Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 17:29, лекция
Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.
Экологиялық құқық объектісі дәстүрлі көзқарас тұрғысынан алып қарағанда қоғам мен табиғат саласында қалыптасқан өзара әрекеттерінің қоғамдық қатынастары болып табылады. В.В.Петровтың пайымдауынша – Экологиялық құқық объектісі қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады... олар табиғи объектілерді қорғау мен табиғи ортаны түгелдей қорғауға қатысты пайда болады және дамиды.
Заңда және келісімшартта өзгеше көзделмеген болса, минералдық шикізат жер қойнауын пайдаланушыға меншік құқығында (Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіпорнына – шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында) тиесілі болады.
Минералдық шикізат дегеніміз – жер қойнауының жер үстіне шығарылған, құрамында пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) бар бөлігі (тау–кен жынысы, кен шикізаты және басқалар);
Техногендік минералдық түзілімдер жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
Техногендік минералдық түзілімдер дегеніміз – тау-кен өндіру және байыту, металлургиялық және басқа да түрлі өндірістерінің қалдықтары болып табылатын, пайдалы компоненттері бар минералдық түзілімдердің, тау-кен жыныстарының, сұйықтар мен қоспалардың жиналымы;
Техногендік минералдық түзілімдерді игеру кезінде жер қойнауын пайдаланушы не техногендік минералдық түзілімдерге меншік құқығы бар үшінші тұлға техногендік минералдық түзілімдер құрамында болатын және оларды алу, пайдалану (өткізу) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарында көзделмеген пайдалы қазбалардың қорына қатысты жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын жүргізуге және құзыретті органмен келісімшарт жасасуға міндетті.
1992 жылғы 30 мамырға
дейін қоймаға қойылған немесе
минералдық ресурстардың
Мемлекет меншігіндегі техногендік минералдық түзілімдерден алынған пайдалы қазбаларға меншік құқығы келісімшартта айқындалады.
Пайдалы қазба дегеніміз – химиялық құрамы мен физикалық қасиеті оларды материалдық өндіру және (немесе) тұтыну саласында және (немесе) өзге мұқтаждықтарға тікелей немесе өңдеуден кейін пайдалануға мүмкіндік беретін жер қойнауындағы табиғи минералдық түзілім, көмірсутектер және жерасты сулары.
Минералдық шикізат, техногендік минералдық түзілімдер немесе пайдалы қазбалар өзіне меншік құқығында тиесілі жер қойнауын пайдаланушы минералдық шикізатқа, техногендік минералдық түзілімдерге немесе пайдалы қазбаларға иелік етуге, оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген азаматтық–құқықтық мәмілелер жасасуға құқылы.
Геологиялық ақпарат – геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық, тектоникалық мәліметтерді, тау-кен қазбаларының, ұңғымалардың техникалық құжаттамасын, кен орнының, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін келісімшарттық аумақтағы жұмыс учаскесі мен объектілердің болжамды ресурстарын және баланстық қорларын қамтитын материалдар жиынтығы;
Геологиялық ақпарат, егер ол Қазақстан Республикасының бюджет қаражаты есебінен алынса – мемлекет меншігінде, ал жер қойнауын пайдаланушының жеке қаражаты есебінен алынса, жер қойнауын пайдаланушының меншігінде болады.
Қаржыландыру көзіне қарамастан, жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпарат жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтау, жүйелеу және жинақтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес міндетті түрде ақысыз беруге жатады.
Геологиялық ақпарат ақылы немесе ақысыз негізде беріледі.
Геологиялық ақпарат мыналарға ақысыз негізде беріледі:
Жер қойнауы туралы ақпарат ақылы негізде беріледі. Жер қойнауы туралы ақпаратты беру талаптарына қарамастан, оны көшіру жөніндегі шығыстарды ақпарат алушы бөлек өтейді.
Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге әкету ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Мемлекет
меншігінде болатын
Тарихи шығындар – мемлекет келісімшарттық аумақты геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға жұмсаған, олар туралы геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне берілген бұрынғы жиынтық шығындар.
Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезде барлық геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне өтеді. Жер қойнауын пайдаланушы барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттың өзге де материалдық жеткізгіштерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ақысыз тапсыруға міндетті.
Мемлекеттің жер қойнауын пайдалану саласындағы артықшылықты және басым құқықтары
Қазақстан Республикасының, көліктік шығыстар мен өткізу шығындары шегеріле отырып, жер қойнауын пайдаланушы тиісті пайдалы қазбаларға қатысты мәмілелер жасасу кезінде қолданатын, мәмілені жасасу күніне қалыптасқан бағадан аспайтын бағалар бойынша жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларын сатып алуға басқа тұлғалар алдында артықшылықты құқығы бар.
Жер қойнауын пайдаланушы мәмілелер жасасу кезінде қолданатын пайдалы қазбалар бағалары туралы ақпарат болмаған жағдайда, әлемдік нарықта мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуы жөніндегі мәмілені жасасу күніне қалыптасқан бағалардан аспайтын бағалар қолданылады.
Сатып алынатын пайдалы қазбалардың шекті көлемі және төлем түрі келісімшартпен айқындалады.
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға артықшылықты құқығын іске асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Жер қойнауын пайдалануды шектеу және тыйым салу 3 жағдайда болуы мүмкін:
Елді
мекендердің, қала маңы аймақтарының,
өнеркәсіп, көлік және байланыс
объектілерінің аумақтарында
Пайдалы қазбаларды реквизициялау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі пайдалы қазбалардың бір бөлігін немесе барлығын реквизициялауға құқығы бар:
Реквизициялау
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы реквизицияланған пайдалы қазбалар үшін заттай нысанда немесе шетелдік жер қойнауын пайдаланушыға, олардың құнына еркін айналымдағы валютамен, ал ұлттық жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдаланушы тиісті пайдалы қазбаларға қатысты мәмілелер жасасу кезінде реквизициялау күніне қолданатын, көліктік шығыстар мен өткізу шығындары шегерімінен қалған бағадан аспайтын бағалар бойынша ұлттық валютамен өтемақы төлеуге кепілдік береді.
Жер қойнауын пайдалану құқығы дегеніміз келісім шарттық аумақ шегінде, жер қойнауын иелену және пайдалану.
Келісімшарттық аумақ дегеніміз – жер қойнауын пайдаланушы келісімшартқа сәйкес онда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге құқылы болатын, геологиялық не тау-кендік бөлумен айқындалатын аумақ. геологиялық бөлу – барлауға, бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін схемалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын қосымша;
Жер қойнауын пайдалану құқығы келесі операцияларды жүзеге асыру үшін беріледі:
Жер қойнауын
пайдалануға байланысты кейбір
операциялардың түрлерін
Жер қойнауын пайдалану құқығы
тұрақты немесе уақытша, иеліктен
шығарылатын немесе
Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншік немесе жер пайдалану құқығында тиесілі жер учаскелерінде кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру тұрақты және өтеусіз жер қойнауын пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың барлық қалған түрлері уақытша және өтемді жер қойнауын пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері:
Қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері болуы мүмкін.
Жер қойнауын пайдалану құқығының туындау негіздері:
Жер қойнауын пайдалану құқығы:
1) беру;
2) табыс ету;
3) құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысу жолымен туындайды.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға тікелей мемлекеттің беруін білдіреді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын табыс ету жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға басқа жер қойнауын пайдаланушының беруін білдіреді.
Жер қойнауын пайдалану құқығының құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысуы заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде және жер қойнауын пайдалану құқығына ие жеке тұлға қайтыс болған кезде құқық мирасқорында жер қойнауын пайдалану құқығының туындауын білдіреді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер болмаса, ешкім жер қойнауын пайдалану құқығынан айырылмайды.
Жер қойнауын пайдалану құқығы:
1) келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған;
2) барлаумен
немесе өндірумен байланысты
емес және радиоактивті
3) Қазақстан
Республикасының Үкіметі
4) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлға таратылған жағдайларда тоқтатылады.