Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 17:29, лекция
Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.
Экологиялық құқық объектісі дәстүрлі көзқарас тұрғысынан алып қарағанда қоғам мен табиғат саласында қалыптасқан өзара әрекеттерінің қоғамдық қатынастары болып табылады. В.В.Петровтың пайымдауынша – Экологиялық құқық объектісі қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады... олар табиғи объектілерді қорғау мен табиғи ортаны түгелдей қорғауға қатысты пайда болады және дамиды.
Жерге, республика аумағында – Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік құқығының субъектісі болып, Жер Кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде сонымен қатар азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар болуы мүмкін. Бұл жерде сонымен бірге, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар (мұндай құықтарға шетелдіктер өндірістік объектілер, тұрғын үй кешендерін және жеке құрылыстар салуға жер учаскесін қайтарылу негізінде, егер олар тұрақты тұру құқығын сатып алған жағдайларда).
Табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік иелігін пайдаланатын субъектіге келетін болсақ, мемлекет атынан кім, меншік иелігінің заңды құқықтарын жүзеге асырады деген сұрақ туындайды? Мемлекет атынан табиғи ресурстарға меншік құқығын ҚР Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар және арнайы өкілеттенген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ
Экологияны пайдалану құқығының ұғымы
Экология пайдалану құқығы қолайлы қоршаған ортаға құқық – бұл 1948 жылы БҰҰ Декларациясында бекітілген бүкіл адамзатпен мойындалған адам құқығының бір бөлігі. Біз оны ҚР құрылған сәттен мойындадық. Қолайлы қоршаған ортаға құқықты барлығы мойындайды (министрліктер мен ведомствалар), ол ҚР Конституциясында бекітілген және дәл осы Конституция арқылы, бұл құқық біздің денсаулығымызға құқығымыз жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, ҚР ЭК 10-12 баптары және ҚР ЭК 8 Тарауында «Шаруашылық және өзге қызметтерді жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар» эклологиялық құқыққа арналған.
Экология пайдалану табиғат пайдалануға қарағанда, алдымен табиғат пайдалануда экономикалық, шаруашылық мүдделер басым болса, ал экология пайдалану қоршаған ортаны барынша сақтаудың, экожүйедегі экологиялық байланыстың сақталуы мен оның бүтіндігін қамтамасыз ету мүддесінің басымдығымен ерекшеленеді.
Сонымен қатар, экология пайдалануда табиғат пайдаланудағыдан кем емес маңызды экономикалық және шаруашылық мақсаттар қарастырылған, бірақ, адам қоғамы мен табиғи ортаның өзара байланысының өндірістік қатынастары объективті экологиялық заңдармен толық үйлесімді болса, қатынастардың екінші түрінде бұл объективті заңдар сирек назарға алынады десек те болады.
Егер, табиғат пайдалану құқығы азаматтар мен халық шаруашылығының мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды пайдаланудың заңмен белгіленген тәртібі ретінде айқындалған болса, ал экология пайдалану құқығын экология пайдаланушылардың меншіктік құқық қатынастары арқылы экологиялық өзара байланысты ескере отырып табиғи объектілердің жағдай мен түріне байланысты заңды құқықтарын реттейтін экологиялық құқықтың институты ретінде айқындаған жөн.
Экология пайдалану
құқығы экологиялық құқық
Субъективті құқық мазмұнына, пайдалануға ұсынылған табиғи объектіге иелік ету, пайдалану және билік ету заңды құқығы енеді. Табиғи объектімен пайдаланудың субъективті құқығын мұндай объектіні белгілі бір байлық алу мақсатында тікелей пайдаланудың мүмкіндігін заңмен қамтамасыз етілуі деп түсіну керек.
1) табиғи ресурстарға мемлекеттің және өзге де меншік иелерінің заңды құқықтарын экология пайдалану арқылы жүзеге асыруы.
2) табиғи байлықтарды
дұрыс шарушылық пайдалану
3) экологиялық
құқық қатынастарының барлық
субъектілерінің басқа
Экология пайдалану құқықтарының түрлері
Экологиялық пайдалану құқықтарының түрлерін үш негізгі топқа бөлуге болады: объектіге; субъект және пайдаланатын табиғи объектіге байланысты.
Табиғат пайдалану (экология пайдалану) жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы табиғат
пайдалану тұрақты болып
Табиғат пайдалану түрлеріне:
Жерді
пайдалану; суды пайдалану;
орманды пайдалану; жер қойнауын
пайдалану; жануарлар дүниесін
пайдалану; өсімдіктер
дүниесін пайдалану;
қоршаған ортаға эмиссиялар; Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген
өзге де табиғат пайдалану түрлері жатады.
Арнайы
табиғат пайдалану табиғат
Экология пайдалану субъектілеріне байланысты мекеменің экология пайдалану құқығы мен азаматтардың экология пайдалану құқығына бөлінуі мүмкін.
Көрсетілген табиғат пайдалану түрлері өз кезегінде пайдалану құқығы объектісіне және олардың мақсатты арнауы мен пайдалану түрлеріне бөлінеді.
ЭК табиғат пайдаланудың негізгі принциптері:
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
экологиялық қатынастарды реттеу кезіндегі экожүйелі көзқарас; Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершіліктер бұлтартпау;
қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу міндеттілігі;
қоршаған ортаға әсер етудің ақылы болуы және оған рұқсат алу тәртібі; табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және жоюға, қалдықтарын кемітуге ынталандыру;
табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету.
М.М.Бринчук мұндай принциптерге мыналарды жатқызады:
Экология пайдалану құқығының мазмұны
Қоршаған орта объектілеріне табиғи объектілердің жиынтығы жерді, жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, ормандарды және өзге де өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, табиғи экологиялық жүйелер, сондай-ақ олардың өзара әрекеттерінің климаты жатады.
Табиғи объект оның шығу тегі табиғи болған жағдайда ғана экология пайдаланудың құқықтық объектісі бола алады. Экология пайдаланудың мәні, ол тек қоршаған табиғи ортамен экологиялық байланыстағы объектілерге ғана таратылады.
Экология пайдаланудың мазмұнына қазіргі кезде бар бірнеше заңды құқықтар енеді, олар: пайдалануға, иелік етуге, жеке меншікке немесе жалға беруге ұсынылған меншік құқығы, иелік ету құқығы; пайдалану құқығы мен табиғи объектіні ішкі шаруашылық басқару құқығы.
Пайдалану шектері заңнамада айқындалған, сондай-ақ табиғи объектілерді пайдалануға ұсынған әр нақты жағдайда айқындалады.
Нақты экология пайдалану ерекшеліктері тиісті өкілеттіктер мен міндеттемелер ұсынылған субъектіден де біршама тәуелді.
Сондықтан экология пайдалануды топтастыру оның объектілері мен субъектілері бойынша бір уақытта жүзеге асырылады. Табиғат пайдаланушы - мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдіктер болуы мүмкін.
Бастапқы табиғат пайдаланушы субъектісі табиғи объектіні пайдалану бойынша заңды құқығы, тікелей осы объектіге меншік құқығынан шығатын тұлға болып табылады.
Кейінгі табиғат пайдаланушыға, бастапқы пайдалануда болған табиғи объектінің бөлігі әдетте арнаулы бағыттағы, бірақ бастапқы пайдалану мақсаттағы белгіленгендей ұсынылады.
Кейінгі табиғат пайдаланушы оқшауланған немесе бірлескен болуы мүмкін.
Табиғат пайдаланушылардың құқықтары заңмен қорғалады. Табиғат пайдалану құқығынан, заңда көрсетілген негіздерден басқа реттерде ешкімді де айыру мүмкін емес.
Экология пайдаланудың құқықтарының туындау және тоқтатылуы негіздері
Экология пайдалану құқығының туындау негіздері күрделі заңды құрамнан тұрады. ҚР ЭК 12 бабында Арнайы табиғат пайдалану құқығы келесі негіздерде туындайды:
Табиғи
ресурстарды пайдалану мен
Табиғи ресурстарды
Қазақстан Республикасының
Қазақстан
Республикасының заңнамалық
Арнайы табиғат пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен, осы баптың 1-тармағында көрсетілген бір, екі немесе барлық актілер негізінде туындауы мүмкін. Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың арнайы табиғат пайдалану құқығын жүзеге асыруына экологиялық рұқсаттар болған кезде жол беріледі.
Арнайы табиғат пайдалану құқығы мемлекет қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақстында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін.
Экология пайдалану құқықтарының туындау ерекшеліктері салалық заңнамалармен реттеледі.
Жер учаскесіне құқық белгілейтін, заңды фактілердің (заңды құрамдардың) келуін растайтын құжаттардың негізінде жер теліміне құқық өзгереді немесе тоқтатылады.
Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат болып табылатындар:
Сәйкестендірме
құжат (жеке меншікке жерді
Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтің түрлеріне лицензия немесе рұқсат беруды, оларды күшін тоқтата тұруды жүзеге асырады (ҚР СК 37 бабы).
Жергілікті атқарушы органдар:
Су қорын пайдалану
және қорғау саласындағы
Бассейндік су шаруашылығы басқармалары - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтің түрлеріне лицензия немесе рұқсат беруды, оларды күшін тоқтата тұруды жүзеге асырады (40 бап).
Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік орган табиғатты қорғау органдарымен келісіп су ресурстарын басқару бойынша рұқсаттар береді.
ҚР Орман Кодексінің 36 бабына сәйкес Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыруға рұқстаттама құжаттары: ағаш кесу билеті мен орман билеті негізінде ғана жол беріледі.
ҚР Жануарлар дүниесін молықтыруды, қорғау және пайдалану туралы Заңына сәйкес, арнайы жануарлар дүниесін мемлекеттік басқаратын уәкілетті орган (АШМ аңшылық шаруашылығы мен орман комитеті) жануарлар дүниесін пайдалануға бекітілген лимиттер мен квоталарға сәйкес, жануарлар дүниесін пайдаланудың белгіленген шарттарын сақтай отырып рұқсаттар береді (16 бап).
Жануарлар дүниесін жалпы табиғат пайдалану тәртібінде жүзеге асырылатын пайдалану қандай да бір рұқсатты талап етпейді.
Жануарлар дүниесін арнайы табиғат пайдалану тәртібінде жүзеге асырылатын пайдалану, тиісті рұқсат пен шарттың негізінде жүргізіледі. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, тек бюджетке жануарлар дүниесін пайдалану үшін толығымен төлемдер енгізгенін растайтын құжаты бар кезде беріледі. (33бап)