Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 17:29, лекция
Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.
Экологиялық құқық объектісі дәстүрлі көзқарас тұрғысынан алып қарағанда қоғам мен табиғат саласында қалыптасқан өзара әрекеттерінің қоғамдық қатынастары болып табылады. В.В.Петровтың пайымдауынша – Экологиялық құқық объектісі қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады... олар табиғи объектілерді қорғау мен табиғи ортаны түгелдей қорғауға қатысты пайда болады және дамиды.
Ерекше қорғалатын табиғи аймақта немес соған бөлінген арнайы зоналар мен учаскелерде күзеттің келесі түрлері енгізілген:
Мемлекеттік табиғи-қорық қорындағы табиғи кешендердің табиғи қалыбын, сондай-ақ кез келген шаруашылық қызметке тыйым салатын қорық режимі;
Жылдың маусымына қарай шаруашылық немесе өзге де қызметке тыйым салуды көздейтін тапсырыс режимі;
Шаруашылық қызметті реттейтін режим – табиғи кешендерді пайдалануды шектейтін, сондай-ақ жер учаскелері иелері мен жерді пайдаланушылар тарапынан қандай да болсын зиян келтірмейтін әдіс-тәсілдерді қарастырады.
Қоршаған ортаға әсер ететін зиянды әрекеттердің алдын алу мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аймақта қорғау мен күзет жүзеге асырылуы мүмкін.
Күзетке:
Аумақты шолу (патрулирование), соның ішінде жер және әуе көлігін пайдалану арқылы ҚР заңнамасына бұзушылықтың алдын алу мақсатын көздейді;
өрттің алдын алу, байқау, сөндіру;
суды ластанудан, қоқыстанудан, сарқылудан қорғау;
Қорғауға мыналар жатады:
Судың зиянды әсерінің алдын алу және жою;
өсімдіктерді қорғау, зиянды жәндіктер мен ауруларды дер кезінде байқап,олармен күресу, орманды тазалық мақсатында отау;
тұрғындардың тазалық-эпидемиологиялық жағдайын мен ветеринарлық моноторингті қамтамасыз ету, эпидемиялар мен эпизотиялардан сақтандыру мақсатында жануарлар санын бақылау:
жерді эррозиядан қорғау.
Ерекше қорғалатын табиғи
Мемлекеттік табиғи қорық – табиғат қорғау және ғылыми мекеме статусы бар ерекше қорғалатын аймақ. Оның мақсаты болып табиғи процестер мен құбылыстарды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің обьектілерін, жануарлар мен өсімдіктердің жекелеген түрлерін, экологиялық жүйелердің бірегей және кәдімгі түрлерін сақтау, зерттеу және қалпына келтіру табылады. Мемлекеттік табиғи қорықтарының негізгі қызметіне мыналар жатады: мемлекеттік табиғи қорығының және оның күзет аймағының биологиялық әртүрлілігін қалпына келтіру мен қорғау режимін қамтамассыз ету; экологиялық жүйелер мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілеріне мониторинг пен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру; экологиялық-ағартушылық қызметті жүргізу; мемлекеттік табиғи қорық және оның күзет аймағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми және шектеулі туристік мақсатта пайдалануды реттеу және т.б.
Мемлекеттік табиғи қорықтың бүкіл аумағында қорықтық қорғау режимі белгіленеді және мынадай іс әрекеттерге тиым салынады: аймақтың гидрологиялық режимін өзгертетін іс әрекеттерге; мемлекеттік табиғи қорықтың қызмет етуіне байланысты емес құрылыстарды, жолдарды, құбырларды және басқа да коммуникацияларды салуға; геологиялық барлау жұмыстарына және пайдалы қазбаларды өндіруге; жануарларды ұстау мен жоюға, олардың мекен ету ортасын бұзуға; зиянкестермен, жануарлар мен өсімдіктердің ауруларына қарсы химиялық, биологиялық әдістерді қорғауға; үй жануарларын айдап өтуге.
Мемлекеттік ұлттық табиғи
Мемлекеттік табиғи резерват
– табиғи кешендер мен онымен
байланысты табиғи және тарихи-
Мемлекеттік табиғи резерват
территориясы әртүрлі қорғау
мен пайдалану режиміндегі
Мемлекеттік зоологиялық парктер – табиғатты қорғау, мәдени ағартушылық, ғылыми, оқытушылық, жануарлардың генофондын сақтау мен оларды жасанды ортада өсіру мақсатында құрылған, табиғат қорғаушы және ғылыми мекеме статусы бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ. Мемлекеттік зоологиялық парктер төмендегідей аумақтарға бөлінеді:
1) Экспозициялық;
2) Ғылыми;
3) Қоғамдық;
4) Әкімшілік және өндірістік-шаруашылық.
Мемлекеттік ботаникалық бақ - өсімдік
әлемін, сонымен қатар сирек
Мемлекеттік дендрологиялық
Мемлекеттік табиғат ескерткіші – мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілеріне жатқызылған, экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық мағынада жекеленген қайталанбайтын, орны тлолтырылмайтын, құнды табиғат кешендері орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аймақ.
Мемлекеттік табиғи
Мемлекеттік қорық аумағы –
күзет режимінің
15 дәріс Халықаралық экологиялық құқық
1. Халықаралық экологиялық
Адамдардың табиғаттқа барған сайын тигізер әсері соншалық, қоршаған ортаны қорғау мәселесі адмадардың өмірін де сақтаумен байланысты болып отыр. Осыған байланысты саяси, экономикалық, идеологиялық және құқықтық тәсілдерді пайдалана отырып экологиялық мәселені шешу басты сауал болып отыр.
Экологиялық мәселелерді шешу тек бір ғана мемлекеттің немесе елдің қарастыруымен шектелмейді, олар бүкіл әлемдік сипатқа ие. Әлемдік экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі халықаралық ұйымдарға бірігу, халықаралық қарым-қатынсты дамытумен тығыз байланысты.
Қоршаған ортаны қоғауға байланысты әлемдік тұрғыдан табиғатты қорғау барынша көп мемлекеттердің өзара тығыз қатынас орнатпайынша мүмкін емес. Табиғат баршаға ортақ, оның заңы жалпыға тән. Ол мемлекеттік немесе әкімшілік территориялық шектеуді білмейді. Ұлттық тұрғыдан табиғатты қорғауға байланысты іс әректтер жасау сонымен қатар басқа да ұлттар мен халықтардың іс-әрекеттерімен үндес болуы керек.
Әлемдік қоғамдастық табиғатты қорғауға байланысты үлкен үлес қосады, өз үлесін сонымен бірге Қазақстан Республикасы да қосуда. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай делінген: жалпыға тән халықаралық нормалар мен қағидалардың, халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады делінген.
Қазақстан Республикасы халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болып табылады. Қазақстан қоршаған ортаны қорғау аясында табиғатты қорғау мәселелері бойынша басқа мемлекеттермен белсенді өзара әрекеттер жасауда. Біріккен Ұлттар Ұйымының толыққанды мүшесі ретінде Қазақстан табиғатты қорғауға байланысты басқа да мемлекеттермен бірігіп нәтижелі әрекеттер жасауда. Қазақстан 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының “Дүниежүзілік конференцияларды тұрақты дамыту” жөніндегі Рио-де – Жанейро декларациясына қол қойды. Ол декларацияда қоршаған ортаны қорғау және дамыту мәселесі, оның ішінде табиғаты тез бұзылуға тән мемлекеттер қарастырылған. Бұл мемлекеттер әлемдік тұрғыдан экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі қорғауды қажет етеді.
2004-2015 экологиялық қауіпсіздік
тұжырымдамасында
1992 жылы бекітілген Рио-де – Жанейро декларациясында тұрақты дамудың принциптерінің негізгі бағыттары ретінде:
Халықаралық келсімдердің прақтикалық тұрғыда жүзеге асуы;
Қоршаған табиғи ортаны бағалаудың сапасы мен бақылаудың жалпыға ортақ әдісін, критерин және процедурасын шығару;
Экологиялық зерттеуді барынша жетілдіру;
Экологиялық мәселелерді шешу кезінде халықаралық тәжірбиелерді қолдану;
Экологиялық бағадарламалар мен тұжырымдамаларды қаржыландырудың халықаралық ұйымдардан қаржы тарту болып табылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық қатнастарды барынша дамыту үшін қабылданатын барлық бағдарламалар мен түжырымдарда халықаралық қарым-қатынас мәселелерін алдыға қойған жөн. Осы айтылғандардардың барлығы тағыда халықаралық тұрғыда қоршаған табиғи ортаны қарғау қажеттігін көрсетеді. Халықаралық әріптестіктің қалыптасып серпінді дамыған бағыты болып – қоршаған табиғи ортаны халықаралық құқықтық қорғау болып табылады.
Сонымен халықаралық экологиялық құқық дегеніміз – субъектілердің қоршаған табиғи ортаны ұтымды пайдалану және оны қорғауға байланысты қоғамдық қатнастарды реттейтін халықаралық құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Халықаралық экологиялық құқықтың өзіндік құқтық реттеу пәні – ол халықаралық экологиялық қатынастар яғни олар өзінің мазмұны бойынша басқа қатынастардан әсіресе ішкі заңнамадан халықаралық әріптестік бойынша ажыратылады. Жалпыға тән халықаралық құқықтық нормалар мен қағидалардан берілген құқықтық құрлым экологиялық құқықтық қатнастарды реттеуде өзгешелігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар өзіндік қайнар көздердің болуы да ерекшелендіреді олардың қатарына конвенция, шарт, келісім, халықаралық ұйымдардың резалюциясы және тағы басқа.
Егер ішкі экологиялық құқық тек бір ғана мемлекеттің еркін білдірсе, ол халықаралық экологиялық құқық өзара ортақ екі немесе одан да көп мемлекеттердің не халықаралық ұйымдардың еркін білдіреді. Екеуінің бір-біріне түйісуі кезінде басымдық әрине халықаралық экологиялық құқықтың нормаларына берліледі.
Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық құқытың пәндік ерекшеліктері ретінде мыналарды белгілеуге болады:
Қоршаған ортаға әсерін тигізетін зияндарды шектеу;
Табиғи ресурстарды пайдаланудың экономикалық жағынан мақсаттылығы;
Ескерткіштерді халықаралық құқықтық қорғау;
Мемлекеттің қоршаған ортаға байланысты ғылыми-техникалық құрлыстарын реттеу;
Әрбір құқық саласының өзіне тән ерекшелігінің бірі оның олдыға қайған мақсаттарына жету үшін белігі бір бағыт-,бағдар ұстану болып табалыды. Ол бағыт-бағдар – қағида болып табылады. “Принцип” латын тілінен аударғанда негіз, бастма деген мағына білідеді. Халықаралық экологиялық құқытың қағидалары дегеніміз – ол субъектілердің қарым-қатынасын реттейтін заңды бекітілген халықаралық экологиялық құқтың бастауы болып табылады.
Халықаралық экологиялық құқытың қағидасы – барлық субъектілерге міндетті болып табылатын халықаралық экологиялық құқықтық норма болып табылады.
Әрбір мемлекет өзінің қоршаған ортаcына байланысты кез келген әрекет жасаған мезгілде өзінің қағидаларымен қатар жалпыға ортақ халықаралық экологиялық қағидаларды басшылыққа алған жөн. Бір мемлекеттің зиянды әрекеті басқа мемлекеттің де қоршаған табиғи ортасына әсер ететіндігін ұмытпау керек. Бұл жерде негізгі басшылыққа алынатын қағидалар ретінде мыналар болады: мемлекеттің егемендігін сыйлау, мемлекеттердің теңдігі, территориялық қол сұғылмаушылығы және тұтастығы, өзара әріптестік, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, халықаралық құқықтық жауапкершілік. Халықаралық деңгейде қағидалардың алғашқы көрініс табуы ол 1972 жылы «Адамды қоршаған табиғи орта мәселесі туралы» Стокгольм декларациясында баяндалған болатын. Онда негізгі үш қағида баяндалған: