Бағалы қағаздар нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 10:37, курсовая работа

Краткое описание

Бағалы қағаз жеке-дара, сондай - ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі болып табылады. Ал, инвесторлар пайда табамын деп ақша шығарғанымен, оны қайтарып алуына, өсім түсуіне ешкім кепілдік бере алмайды, көп ретте пайда табудың орнына тақыр жерге отырып қалуы да мүмкін. Сондықтан мұның табысынан тәуекелі басым. Әрине тәуекелге кез-келген бара бермейді, барған өкінбейді.

Файлы: 1 файл

Бағалы қағаздар нарығы.docx

— 29.45 Кб (Скачать)

КІРІСПЕ   

Бағалы  қағаз жеке-дара, сондай - ақ мемлекеттер  үшін қаражат көзі болып табылады. Ал, инвесторлар пайда табамын  деп ақша шығарғанымен, оны қайтарып алуына, өсім түсуіне ешкім кепілдік бере алмайды, көп ретте пайда табудың орнына тақыр жерге отырып қалуы да мүмкін. Сондықтан мұның табысынан тәуекелі басым. Әрине тәуекелге кез-келген бара бермейді, барған өкінбейді.

Түптеп  келгенде, бағалы қағаз саудасынан эмитентке сауда-саттыққа араласқан  басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас  алғанда бұл экономиканы көтерудің  бір жолы өйткені, бағалы қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске  жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан  ұтады, жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Бағалы қағаз саудасы биржа қоры аркылы жүргізіледі оның, құнды қағаз  жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар. Ол тараптар биржа  аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы  мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын өткізген әрбір  кәсіпорын көпшілік хабардар болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында ақпар беріп тұруға міндетті.

Үкімет  облигацияларын шығаратын Қаржы  министрлігі, болмаса ресми мекемелердің бірі, ал корпорацияның облигациялары  инвесторлары қолма-қол немесе коммерциялық банктердің брокері арқылы тартылады. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген кәсіпорындары акционерлік қоғамға  айналып жатыр. Өздерінің купонын  инвестициялық   жекешелендіру   қорына   өткізу   арқылы азаматтар олардың акцияларын алуына болады. Инвестициялық жекешелендіру қоры — акционерлік қоғам мен азаматтар арасындағы дәнекер десек те, делдал десек те болады.

1. Бағалы  қағаздар туралы жалпы түсініктеме

Бағалы  қағаздарға жататындар: компаниялардың акциялары және адамдардың облигациялары, мемлекеттік облигациялар, банктердің сертификаттары, казначейлік вексельдер. Құнды кағаздар ортақ қазанға  ақша төленген соң, пайдаға ортақтасуға  және корпарация капиталын бөлісуге қақалақ беретін куәлік. Олар әуелде ақша қорын жасау мақсатымен мемлекеттік  және жеке-дара мекемелер арқылы сатылады.

Сондай-ақ құнды қағазды шығарушылардың да, инвесторлардың да (пайда табу үшін құнды қағазга ақша құйған жеке адамдар) сатуына болады. Оның нарықтық бағасын  анықтайтын соны шығарған кәсіпорындар мен инвесторлар, ал ол қағаздың болошақ  өтілуіне байланысты. Бағалы қағаздың бағасы қымбаттауы кәсіпорындардың  экономикалық, жетістігіне тәуелді, мәселен, зауыт пайданы неғұрлым көп түсірсе инвестордың алатын үлесі де өсе түспек. Егер эмитент (құнды қағаз шығарушылар) шығынға  оотырып қалса, оның акциясының құны да арзандап, акцияны сатып алған  жұрттың да пайдадан құр алақан қалуы  мүмкін. Сондықтан акцияны шығарған кәсіпорындардың экономикалық өндірістік жағдайы жолында әрқашан хабардар болып акционерлердің қалт жібермейтін  тірлігінің бір саласы.

Облигация - сатып алған жеке адамдардың инвестордың   эмитентке   берген   карызы   іспетті.   Инвестор облигацияны сатып алу арқылы қарызға ақша құяды, ал эмитент алдағы уақытта оның қарызын өсімімен қайтарады деген сөз. Үкімет орындары да облигация шығарып, кәдімгі салықтан түсетін   табыс   сияқты   оны   да   мемлекеттік маштабындағы мәселелерді шешіп отырған,   ұйымдардың мұқжатына жұмсайды.

Сонымен, бағалы қағаз жеке-дара, сондай - ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі болып  табылады. Ал, инвесторлар пайда  табамын деп ақша шығарғанымен, оны  қайтарып алуына, өсім түсуіне ешкім  кепілдік бере алмайды, көп ретте пайда табудың орнына тақыр жерге отырып қалуы да мүмкін. Сондықтан мұның табысынан тәуекелі басым. Әрине тәуекелге кез-келген бара бермейді, барған өкінбейді.

Түптеп  келгенде, бағалы қағаз саудасынан эмитентке сауда-саттыққа араласқан  басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас  алғанда бұл экономиканы көтерудің  бір жолы өйткені, бағалы қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске  жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан  ұтады, жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Бағалы қағаз саудасы биржа қоры аркылы жүргізіледі оның, құнды қағаз  жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар.

Ол тараптар биржа аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа  арқылы құнды қағазын өткізген әрбір  кәсіпорын көпшілік хабардар болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында ақпар беріп тұруға міндетті. Бұл ақпар кейде инвесторға түсетін 3 айлық немесе жылдық есептің негізінде тумақ. Бағалы қағаз саудасын қолма-қол жеткізуге биржа көбіне брокерлер жалдайды да, одан түскен пайдадан жалақы төлеп тұрады.

Сол сияқты бұл іске диллердің тартылуы мүмкін. Бұлардың екеуі де делдалдар, айырмасы диллер жалақы алмайды, түскен пайдаға  белгілі мөлшерде еншілер.

Үкімет  облигацияларын шығаратын Қаржы  министрлігі, болмаса ресми мекемелердің бірі, ал корпорацияның облигациялары  инвесторлары қолма-қол немесе коммерциялық банктердің брокері арқылы тартылады.

Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген кәсіпорындары  акционерлік қоғамға айналып  жатыр. Өздерінің купонын инвестициялық   жекешелендіру   қорына   өткізу   арқылы азаматтар олардың акцияларын алуына болады. Инвестициялық жекешелендіру қоры — акционерлік қоғам мен азаматтар арасындағы дәнекер десек те, делдал десек те болады. Әрине азаматтар ақшасын кәсіпорындарына өздері салуына да болады, бірақ инвестициялық жекешелендіру   қоры   (ИЖҚ)   одан   гөрі   тиімдірек, қызметкерлері коньюнктураның құйтырқысын жақсы біледі, оның үстіне олар облигацияны анағұрлым арзанға алуы мүмкін.

Бүгінде Қазақстан үкіметі көптеген кәсіпорындарын дотация арқылы және болымсыз процентпен несие ұстап отыр. Ертең олар жекеменшікке ауысқанда соларға кеткен қаржы  әлеуметтік салаларды қамтамасыздандыруға жұмсалмақ. Сондықтан елдің экономикасын көтеруде бағалы қағаздың маңызы зор.

2. Қазақстандағы  бағалы қағаз нарығының даму  деңгейі

Бағалы  қағаздар рыногін жасақтау республикамыздың қаржы саласын тұрақтандыру бағытындағы  міндеттермен тікелей байланысты. 1996 жылдың май айында 1996-1998 жылдар аралығындағы бағалы қағаздар рыногын дамыиу бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның осы кезеңдегі  негізгі бағыты рыноктың тиімді қызмет етуі үшін инфраструктура жасау болып  табылады.Болашақта   бұл   бағдарламаға   өзгертулер   енгізіледі. Өйткені   бағалы   қағаздарды   шығару орналастыру мен айналымға түсіру күрделі экономикалық және құқықтық қатынастарға, сыртқы факторларға қатысты. Сол факгордың бірі - жекешелендірудің қолданылып жүрген схемасы мен мемлекеттік ішкі қағаздарды жою.

Бағалы  қағаздар рыногындағы негізгі қаржылық - акциялар мен мемлекеттік құнды  қағаздар.

1997 жылы 1 маусымда 3758 акционерлік қоғам  акциялар шығарылымын тіркеуден  өткізді. Олардың басым бөлігі  акционерлік қоғамға айналған  бұрынгы кәсіпорындар.

1995-1997    жылдардағы    акциялар    шығарылымы 304,421310   млрд   теңге,    1997   жылы   қаңтар-маусым аралығындағысы - 110,746 млрд теңге болды. Ал бұл аралықтағы жалпы өнім өндіру 358 млрд теңге болғанын атап кету керек.

Корпоративті  құнды қағаздар рыногында талдау жасағанда, қайтара шығарылым кәсіпорындарының қор рыногы арқылы инвестиция алуға  дайындығы бар екендігін білдіретін елеулі фактор ретінде аталады.

Қайтара шығарылым акциялары үстіміздегі  жылдың 1 маусымында 63,3525   млрд теңге   болды.   Бұл   барлық шығарылымның азғана мөлшерін (қаржылай түрде) еске ала келе, акциялардың әлі толық инвестициялық құрал болып үлгермегендігін, олардың шығарылымы тек жекешелендіру қорытындысын нығайтуға қызмет ететіндігін түйіндеуге болады. Мамыр айындағы (2003ж) дерек бойынша Халықаралық Қазақ қоры биржасына 4 акционерлік қоғамның мемлекеттік пакеттері қойылған. Осының біреуінің өзімен ғана осы уақытқа дейін 5041050 теңгенің саудасы жасалған.

Сөйтіп, жалпы алғанда бағалы қағаздардың  бастапқы рыногы салыстырмалы түрде  қалыптасып қалғанын, екінші рыногы баяу дамуда екенін байкаймыз. Қазір Халықтық банкіге салым салушылардың өсе  түскенін байқауга болады. Ұлттық статистика агентгігінің мәліметі бойынша, үстіміздегі  жылдың алғашқы 2 айында салымшылар 7,7%-ке өссе, наурыз айында салым 12,4 млрд теңгеге  жетті.

Халық мемлекеттік бағалы қағаздарға сенім  артуда. 1996 жылдың қыркүйегінен бері Ұлттық жинақ облигациялары 6 рет шықты. Жалпы құны 2,25 млрд теңге болды. Сондай-ақ шетелдік инвесторлар да мемлекеттік  құнды қағаздарға сенім арта түсуде. Бұл біздің қаржы жүйеміздің тұрақталу  тенденциясына оң ықпалын тигізе бермек.

Қаржылық  жүйенің негізгі құралы, ақша айналымының  басты өзегі, болашақта нарықты  экономиканың дамуының ең маңызды буыны  болғандықтан, құнды қағаздар нарығына деген қызығушылық туып отыр.

Жалпы бұл сала біздің елімізде тәуелсіздік  алған уақыттан бері ғана құрылып, өзінің даму жолына түсіп отыр. «Қазақстандық  қор биржасы» Қазақстан Республикасындағы  қызмет істеп тұрған жалғыз биржа. Алайда, Қазақстан ТМД-ның басқа елдерімен  салыстырғанда, дамудың прогрессивті сатысында тұр. Шетел нарығына шығу, жеке кәсіпкерліктің дамуы, инвестиция тарту, осы құнды қағаздар нарығының, яғни қор биржасының қызметтілігінің  тигізетін маңыздылығы зор.

Ұйымдастырушылық-құқықтық көзқарас тұрғысынан қарағанда, қор  биржасы регламенттелген жұмыс  режимі бар, сатушылар мен сатып  алушылар арасында биржалық делдалдардың қатысуымен ресми бекітілген ережелер бойынша қор құндылықтарымен  сауда мәмілелері жасалатын қаржылық делдалдық мекеме болып саналады. Бұл ережелер биржа заңдылығымен де (биржаның жарғысымен), мемлекет заңдылығымен де белгіленеді. Қор биржалары және оның персоналы құнды қағаздармен  мәміле жасамайтындығын айта кету керек.

Ол тек  мәмілені жасаушылар үшін жағдай туғызады, осы мәмілелерге қызмет көрсетеді, сатушы мен сатып алушыны байланыстырады, тұрғын жай береді, консультациялық  және арбитраждық қызмет көрсетеді, технологиялық қызмет көрсетеді, қысқасы, мәміле жасалуы үшін барлық жағдайды жасайды.

Қор биржалары  жеке компания ретінде (Англия мен АҚШ-та) акционерлік қоғам нысанында  да құрылады. Мұндай биржалар өз бетінше  дербес ұйымдар болып табылады. Биржада  жасалатын барлық мәмілелер елде қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес жүзеге асырылады, оны бұзу белгілі  бір құқықтық жауапкершілікке алып келеді. Биржа саудасының тұрақтылығын және сауда мәмілелерінің тәуекелін  кемітуді қамтамасыз ету жөнінде  мемлекет өзіне ешқандай кепілдік алмайды.

Қор биржалары  қаржы нарығын реттеушілердің бірі болып отыр. Биржаның негізгі ролі қаржылық және саудалық капиталдар қозғалысына  қызмет көрсету болып табылады: бір  жағынан бұл капиталды жинақтап, шоғырландырады; екінші жағынан –  мемлекетке және түрлі шаруашылық субъектілерге  кредит береді және қаржыландырады.

Құнды қағаздарды пайдалану қазіргі кездегі  икемді қаржылық құралдардың бірі болып  табылады. Құнды қағаздар, әр тауарлық айналымның маңызды атрибуты болып  қалыптасты. Өзі тауар бола тұра, кредит, төлем құралы ретінде, қолма- қол ақшалардың қызметін оңай атқара алады.

Бұрын, жоспарлы экономика жағдайында, құнды  қағаздар мүліктік қатынаста ғана қолданылатын. Қазіргі кезеңде, экономиканы нарықты  ұйымдастыруға және құнды қағаздар нарығын тұрақтандыруға көшкенде, құнды  қағаздарды қайтадан жаңарту және олардың  түрлігін қолдануды қажет етті.

Қазақстанда құнды қағаздар нарығының дамуы 1991-1994 жылдар аралығында, еліміздегі бұрынғы  мемлекеттік кәсіпорындардың акционерлік  қоғамдарға айналдырылуынан бері басталды. Қор нарығының бұдан басқа  да элементтері мен институттары, соның ішінде Қазақстан Республикасының құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы құрылып, жұмыс істей бастады. Бұл кезеңнің өзіне тән ерекшелігі нарықта негізінен мемлекеттік құнды қағаздарды орналастыру жөніндегі аукциондар ғана өткізіліп отырды. 
Мұнан кейінгі кезеңде (1995-1998 жылдар) Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығын дамыту туралы алғашқы бағдарлама қабылданып, соған сәйкес қор нарығының заңдық базалары қалыптастырылып, нарықтық инфрақұрылымдарын құру жұмыстары толық аяқталса, үшінші кезеңінде (1999-2000 жылдар) негізгі назар шаруашылық субъектілерін құнды қағаздар нарығына тарту мәселесіне арналды.

Кейінгі жылдарда да осы іс жалғасын тауып, нарықтың инвестициялық тартымдылығын  арттыру, оның ауқымын кеңейту мақсатындағы жұмыстар жүргізіліп келеді.

Сонымен Қазақстандағы құнды қағаздар нарығының  қазіргі даму деңгейі қандай, ол толық жұмыс істеп тұр ма? Бұл  сұрақтарға берілетін жауаптардан  аталған мәселе жөніндегі көзқарастардың әртүрлі екендігі байқалады. Рас, мамандардың  пікірінше, Қазақстандағы құрылған қор нарығының инфрақұрылымдары ТМД елдері арасында ең үздіктердің  бірі болып табылады. Бірақ олар қаржы секторымыздағы банк қызметі  секілді жедел дамып кете алмай  отыр. Ал бұл кемшілік тек бізге  ғана емес, бүкіл ТМД елдеріне тән  деуге болады. Мәселен, Ресей қаржыгерлері өз елдеріндегі осы құнды қағаздар нарығының тартымдылығының төмендігі  салдарынан N-дік мөлшердегі қаржылары  айналымға шығарылмай, жай жатқандығын  айтып жүр. Ел экономикасының кәдесіне аспай тығулы жатқан мұндай қаржы  бізде де аз болмаса керек.

Сондай - ақ қаржы секторымыздың тағы бір  құрамдас бөлігі сақтандыру қызметімен салыстырғанда да біздегі құнды  қағаздар нарығы халық арасында оншама танымалдыққа, яғни тартымдылыққа ие бола алмай келеді.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы