Экологиялық құқықтың пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 17:29, лекция

Краткое описание

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.
Экологиялық құқық объектісі дәстүрлі көзқарас тұрғысынан алып қарағанда қоғам мен табиғат саласында қалыптасқан өзара әрекеттерінің қоғамдық қатынастары болып табылады. В.В.Петровтың пайымдауынша – Экологиялық құқық объектісі қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады... олар табиғи объектілерді қорғау мен табиғи ортаны түгелдей қорғауға қатысты пайда болады және дамиды.

Файлы: 1 файл

лекции.doc

— 419.50 Кб (Скачать)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ӘДІСІ, ҚАҒИДАЛАРЫ, ЖҮЙЕСІ

Экологиялық құқықтың пәні   

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.

Экологиялық құқық объектісі дәстүрлі көзқарас тұрғысынан алып қарағанда қоғам мен табиғат саласында қалыптасқан өзара әрекеттерінің қоғамдық қатынастары болып табылады. В.В.Петровтың пайымдауынша – Экологиялық құқық объектісі қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады... олар табиғи объектілерді қорғау мен табиғи ортаны түгелдей қорғауға қатысты пайда болады және дамиды.1

Экологиялық құқық нысанын анықтау үшін, қоғамдық қатынастардың қалыптасқан себептері бойынша объектінің нақты табиғатын белгілеп алу қажет – деп тұжырымдайды Б.В.Ерофеев. «қоғам-табиғат» - сөзінің кең көлемдегі саласындағы барлық қатынастарда экологиялық құқық объектісі бар деген көзқарастағы көптеген ғалымдар бар. Алайда, табиғат объектілеріне қатысты қатынастардың бәрі экологиялық құқық объектісін құрамайтынын айта кеткен жөн. Егер, белгілі бір қоғамдық қатынастағы табиғи объекті табиғи ортадан шығарылса, онда ол экологиялық құқық объектісі болуын тоқтатады. Қазақстандық ғалым С.Д.Бекишованың пайымдауынша, экологиялық құқық объектісін реттеу ретінде келесі қатынастар шығуы мүмкін:

1) жеке, заңды тұлғалардың  және мемлекеттің экологиялық  құқықтарын және заңды мүдделерін  қорғау бойынша;

2) қоршаған табиғи ортаны қорғау бойынша (табиғатты қорғау қатынастары);

3) табиғи ресурстарды рационалды пайдалану бойынша (табиғи-ресурстық қатынастар).2

 Б.В.Ерофеев экологиялық құқық объектісіне – экологиялық-құқықтық нормалардың әрекеттері саласында азаматтар мен ұйымдардың арасындағы міндетті түрде мемлекеттің қатысуымен табиғи объектілерді (экожүйелерді) тиімді пайдалануды қазіргі және келер ұрпақтың мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтау мақсатында қалыптасқан тарихи шарттасқан өндірістік қатынастарды жатқызды.3

Біз осы экологиялық құқық объектісі бойынша көзқарасты қолдаймыз.

 

       Экологиялық құқықтағы құқықтық реттеу әдістері

 

Әдіс – нақты міндеттерді шешуге бағынышты шындықты игеруге арналған теориялық және практикалық әдістер мен тәсілдердің жиыны. Қолданыстағы құқық жүйесінде адамның мінез-құлқына қандай да бір құқықтық нормаларды: әкімшілік-құқықтық және азаматтық-құқықтық нормаларды орындауға әсер етудің екі тәсілі бекітілген.

Б.В. Ерофеев құқықтың әр саласы әдістердің тәсілдемесі болуы қажет деген көзқарасты мейілінше сәтті деп есептейді. Әдістердің осындай тәсілдемесі экологиялық құқыққа тән.   

Тәсілдің ерекшелігі4 экологиялық құқықтың объектісі4 ерекшелігіне шарттасқан, сондықтан, экологиялық құқықтың нысанын құрайтын экологиялық қоғамдық қатынастар кешені, оны құқықтық реттеу әдістерінің тәсілдемесінде айқындалған. Ерофеевтің пайымдауынша, Экологиялық құқықта экологияландыру әдісі басты болып табылады.

Экологияландыру әдісі экологиялық құқық объектілерінің өзгешіліктерінен туындаған. Бұл өзгешіліктер экологиялық құқық қатынастарын құқықтық реттеу аясында табиғат заңдары ескерілуі қажет дегенге әкеледі. Экологиялық қоғамдық қатынастарға басқа да әдістердің әсерлерін, мысалы «экономикалық» және басқаларды көрсетуге болатынын естен шығармауымыз қажет. 

 

       Экологиялық құқықтың  қағидалары 

 

Экологиялық құқықтар принциптері яки тікелей құқықтық нормаларда қалыптасқан, яки қолданыстағы заңдардың мағынасынан шығады. Құқықтың осы саласын қалыптастыруда, жалпы құқықтық және салааралық принциптер сөзсіз қатысады. Сонымен бірге, экологиялық құқық саласының ерекшеліктері осы салаға өзіндік сипаттағы немесе осы салаға тән құқықтық реттеулер принциптері арқылы барынша бедерлі айқындалады. 

ЭК 5 бабында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының негізгі принциптері болып табылатындар деп төмендегілер көрсетілген:

 Қазақстан Республикасының  орнықты дамуын қамтамасыз ету;                    экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз  ету;

 экологиялық қатынастарды  реттеу кезіндегі экожүйелі көзқарас;

 қоршаған ортаны қорғау  саласындағы мемлекеттік реттеу  және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару;

табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы басқару;

қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтіруді болдырмау жөнінде алдын алу шараларының міндеттілігі;

 Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықтан бұлтартпау;

қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу міндеттілігі;

қоршаған ортаға әсер етудің ақылы болуы және оған рұқсат алу тәртібі;

табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеуші технологияларды қолдану;

 қоршаған ортаны  қорғау жөніндегі мемлекеттік  органдар қызметінің өзара әрекеттестігі, үйлесімділігі мен жариялылығы;

табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және жоюға, қалдықтарды кемітуге ынталандыру;

 экологиялық ақпараттың  қолжетімділігі;

табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсе ету кезінде ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерімен және нормаларымен үйлесуі;

Жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіптілігі презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешімдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін бағалау міндеттілігі болып табылады.

Экологиялық принциптер - экологиялық қатынастарды ретейтін, осы құқық саласының мазмұнында анықталатын, экологиялық құқықта нысаны және әдісі жөнінен құыққтық реттеудің нормаларын біріктірген құқықтық нормалардың жинақталған, біртұтастық беретін нормативтік-басқару идеяларының, ережелерінің құқықтық нормаларында көрініс табуымен түсіндіріледі.

 

Экологиялық құқық жүйесі оқу пәні ретінде

 

Экологиялық-құқықтық нормалар реттелетін қатынастар шеңберіне қатысты институттарға біріктірілген (субинституттарға), олар өз кезегінде құқықтың оқылатын саласына біріктірілген.

Экологиялық институт дегеніміз ұқсас қоғамдық қатынастардың санаулы түрлерінің құқықтық нормаларының жиынтығы. 

Маңыздылығына байланысты институттар экологиялық құқықта бәрінен бұрын, жалпы және ерекше бөлімдерге біріктірілген, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторлары тағы арнайы бөлімді шығарған. Экологиялық құқықтың жалпы бөлімінің институттарына осы саланың барлық жүйесіне жалпы маңызы бар барынша маңызды ережелер бар институттар енген.      Осы құқықтық институттар ерекше бөлімнің институттарының құрамы мен мазмұнын қалыптастыруға шешуші ықпал жасайды.

 ҚР Экологиялық құқықтарының  оқыту курсына мынадай негізгі  институттар енгізілген: Қоғам мен  табиғаттың өзара әрекеттері – қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселесі; Экологиялық құқық түсінігі, объектісі, әдісі, принциптері; Табиғи ресурстарға меншік құқығы; Табиғатты пайдалану құқығы; Экологиялық құқық көздері; Экологиялық пайдаланым мен қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару мен реттеу; Экологиялық бақылаудың ұйымдастыру-құқықтық формалары; Қоршаған табиғи ортаға әсерді бағалау мен экологиялық сараптама; мемлекеттік экологиялық мониторинг және табиғи-ресурстық кадастрлар; Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы экономикалық реттеу; Шаруашылық және өзге де қызметтерді жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік.

Ерекше бөлімде келесі институттар бар: Жердің, жер қойнауының, жер үсті және жер асты сулары, ормандарды қорғау және пайдалану саласындағы экологиялық-құқықтық режим; Атмосфералық ауаны қорғаудың экологиялық-құқықтық режимі; Жануарлар дүниесін молықтыру мен пайдаланудағы экологиялық-құқықтық режим; Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық-құқықтық режимі; Атом энергиясы мен радиацияның қоршаған ортаға әсерін құқықтық реттеу; Қоршаған табиғи ортаны халықаралық-құқықтық қорғау.

Біздің көзқарасымыз бойынша, экологиялық құқыққа барынша дұрыс анықтаманы В.В.Петров берген. Анықтаманы, қазіргі ұрпақтың және келер ұрпақтың мүдделері үшін табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуі саласындағы қоғамдық қатынастарды табиғатты қорғау, оның ресурстарын рационалды пайдалану және өндіру, адамды қоршаған ортаны сауықтыру мен жақсарту мақсатында реттейтін құқықтың әртүрлі салаларының заңды номаларының жиынтығы деп анықтауға болар еді.5

Экологиялық құқық үш аспектіде зерттеледі – ғылым ретінде, құқықтың бір саласы және оқу пәні ретінде. 

Экологииялық құқық толығымен қазақстандық құқық жүйесін құрайтын құқықтардың барлық саласымен өзара әрекеттеседі.

Бәрінен бұрын, экологиялық құқықтың рухани жүйеде басты рөлді атқаратын конституциялық құқықпен ерекше байланыста екендігін атап көрсеткен жөн. ҚР Конституциясы қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың және экологиялық құқық ғылымының дамуының негізі болып табылады. 

Экологииялық құқық әкімшілік құқығымен тығыз байланыста. Әкімшілік құқықтың институттары–басқару, бақылау, әкімшілік қиылысулар, әкімшілік жауакершілік – қоршаған табиғи ортаны қорғаудың экологиялық-құқықтық механизмінің құрамдас бөлігі болып табылады. 

Экологиялық құқық пен азаматтық құқық. Бұл мәселені қарастыру азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік қатынастар мен экологиялық құқықпен реттелетін экологиялық қатынастардың арасындағы өзара байланыстың айқындалуына байланысты. Экологиялық және мүліктік қатынастар қатынастардың әртүрлі салаларына жатады және әдетте заңның әртүрлі салаларының нормативтік актілерімен реттеледі.  

Азаматтық құқық экологиялық құқыққа қарағанда қорғайтын және өндіретін қызметтерді орындайды. Сондықтан экологиялық құқық қатынастары үшін келтірілген зиянды өтеу институтарының маңызы басты болып табылады. Экологиялық қатынастарды жетілдіруге қарай нарықтық экономиканың базасында, табиғатты рационалды пайдалануда және қоршаған ортаны қорғаудың тиімді түрі ретінде енгізуді талап ететін азаматтық-құқықтық шарттың нормаларының маңызды болашағы бар.   әкімшілік, азаматтық қорғайтын қызметтермен бірге экологиялық құқыққа қатысты қорғау қызметін қылмыстық құқық орындайды. Оның нормалары экологиялық қылмыстарды қоршаған табиғи ортаға зиян келтіретін, қоғамға қауіпті әрекеттердің құрамын бекітеді. 

Экологиялық құқық жер құқықтарымен тығыс байланысты, бұл табиғаттың біртұтастығымен, жердің қоршаған ортадағы маңызды құрауыштарының бірі екендігімен шарттасқан. 

Кез келген табиғи нысандарды пайдалануда жерді пайдаланбау мүмкін емес екендігін атап көрсеткен жөн. Жер – бұл барлық табиғи нысандарды пайдалану үшін негіз болып табылады.

Экологиялық құқықтың көптеген басқа құқық салаларымен тығыз байланыста.

Экологиялық құқықтың даму кезеңдері

Жоғарғы заң оқу орындарында экологиялық-құқықтық пәндерді оқыту тарихында негізгі сегіз кезеңге бөлуге болады. Бұл экологиялық қатынастар мен қоғамның түйсіну дәрежесінің біртіндеп өсуімен байланысты. Төрт кезең Кеңес дәуірімен байланысты. 1917 жылдар мен 1968 жылдарды қамтитын экологиялық-құқықтық пәндердің дамуының бірінші кезеңінде қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттерінің тұтынушылық формасы билік етті, құқықтық нормалар жүйесі жер және басқа табиғи байлықтарды қоғамның шаруашылық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға пайдалануға реттеуге бағытталды.  Жерді  және басқа табиғи байлықтарды ұлттандыруда, бұл табиғи ресурстарды пайдалануды реттеуді Жер құқықтары атқарды. Табиғатты пайдаланудың көлемінің кеңеюі табиғи ресурстардың жеке түрлерінің құқықтық реттелуінің оқшаулануын талап етті.  Жер құқықтары пәнінің жер, тау, су, орман құқықтарына «ыдырау» процессі басталды. 60-шы жылдардың аяғында заңгер-ғалымдар «Жер құқықтары мен табиғатты құқықтық қорғау» оқу курсын енгізуге ұсыныс жасады. Шаруашылық қызметтердің табиғи ресурстарға кері әсерлерінің үдеуі 70-жылдардың басында оқу пәнін Жер құқықтары мен Табиғатты құқықтық қорғау деп аталатын екі дербес пәнге бөлінуіне ықпал етті.  1968 жыл - 1972 жылдарда экологиялық-құқықтық пәндердің дамуының екінші кезеңі аяқталды.

1972 жылдан бастап Жер  құқықтарымен бірге Табиғатты  құқықтық қорғау өз бетінше  курсы оқылады. 

Табиғатты қорғау мәселелерін адамды қоршаған ортаны қорғау жағына қарай ауысуы эклогиялық-құқықтық пәндерді одан әрі жетілдіру қажеттілігін туғызды. 1984 жылы Мәскеу қаласында өткен 1-ші Бүкілодақтық жоғарғы оқу орындары арасындағы ғылыми-әдістемелік конференцияда «Табиғи ресурстық құқық пен қоршаған ортаны құқықтық қорғау» – деп аталатын жаңа пәнді енгізу туралы шешім қабылданды. Демек, 1972 жылы басталған экологиялық-құқық пәнінің дамуының үшінші кезеңіні 1988 жылы аяқталды. Осы сәттен төртінші кезең басталды.

Дегенмен, әлемде эклогиялық жағдайдың ушығуы нәтижесінде, қоршаған табиғи ортаны қорғау бұрынғыдан едәуір кең ауқымды адамды қоршаған табиғи ортаның эколоогиялық қауіпсіздігі мәселелерге өсті. 

Қазақстан Экологиялық құқықты оқыту, сонымен қатар бұрынғы Одақтың басқа республикаларында тек 1990 жылдан бастап ден қойылды. Экологиялық құқықтың осы даму кезеңінде Қазақ ССР –інде Жер кодексі (1990 ж.), Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы Заң (1991ж.) және басқа да актілер қабылданды. Сонымен, 1988 жылы басталған аталған пәннің даму кезеңі 1990 жылы аяқталды. 

Информация о работе Экологиялық құқықтың пәні