Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 13:06, курсовая работа
Кіріспе
Бағалы қағаздар нарығы дегеніміз қаржы қорларындағы сатушылар мен алушылар арасындағы келісімдерді реттейтін механизм. Жай ғана келісімдерді реттейтін механизм ғана емес, пайдалы келісімдерді жасауға мүмкіндік беретін келісімдер болып табылады.
Республикада бағалы қағаздар нарығының қалыптаса бастағанына 10 жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында 8191 акционерлік қоғамдар құрылып, оның 4605-і өз бағалы қағаздарын нарыққа шығарды. Алайда бағалы қағаздар нарығы қазіргі заманымыздың талаптарына сай дамып отыр деп айтуға болмайды.
Экономиканы тек өзінің қаражаты бар тұлғалар басқара алатындығын ескерер болсақ, онда бағалы қағаздардың экономикалық және тарихи маңыздылығына байыптап ұғынар едік.
Қандай нарық болмасын онда ұсынысс пен сұраныс болатыны белгілі. Қазақстан бағалы қағаздарының нарығы осы нарықта сұраныс пен ұсыныс таразысын теңдестіретін нарық болып табылады. Бизнес және Үкімет мұнда заемшы ретінде көп көзге түсіп, ал халық көбінесе таза кредитор болып табылады.
Республика тұрғындары өз қаржыларын бағалы қағаз сатып алу орнына ортақ қаржыларын депозиттік салымдарға салғанды дұрыс көреді. 2001 жылдың аяғында барлық депозиттік салымдар көлемі 147 млн. теңгеге жеткен, 115 млрд. теңге тұрақты валюталарға айналдырылған. Тұтас алғанда 142 млрд. теңге бағалы қағаздар нарығына араласпайды десек қателесе қоймаймыз. Оның басты себептерінің бірі бағалы қағаздарға төленетін дивиденд көлемінің өте төмен дәрежеде болуы және халықтың акционерлік қоғамдарға сенімсіздік танытуынан туындап отыр. Акцияларға төленетін дивидендтер көлемі акция құнының 1,1%-ті құрайды. Бағалы қағаздар нарығы дамыған елдерде бұл көрсеткіш 25%-ке дейін жетеді.
Бағалы қағаздар нарығының негізгі міндеті кәсіпорындарға инвестициялар тарту болып табылады және осы капитал көзі банктік кредитке қарағанда анағұрлым арзанға түседі.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы үлғайған сайын вексельдермен жасалатын операциялар өсе түседі. Өйткені «таза» ақшаның жетіспеушілігін әзірге осындай бағалы қағаздар шығарумен де біршама жеңіп отыр.
Курстық жұмыс Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайына шолу жасауға арналған. Мұнда бағалы қағаздар нарығындағы ұғымдар мен түсініктер, ондағы жүргізілетін келісім түрлері қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының бүгінгі жағдайын қарастыру болып отыр.
Жұмысты орындаудағы мақсат: бүгінгі нарықтағы бағалы қағаздар қызметтері, мәселелері мен перспективаларын айқындау.
Жұмысты орындаудағы міндеттер:
• Бағалы қағадарды реттейтін жүйелер;
• Қор биржасының қызметі;
• Бағалы қағаздарды қызметтеріне талдау жасау.
Әдістемелік негіз ретінде, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздарына қатысты заң, ереже, нұсқаулары мен нормативтік - құжаттық актілері, отандық және шетелдік авторлар еңбектері қолданылды.
Өз кезегінде қаржы нарығы алғашқы және екінші (қосалқы) нарық болып та бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан шыққан қаржы міндеттемелері орналастырылса, екінші нарықта оның бүрын шыққандары айналымда болады. Демек, алғашқы нарықта олар сатылады, ал екіншісінде - сатып алынып, қайта сатылады.
Бағалы қағаздардың екінші реттегі нарығының қайнаған ортасы қор биржасы белгілі бір сипатта ұйымдастырылып, мұнда бағалы қағаздарды сатып алу, сату ісі жүреді. Бұл биржалардың пайда болуы нарықтық қатынастардың дамуының объективті салдары. Мұндай институттардың өмірге келуі ішкі зат, ауыл шаруашылығы тауарлары, соңынан бағалы қағаздарды сатудың ұлғаюымен түсіндіріледі. Аталған тауарлардың белгілі ерекшеліктері бұлардың биржалық тауарға ауысуын сипаттайды. Белгілі бір ережелермен сипатталатын ұйымдық құрылымы саудаласу, нақты сату, тауарды көрсетпей-ақ жүргізуге мүмкіндік береді. Биржа мынадай қызметтер атқарады:
- құнды қағаздарды сатып алушы мен сатушыларды кездестіреді;
- құнды қағаздар курсын тіркейді;
- акция түрлерімен облигацияларға инвестордың қатынастарын жинақтайды;
- бағалы қағаздарды тікелей сату мен сатып алу жүретін орнын белгілейді. Капиталдың бір саладан (кәсіпорыннан) басқа салаға ауысуының механизмін зерттейді.
Бүкіл елдің және жекелеген салаларының іскерлік белсенділігінің экономикалық барометрі саналатын биржалар экономиканың құрылымдық бағытын қайта бағалауға көмектеседі. Биржаны акционерлік қоғам ретінде, яғни жеке кәсіпкерлік шарт бойынша немесе мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдастыруға болады. Бірінші жағдайда олар акционерлер меншігінде, екіншісінде мемлекеттік меншігі, оның жұмысы жарғы негізінде жүреді. Мұнда биржаны ұйымдастырумен қызметі анықталады, мүшелерді, оларды қабылдау белгіленеді. Биржаны биржа комитеті басқарады.
Қор биржасы дегеніміз - бағалы қағаздар /акция, облигация/ сатылатын және сатып алатын, өзінінің тұрақты орыны мен жұмыс уақыты бар, қатаң белгіленген тәртіппен тұрақты түрде әрекет жасайтын қаржы мекемесі. Қор биржасы, негізіне шығарылған және айналыста жүрген қағаздарды қайта сататын екінші кезектегі бағалы қағаздар нарығына қызмет етеді. Биржаға биржа коммерциясының мүқият тексеруінен /экспертиза/ өтетін бірінші класты бағалы қағаздар жіберіледі.
Нарық экономикасының маңызды элементі бола тұра, қор биржасы бағалы қағаздарды сату арқылы уақытша бос ақша құралдарын жинақтап таратуға мүмкіндік жасайды. Биржада бағалы қағаздарды сатып алу-сату биржалық курс негізінде жүзеге асырылады. Биржалық курс - бұл қор биржасында айналыста жүрген бағалы қағаздардың сатылу бағасы.
Биржалық
курс дивидендтің шамасынан тікелей тәуелділікте,
ал қарыз процентінен кері тәуелділікте
болады.
1.3
Қаржы нарығындағы
бағалы қағаздардың
үрдістерімен перспективалары
2004 жылы брокер-дилерлер санының өсуі нақты көрсеткіштер мен оларды капиталдандырудың өсуімен жалғасты. Брокер-дилерлердің 2005 жылғы 1 қаңтардағы жиынтық активтері жыл ішінде 62,49%-ке өсіп, 2 666 788 млн. теңге, жиынтық міндеттемелер - 2 394 595 млн. теңге (63,31%), меншікті капитал - 272 193 млн. теңге (55,67%) болды. Брокер-дилерлердің жиынтық активтерінің капиталының едәуір өсуі (62,01% және тиісінше 53,30%) брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар банктердің есебінен іске асты.
2005 жылдың басында тіркеушілердің активтерінің және меншікті капиталының жиынтық көлемі 1 097 млн. теңге және тиісінше 1 079 болды. Тіркеушілердегі активтердің өсуі 21 млн. теңге болды немесе меншікті капиталдың 1,95%-і - 31 млн. теңге немесе 2,96%, сонымен бірге міндеттемелердің 10 млн. теңгеге немесе 35,7%-ке азаюы байқалып отыр.
Есепті күнге зейнетақы активтерін инвестициялық басқарушылардың (жинақтаушы зейнетақы қорларын шегеріп) активтері мен меншікті капиталының жиынтық көлемі 2 620 млн. теңге және тиісінше 2 571 млн. теңге болды.
Қолданылып жүрген пруденциалдық нормативтерге сәйкес зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдар меншікті капиталдың жеткіліктілігі нормативін және негізгі құрал-жабдықтарға мен материалдық емес активтерге салымдар салу жөніндегі нормативті орындайды. ЗАИБЖА¥ негізгі қызметке байланысты уақытылы және толық орындауды қамтамасыз ету үшін қалыптастырған жиынтық резервтік капитал 2005 жылғы 1 қаңтарда 275 млн. теңге болды. Олардың инвестициясының жеке қаражат есебінен жиналған жиынтық мөлшері 2 096 млн. теңге болды.
Инвестициялық портфельді басқарушылардың активтерінің және меншікті капиталының жиынтық көлемі 2005 жылғы 1 қаңтарда 5 606 млн. теңге және тиісінше 2 839 млн. теңге болды. Сонымен бірге 2004 жылдың меншікті активтері 250,16%-ке, меншікті капиталы - 96,88%-ке өсті.
Агенттік 2004 жылы шығарылған 327 акцияларды және жалпы номиналдық құны 222,6 млрд. теңге болатын 46 мемлекеттік емес облигацияларды тіркеді, 694 шығарылған акция жойылды, жалпы номиналды құны 18,8 млрд. теңге болатын 12 мемлекеттік емес облигациялар жойылды.
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша айналыста 3 154 қолданыстағы шығарылған акциялар жүр, тіркелген 3 071 акционерлік қоғам және жиынтық номиналды құны 404,8 млрд. теңге болатын шығарылған қолданыстағы мемлекеттік емес облигациялар бар.
2004
жылдың қорытындысы бойынша
Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген шығарылған бағалы қағаздар саны кезеңдер аралығында 45 шығарылымға өсті (34,88%) және 174 болды, ал олардың эмитенттерінің саны да 11 (16,18%) өсті және 79 болды.
II. Қазақстан Республикасындағы
бағалы қағаздар нарығы
2.1
Қазақстан Республикасының
заң актілерінде бағалы
қағаздар нарығының
орын алуын реттейтін
жүйелері
Кез келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт. Себебі құқықтық нормаларды шығару белгілі экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Бағалы қағаздар нарығын құқықтық ережелерімен қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың бағалы қағаздар айналымы тиімді және мағыналы болуы үшін белгілі бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Және сол заңдардың мемлекет мүддесімен халық керегін қанағаттандырып нарық қатынастарға бет алған қоғамның объективті экономикалық заңдарына сай келді. Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік заңдарына егемендік алғаннан бергі шыққан заңдар, Президенттің жарлықтары және үкіметтің қаулылары, сонымен қатар бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құқықтық актілері жатады. Аталып өткен бағалы қағаздар нарығындағы мүліктік құқық олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат бағалы қағаздар деп аталады. Экономиканы қайта құру идеясы өндірісті қосымша инвестициялау көздерін табу, кәсіпшіліктің тиімділігі арттыру механизмінің құру жолдарын табу керектігін меңзейді. Қазіргі заңдар Республикасы Конституциясына негізделген. Олар мемлекеттік және жекеменшікті мойындап қорғауға кепіл болады. Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес мемлекет басшысы заң күші бар жарлықтар шығарды. Олар азаматтардың кодекспен бірге бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңды негіздерін құрайды:
1. 2003 жылдың 2003 жылы "Бағалы қағаздар нарығы туралы".
2. "Қазақстан Республикасы ұлттық банкі туралы" Заңы
3. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының заңы 10.07.98ж.
4. Басқа заңдар және нормативтік құқықтық актілер.
Оған бағалы қағаздарды шығару және айналымға түсіру мәселелерін, Қаржылық нарық, қаржылық ұйымдардың қызметін реттеу агентствосы (бұдан әрі - Агентство) өкілдігін реттейтін Президенттің заңдық күші бар жарлықтары жатады. Мысалы, валютаны реттеу туралы заң бойынша Агентство валюта қатынастарын, соның ішінде, ішкі нарыққа шетел бағалы қағаздарын түсірудің тәртібін реттейтін орган болып тағайындалады.
Басқа нормативті-құқықтық актілердің ішінде төмендегілерді атап айтуға болады:
- бағалы қағаздар нарығының кейбір мәселелерін реттейтін ережелерді бекіткен Қазақстан Республикасы қаулылары.
- бағалы қағаздар жөніндегі Агентствоның актілері - бағалы қағаздар нарығын реттейтін ережелер.
- басқа орталық атқару органдарының бағалы қағаздар айналымына байланысты актілері.
Жоғарыда айтылған құқықтық негіздерге сай қазіргі кезде Қазақстанда бірсыпыра қор биржалары құрылды, брокерлік және дилерлік кеңселер ашылып, олар акциялардың мемлекеттік бумалары және басқа мемлекеттік бағалы қағаздар түрлерімен мәмілелерге қатысты. Сонымен қатар, Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізу іске асырылып, көптеген азаматтар бағалы қағаздар нарығында қызмет істеуге мамандандыру куәлігін алды. Қазіргі уақытта бағалы қағаздар туралы шыққан заңдар жетілген және бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздерін қалыптастыру процесі аяқталды деуге болмайды. Дегенмен, бүгінгі күні айтылған заңдарды пайдаланудың нәтижесінде республикадағы бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз етудің жетістіктері мен кемшіліктері анықтауға мүмкіншілік бар.
Бағалы қағаз нарығының реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеті. Ондағы мақсаты - бағалы қағаздармен келісімге қатысушылардың заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету. Бағалы қағаз нарығында қызмет атқаратын қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Республикада ондай органдар болып Қаржылық нарық, қаржылық ұйымдардың қызметін реттеу агентствосы, Қаржы Министрлігі, ұлттық банк, Мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет және жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитет саналады.
Қаржылық нарық, қаржылық ұйымдардың қызметін реттеу агентствосының төрағасы және төрт мүшелерінен құрылады. Олар Республика заңдармен міндеттелген жауапкершілікпен толық өкілеттілігі атқарады. Агентство төрағасы мен оның мүшелерін Премьер-министр ұсынумен 5 жыл мерзімге Республика Президенті бекітеді.
Реттеуші органдар инвесторлардың қаржысын қорғауға бағытталған негізінен 3 қызмет атқарады. Олар:
Біріншіден, нарықта шаруашылық субъектілері ретінде қызмет істейтін барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы қағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттардың керекті мөлшерде өз капиталы болғаны жөн.
Екіншіден, экономиканың барлық субъектілерін нақты хабарлармен қамтамасыз ету. Ол, әдетте, бағалы қағаздарды шығару мен оны шығарушылар туралы анық та толық хабар беретін эмиссия проспектісін шығарумен жүзеге асырылады.
Үшіншіден,
институционалдық органдар бағалы қағаздар
нарығын тексеру және ондағы құқық тәртібін
сақтау қызметімен де айналысады. Бұл
органның өкілі заң бұзушылардың кез келгенін
тексеріп, кінәлілерге әкімшілік шара
қолданып, істерін сотқа беруге құқы бар.
2.2 Банктер бағалы қағаздардыц
эмитенттері ретінде
Бағалы қағаздар нарығындағы банкілік операциялардың түрлері.
Бағалы қағаздар нарығында банктер бағалы қағаздардың эмитенті ретінде, бағалы қағаздармен операцияларды жүргізгенде делдал ретінде бола алады және табыс алу мақсатында өз атынан бағалы қағаздармен операцияларды іске асыруға құқылы.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 129-бабына сәйкес бағалы қағаз дегеніміз белгіленген форманы және міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат.
Жоғарыда келтірілген анықтамаға сәйкес «бағалы қағаз» ұғымы бәрінен бүрын мүліктік құқықты куәландыру тәсілін білдіреді. Дәлірек айтар болсақ, бағалы қағаздардың іскерлік айналымдағы мақсаты мүліктік құқықтық қатынастарды растау. Сондай-ақ, бағалы қағаздар тапсыруды және тиісті құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ете отырып, мәмілелерді жүзеге асырудың максимальді деңгейіндегі мүліктік құқықтардың айналымын қамтамасыз ететін құқықтық механизмнің қажеттілігі нәтижесінде пайда болды. Экономикалық теорияның ережелеріне сәйкес, бұйымдардың шектеусіз мөлшері иелену, пайдалану және билеу құқықтарының объектісі болып табылатын материалдық ресурстардың ролін атқарады.
Мұндай объектілерге деген мүліктік құқық мүліктен ажыратылуы және жеке зат ретінде - бағалы қағаз түрінде болуы мүмкін. Объектілердің әрбір түріне өз бетінше меншік объектісі бола алатын, сатуға, сатып алуға, кепілге беруге болатын бағалы қағаздары болады. Мысалы: жерге - ипотекалық куәлік; жылжымайтын мүлікке - акция, ипотекалық куәлік; өнімге - коносамент, фъючерстік контракт, товарлыц опцион ақшаға - облигациялар.