ҚР бағалы қағаздар нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 13:06, курсовая работа

Краткое описание

Кіріспе
Бағалы қағаздар нарығы дегеніміз қаржы қорларындағы сатушылар мен алушылар арасындағы келісімдерді реттейтін механизм. Жай ғана келісімдерді реттейтін механизм ғана емес, пайдалы келісімдерді жасауға мүмкіндік беретін келісімдер болып табылады.
Республикада бағалы қағаздар нарығының қалыптаса бастағанына 10 жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында 8191 акционерлік қоғамдар құрылып, оның 4605-і өз бағалы қағаздарын нарыққа шығарды. Алайда бағалы қағаздар нарығы қазіргі заманымыздың талаптарына сай дамып отыр деп айтуға болмайды.
Экономиканы тек өзінің қаражаты бар тұлғалар басқара алатындығын ескерер болсақ, онда бағалы қағаздардың экономикалық және тарихи маңыздылығына байыптап ұғынар едік.
Қандай нарық болмасын онда ұсынысс пен сұраныс болатыны белгілі. Қазақстан бағалы қағаздарының нарығы осы нарықта сұраныс пен ұсыныс таразысын теңдестіретін нарық болып табылады. Бизнес және Үкімет мұнда заемшы ретінде көп көзге түсіп, ал халық көбінесе таза кредитор болып табылады.
Республика тұрғындары өз қаржыларын бағалы қағаз сатып алу орнына ортақ қаржыларын депозиттік салымдарға салғанды дұрыс көреді. 2001 жылдың аяғында барлық депозиттік салымдар көлемі 147 млн. теңгеге жеткен, 115 млрд. теңге тұрақты валюталарға айналдырылған. Тұтас алғанда 142 млрд. теңге бағалы қағаздар нарығына араласпайды десек қателесе қоймаймыз. Оның басты себептерінің бірі бағалы қағаздарға төленетін дивиденд көлемінің өте төмен дәрежеде болуы және халықтың акционерлік қоғамдарға сенімсіздік танытуынан туындап отыр. Акцияларға төленетін дивидендтер көлемі акция құнының 1,1%-ті құрайды. Бағалы қағаздар нарығы дамыған елдерде бұл көрсеткіш 25%-ке дейін жетеді.
Бағалы қағаздар нарығының негізгі міндеті кәсіпорындарға инвестициялар тарту болып табылады және осы капитал көзі банктік кредитке қарағанда анағұрлым арзанға түседі.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы үлғайған сайын вексельдермен жасалатын операциялар өсе түседі. Өйткені «таза» ақшаның жетіспеушілігін әзірге осындай бағалы қағаздар шығарумен де біршама жеңіп отыр.
Курстық жұмыс Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайына шолу жасауға арналған. Мұнда бағалы қағаздар нарығындағы ұғымдар мен түсініктер, ондағы жүргізілетін келісім түрлері қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының бүгінгі жағдайын қарастыру болып отыр.
Жұмысты орындаудағы мақсат: бүгінгі нарықтағы бағалы қағаздар қызметтері, мәселелері мен перспективаларын айқындау.
Жұмысты орындаудағы міндеттер:
• Бағалы қағадарды реттейтін жүйелер;
• Қор биржасының қызметі;
• Бағалы қағаздарды қызметтеріне талдау жасау.
Әдістемелік негіз ретінде, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздарына қатысты заң, ереже, нұсқаулары мен нормативтік - құжаттық актілері, отандық және шетелдік авторлар еңбектері қолданылды.

Файлы: 1 файл

ҚР бағалы қағаздар нарығы. 29.doc

— 214.50 Кб (Скачать)

      Бағалы  қағаздармен жасалатын операцияларда  делдал ретінде бола отырып банктер  акциялар шығарған кәсіпорындардың тапсырмасы бойынша оларды сату, қайта сату, олар бойынша дивидендтерді сақтау және алуды іске асырады. Осы қызметі үшін комиссиялық сыйақы алып отырады.

      Банктер облигациялар және тағы да басқа бағалы қағаздар шығарған ұйымдармен облигацияларды сатуды, қайта сату немесе олардан табыс табуды өз мойнына алу жөнінде келісім жасауы мүмкін.

      Банктер өздері берген несиелер бойынша қарыз  алушылардан кепілдік ретінде бағалы қағаздарды қабылдауға құқылы. Кепілдік берілген кезеңде бағалы қағаздардан түскен табысты алу тәртібі банк пен несие алушының арасындағы несие шартымен анықталады.

      Бағалы  қағаздармен жасалатын осы операциялардан басқа банктер депозитарий ретінде  қызмет атқарады, яғни, акциялар мен  басқа да құнды қағаздардың есебін, акционерлердің реестрін жүргізеді.

      Банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметі жалпы банкілік лицензия шеңберінде қарапайым тәртіппен жүзеге асырылады.

      Банктердің  бағалы қағаздармен жасайтын барлық операцияларын төмендегідей топтастыруға болады;

      Банктің бағалы қағаздармен жасайтын өзіндік  мәмілелері:

      • инвестициялық;

      • сауда-саттық.

        Банктердің кепілдік операциялары.

      Банктердің  бағалы қағаздармен жасайтын өзіндік  мәмілелері банктің ниеті бойынша банктің өзінің атынан және өз есебінен іске асырылады. Бұл мәмілелер инвестициялық және сауда-саттық деп екіге бөлінеді.

      Банктер табыс табу мақсатында қаражаттарын бағалы қағаздарға салады. Мұндай қызмет несиелеуге қарағанда альтернативті  болып табылады.

      Әдетте, банктердің инвестициялық салымдарының негізгі саласы -тұрақты процентті бағалы қағаздар. Бағалы қағаздар банктің өтемдік резервтерінің бір формасы. Сондықтан да инвестициялар үшін бағалы қағаздарды таңдау барысында олардың сенімділігіне көп назар аударылады.

      Банк  өзінің портфелі үшін бағалы қағаздарды сатып алу және сатуды іске асыра отырып жеке сатушы ретінде болады. Сауда-саттық операцияларды іске асыратын банктердің негізгі мақсаты - әр түрлі биржаларда бағалы қағаздың бір түріне курстың әр түрлі болуынан табыс табу. Бұл операциялар жылдам атқарылуы керек болғандықтан, нәтижесінде олар бағалы қағаздарға деген курстың теңесуіне ықпал етеді. Клиент пен банк арасындағы бағалы қағаздар жөніндегі мәмілелер банкте жасалса тікелей мәмілелер деп аталады.

      Инвестициялық компаниялардың ролін атқаратын банктер үшінші тұлғалардың пайдасына жаңа бағалы қағаздарды орналастыру жөнінде. кепілдіктер беруі мүмкін. Бұл инвестициялық компаниялардың немесе бағалы қағаздарды орналастыру мен айналысатын эмиссиялық консорциумдардың тәуекелін сақтандыру деп түсіндіруге болады.

      Бағалы  қағаздарды шығару барысында кепілдік беретін банктер бағалы қағаздарды орналастырумен шұғылданатын инвестициялық компаниялардың алдында акциялар мен облигациялық заемдар толық орналастырылмаған жағдайда алдын-ала келісілген бағамен өз шотына қабылдап алуға міндеттенеді. Заем немесе акциялар толық орналастырылса банктер тәуекелге барғаны үшін комиссиялық төлемақы және сыйақы алады. Банктің эмиссиялық қызметімен тікелей байланысы жоқ кепілдік операцияларды жеке бір банк немесе банктер консорциумы орындай алады. Банктердің консорциум шеңберіндегі арақатынасының тәртібі олардың көпжақты келісімімен анықталады.

      Банктердің  мемлекеттік бағалы қағаздармен  жүргізетін операциялары. Мемлекеттік бағалы қағаздар дегеніміз - мемлекет өзінің қандай да бір өкілді органы арқылы айналымға шығаратын құнды қағаздар.

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі заемының Ұлттық жинақ облигациялары.

      2. Мемлекеттік қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер. Қысқа мерзімді міндеттемелер айналым мерзіміне қарай 3-, 6-, 12-айлық деп бөлінеді.

      3. Айналым мерзімі екі жылдан үш жылға дейінгі мемлекеттік орта мерзімді қазыналық міндеттемелер.

      4. Айналым мерзімі он жылға дейінгі мемлекеттік арнайы қазыналық міндеттемелер.

      Ішкі  мемлекеттік және жергілікті заемдардың облигациялары ұсынбалы түрде шығарылады және еркін айналымда болады. Бұл облигацияларды мемлекеттік банктердің мекемелері таратады.

      Мемлекеттің жоғарыда аталған борыштық міндеттемелері құжатсыз формада шоттардағы жазба  түрінде шығарылады.

      Облигацияларды  орналастырудан түскен қаржылар эмитент  белгілеген мақсаттарға жұмсалады. Мемлекеттік заем әдетте, бюджеттің табыстық бөлігін қалыптастыру үшін кетеді, алайда, ол басқа да мемлекеттік ақша қорларымен байланысты болуы мүмкін.

      Қаржы Министрлігі мемлекеттің атынан бюджетті инфляциясыз қаржыландыру мақсатында ішкі мемлекеттік борыш  шеңберінде шығарылатын мемлекеттік  бағалы қағаздардың эмитенті болып табылады. Мемлекеттік бағалы қағаздар айналым немесе төлем құралының міндетін атқара отырып, бағалы қағаздар нарығында еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Мемлекеттік бағалы қағаздар борыштық бағалы қағаздар болып табылады.

      Облигациялар Қазақстан Республикасының валютасында өтеледі. Облигацияларды өтеу барысында оларды иеленушілерге облигацияның номиналдық құны және проценттік табыс (табысы ұтыс түрінде төленетін процентсіз облигациялар қосылмайды) төленеді.

      Мемлекеттің қазыналық міндеттемелері мемлекеттік заемдардың бір формасы болып табылады және мазмұны жағынан облигацияларға ұқсайды.

      Мемлекеттік борыштық міндеттемелердің қоғамда  болып жатқан Әлеуметтік-экономикалық процестердің бірқалыпты қызмет етуі үшін маңызы зор. Мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі - инфляцияны болдырмай қоғамның қажетін қанағаттандыру.

      Банктер актив операцияларды және қосымша табыс табу көздерін диверсификациялау, баланс өтемін қолдап отыру мақсатымен мемлекеттік бағалы қағаздармен орындалатын операцияларды кенінен қолданады. Қазіргі кезеңде кең тараған операцияларға мемлекеттік қысқа мерзімді купонсыз облигациялармен, ауыспалы купонды облигациялармен және қазыналық міндеттемесі бар облигациялармен жасалатын операциялар жатады.

      Аталған бағалы қағаздардың барлығының эмитенті Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі болып табылады. Мемлекеттік қысқа мерзімді купонсыз облитациялардың эмиссиясы жеке шығарылым формасында бір жылға дейінгі мерзімге іске асырылады.

      Мемлекеттік қысқа мерзімді облигациялар қағазсыз негізде шығарылады. Әрбір шығарылым сертификатпен рәсімделеді. Облигациялардың шығарылымын орналастыруды Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің тапсырмасымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Сауда жүйесінде жүргізілетін аукцион формасында жүзеге асырады.

      Сауда жүйесі - Қазақстан Республикасы ұлттық Банкімен шартқа отыру негізінде облигацияларды сату-сатып алу жөніндегі мәмілелерді жасау процедурасын қамтамасыз етуге өкілдігі бар ұйым.

      Мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің тартымдылығы көптеген факторлармен қамтамасыз етіледі, атап айтқанда:

      • жоғары дәрежедегі сенімділік. Эмитенті Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі болып табылатын облигацияларды өтеуге Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік береді.

      •  абсолютті  түрде  өтемділігі.  Мемлекеттік  қысқа  мерзімді облигациялардың нарығы өте кең. Ондағы сату және сатып алу жөніндегі операциялар өкілді дилерлер арқылы іске асырылады. Инвесторларды үзақ мерзімге қаражаттарын салу қанағаттандырмайтын, тұрақсыз экономикалық жағдайларға байланысты облигациялар үш ай өтелу мерзіміне шығарылады.

      • мәмілені рәсімдеудің қарапайымдылығы. Қаржыларды мемлекеттік қысқа мерзімді облигацияларға орналастыру барысында қарыз алушының несие  қабілеттілітін  талдаудың,  жобаның  техникалық-экономикалық негіздерін тексеріп жатудың қажеті жоқ. Банктер бұл мақсаттар үшін өзінің өтемділігін қамтамасыз ете отырын, өзіндік резервтік қорларды қолданады.

      • салықтық жеңілдіктер. Қаржыларын мемлекеттік қысқа мерзімді облигацияларға дер кезінде орналастыру есебінен түскен табыстарға салық салынбайды

      Мемлекеттік қысқа мерзімді облигациялардың  шығарылады деген мөлшерінің кемінде 20%-ті осы облигацияларды орналастыру  барысында сатылып кетсе мемлекеттік  қысқа мерзімді облигацияларды басып  шығару іске асырылды деп есептеледі.

      Облигациялардың айналымы бастапқы және екінші рыноктарда сату-сатып алу шартына отыру жолымен жүзеге асырылады. Бір иеленушіден екіншіге меншік құқығы облигациялар жаңа иеленушінің «депо» шотына аударған сэтте ауысады.

      Облигациялармен жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету жөніндегі міндетті атқаруға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен шартқа отырған банк дилер деп аталады. Дилердің орнына үміттенетін банк Қазақстан Республикасының ұлттық Банкімен шартқа отыру үшін, біріншіден, жарияланған эмиссияның мөлшерінен бағалы қағаздардың 0,5%-тін сатып алуы; екіншіден, бір жыл ішінде сатылған бағалы қағаздардың 0,5%-тін сатып алуы керек.

      Дилер инвестордың тапсырмасы бойынша  және инвестордың есебінен облигациялармен мәмілелер жасай алады. Дилер-банктің алатын комиссиялық төлемдері оның табыстарын құрайды. Дилер емес банктер және тағы да басқа заңды және жеке тұлғалар инвестор ретінде болады және мемлекеттік қысқа мерзімді облигациялар мен басқа да мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу үшін дилерлермен сәйкес шартқа отырады.

      Дилерлер  және инвесторлар сатып алған облигациялар уақыттың өтуіне қарай қайта бағаланып отырылады. Облигацияларды қайта бағалау дегеніміз облигацияның баланстық құнын анықтау. Ал ол дилердің немесе иивестордың портфелінде тиісінше жұмыс күнінің соңындағы күйге сәйкес болады.

      Облигацияларды  қайта бағалау нәтижесінде оның баланстық құнының өсуі дилер мен инвестордың табысын құрайды және табыс баптарына сәйкес банктің балансына эсер етеді. Облигациялардың баланстық құнының төмендеуі шығын баптарына сәйкес балансқа эсер ететін шығын.

      Мемлекеттік бағалы қағаздардың келесі бір түрі қазыналық міндеттемелер. Олардың қызмет етуінің ерекшелігі - олар іске асырылған товарлар және көрсетілген қызмет үшін ақы түрінде қабылдануы, сондай-ақ кепілдік пәні болуы да мүмкін.

      Банктер табыс табу мақсатымен қазыналық міндеттемелерді сатып алады. Проценттік табыстың ставкалары өтеуді бастау мерзіміне қарай бекітіледі және өтеу мерзімі бірдей деген қазыналық міндеттемелердің барлық түрлері үшін ортақ болып табылады. Бұл қазыналық міндеттемелердің біртүтас екінші нарығының қалыптасуына ықпал етеді.

      Репо  операциясы. Репо операциясы банктер үшін бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың жаңа, бірақ банктер, қаржылық компаниялар мен қор нарығының басқа да қатысушылары кең қолданатын түрі. Репо нарығы қаржы нарығында пайда болатын қиындықтарға қарамастан дамудың объективті перспективаларына ие және бірте-бірте оның секторларының бірі болуы мүмкін.

      Репо  операциясының макроэкономикалық маңызы зор. Ол банкілік жүйенің өтемділігін басқару үшін қолданумен түсіндіріледі.

      Репо  операциясын қолданудың осы саласы ашық рынокта операциялардың шеңберін кеңейтетіндігімен, қажетті мақсаттарға  аз мөлшердегі шығынмен жетуге мүмкіндік  беретіндігімен маңызды. Банктер үшін уақытша бос қаражаттарын орналастырудың тәуекелін азайтса, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкте туындап отыратын ауытқуларды айналып өтуге мүмкіндік алады.

      Репо  - екі бөлімнен тұратын қаржылық операция. Мәмілеге қатысушы тараптардың бірі екінші тарапқа бағалы қағаздар сатады және сол бағалы қағаздарды белгіленген уақытта немесе екінші тараптың талабы бойынша саты алуға міндеттенеді.

      Алғашқы тараптың кейін қайта сатып аламын деген міндеттемесіне сәйкес, екінші таран та қайтара сатып алу жөнінде міндеттемені мойнына алады.

      Бағалы  қағаздарды алғашқы сату бағасы мен  кейінгі қайтара сату бағасының  айырмасы болады. Осы бағалар арасындағы айырма репоның бірінші бөлігінде  бағалы қағаздарды сатушы ретінде болған тараптың табысын құрайды. Іс жүзінде ақша қаражаттарын сатушының табысы репо ставкасының мөлшерімен анықталады. Бұл репо операциясының басқа қаржылық операциялармен салыстырғанда тиімділігін көрсетеді.

      Қайтара жасалатын репо - жоғарыда айтылғандай мәміле, тек репоның бірінші бөлігінде бағалы қағазды сатып алушы болған тараптың позициясынан іске асырылады.

Информация о работе ҚР бағалы қағаздар нарығы