Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 23:34, курсовая работа
Инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұраныстың артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіруге болады, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр.
Кіріспе.......................................................................................................................3
Ломбардтардың теориялық аспектілері......................................................5
Ломбард мәні мен маңызы......................................................................5
Ломбард туралы ережелер мен лицензиялау тәртібі............................7
Шет елдердегі ломбард қызметі.............................................................9
Ломбардтардың қызметін талдау...............................................................12
2.1. Ломбардтардың қызметіне сипаттама....................................................12
2.2. Ломбардтардың қызметін ұйымдастыру және көрсеткіштерін талдау.................................................................................................................18
Қазақстан Республикасындағы ломбардтардың жұмысын жетілдіру...27
Қазақстан Республикасыныңломбард қызметіндегі мәселелер................................................................................................27
Ломбард жұмысын жетілдіру жолдары...............................................29
Қорытынды............................................................................................................34
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................36
Қосымшалар...........................................................................................................37
Айналымдағы ақшаның шектен тыс көбеюінен тауарлар мен қызметтерге жалпы сұраныстың өсуін сұраныс инфляциясы деп атайды. Немесе кейбір оқулықтарда көп кездесетін сұраныс инфляцияның анықтамасы бойынша: «... шектен тыс көп ақшаның тым аз тауар санына аңға шығуы». Классикалық экономикалық теория оқулықтарында сұраныс инфляциясының себептерін былай деп тұдырымдайды:
Сұраныс инфляциясының басқа да себептері болуы мүмкін. Ол әр елдің экономикасының дамуына байланысты. Қазақстандағы қазіргі кезде сұраныс инфляциясының негізгі көзі болып отырғандар: шетел валюталарының елге көп келуі (мұнай, газ, минералды шикізаттар сатудан), банк секторының, үлкен өндірістік бірлестіктердің сыртқы қарыздарды көп алуы, екінші деңгейдегі банктердің шектен тыс валюта айырбасын жүргізуі (бұл айналымға қосымша ақша шығумен бірдей) сияқты себептер. Бұл экономиканың біржақты, шикізат өндірумен дамып келе жатқандығының белгісі. Экономиканы әртараптандырып қана келтірілген сұраныс инфляциясының себептерін жоюға болады.
Шығарылатын өнім мен
көрсетілетін өнім өлшемінің қымбаттауына
байланысты тауар мен қызметтердың
бағасының өсуін шығын
Сұраныс және шығын инфляция экономиканың дамуына, әсіресе оның макро- және инфрақұрылымдарына, оларға ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларының тұрақтылығына байланысты түрлі жылдамдықпен дамиды. Бұл өз кезегінде инфляцияны келесі үш негізгі түрге жіктеуге құқық береді [1,14б] :
- Баяу инфляция- оған
тұтыну бағасының орташа
Сондықтан коптеген дамыған елдерде баяу инфляцияның деңгейін 1-2,5%-дан төмен түсірмейді[22,35б].
-Қарқынды инфляция- бұл
жағдайда бағаның орташа
-Ұшқыр инфляция (гиперинфляция).
Әр елде ұшқыр инфляцияның
критерийі әр түрлі. Нарық
Гиперинфляция- экономикадағы
терең дағдарыстың белгісі. Ақшаның
құнсыздануы сонша тез
Қазақстанда бағаның ең көп шарықтауы 1992 жылы 3060%, 1993 жылдың қарашасында бір айлық инфляция деңгейі 56% болды. Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша 1992-1993жж. Экономикадағы жағдай гиперинфляцияға жақын.Ал батыс экономистерінің сипаттауы бойынша Қазақстанда 1992-1994жж. Гиперинфляция болды.
1.3. Инфляцияның айқындалу формалары
Бүгінгі танда инфляция негізінен көп факторлы құбылыс ретінде анықталады. Инфляцияның монетарлық және монетарлық емес факторларының әсерінен бағаның жалпы өсуін біртұтас инфляциялық процесс деп қарастырады. Бұл орайда инфляцияның шығу себептері күрделі шиеленіс үстінде болып, шешуші фактор ретінде алға біреуі немесе бірнешеуі алмасып шығып отырады. Нарықтық экономикада инфляция айқындалу формасы бойынша бөлінеді. Қазіргі уақытта инфляцияның мынадай түрлері қалыптасқан: ашық, тұқыртылған (подавленная), сырттан әкелінген, күтілетін, баға біркелкі өсетін және біркелкі өспейтін, стагфляциялық. Инфляцияның аталған айқындалу формаларын қарастырайық.
Ашық инфляция жинақталған ұсыныс пен жинақталған сұраныс арасындағы теңсіздіктен туатын және бағаның жалпы деңгейінің өсуімен айқындалатын инфляция. Бағаның өсу қарқынына байланысты бұл инфляция: баяу, қарқынды немесе ұшқыр инфляцияға айналуы мүмкін.
Тұқыртылған (байланған) инфляция баяу немесе қарқынды инфляция формаларымен айқындалады. Нарық экономикасы жағдайында үкімет инфляцияны теңгеру үшін айналымдағы ақша массасын қысқарту, еңбекақы және басқа төлемдерді уақытынан кешіктіру, бюджеттік ұйымдарды шектеу сияқты шаралар жүргізеді. Бұл жағдайда айтып отырған инфляция үлкен төлемдік борыштармен, шаруашылық жүргізу барысында «бартердің» кең дамуымен, өндірістің құлдырауымен сипатталады. Орталықтандырылған экономикада тұқыртылған инфляция тауар тапшылығымен, қажетті тауарларға бағаның өсуімен, алып-сатар нарықтардың пайда болуымен айқындалады. Осынын бәрі ақшаның құнсыздануына, тұқыртылған инфляцияның дамуына әкеледі.
Сырттан әкелінген немесе импортталған инфляция елдегі шектен тыс тауарлар импортына және ішкі нарыққа шетел валютасының көп құйылуына байланысты. Жергілікті тауарлардың тапшылығына байланысты шетелдің тауар өндірушілері өз тауарларына бағаны жоғарылатады да, импортталған тауарлармен нарыққа бағасы өскен импорттық бағалар келеді. Сонымен қатар импорттық тауарларды «шоп-туристтер» де әкеледі. Бұл да ішкі нарықтағы тауарлардың бағасының өсуіне ықпалын тигізеді. Шетел валютасының экономикаға көп құйылуы ақша айналымын долларға түсіріп, оны тұрақсыздандырып бағаның өсуіне әкеледі. Банкілер мен айырбас орындарынан сатып алынатын шетелдік валюта тауарлардың және көрсетілетін қызметтер бағасының сомасын арттырады. Ал оның ақшалай баламасы ішкі нарықта сұраныс инфляциясын күшейтеді.
Күтілетін инфляция- болашақ шығындардың өсуін күту нәтижесінде тауарлар мен қызметтердің ағымдағы бағасын өсіріп сату. Күтілетін инфляция тауар өндірушілерге болашақта сатып алынатын шикізаттар, материалдар, жабдықтаушы құралдардың өсім бағасын ағымдағы сатылатын тауар мен қызметтердің бағасына қосып сатуға мәжбүр етеді. Осылайша болашақта бағаның өсуін күту тауардың, қызметтердің ағымдағы инфляциясының көзі болуы мүмкін, әсіресе қарқынды және гиперинфляция жағдайларында. Бұл инфляцияға негізінен адам баласына тән психологиялық фактор әсер етеді.
Стагфляцияда тауарлар мен қызметтер бағасының жалпы деңгейінің жоғарылауымен қатар, өндіріс өнімдерінің, көрсетілген қызметтердің көлемі төмендейді, яғни олар қарама қарсы бағытта өзгереді. Экономистер стагфляция себептерін әр түрлі түсіндіреді. Осыған қатысты мынадай пікірлер бар:
2. Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау
2.1. Қазақстан Республикасындағы инфляция даму ерекшеліктері
Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай-ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде, инфляцияның басты факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
Қазақстандағы және басқа да ТМД елдеріндегі қазіргі инфляцияның себептеріне: 30-жылдардан басталған өндіріс құралдары мен тұтыну заттары өндірісінің дамуындағы аяқ асты орын алған сәйкессіздік; қорғанысқа кететін үлкен шығыстар; Қазақстандағы өнеркәсіптердің өндіру салалары мен ауыл шаруашылығының дамуына салынған капитал жұмсалымдарының тиімсіздігі; баға белгілеудегі қателік пен бағаның өзіндік құннан өте көп мөлшерде алшақ болуы. Бағаны ырықтандырмайынша нарықтық қатынастар өту мүмкін еместігінің салдарынан, бағаның бірден өсуі инфляцияға жол берілді.
Қоғамдық өндіріс
құрылымы қаржы баға жүйелерін
анықтайды. Өндірісте диспропорциялар
қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде
де сәйкессіздіктер пайда болады.
Қазақстанда қалыптасқан
1993 жылы бұрынғы кеңестік республикалардың “егемендіктер парадының “ басталуы және эканомикалық жағдайларға ешқандай дайындықтардың болмауы Қазақстанда өте ауыр әлеуметті-эканомикалық жағдайларға әкеп соқтырды. Өндіріс көрсеткіштері іс жүзінде экономиканың барлық сферасында құлдырады. Мұның бәрі шоқырақтау инфляциясымен қатарласа жүріп 1994 жылдың жазында гиперинфляцияға өсіп жетті. Саяси және экономикаллық себептер 1993 жылдың қараша айында республиканы жедел түрде ұлттық валюта – теңгені ендіруге мәжбүр етті, оның өзі алғашқы тоғыз ай ішінде аса тездікпен салмағын “ жоғалтып “ жатты. Осындай қиын жағдай бір мезгілде эканомиканы ырықтандырумен қоса қатаң монетарлық саясатты жүргізуге бағыт берді.
Қазақстан Республикасында 1992-ші жылға дейін жасырын инфляция басым болып, ол кейінірек ашық қарқынды инфляциялық сипатқа ие болып, сосын ұшқыр инфляцияға айналды. Республикада 1993-ші жылы инфляция 2260 % құраса ,1994 -те - 1258, ал 1 995-тің аяғында “ теңге” тұрақтана бастап , инфляция төмендеді және 60,3 % - ға қысқарды. Инфляция 1996-шы жылы 28,7% -тың маңында болса, 1997-ші жылы – 11,2 %, 1998-ші жылы- 1,9 %, 1999-шы жылы - 17 ,8 %, 2000- ші жылы – 9,8 құраса, ал 2003-ші жылыдың аяғында 5,9-ға тұрақтады (1-график)