Экологиялық құқықтың пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 17:29, лекция

Краткое описание

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.
Экологиялық құқық объектісі дәстүрлі көзқарас тұрғысынан алып қарағанда қоғам мен табиғат саласында қалыптасқан өзара әрекеттерінің қоғамдық қатынастары болып табылады. В.В.Петровтың пайымдауынша – Экологиялық құқық объектісі қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады... олар табиғи объектілерді қорғау мен табиғи ортаны түгелдей қорғауға қатысты пайда болады және дамиды.

Файлы: 1 файл

лекции.doc

— 419.50 Кб (Скачать)

су қорын пайдаланудың және қорғаудың негізгі принциптері мен бағыттарын айқындау;

ҚР Су заңнамасы келесідей принциптерге негізделеді:

халықтың қызметімен өмірінің негізі ретінде судың маңызын мемлекеттің мойындауы;

тұрғын халықты ауыз сумен тиісті дәрежеде және жоғары сапада қамтамасыз ету;

суға халытың әділ және тең қолжетімділігі;

су обьетілерін оны қорғау нормаларына сәйкес пайдалану;

арнайы су пайдаланудың ақылылығы;

ҚР Су заңнамасын бұзудан келген залалды өтеу міндеттілігі ;

ҚР Су заңнамасын бұзғаны ұшін жауапкершіліктен құтылмаушылық;

ҚР Су қорының жағдайы жөніндегі ақпараттарға қолжетімділік;

Тансшекаралық суларды ҚР ратификацияланған халықаралық шарттар мен халықаралық нормаларға сәйкес пайдалану.

Суға меншік құқығы мен пайдалану құқығының мазмұнын ашпас бұрын «су қоры» мен «су обьектісі» түсініктерін анықтаған жөн.ҚР Су кодексінің 4-бабына сәйкес ҚР территориясы шегіндегі мемлекеттік су кадастырына алынған немесе алынуы тиіс барлық су обьектілері ҚР су қорын құрайды.Су обьектілерінің қатарына шекарасы көлемі және су режимі бар ҚР-ғы барлық жер үсті және жер асты сулары жатады.(ҚР Су Кодексінің 5-бабы) ҚР су қоры мемлекеттік меншік болып табылады және су қорын иелену пайдалану билік  ету  су ресурсының түсінігі берілген.ҚР Су кодексінің 6-бына сәйкес су  ресурсы- бұл пайдаланылатын немесе пайдаланылуы тиіс су обьектілерінде орналасқан жер үсті және жер асты сулары.

2.Су заңнамасы пәнінің  түсінігі және су қатынастары  обьектілері.Су кодексінің ең басты мақсаттарының бірі,суды неғұрлым тиімді пайдалану және оның ластанудан қорғауды қамтамасыз ету.Бұл міндетін су қатынастарын реттеумен жүзеге асырады.ҚР Су заңнамасы су қорын пайдалану және қорғау,су қорын басқару және су шаруашылық құрылыстары мен өзге де су қатынастарын реттейді.Су обьектілерінің экалогиялық,санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қорғау және су жүйесіне кері әсерін тигізетін шаруашылық және өзге де қызметтерден туындайтын қатынастар ҚР қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету заңнамаларымен және ҚР Су кодексімен реттеледі.Су қатынастары обьектілерінің қатарына су обьектілері,су шаруашылық құрылыстары және су қорындағы жерлер жатады.

Су заңнамасының пәні туралы анықтама  ғалымдар арасында көптеген даулы пікірлер туғызды.Г.А.Аксененоктың пікірінше бұл орайда екі түрлі қатынас бар: су ресурстарын пайдалануға байланысты қатынастар және су құрылыстарын пайдалануға байланысты қатынастар. «Егер де біз су ресурстары мен  су құрылыстарының жүйесін пайдалану туралы айтатын болсақ бұл қатынастардың шеңберіне барлық меншікке байланысты қатынастардың кешені кіреді және бұл қатынастар су шаруашылығының түсінігін береді»-деп тұжырымдайды.Қорыта айтқанда,суды пайдалану,суды қорғау және су ресурстарын пайдалануға байланысты барлық қатынастар су заңнамасының пәні болып табылады.

3.Су обьектілерінің  түрлері мен оларды пайдалану  құқығы. Су обьектілері мына түрлерге бөлінеді: жер үсті су обьектілері; жер асты су обьектілері; ҚР теңіз сулары; трансшекаралық сулар;

Су обьектілері пайдалану түрлеріне байланысты: жалпы пайданылатын су обьектілері: ортақ пайдаланылатын су обьектілері; арнайы пайдалынылатын су обьектілері: ерекше қорғалатын табиғи аймақтағы су обьектілері; мемлекеттік маңызы бар су обьектілері;

Жерүсті су обьектілері мына түрлерге бөлінеді: өзен және оған теңестірілген каналдар,көл,су қоймасы,аймақтық сулар,балшықты су.

Жерүсті су обьектілері жер үсті суынан,қайраң және жағалаудан тұрады.

Жерасты су обьектілері қатарына жерасты су бассейндері,жерасты су уаскелері,жерасты суларының құрлық бетіне немесе су түбіндегі құрлық бетіне шыққан жері.

ҚР теңіз суларының қатарына ҚР ратификацияланған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе ҚР мемлекеттік шекара шеңберінде Арал және Каспий теңізінің сулары жатады.Трансшекаралық сулардың қатарына ҚР мемлекетік шекарасымен қиылысқан барлық жерүсті және жерасты сулары жатады.Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау ҚР Су кодексімен ҚР мемлекеттік шекара туралы заңнамамен және ҚР ратификацияланған халықаралық шарттарымен белгіленеді.ҚР заңдарында өзгеше көзделмесе барлық су обьектілері жалпы пайдаланудағы обьектілердің қатарына жатады.Жалпы пайдалану режимінен арнайы пайдалану режиміне ауыстыру ҚР заңнамасында көзделген негіздер бойынша жол беріледі.Мемлекеттік ерекше маңызы бар су обьектілерінің қатарын және олармен шаруашылық жүргізудің арықша құқықтық режимін ҚР Үкіметі белгілейді.(ҚР Су кодексінің 11-21бб)

Су обьектілерін пайдалану құқығын жеке және заңды тұлғаларға  су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органның келісімімен жергілікті атқарушы органдар береді.

Жеке  және заңды тұлғалара су обьетілері пайдалану құқығы қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге берілуі мүмкін.Қысқа мезімді су ресурстарын пайдалану құқығы 5 жылға дейінгі мерзімге,ал ұзақ мерзімді пайдалану құқығы 5 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге беріледі.Су обьектілеріне жеке және жария сервитуттар жариялануы мүмкін. Су обьектілеріне жария сервитут ҚР заңдарына сай жергілікті атқарушы органның актісіне не су объектісін өз пайдалануына алған жеке және заңды тұлғаларды жариялау арқылы ортақ пайдаланудағы емес су объектілеріне жариялануы мүмкін. Жеке су сервитуты жария су сервитуты сияқты, сонымен қатар сот шешімі негізінде тағайындалуы мүмкін.

Жеке және жария жер сервитуты мынадай мақсаттарда тағайындалуы мүмкін:

суат және малдарды суару үшін;

су обьектілерінің су жолдары ретінде пайдалану үшін (қайықпен жүзіп өту);

Су сервитутын жүзеге асыру үшін арнайы су пайдалану үшін берілетін рұқсат немесе лицензия қажет емес (ҚР СК 22,23 бб)

Суды қорғау және пайдаланудың құқықтық режим су пайдалану түріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін: жалпы,арнайы,бірлескен,алғашқы және кейінгі пайдалану,тұрақты және уақытша пайдалану.

Суды жалпы пайдалану құқығы адамның табиғи құқығы болып табылады және одан ажыратуға тыйым салынады.Арнай су пайдалану құқығы ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген рұқсат немесе лицензия негізінде пайда болады.Жалпы су пайдалануға арнайы рұқсат қажет етілмейді.Жалпы су пайдалану құқығына халықтың экалогиялық техникалық санитарлық-эпидемеологиялық қауіпсіздігін қаматасыз ету мақсатында ғана тыйым салынуы мүмкін.Жалпы жер пайдаланудың шарттары мен ережелері жергілікті өкілді органмен бекітіледі.

Бірлескен су пайдалану құқығы су обьектілерін екі несе одан да көп жеке және заңды тұлғалардың пайдалуануы нәтижесінде туындайды.

Алғашқы су обьектілерін пайдалану дегеніміз-жек және заңды тұлғалардың өздерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін су обектілерін пайдалануы немесе киінгі су пайдланушыларға беруі.

Кейінгі су пайдалану дегеніміз-алғашқы су пайдаланушылармен шарт негізінде су обьектілерін пайдалануға алатын жеке және заңды тұлғалардың суды пайдалануы. ҚР Су кодексінің 64-70 баптарына сәйкес жалпы су пайдалану тұрақты болып табылады.

Су пайдаланушылардың құқықтары:

ҚР Су заңнамасында көзделген талаптармен шарттарды сақтай отырып су обьектілерін пайдалануға;

өздеріне берілген пайдалану құқығы негізінде су обьектілерін өз қалауынша алайда өзге тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделерін бұзуға,су обьектілеріне және қоршаған ортаға зиян келтірмей пайдалануға құқылы;

ҚР заңнамаларымен белгіленген тәртіппен су қоры жерілерін пайдалануға;

бірлестіктер,ассосациялар және өзге де су пайдаланушылардың коммерциялық емес ұйымдарын құруға;

су шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін ҚР заңнамасында көзделген тіәтіппен су обьектілерінің жай-күйі туралы ақпарат алуға;

өзінің су пайдалану құқығын қорғауға;

ҚР заңнамаларында көзделген су қорын қорғау және пайдалану аясындағы өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

Су пайдаланушылардың міндеттері:

суды үнемдеу шараларын сақтауға;

су обьектілеріне және су шаруашылық құрылыстарына күтіммен қарауға және оларға келуі мүмкін зардаптың алдын алуға;

су пайдалану режимімен лимитін сақтауға;

өзге табиғат пайдаланушылармен су ресурстарын пайдаланушылардың құқықтарымен заңды мүдделерін бұзбауға;

суды қорғау іс шараларын жүргізуге;

арнайы су пайдалану рұқсатында немесе лицензиясында айқындалған талаптарға сай тиісті мерзімде толық көлемде пайдалануға;

белгіленген нормалардан көп қауіпті қалдықтарды шығармауға;

мемелекеттік органдарға дұрыс әрі толық су пайдалану жағадйы туралы ақпарат беріп тұруға;

су обьектілерімен су шаруашылық құрылыстарында өндірістік қауіпсіздікті сақатауға;

су обьектілерімен су шаруашылық құрылыстарында жеке және заңды тұлғалардың қауіпсізідігін қамтамасыз етуге;

су пайдалану төлемдерін уақытылы төлеуге. (ҚР ЖК 71,72 баптары)

4. Суды қорғау және  пайдаланудың экалогиялық талаптары.ҚР жаңа экалогиялық заңнама су обьектілерін және су құрылыстарын әсер ететін кәсіпорындармен басқа құрылыстарды салу реканстукциялау,пайдалану,жою қоршаған ортаны қорғау су қорын пайдалану және қорғау өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекетік органдардың оң қортындылары болған кезде жүзеге асады.Су обьектілерінің жай-күйіне кәсіпорындар мен басқада құрылыстарды орналастыру қоршаған ортны қорғаудың,санитарлық эпидемиологиялық,өнеркәсіптік қауіпсіздікті,су ресурстарын молайту және ұтымды пайдаланудың талаптары мен ережелерін сақтай отырып,сондай-ақ аталған обьектілер қызметінің экалогиялық саладары ескеріле отырып жүргізіледі.Осыған орай су обьектілеріне және су құрылыстарына әсер ететін кәсіпорындармен басқа құрылыстарды салу процедурасы белгіленген.Тиісті кәсіпорындар мен құрылыстарды салу тиісті жобалау құжатын тапсырғаннан кейін бір айдың ішінде мемлекеттік уәкілеттік органның рұқсатымен жүзеге асырылады.Мемлекеттік органдардың рұқсатын алғаннан кейін аталған жобалау құжаты мемлекеттік жобалау экспиртизасы мен мемлекеттік экалогиялық экспиртизадан өтеді.

Су обьектілеріндегі жұмыстар қоршаған ортамен халықтың денсаулығына кері әсерін тигізбейтін  техналогиялар арқылы жүзеге асырылуы тиіс.Сарқынды суды жинақтаушысы бар табиғат пайдаланушылар оның қоршаған ортаға әсерін болғызбайтын қажетті шаралар қабылдауға,сондай-ақ оларды пайдалану тоқтатылғанна кейін осы жинақтаушылар орналасқан жердің қайта өңделуін жүзеге асыруға міндетті.Табиғат пайдаланушы ластанушы заттардың сарқынды суда белгіленген шоғырлану нормативтерін асыра немесе сарқынды судың құрамына экалогиялық рұқсатта көзделмеген жаңа заттарды қоса алмайды.Аталған талаптар бұзылған кезде сарқынды суларды ағызып жіберу тоқтатылуға тиіс және ағызылған суда бетон және металды бүлдіріп бұзатын заттар болмауы керек.Ағызылған судың температурасы отыз градустан аспауы тиіс.Сарқынды суды олардың тазалану деңгейіне қарамастан орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау көздеріндегі курорттардағы,суға түсуге арналған жерлердегі су айдындарына ағызып жіберуге жол берілмейді.

5.Су обьектілерін қорғау және олардың ластануының алдын алу шаралары.Су обьектілерінің сапасын төмендететін және оларды пайдалануын шектейтін зиянды заттардың су обьектілеріне түсуі судың ластану болып табылады.

Су обьектілерін қорғау :

-экалогиялық  жүйенің тұрақтылығын бұзудың;

-тұрғын халықтың  өмірімен денсаулығына зиян келтірудің;

-балықтармен  өзге де су жануарларының азаюының;

-сумен қамтамасыз  ету талаптарының бұзылуының

-су обьектілерін  пайдалану және тазарту мүмкіндіктерінің  төмендеуінің;

-су обьектілерінің  гидрологиялық және гидрогеологиялық режимін бұзудың;

-су обьектілерінің  физикалық,химиялық және биологиялық  құрамын  бұзудың алдын алу  арқылы жүзеге асырылады.  

Су обьектілерін қорғау тәсілдері:

-барлық су  пайдаланушыларға ортақ су обьектілерін  қорғау талаптарын белгілеу;

-шаруашылық  қызметтің ерекше түрлеріне арнайы  талаптар белгілеу;

-техникалық,экалогиялық, эпидемиологиялық қауіпсіз техналогияларын  қолдану іс шараларын қабылдау;

-су обьектілерін  пайдалану және қорғауға мемлекеттік  бақылау жүргізу;

-су обьектілерін қорғау жөніндегі талаптарды бұзушылық үшін жаупкершілік белгілеу.

Су обьектілерін ластанудан қорғау мақстанда:

-су обьектілерінде  улы химиялық тыңайтқыштарды  қолдануға;

-су обьектілерінде  радиактивті қалдықтарды тастауға  немесе сақтауға;

-тиісті тазалау нормативтеріне сәйкес келмейтін немесе тазартылмаған өндірістік тұтыну қалдықтарын су обьектілеріне тастауға;

-су обьектілерінде  ядролық және өзгеде жарылыс  құралдарымен жұмыс жүргізуге;

-қоршаған ортамен  халықтың денсаулығына қауіп  төндіретін техналогияларды қолдануға тыйым салынады.(ҚР СК 113-бап)

  

    

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12 дәріс

Орманды қорғау және пайдаланудың экалогиялық-құқықтық режимі.

1.Орман қатынастарын реттейтін  заңнамалардың принципетері

2.Орман құқықтық қатынастарының  обьектісі және субьектісі.

3.Орман обьектілерін иелену  және пайдалану құқығы.

4.Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі  орман пайдалану құқығын тоқтататұру,шектеу  және тоқтату негіздері.

Информация о работе Экологиялық құқықтың пәні