 1998.

Информация о работе ҚР бағалы қағаздар нарығы