Экологиялық құқықтың пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 17:29, лекция

Краткое описание

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.
Экологиялық құқық объектісі дәстүрлі көзқарас тұрғысынан алып қарағанда қоғам мен табиғат саласында қалыптасқан өзара әрекеттерінің қоғамдық қатынастары болып табылады. В.В.Петровтың пайымдауынша – Экологиялық құқық объектісі қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады... олар табиғи объектілерді қорғау мен табиғи ортаны түгелдей қорғауға қатысты пайда болады және дамиды.

Файлы: 1 файл

лекции.doc

— 419.50 Кб (Скачать)

 

Жануарлар дүниесін пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады. Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану түріне-жануарлар дүниесі объектілері мен олардың тіршілігінің өнімдерін тіршілік ету ортасынан алып пайдалану жатады.

Жануарлар дүниесін жалпы пайдалануға-жануарлар дүниесі объектілері мен олардың пайдалы қасиеттерін табиғи ортадан алып қоймай пайдалану жатады.

Қазақстан Рееспубликасының аумағында жануарлар дүниесін пайдаланудың мынадай түрлеріне жол беріледі:

Аңшылық,балық аулау, бұған омыртқасыз су жануарлары мен су сүтқоректілерін аулау да кіреді:

аңшылық және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсатта пайдалану:

жануарларды ғылыми, мәдени ағартушылық,тәрбиелік және эстетикалық мақсатта пайдалану:

жануарлардың пайдалы қасиеттері мен олардың тіршілік өнімдерін пайдалану.

Жануарлар дүниесін пайдалану ешқандай рұқсатсыз, тегін жүзеге асырылады.

Жануарлар дүниесін жалпы пайдалануға  мерзімі белгіленбейді.

Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану Қазақстан Республикасының салықтық заңнамаларына сәйкес ақылы негізде жүргізіледі.

Жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлем табиғи еркін жағдайда тіршілік ететін жануарларды табиғи ортадан алғаны үшін төленеді.

Төлемшілер жеке және заңды тұлғалар, яғни жануарлар дүниесін пайдаланушылар болы табылады.

Төлем ставкасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Төлем мөлшері жануарлар санына және ставкілерге байланысты анықталады.

 

3.Аң аулау және  аң аулау шаруашылығын жүргізуді  құқықтық реттеу.

 

Жануарлар дүниесін пайдаланудың негізгі түрлерінің бірі аң аулау болып табылады.

Аңшылық мынадай түрлерге бөлінеді:

өндірістік аң аулау;

әуесқойлық аң аулау;

Өндірістік аң аулау-аңшылық оъектісі болып табылатын жануарлар түрлерін кәсіпкерлік мақсатта аулау.Әуесқойлық аң аулау-аңшылық объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін спорттық, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және ауланған өнімдерді азық ретінде қолдану мақсатында аулау.

Аңшылық уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы беретін тиісті рұқсаттама негізінде жүзеге асырылады.

Өндірістік аңшылыққа аңшының мынадай құжаттары болған кезде ғана жол беріледі.Аңшының аңшылық минимумнан емтихан тапсырғаны және уәкілетті органның аумақтық органында тіркелгені көрсетілген куәлігі, рұқсаттамасы, аңшылық оқ ату қаруымен жүргізілетін жағдайда ҚР сы ішкі істер органдарының аңшылық оқ ату қаруын сақтау және алып жүру құқығына рұқсаты,

аңшылық шаруашылығы ұйымымен келісімшарт, аңшылық шаруашылығы ұйымының жолдамалары, және өндірістік журналы қажет болып табылады.

 

4.Балық аулау мен  балық шаруашылығын ұымдастыруды және жүргізуді құқықтық реттеу.

 

Балық аулау ережелері Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында балық аулауды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін реттейді.

Балық шаруашылығы су айдындары пайдалану маңызына қарай 3 ке бөлінеді: халықаралық, республикалық, жергілікті.

Балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді: өндірістік балық аулау, әуесқойлық балық аулау.

      Өндірістік балық  аулау-балық аулау объектісі болып  тпбылатын балықтар мен басқа  да су жануарлары түрлерін  кәсіпкерлік мақсатта аулау.Әуесқойлық балық аулау-балық аулау объектісі болып табылатын балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерін спорттық,эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және ауланған өнімдерді азық ретінде қолдану мақсатында аулау.

     Заңды тұлғалардың, сондай ақ жеке кәсіпкерлердің өндірістік балық аулауға рұқсаттамасының бар жоқтығын, аулауды жүргізу ережелерін сақтауын және рұқсат етілген балық түрлерін аулағанын бақылауды арнайы уәкілетті орган іске асырады.

Уәкілетті орган немесе оның аумақтық органдары ғылыми мекемелермен келісе отырып, балық аулау мақсатының басталуын ертерек немесе кеш мезгілге, алайда балық аулау маусымы жалғасатын жалпы мерзімнен 15 күнтізбелік күннен асырмай белгілеу туралы шешім қабылдай алады.

Бекітілген лимиттен асыра балық аулағаны үшін,балық қорына келтірілген залалды өтеу қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

 

5.Жануарлар дүниесін  қорғау және пайдалану туралы  заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық.

 

Жануарлар дүниесі обьектілерін сақтау мақсатында тыйым салынады:

  • Өсімдіктерді жою және жануарларлың тіршілік ету ортасының жай күйін нашарлататын басқа да әрекеттерге:
  • Жануарлардың ұялары мен індерін бұзып, қиратуға, жұмыртқаларын жинауға:
  • Көбею маусымында балықтардың уылдырығы және суда жүзетін құстардың жаппай ұя салу орындары деп белгіленген орындарда моторлары оталуы катерлермен,моторлы қайықтармен және басқа да жүзгіш құралдармен жүзуге;
  • Уәкілетті органмен келіспестен жабайы тұяқты жануарлар мен топтық құстардың мекенінен ұшақтардың,тікұшақтардың және өзгн де ұшатын құралдадың бір километрден төмен ұшуына:
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінсіз сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін алып қоюға:
  • Жануарлар дүниесі объектілерін жануарлар дүниесін пайдалану рұқсаттамасында көрсетілген мерзімдерден тыс уақытта және белгіленген лимиттен артық аулауға:
  • Жануарлар дүниесі объектілерін аңшылық және балық аулау ережелерінде көзделмеген құралдар, әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы аулауға:
  • Жануарлар дүниесі объектілерін жарылғыш заттар мен улы химикаттар қолдана отырып аулауға:

Уәкілетті органның рұқсатынсыз жануарларды жерсіндіруге және будандастыруға,сондай-ақ қайтадан көндіктірілген жануарларды алып қоюға тиым салынады.

Егер осы аталған талаптар орындамаса,экологиялық кодексте көзделген жауапкершілікке тартылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14 дәріс   Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың экологиялық-құқықтық режимі.

1. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың  түсінігі, негізгі принциптері.    

2. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың құрылуы.       

3. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды қорғау және күзету.

4. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың  жекеленген түрлерінің түсінігі  және еркшеліктері.

 

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың түсінігі, негізгі принциптері.    

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аймақтар және мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасы Конституциясына негізделеді және «ҚР ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы» заңынан, ҚР Экологиялық Кодексінен және басқа да нормативтік құқықтық актілердан тұрады. Бұл заңдар ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды және мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілерін құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтіру, орнықты пайдалану және басқару жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттеп отырады.

     Ерекше қорғалатын табиғи аймақ -  ерекше қорғау режимі бекітілген мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілері және жер, су және олардың үстіндегі әуе кеңістігі, табиғи кешендер орналасқан аймақ.

     Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың  табиғи кешендері дегеніміз –  қорғалуға жататын, биологиялық әртүрлілік пен өлі табиғат обьектілерінің жиынтығы.

     Мемлекеттік табиғи-қорық қоры  – мемлекеттік қорғауға алынған, аса экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени  және рекреациялық құндылығы  бар қоршаған орта обьектілерінің  жиынтығы.

      Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар  және ондағы экологиялық, ғылыми, мәдени маңызы бар қоршаған  орта обьектілері ҚР ұлттық  құндылығы болып табылады.

      Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар  саласындағы негізгі принциптерге  мыналар жатады:

- ерекше  қорғалатын табиғи аймақтарды бірегей және кәдімгі ландшафттарды, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен қалпына келтіруді қамтамассыз ететін биологиялық жүйенің компоненті ретінде дамыту;

- ерекше  қорғалатын табиғи аумақтарды  мемлекеттік реттеу мен бақылау;

- мелекеттік табиғи-қорық қорын және экологиялық жүйелерді сақтау;

- ерекше  қорғалатын табиғи аймақтарды  ғылыми, мәдени, ағартушылық, білім  беру және туризм мақсаттарында  пайдалану;

- ерекше  қорғалатын табиғи аймақтарды  пайдаланудың ақылы болуы;

- ерекше  қорғалатын табиғи аймақтар саласындағы ҚР заңнамаларын бұзған үшін жауаптылық;

-ерекше  қорғалатын табиғи аймақтардағы  мәселелерді шешуге жеке жіне  заңды тұлғалардың қатысуы;

- ерекше  қорғалатын аймақтартарда ақпараттың  қолжетімділігі;

- ерекше  қорғалатын аймақтарда халықаралық ынтымақтастық;

   

               Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың құрылуы.       

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерінің маңыздылығына қарай мемлкеттік және жергілікті болып бөлінеді.

Қорғаудың құру мақсаты мен режим түріне байланысты республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аймақтар төмендегідей түрлерге бөлінеді:

1. мемлекеттік  табиғи қорықтар;

2. мемлекеттік  ұлттық табиғи парктер;

3. мемлекеттік  табиғи резерваттар;

4. мемлекеттік зоологиялық парктер;

5. мемлекеттік  ботаникалық бақта;

6. мемлекеттік  дендрологиялық парктер;

7. мемлекеттік  табиғи ескерткіштер;

8. мемлекеттік  қорық зоналары;

Құру мақсатына және қорғау режиміне байланысты жергілікті ерекше қорғалатын табиғи аймақтар мынадай түрлерге бөлінеді:

1. мемлекеттік  аймақтық табиғи парктер;

2. мемлекеттік  зоологиялық парктер;

3. мемлекеттік  ботаникалық бақтар;

4. мемлекеттік  дендрологиялық парктер;

5. мемлекеттік  табиғи ескерткіштер;

6. мемлекеттік  табиғи қорықтар;

Мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік аймақтық табиғи парктер заңды тұлға болып табылады және мемлекеттік мекеме түрінде құрылады. Табиғат қорғау мекемелеріне жер учаскелері тұрақты пайдалану құқығымен беріледі. 

     Жағымсыз сыртқы әсерлерден қорғау  және ерекше қорғанысты қамтамасыз  ету үшін мемлекеттік табиғи  қорықтардың, мемлекеттік ұлттық  табиғи парткредің , мемлекеттік  табиғи резерваттар мен мемлекеттік  аймақтық табиғи парктердің айналасында  күзет аймақтары орнатылады. Аталған аймақтардың ішінде осы ерекше қорғалатын объектіге қандай да болса нұқсан келтіретін әркеттерге тыйым салынады. Мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттар мен мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің күзет аймағы аумағында табиғат пайдалану мөлшері, шекарасы, режим түрлері және тәртібі оларды құру жөніндегі жаратылыстану- ғылыми және техникалық экономикалық негіздермен анықталады және заңда белгіленген тәртіппен облыстардың атқарушы органдарының шешімдерімен белгіленеді.

    Бұл ретте меншік иелері мен  жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің  шекаралары бойынша немесе табиғи  географиялық межелер бойынша  белгіленетін және сол жерлерде  арнаулы белгілермен белгіленетін  күзет аймағының ені екі километрден кем болмауға тиіс.

    Мемлекеттік қорық аймақтары  мен мен мемлекеттік табиғи  қаумалдардың аумағы шегінде  осы ерекше қорғалатын табиғи  аумақтардың экологиялық жүйелерінің  және оларда орналасқан мемлекеттік  табиғи-қорық қоры обьектілерінің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметті шектеу меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне ауыртпалық болып енгізіледі және бұл жерге орналастыру құжаттамасында ескеріледі.

Жер учаскелерін ерекше қорғалатын табиғи аймаққа енгізу жөніндегі шешім

- республикалық  мәндегі ерекше қорғалатын табиғи  аймақ үшін - өкілетті органның  ұсынысымен ҚР үкіметі тарапынан;

- жергілікті  мәндегі ерекше қорғалатын аймақ  үшін - өкілетті органмен келісе  отырып, облыстық атқарушы органдар (республикалық мәндегі қалалар, астана) тарапынан қабылданады.

Ерекше қорғалатын табиғи аймақ жерлері, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілері орналасқан өзге де категориядағы жер учаскелері мемлкеттің меншігі болып табылады, сол себепті жекешелендіруге жатпайды.

Ерекше қорғалатын табиға аймақтардың жерін алуға және жердің өзге категорияларына ауыстыруға жол берілмейді.

Ерекше қорғалатын табиғи аймақ жерінде оның мақсатына сай келмейтін кез келген әрекетке тыйым салынады.

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға жауапты мемлекеттік органдар әр территория үшін бекітілген үлгідегі паспорт дайындап, өкілетті органда оны тіркейді.

Ерекше қорғалатын табиғи аймақ паспортында мынадай нәрселер көрсетілуге тиіс:

- ерекше  қорғалатын аймақтың атауы, оның түрі мен категориясы;

- ерекше  қорғалатын табиғи аймақты құрған  немесе кеңейткен мемлкеттік  органның акті атауы, нөмірі және  оны қабылдау мерзімі;

- ерекше  қорғалатын аймаққа жауапты мемлекеттік  органның атауы;

- ерекше  қорғалатын аймақты күзетке алған заңды тұлға статусын иеленбеген мекеменің атауы;

- ерекше  қорғалатын аймақтың орналасу  орны туристік инфрақұрылымы, географиялық  координаталары, шекара сипаты, оның  аумағы мен күзет зонасы белгіленген  карта-схемасы;

- рұқсат  берілген және тыйым салынған қызмет түрлері, ерекше қорғалатын аймақтарда жекелеген қызмет түрлерін шектеу;

жұмыс режимі, кіру ережесі, рекреациялық ауыртпалық;

           

                Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды қорғау және күзету.

Информация о работе Экологиялық құқықтың пәні