Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 17:29, лекция
Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.
Экологиялық құқық объектісі дәстүрлі көзқарас тұрғысынан алып қарағанда қоғам мен табиғат саласында қалыптасқан өзара әрекеттерінің қоғамдық қатынастары болып табылады. В.В.Петровтың пайымдауынша – Экологиялық құқық объектісі қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады... олар табиғи объектілерді қорғау мен табиғи ортаны түгелдей қорғауға қатысты пайда болады және дамиды.
Құқықтық жауапкершілік туындауының негізі ол экологиялық құқықбұзушылық.
Экологиялық заңнама құқықтық жауапкершіліктің келесідей түрлерін көрсеткен:
1. Экологиялық қылмыс — Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау туралы заңдармен белгіленген экологиялық қүқық тәртібіне қол сұғатын және адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіретін, не зиян келтіруге нақты қатер төндіретін, қылмыстық заңда көзделген, қоғамға қауіпті іс-қимыл (әрекет немесе әрекетсіздік). Қылмыстық жауапкершілік туындауының негізгі шарты — экологиялық құқықтық тәртіпті бұзған әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық занда қарастырылуы керек. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың түрлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген. Олар:
3) су кәсіпшіліктерімен заңсыз айналысу;
4) заңсыз аң аулау;
6) жерді, суды өз бетінше басып алу;
7) жер қойнауын өз бетінше қазу;
8) орман алқаптарының қасақана
жойылып, оларға
зиян келтірілуі.
2. Экологиялық әкімшілік жауапкершілік — экологиялық құқықтарға қарсы қасақана немесе абайсызда жасалған әкімшілік жауаптылық көзделген кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.
3. Экологиялық тәртіптік жауапкер
Тәртіптік жауаптылық туралы арнайы қабылданған заң жоқ. Бірақ, тәртіптік жауаптылық Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында және ішкі тәртіп ережелерінде, сондай-ақ басқа нормативтік актілерде қарастырылған. Экологиялық тәртіптік жауаптылық кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың табиғат қорғау зандары талаптарының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдары мен өзге де қызметкерлердің, міндеті мен қызметтерін және қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі жоспары мен шараларды орындамау салдарынан пайда болады.
4. Экологиялық азаматтық-
Экологиялық құқықбұзушылық
Экологиялық құқықбұзушылық дегеніміз — белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және қоршаған ортаға зиян келтіретін немесе аталған зиянның туындау қаупін келтіретін, сонымен қатар экологиялық құқықтың субьектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын, заңға қайшы, кінәлі іс қимыл (әрекет немесе әрекетсіздік).
Қоғамға қауіптілік дәрежесіне байланысты экологиялық құқықбұзушылық теріс қылық және қылмыс болып бөлінеді.
Құқықтың жалпы теориясына сәйкес экологиялық құқықбұзушылықтың құрылымы төрт элементтен тұрады: обьект, субьект, обьективтік жағы және субьективтік жағы.
Экологиялық құқықбұзушылықтың обьектісі ол қоршаған ортаны қорғауға және табиғат пайдалануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар(табиғи ресурстарға меншік құқығы, табиғат пайдалану, экологиялық құқықтар және т.б.).
Экологиялық құқықбұзушылықтың обьективтік жағы ол іс қимылдың құқыққа қайшылығы, туындайтын немесе анық туындауы мүмкін қауіпті салдар.
Экологиялық құқықбұзушылықтың субьектілері ол жеке және заңды тұлғалар, лауазымды тұлғалар.
Экологиялық құқықбұзушылықтың субьективтік жағы ол құқықбұзушының кінәсінің нысанымен (абайсызда немесе қасақана) сипатталады.
Табиғат қорғау тәжірибесінде кінәсіз (абсолютті) жауаптылық орын алуы мүмкін, яғни жоғарғы қауіп көзімен келтірілген зиян үшін.
№8 Дәріс (Д). Жерді құқықтық қорғау.
Қарастырылатын сұрақтар:
а) Жердің құқықтық режимі
ә) жерге меншік және жер пайдалану құқықтарының түсінігі
б) жер пайдалану құқығы
в) жерді қорғау және ұтымды пайдалану шаралары
Жер – Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи pecуpc, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі;
Жер қатынастарының объектісі – Қазақстан Республикасы аумағының шегіндегі бүкіл жер, онда орналасқанына және олардың жекелеген субъектілерге бекітіліп берілуінің құқықтық негіздеріне қарамастан жекелеген жер учаскелері, сондай-ақ жер учаскелері мен жер үлестеріне құқықтар;
Жжер құқығы қатынастары – жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар;
Жер құқығы қатынастарының субъектілері – жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтары бар әрі осы құқық қатынасында міндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттер;
Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;
3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс,
қорғаныс жерi және өзге де
ауыл шаруашылығы мақсатына
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5) орман қорының жерi;
6) су қорының жерi;
7) босалқы жер.
Жер заңдарының принциптерi:
1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлiнбейтiндiгi;
2) жердi табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау;
3) жердi қорғау және ұтымды пайдалану;
4) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
5) жердi нысаналы пайдалану;
6) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң басымдығы;
7) жердiң жай-күйi және
оған қолжетiмдiлiк туралы
8) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қолдау;
9) жерге залал келуiн болдырмау немесе оның зардаптарын жою;
Жер учаскесiне меншiк құқығының туындауы
Жер учаскесiне меншiк құқығы:
1) меншiк құқығын табыстау;
2) меншiк құқығын беру;
3) меншiк құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды.
Меншiк құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып, жүзеге асырылуға тиіс.
Жер учаскесiне меншiк құқығы:
1) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң;
2) азаматтық-құқықтық
3) Қазақстан
Республикасының заңдарында
Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтату негiздерi :
1) меншiк иесi - жер учаскесiн немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығын иелiктен шығарып басқа тұлғаларға берген;
2) меншiк иесi меншiк құқығынан
немесе жер пайдаланушы жер
пайдалану құқығынан бас
3) жер учаскесiне меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда айырылған ретте тоқтатылады.
Жердi қорғаудың мақсаттары мен мiндеттерi
Жердi қорғау қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi қорғауға, жердi ұтымды пайдалануға, жердi ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негiзсiз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да iс-шаралар жүйесiн қамтиды.
Жердi қорғау мақсаттары:
1) өндiрiстiң экологиялық
қауiпсiз технологияларын
2) тозған немесе бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ету;
3) жердi оңтайлы
пайдаланудың экологиялық
Жерді қорғау мақсатында жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар төмендегідей шараларды жүзеге асыруға міндетті:
1) жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғауға;
2) ауыл шаруашылығы жерiн
карантиндiк зиянкестер мен
3) бүлiнген жердi жаңғыртуға,
оның құнарлылығын және жердiң
басқа да пайдалы қасиеттерiн
қалпына келтiру мен оны
Жер мониторингi қоршаған табиғи ортаның жай-күйi мониторингiнiң құрамдас бөлiгi және сонымен бiр мезгiлде басқа да табиғи ортаға мониторинг жүргiзу үшiн база болып табылады.
Халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларға сәйкес Қазақстан Республикасы жердiң ғаламдық мониторингi бойынша жұмыстарға қатысуы мүмкiн.
Жерге меншiк нысандарына, жердiң нысаналы мақсаты мен пайдаланылу сипатына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық жерi жер мониторингiнiң объектiсi болып табылады.
Жер мониторингiнiң мiндеттерi:
1) жердiң жай-күйiнiң
2) мемлекеттiк жер кадастрын
жүргiзудi, жерге орналастыруды, жерді
пайдалану мен қорғауды
№9 Дәріс (Д). Жер қойнауының құқықтық режимі және оны қорғау.
Қарастырылатын сұрақтар:
а) Жер қойнауының түсінігі
ә) жер қойнауын пайдалану құқығының түсінігі және түрлері
б) жер қойнауына меншік құқығы
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер қойнауы мен оның құрамындағы пайдалы қазбалар мемлекет меншігінде болады.
Жер қойнауы – топырақ қабатынан төмен орналасқан не пайдалы қазбалары жер бетіне шығып жатқан, ал топырақ қабаты жоқ болса – жер бетінен және теңіздердің, көлдердің, өзендердің және басқа да су айдындарының түбінен төмен орналасқан, ғылыми–техникалық прогресті ескере отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке дейін созылып жатқан жер қыртысының бөлігі;
Жер қойнауына мемлекеттік меншік Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін құрайтын негіздердің бірі болып табылады. Мемлекет Заңда көзделген негіздерде, жағдайлар мен шектерде жер қойнауына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.