Экологиялық құқықтың пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 17:29, лекция

Краткое описание

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.
Экологиялық құқық объектісі дәстүрлі көзқарас тұрғысынан алып қарағанда қоғам мен табиғат саласында қалыптасқан өзара әрекеттерінің қоғамдық қатынастары болып табылады. В.В.Петровтың пайымдауынша – Экологиялық құқық объектісі қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады... олар табиғи объектілерді қорғау мен табиғи ортаны түгелдей қорғауға қатысты пайда болады және дамиды.

Файлы: 1 файл

лекции.doc

— 419.50 Кб (Скачать)

Біріншісі кез келген мемлекет өз ресурстарын ұлттық саясатқа сәйкес жүзеге асыруына құқылы, бірақ ол басқа мемлекеттердің қоршаған табиғи ортасына зиянды болмауы керек;

Екінші қағида кез келген табиғи ресурс ауа, табиғи байлық, жер, су, флора, фауна  және тағы басқалар бүгінгі және болашақ  ұрпақ үшін сақталып пайдалануы керек;

Үшінші қағида ол сарқылатын табиғи ресурстар барынша үнемді және халықаралық деңгейде барынша пайда әкелуі керек;

Бұдан басқа қағидалардың қатарына 1988 жылы 28-қазанда БҰҰ-мен мақұлданған «Дүниежүзілік табиғат хартиясы», БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының  45 сессиясында мақұлданған «Глобальді климатты бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін сақтау» резалюциясы және тағы да басқа конвенцияларда әр түрлі қағидалар көрініс тапқан. 2007 жылы 9-қаңтарда қабылданған жаңа экология кодексінде жоғарыда аталған халықаралық келісімдердің қағидалары орын алған.

Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінде Қазақстанның  қоршаған табиғи  ортаны қорғауға байланысты халықаралық келсімдер жасаудың келесідей қағидалары баяндалған:

Халықаралық міндеттемелерді өз еркімен орындау;

Мемлекеттің табиғи ресурстарын өндіру кезінде егеменді құқығын құрметтеу;

Табиғи ресурастарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер етуде ұлттық мүддені көздеу;

Басқа мемлекет пен елдерге келтірілген зиян үшін мемлекеттің жауапкершілігі;

Оңтайлы шаралар қолдану мен абайлылық;

Жергілікті, ұлттық және дүниежүзілік қатнастарда өзара көмек;

Зиян келтірген тараптың жауаптылығы;

 

  1. Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көзі

Халықаралық экологиялық құқықта қайнар көзді екі мағынада түсінуге болады:

      1. Материалдық мағынада;
      2. Формальдық мағынада;

Бірінші жағдайға тоқталсақ халықаралық экологиялық құқықтық қатынастың материалдық мағынадағы қайнар көзі дегеніміз – қоршаған табиғи ортаны пайдалануға және ұтымды қолдануға байланысты дүниежүзілік қоғамдастық мүшелерінің еркін айтамыз.

Ал формалдық мағынада халықаралық экологиялық құқықтық қатынастың қайнар көзі дегеніміз – негізгі басшылыққа алынатын құқықтық нормаларды айтамыз. Олар шарттар, келсімдер, конвенция, резалюция және тағы басқалар. Кейбір жағдайда сонымен қатар белгілі бір мемлекеттің ұлттық заңдарыда қайнар көз қатарына жатады.

Қоршаған табиғи ортаны халықаралық құқықтық қорғау аясындағы орталық қайнар көз ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының резалюциялары орын алады:

«Табиғатты қорғау және экономикалық даму» 1962 жыл 18-желтоқсан;

«Жердің табиғатын сақтауға байланысты мемлекеттің бүгінгі және болашақ ұрпақ алдында тарихи жауапкершілігі» 1980 жыл.

Қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғаудың қайнар көзі ретінде шарттардың орны ерекше. Қазақстан Республикасының 30.05.2005 жылы қабылданған «халықаралық шарттар туралы» заңында халықаралық шарттарды жасасудың, қолданудың өзгертудің және тоқтатудың тәртібі баяндалған. Халықаралық шарттар екіге бөлінеді:

    1. Екі жақты;
    2. Көп жақты;

Шарттарды реттеу пәніне байланысты үшке бөлуге болады:

    1. Қоршаған ортаны қорғауға жанама қатысы бар шарттар;
    2. Қоршаған ортаны қорғаудан басқа бірақ, кейбір табиғи обьектілер мен ресурстарға қатысы бар шарттар;
    3. Тұтастай қоршаған ортаны қорғауға байланысты шарттар;

Келесі қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғауының көлемді қайнар көзі болып конвенциялар табылады. Конвенцияға қосылу біраз шығын шығартады, мысалы мүшелікке өтуге байланысты, бірақ оның пайдасы өте көп. Себебі көптеген конвенцияларға қосылу арқылы әртүрлі мемлекеттерден қолдау көрсетіліп, көмектер беріледі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы көптеген конвенцияға қосылып оларды ратификациялаған.

Тағыда бір жеке топ ол қоршаған табиғи ортаны халықаралық құқықтық қорғауға байланысты келсімдер табылады. Кесімдер түрлері: екі жақты, көп жақты, мемлекет аралық, аралас (халықаралық ұйымдардың қатысуымен), үкіметаралық, ведомства аралық, глобалді, регионалді, субрегионалді, табиғи ортаның барлық элементтерін қамтитын немесе жекелей элементтерін қамтитын болып бөлінеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Ресей, АҚШ, Канада, Англия, Турция, Япония, Қытай және тағы басқа мемлекеттермен қоршаған табиғи ортаны қорғауғам байланысты түрлі келісімдерге отырған.

Қайнар көз ретінде әдет-ғұрыптар мен хаттмалар да табылады. Мысалы «Мұнаймен қоршаған ортаны былғағаны үшін азаматтық жауапкершілік туралы» халықаралық конвенцияның хаттмасы 1969 жыл Лондон. Халықаралық шарттар болмаан жағдайда мемлекеттер арасында дау әдет-ғұрып арқылы шешуге болады. Мысалы әдет-ғұрып қағидасы ретінде көрші мемлекеттің табиғатына зиян келтірмеуді жатқызуға болады.  

 

  1. Халықаралық экологиялық ұйымдар

Бүгінгі таңда халықаралық қатнастарда халықаралық ұйымдардың алатын орны өте үлкен әрі маңызды болып табылады. Оның себебі осы ұйымдар арқылы көптеген қоршаған ортаны қорғауға байланысты мәселелер төңірегіндегі даулы жағдайлар бейбіт жолмен шешуге қол жеткізіледі. Ол әсіресе екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өте жоғары қарқын дамып қазіргі кезде әлемде көптеген халықараралық ұйымдар қызмет істеуде. Халықаралық экологиялық байланыс кезінде Біріккен Ұлттар Ұйымының әсіресе оның мамандандырылған бөлімдерінің  ролі жоғары болып табылады. Адамды қоршаған табиғи ортаны қорғау осы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысынан шығады.

Халықаралық ұйым дегеніміз – халықаралық шартқа байланысты құрылған, бір мақсатқа жету үшін тұрақты органдарыдары бар, мүше мемлекеттердің мүддесін көздейтін мемлекеттердің бірлестігі болып табылады.

Халықаралық ұйымдарды қарастыратын өкілеттігіне байланысты былай жіктеуге болады:

Тек қоршаған орта мәселесімен айналысатын ұйымдар;

Табиғаттың жекеленген объектілерімен айналысатын ұйымдар (жер, су, космос, атмосфералық ауа және т.б.)

Функционалды атқаратын қызметіне байланысты ұйымдар: ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-ағартушылық, ғылыми-ақпараттық, құқықшығармашылық-консультативтік және тағы басқа.

Пәндік жіктеуден басқа халықаралық ұйымдар құқықтық статусына және өкілеттігінің қолдану аумағына байланысты бөлінеді. Қолдану аумағына байланысты: глобальді және региональді болып бөлінеді.

 

 

1 Петров В.В. Экологическое право России М.,1995. 56 б.

2 Бекишева С.Д  Экологическое право Республики Казахстан: Оқу құралы. Қарағанды 2001, 9-10 б.

3 Ерофеев Б.В. Экологическое право М.,1998 99 б.

4 Аксененок Г.А. Методы правового регулирования земельных отношений в СССР Общая теория советского земельного права. М., 1983, 107-108 б.

5 Петров В.В. Концепция экологического права как правовой общности, науки и учебной дисциплины. (ММУ Хабаршысы. 1987.№5. 37-38 б.

6 Алексеев С.С. Государство и право начальный курс. М., 1994,.83 б.

7 Бринчук М.М. Шығ. Көрсетілген 171 б.

8 Бринчук М.М. Шығ. көрсетілген  207-208 б.


Информация о работе Экологиялық құқықтың пәні