ҚР бағалы қағаздар нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 13:06, курсовая работа

Краткое описание

Кіріспе
Бағалы қағаздар нарығы дегеніміз қаржы қорларындағы сатушылар мен алушылар арасындағы келісімдерді реттейтін механизм. Жай ғана келісімдерді реттейтін механизм ғана емес, пайдалы келісімдерді жасауға мүмкіндік беретін келісімдер болып табылады.
Республикада бағалы қағаздар нарығының қалыптаса бастағанына 10 жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында 8191 акционерлік қоғамдар құрылып, оның 4605-і өз бағалы қағаздарын нарыққа шығарды. Алайда бағалы қағаздар нарығы қазіргі заманымыздың талаптарына сай дамып отыр деп айтуға болмайды.
Экономиканы тек өзінің қаражаты бар тұлғалар басқара алатындығын ескерер болсақ, онда бағалы қағаздардың экономикалық және тарихи маңыздылығына байыптап ұғынар едік.
Қандай нарық болмасын онда ұсынысс пен сұраныс болатыны белгілі. Қазақстан бағалы қағаздарының нарығы осы нарықта сұраныс пен ұсыныс таразысын теңдестіретін нарық болып табылады. Бизнес және Үкімет мұнда заемшы ретінде көп көзге түсіп, ал халық көбінесе таза кредитор болып табылады.
Республика тұрғындары өз қаржыларын бағалы қағаз сатып алу орнына ортақ қаржыларын депозиттік салымдарға салғанды дұрыс көреді. 2001 жылдың аяғында барлық депозиттік салымдар көлемі 147 млн. теңгеге жеткен, 115 млрд. теңге тұрақты валюталарға айналдырылған. Тұтас алғанда 142 млрд. теңге бағалы қағаздар нарығына араласпайды десек қателесе қоймаймыз. Оның басты себептерінің бірі бағалы қағаздарға төленетін дивиденд көлемінің өте төмен дәрежеде болуы және халықтың акционерлік қоғамдарға сенімсіздік танытуынан туындап отыр. Акцияларға төленетін дивидендтер көлемі акция құнының 1,1%-ті құрайды. Бағалы қағаздар нарығы дамыған елдерде бұл көрсеткіш 25%-ке дейін жетеді.
Бағалы қағаздар нарығының негізгі міндеті кәсіпорындарға инвестициялар тарту болып табылады және осы капитал көзі банктік кредитке қарағанда анағұрлым арзанға түседі.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы үлғайған сайын вексельдермен жасалатын операциялар өсе түседі. Өйткені «таза» ақшаның жетіспеушілігін әзірге осындай бағалы қағаздар шығарумен де біршама жеңіп отыр.
Курстық жұмыс Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайына шолу жасауға арналған. Мұнда бағалы қағаздар нарығындағы ұғымдар мен түсініктер, ондағы жүргізілетін келісім түрлері қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының бүгінгі жағдайын қарастыру болып отыр.
Жұмысты орындаудағы мақсат: бүгінгі нарықтағы бағалы қағаздар қызметтері, мәселелері мен перспективаларын айқындау.
Жұмысты орындаудағы міндеттер:
• Бағалы қағадарды реттейтін жүйелер;
• Қор биржасының қызметі;
• Бағалы қағаздарды қызметтеріне талдау жасау.
Әдістемелік негіз ретінде, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздарына қатысты заң, ереже, нұсқаулары мен нормативтік - құжаттық актілері, отандық және шетелдік авторлар еңбектері қолданылды.

Файлы: 1 файл

ҚР бағалы қағаздар нарығы. 29.doc

— 214.50 Кб (Скачать)

      Эмитент - заңды тұлға, ол мемлекеттік орган немесе жергілікті басқару органы болуы мүмкін. Ал инвестор жеке адам немесе занды тұлға болуына құқылы. Олар бағалы қағаздарды өз қаржысына сатып алады. Инвестициялық институттар - занды тұлға. Олардың ұйымдық түрлері әртүрлі болады. Бағалы қағаздар нарығына қатысушы - занды тұлғалар мемлекеттік лицензия, ал жеке адамдар мамандығы туралы аттестат алулары шарт.

       

      3.2 Қор биржасындағы келісімшарт түрлері 

      Биржада жеке компаниялардың, мемлекеттік органдарын немесе шетелдердің бағалы қағаздары  айналымға түседі (әдетте тек акциялар мен облигациялар мен облигациялар). Айналымдағы шетелдік қағаздардың құрылымы мемлекеттер бойынша ажыратылады.

      Биржа операциялары кассалық және мерзімді болып ірі екі топқа бөлінеді. Біріншісі бойынша келісімге келген бойда есеп жүргізіледі, яғни сатып алушы қағаз үшін ақша төлеп, орнына сатушыдан бағалы қағазды алады. Екіншісінде есеп мәміледе көрсетілген мерзімге жүргізіледі: ол айдың ортасы немесе аяғы болуы, болмаса үш, алты ай және с.с уақыт өткеннен кейін болуы мүмкін. Онда кассалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздардың бағасымен өзгеше болады. Операциялардың екі түрі де рұқсат етілген биржаларда өтеді және бағалы қағаздардың бағамы әртүрлі болуы мүмкін. Шын мәнінде де мерзімдік мәміленің айырмашылығы да оның бағамында, яғни қағаздың бағасына. Сондықтан мерзімдік мәмілені алыпсатарлық мәміле деп те атайды. Алыпсатарлық мақсаты - биржадағы құндылықтардың табу.

      Мерзімдік мәміле түрлерінің бір-бірінен түбегейлі айырмашылығы жоқ. Олар тек кейбір іс-әрекет варианттарымен ерекшеленеді. Сондықтан мерзімдік мәміленің барлық басқа күрделі түрлерінің негізі болатын жай көрініске тоқтап өтейік.

      Мерзімдік мәміле бойынша есеп айырысу, жоғарыда айтылғандай бір айдың ішінде, айдың ортасында, не болмаса аяғында өтеді. Бір-ақ есеп мәміле жасалған күнгі бағалы қағаздардың бағамымен жүргізіледі. Егер мәміленің орындалу кезінде оның бағамы төмендеп кетсе, пайданы сатушы алады, ал жоғарылап кетсе сатып алушы алады.

      Қор биржасындағы стеллаж, пролонгация, репорт, депорттың мәмілелер алып-сатушылардың бағалы қағаздарының бағамын өзгерту арқылы пайда табу ойындары.

      Стеллаж - бағалы қағаздар бойынша мерзімді мәміленің түрі, мұнда екі жақтың бірі (стеллажды сатып алушы) мәміле мерзімі басталғанда сатушы мен сатып алушы жағдайының бірін тандау құқына ие болады.

      Пролонгацияльщ мәміле - бағалы қағаздар бойынша жасалатын мәміленің бір түрі немесе бағалы қағаздар нарығының өсуіне қарай есеп айырысудың мерзімін кейінге қалдыру.

      Репорт  - мерзімді мәміленің түрі, мұнда бағалы қағаздың иесі (биржа іскері, екінші деңгейдегі банк) оларды белгілі бір уақыттан кейін жаңа, неғұрлым жоғары бағамен сатып алуға міндеттеніп, банкке сатады; сату бағасы мен сатып алу бағасының арасындағы айырма репорт деп аталады.

      Депорт  - оған белгілі бір мерзімінен кейін төмен курспен кері сату шартымен бағалы қағаздарды сол күнгі бағамы бойынша сатып алу тән.

      Қор биржасы акционерлік қоғамдардың  жұмысын қадағалап, оны көрсетіп отыратын анықтаушы тәрізді. Бағалы қағаздар бағамының ұзақ уақыт бірқалыпты төмендеуі инвесторларға бұл қоғамда істің мәз емес екендігін көрсетіп, оған инвестиция салудың тежеп, тіпті бұл қоғамның акцияларын сата бастауды меңзейді.

      Дүние жүзілік практикада туынды бағалы қағаздардың  мынадай түрлері белгілі:

      1. Опцион.

      2. Фьючерс.

      3. Варрант.

      4. Депозиттік қолхаттар және т.б.

      Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заң күші бар Жарлығының 5-бабының 17-тармағында туынды бағалы қағаздардың бірі - опцион туралы жанама түрде айтылған. Осыт тармаққа сәйкес, қоғам Жарғыға немесе акционерлердің шешіміне қарай қызметкерлерге акциялардың белгілі бір мөлшерін жеңілдіктерді пайдалана отырып сатып алуға құқық бере алады (опцион).

      Осылайша  опцион бағалы қағаздарды сатып алу  немесе сатуда басым құқық береді. Басқаша айтқанда, опцион - бағалы қағазды бекітілген мерзімге дейінгі атқару бағасына сату-сатып алу жөніндегі азаматтық-құқықтық шарт. Бұл құқық үшін ақша қаражаттарының белгілі бір мөлшері төленетіндігін айта кеткен жөн (сыйақы).

      Фьючерс (ағылшынның - болашақ деген сөзінен шыққан) немесе фьючерстік контракт - шартқа отыру және шартты орындау сәті сәйкес келмейтін, бағалы қағаздарды сату-сатып алу жөніндегі стандартты шарттар . Осы шарттың бағасы шартты жасасу барысында анықталады.

      Варрант (ағылшынның - өкілдік деген сөзінен шыққан) иеленушісіне вариантты сату сэтінде әлі басып шығарылмаған бағалы қағаздар пакетін сатып алу құқығын беретін туынды бағалы қағаз. Вариант болашақта болатын товарды - бағалы қағаздарды сатып алуға құқық береді. Оның көмегімен мәмілені жасау барысында мәміленің пәнінің болмауы секілді проблема шешіледі. Себебі, шарттың мақсаты - әлі басып шығарылмаған және тіркелмеген акцияларды немесе облигацияларды сатып алу.

      Демек, бағалы қағаз дегеніміз - мүліктік объектіге  қатысты, азаматтық-құқықтық айналымның жеке объектісі болып табылатын, өзіндік формасы бар құқық.

      Төмендегідей  квалификациялық белгілерге жауап беретін құқықтар ғана бағалы қағаздар деп танылады:

      • айналымдылық;

      • азаматтық айналымға түсу мүмкіндігі;

      • стандарттылық;

      • құжаттылық;

      • реттелетіндігі және танылуы;

      • нарықтылығы;

      • өтемділігі;

      • тәуекелділігі.

      Айналымдылығы дегеніміз - бағалы қағаздың еркін сатылу және сатып алыну қабілеті, сонымен қатар, басқа товарлардың айналымын жеңілдететін төлем құралы ретінде болуы.

      Азаматтық айналымға түсу мүмкіндігі дегеніміз  - бағалы қағаздың сатылу және сатып алыну қабілеті емес, сонымен қатар, басқа да азаматтық қатынастардың объектісі болу қабілеті.

      Бағалы  қағаздың стандартты мазмұны болуы  керек, яғни, бағалы қағаз беретін  құқықтар, мәмілеге қатысушылар, мерзімдер, сауда орны, есептеу ережелері, бағалы қағазды тапсырумен байланысты мәміле, бағалы қағаздың формасы және тағы да басқалар стандартты болуы қажет. Бағалы қағазды айналымға түсу қабілеті бар товарға айналдыратын осы стандарттылық. Стандартты емес жеке шарт өзі жасалған мәмілемен шектеледі. Ол айналымға түсе алмайды, бұл шарт бойынша құқықты тапсыру үшін жаңа шартқа отыру керек. Ал стандартты контракт өз бетінше айналымға түсуге қабілетті, яғни, ол бағалы қағазға айнала отырып, ерекше товар ретінде қолдан қолға өте алады.

      Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінде бағалы қағаз дегеніміз - оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат деп анықтама береді. Тек кейбір жағдайларда ғана құқық бағалы қағазды арнайы реестрде бекіту жолымен куәландырылады.

      Бағалы  қағаздар жөніндегі қатынастарды мемлекет реттеп отырады және мемлекетпен танылады. Бағалы қағаздар құзыретінен үміті бар қор құралдары бағалы қағаздар ретінде танылуы және сәйкесінше, заң актілерімен реттелуі керек. Мемлекеттің осындай әрекеттері бағалы қағаздардың жақсы айналымын қамтамасыз етіп, инвесторлардың сенімін күшейтуі қажет.

      Бағалы  қағаздың айналымда болуы оның товар  екендігін көрсетеді. Ал айналымдағы  товардың өзіндік ұйымдастырылған нарығы, жұмыс істеу ережелері болады.

      Өтемділігі - бағалы қағаздың оны иеленуші үшін аз шығынмен ақшаға айналу қабілеті.

      Қаржылық, ақша саласы нақты өндірістен туындайтын, қосалқы сала ретінде өндірістік сектормен салыстырғанда ыңғайсыз факторлардың ықпалына көп ұшырайды. Нәтижесінде бағалы қағаздарға жасалған инвестициялармен байланысты шығын тәуекелі туындайды.

      Қазақстан Республикасының заңдары заңды  тұлғаларға бағалы қағаздар шығаруға және олармен операциялар жүргізуге шектеулі мүмкіндік береді. Бұл қатынастардың ерекшелігі бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың басым көпшілігінде қаржылық-құқықтық реттеуді қолданудың қажеттігіне нұсқайды, себебі, бағалы қағаздардың кейбір түрлері мемлекеттің қаржылық қызметінің өнімі ретінде, ал олармен жасалатын операциялар мемлекеттің қаржылық операциялары болып табылады. Осы тұрғыда мемлекет бағалы қағаздардың эмиссиясын жүзеге асырады және олардың эмитентінің ролін атқарады.

      Бағалы  қағаздармен болатын қатынастар қаржылық-құқықтық сипатта болса, міндетті субъектісі мемлекет болып табылатын, біржақты ерікті сипатқа ие болады.

      Бағалы  қағаздар қаржыларды тартудың құралы және сонымен қатар, қаржылық ресурстар салымының объектісі ретінде қарастырылады. Бағалы қағаздар товарлық өндіріс пен рынок принциптеріне негізделетін экономиканың маңызды элементі болып табылады. Бағалы қағаздардың айналымы ақша айналымына келіп тіреледі, тіпті, кейде, оның құрамдас бөлігін құрайды. Біріншіден, ақшаны бағалы қағазға және керісінше, бағалы қағазды ақшаға айналдыру оңай; екіншіден, бағалы қағаздың кейбір түрлері ақша орнына жүруі мүмкін, яғни, оларды төлем құралы ретінде қолдануға болады.

      Бағалы  қағаздар нарығын реттейтін қазіргі күші бар заңдарда бағалы қағаздардың классификациясы берілген. «Бағалы қағаздар туралы» заңда бағалы қағаздарды ұсынбалы, ордерлік және атаулы деп бөлінген. Ал, «Бағалы қағаздар туралы» заңында бастапқы және туынды бағалы қағаздар деп қарастырған. Жоғарыда келтірілген классификациялаудан басқа атаулы заңның бағалы қағазды шығару тәсіліне қарай да классификациялайды.

      Бағалы  қағаздарды классификациялаудың түрлері  көп және олардың негізінде әр түрлі белгілер жатады. Бағалы қағаздарды меншік құқығының объектісі ретінде қарастырайық. Бұл жерде аталған құжаттардың қозғалатын бұйым ретіндегі айналым процесіне көңіл аудару керек. Осы тұрғыдан алғанда негізгі екі белгісі бойынша классификациялаудың құқықтық маңызы зор.

      Бағалы  қағаздар абстрактылы және казуалъді деп бөлінеді. Мұндай бөлудің түп-тамырына бағалы қағазды айналымға шығаруға негіз болатын заңды айғақ пен бағалы қағаз арасындағы байланыс жатады. Нақты айтар болсақ: бағалы қағаздың мазмұнында сол бағалы қағаздың пайда болуының шарттары көрсетілуі қажет.

      Классификацияның  екінші түрі бағалы қағаздарды тәсіл негізі бойынша болу болып табылады. Аталған негізге бағалы қағазды иеленушінің өкілеттігінің расталуы жатады.

      1)  Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушыға тиесілі болады. Осылайша, ұсынбалы бағалы қағазда нақты тұлғаның аты-жөні жазылмайды, тек қана осы құжат ұсынбалы бағалы қағаз екендігі көрсетіледі.

      2) Ордерлік бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады. Ал ол бұл құқықтарды Азаматтық кодексте көрсетілген тәртіп бойынша берген жағдайда - басқа құқықты адамға тиесілі болады. Ордерлік бағалы қағаз өкілетті субьект болып табылатын нақты бір тұлғаның атына беріледі. Борышқор бастапқы иесі құжатты кімге берсе сол тұлғаға қатысты міндеттемені іске асыруы тиіс. Ол индоссамент деп аталады және борышқорға бағалы қағазда көрсетілгеннің барлығын белгілі бір тұлғаның пайдасына атқарылуын бұйырады.

      3) Атаулы бағалы қағазбен куәландырыдған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады, яғни, атаулы бағалы қағазбен талап ету құқығы осындай бағалы қағазда оның меншік иесі ретінде нақты көрсетілген тұлғаға ғана тиесілі. Атаулы бағалы қағаз арқылы құқықтар басқа біреуге тапсырылатын болса, құжат жойылады және жаңа иесіне жаңа құжат жазылады.

      Бағалы  қағаздарды борыштъщ және үлестік бағалы қағаздар деп те классификациялайды.

      Борыштық  бағалы қағаздар қарызға алған ақша қаржыларын пайдаланғаны үшін процент  алу құқығын куәландырады. Борыштық бағалы қағаздар белгілі бір мерзімге беріледі, яғни, өтеу мерзімі болады. Борыштық бағалы қағаздардың негізгі түріне облигациялар жатады.

      Үлестік бағалы қағаздар кәсіпорынның дамуына  мерзімсіз негізде, үлес түрінде  белгілі бір қаражаттар салғанын растайды. Үлестік бағалы қағаздардың негізгі түрі акциялар болып табылады.

      Өзінің  акцияларын шығаратын банктер қаржылық-несиелік қоғам формасында емес, акционерлік қоғам түрінде болады.

      Вексельдерді, жинақ және депозиттік сертификаттарды шығарып және оларға қызмет көрсете отырып банктер ақшалай және төлемдік қаражаттарды шоғырландыру сияқты негізгі міндеттерінің бірін орындайды.

Информация о работе ҚР бағалы қағаздар нарығы