Экологиялық құқықтың пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 17:29, лекция

Краткое описание

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.
Экологиялық құқық объектісі дәстүрлі көзқарас тұрғысынан алып қарағанда қоғам мен табиғат саласында қалыптасқан өзара әрекеттерінің қоғамдық қатынастары болып табылады. В.В.Петровтың пайымдауынша – Экологиялық құқық объектісі қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады... олар табиғи объектілерді қорғау мен табиғи ортаны түгелдей қорғауға қатысты пайда болады және дамиды.

Файлы: 1 файл

лекции.doc

— 419.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының барлық азаматтары, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеген және аңшылық минимумды тапсырған, оның аумағынанда тұратын және келген басқа да тұлғалар аңшылық құқығына ие.  Жануарлар дүниесін молықтыру және пайдалануды, қорғау саласының мемлекеттік бақылау органдарының берген рұқсаты - аңшылық құқығын куәландыратын құжат болып табылады.  (40 бап).

Заңды фактілердің барлығы үшін жалпы іс-қимылдардың жиынтығы негізінде туындайтын экология пайдалану құқығы мемлекеттік-құқықтық шешуші жүйлер болып табылады.

Экология пайдалану құқығын тоқтату негіздері тізімінде (және тәртібінде) табиғи нысандар мен құқық пайдаланушы субъектінің заңды тұлға немесе азамат болып табылатындығына байланысты белгілі бір ерекшеліктер бар.

 Пайдалану  құқығын тоқтатудың арнайы негіздері  бар.

Сонымен жерді пайдалану құқығы тоқтатылатын жағдайлар:

а) бір жыл өткеннен кейін жер телімін иесіз мүлік ретінде соттың мойынуы; б) ауыл шаруашылығы өндірісіне не тұрғын үй құрылысна немесе өзге де құрылысқа арналған жер телімі бір жыл ішінде тиісті мақсатында пайдаланылмаған жағдайда, егер одан көп мерзім көзделмеген болса; в) жер пайдаланушыға қызметтік жер телімін берумен байланысты туындаған еңбек қатынастарының тоқтатылуы. г) жерді рационалды пайдаланудың ережелерін өрескел бұзған жағдайға байланысты; д) егер, жер телімін пайдалану ауылшаруашылық жерлердің құнарлылығын төмендетуге немесе экологиялық жағдайды едәуір нашарлатса; е) жер телімін тәркілегенде ( ЖК 81-96 баптары).

Орман қорын пайдалану құқығы келесі жағдайларда тоқтатылады:

а) орман пайдаланушы орман пайдаланудың белгіленген ережелерін немесе ұзақ мерзімді орман пайдалану шартында, ағаш кесу билетінде, орман билетінде көзделген талаптарды үнемі (екі және одан көп рет) бұзған; б) мемлекеттік орман қорында орман пайдалануды жүзеге асыруға кедергі келтіретін өзгерістерге әкеп соқтырған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар басталғанда; в) орман пайдалану төлемақысын енгізудің белгіленген мерзімін үнемі (екі және одан көп рет) бұзған немесе орман пайдаланудың төлемақысын белгіленген мерзімнен кейінгі үш айда енгізбеген; г) мемлекеттік орман қоры жері мемлекет қажеттіктері үшін алып қойылған, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды шектеудің неғұрлым қатал режимі белгіленген жағдайларда тоқтатылады.  (ОК 40 бабы).

 

№6 Дәріс (Д). Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.

 

Қарастырылатын сұрақтар:

а) табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің түсінігі мен рөлі

ә) жоспарлау

б) қаржыландыру

в) табиғат пайдалануға ақы төлеу

г) экологиялық сақтандыру

 

     Табиғатты қорғаудың  экономикалық тетігі дегеніміз - қоршаған ортаны қорғау мен ұтымды табиғат пайдалануды қамтамасыз етеуге бағытталған, нормативтік құқықтық актілерде көрініс тапқан экономикалық шаралардың жиынтығы.

     Экологиялық құқықтағы  экономикалық механизмнің рөлі - оның осы салада атқаратын  функциясымен анықталады.

     Экономикалық механизмнің  функциялары:

  • ұтымды табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды экономикалық қамтамасыз ету (экономикалық механизмге енгізілген барлық экономикалық шараларды жүзеге асырумен атқарылады);
  • ынталандырушылық қызметі (салықтық және несиелік жеңілдіктер, қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да қолдау шаралары арқылы жүзеге асырылады)

     Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетіктерінің түрлерi (ҚР ЭК 95 бабына сәйкес):

1) қоршаған  ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;

2) қоршаған  ортаға эмиссиялар үшін ақы төлеу;

3) табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдаланғаны үшін ақы төлеу;

4) қоршаған  ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;

5) нарықтық  тетіктер және қоршаған ортаға  эмиссиялар үшін квоталарды сату;

6) экологиялық сақтандыру;

7) қоршаған  ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау.

 

Жоспарлау

Табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоспарлаудың нормативтік талаптары негізінен жалпы мемлекеттік жоспарлауға, оның әлеуметтік зкономикалық дамуына  сәйкес жүзеге асырылады, яғни қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға мыналарды жатқызамыз (ҚР ЭК 96 бап):

1) экологиялық  қауіпсіздікті қамтамасыз етуге  бағытталған;

2)  қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйін жақсартатын;

3) экологиялық  жүйелердің жай-күйін тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық әртүрлілікті сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға ықпал ететін;

4) қоршаған  ортаға және халықтың денсаулығына  залал келтірудің алдын алатын  және оларды болғызбайтын;

5) қоршаған  ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгізуге бағытталған әдістер мен технологияларды жетілдіретін;

6) өндірістік  экологиялық бақылауды дамытатын;

7) қоршаған  ортаны қорғау саласындағы ақпараттық  жүйелерді қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететін;

8) экологиялық  білімді насихаттауға, тұрақты даму  үшін экологиялық білім мен  ағарту ісіне ықпал ететін  іс-шаралар жатқызылады.

Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласыныдағы жоғарыда аталған іс шараларды жүзеге асыру, олардың қаржыландырумен тікелей байланысты.

Қаржыландыру

Экологиялық міндеттерді шешудің мағызды шарты қаржыландыру. Табиғатты қорғау қомақты  қаржыны талап ететін қызмет түрі. Мысалы, кәсіпорынның тазалау құрылғыларының құны, кейде кәсіпорынның өзіндік құнының қырық пайызын құрайды.

ҚР ЭК  97 бабына сәйкес Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру:

1) бюджет қаражаты;

2) табиғат пайдаланушылардың  өз қаражаттары;

3) Қазақстан  Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

Табиғат пайдалануға ақы төлеу

Ақы төлеу табиғат пайдаланудың негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Табиғат пайдалануға ақы алудың бірнеше көздеген мақсаты бар, олар: біріншіден, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу мемлекеттік және жергілікті бөджеттерді толықтырады; екіншіден, ақы төлеудің басты мақсаты ол табиғат пайдаланушыларды табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ынталандыру;

Экологиялық заңнама төлемнің екі түрін көрсетеді: табиғи ресурстарды пайдалану үшін және қоршаған ортаға зиянды ықпал еткені үшін.

Табиғи ресурстарды пайдалану үшін ақы төлеу

Табиғи ресурстарды пайдалану үшін ақы төлеу салалық нормативтік актілерде көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес келесідей төлем түрлері көрсетілген:

71-тарау. Қоршаған ортаға эмиссия үшін  төлемақы

72-тарау. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны  үшін төлемақы

73-тарау. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы

74-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды  пайдаланғаны үшін төлемақы

14-бөлім. Жер салығы

11-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу

43-тарау. Бонустар

45-тарау. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы

ҚР ЭК 1 бабының 26 тармақшасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялар дегеніміз - ластағыш заттардың шығарындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер етуі;

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді, табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегінде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алынады.

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемелерді атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтірген залалды өтеуден босатпайды.

Экологиялық сақтандыру

 Экологиялық  сақтандыру қоршаған ортаны қорғаудың  жаңа құқықтық шарасы болып  табылады. Экологиялық сақтандыру дегеніміз қоршаған ортаға, басқа адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіру салдарынан шарттан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілік тәуекелі туындаған кездегі жеке және заңды тұлғаның мүліктік құқықтарын қорғауға байланысты қатынастар кешені болып табылады.

Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) авариялық ластануы нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу экологиялық сақтандырудың мақсаты болып табылады.

Экологиялық сақтандырудың түрлері:

    • Міндетті экологиялық сақтандыру - Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңына сәйкес жүзеге асырылады. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық жағының қауіпті түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
    • Ерікті экологиялық сақтандыруды - жеке және заңды тұлғалар өздерінің еркін білдіруіне қарай жүзеге асырады. Ерікті экологиялық сақтандырудың түрлері, талаптары және тәртібі сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттарда айқындалады.

 

 

Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау - қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтыну қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың құндық көрінісі.

 Қоршаған  ортаны қорғау саласындағы уәкілетті  органның лауазымды адамдары қоршаған ортаға залал келтіру фактісі анықталған күннен бастап бір ай мерзім ішінде қажетті материалдарды жинау мен талдауды жүргізеді және келтірілген залалға экономикалық бағалауды белгілейді.

Атмосфералық ауаны және су ресурстарын белгіленген нормативтерден тыс ластаудан, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын, оның ішінде радиоактивті қалдықтарды белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережелерге сәйкес тура немесе жанама әдістермен айқындалады.

Залалды экономикалық бағалаудың тура әдісi неғұрлым тиімді инженерлік, ұйымдық-техникалық және технологиялық іс-шаралар арқылы қоршаған ортаны қалпына келтіруге, жұтаңдаған табиғи ресурстардың орнын толтыруға, тірі организмдерді сауықтыруға қажетті нақты шығындарды анықтаудан тұрады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары бірінші кезекте қоршаған ортаға залал келтірген тұлғаның қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырады.

Қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі тиісті міндеттемелер қоршаған ортаға залал келтірген тұлғаның нақты іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімі көрсетілген кепілдік хатында жазылады.

Залалдың салдарларын жою жөніндегі шаралардың құны олардың нарықтық құны бойынша айқындалады.

Залалды тура әдіспен экономикалық бағалау кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары тәуелсіз сарапшыларды тарта алады. Сарапшылар ретінде экологиялық аудиторлар, жобалау, инженерлік және ғылыми ұйымдардың мамандары қатыса алады.

Тәуелсіз сарапшылар жұмысына ақы төлеу жөніндегі міндет қоршаған ортаға залал келтірген тұлғаға жүктеледі.

Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі залалды экономикалық бағалаудың тура әдісін қолдану мүмкін болмайтын жағдайларда қолданылады.

Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі қоршаған ортаға әсер ету түрлеріне қарай залалды әрбір ингредиент бойынша жиынтықтау жолымен айқындалады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

№7 Дәріс (Д). Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік.

 

Қарастырылатын сұрақтар:

а) құқықтық жауапкершіліктің түсінігі мен функциясы

ә) тәртіптік жауапкершілік

б) азаматтық құқықтық жауапкершілік

в) әкімшілік жауапкершілік

г) қылмыстық жауапкершілік

д) экологиялық құқық бұзушылықтың түсінігі, түрлері және құрылымы     

     Экологиялық құқық бұзушылық үшін құқықтық жауапкершілік дегеніміз қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы уәкілетті орган және экологиялық құқық бұзушылықты жасаған тұлға арасында туындайтын, оған қатысты тиісті шара қолдануға байланысты қатынасы.

   Құқықтық жауапкершіліктің мәні экологиялық заңдарды бұзған тұлғаға байланысты туындайтын жағымсыз салдар болып табылады.

    Экологиялық құқықбұзушылық үшін жауапкершіліктің атқаратын бірқатар функцияларыбар. Олар:

Информация о работе Экологиялық құқықтың пәні