Ломбардтардың теориялық аспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 23:34, курсовая работа

Краткое описание

Инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұраныстың артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіруге болады, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3

Ломбардтардың теориялық аспектілері......................................................5
Ломбард мәні мен маңызы......................................................................5
Ломбард туралы ережелер мен лицензиялау тәртібі............................7
Шет елдердегі ломбард қызметі.............................................................9

Ломбардтардың қызметін талдау...............................................................12
2.1. Ломбардтардың қызметіне сипаттама....................................................12
2.2. Ломбардтардың қызметін ұйымдастыру және көрсеткіштерін талдау.................................................................................................................18
Қазақстан Республикасындағы ломбардтардың жұмысын жетілдіру...27
Қазақстан Республикасыныңломбард қызметіндегі мәселелер................................................................................................27
Ломбард жұмысын жетілдіру жолдары...............................................29


Қорытынды............................................................................................................34

Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................36

Қосымшалар...........................................................................................................37

Файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ.doc

— 695.00 Кб (Скачать)

Жоспар

 

Кіріспе.......................................................................................................................3

 

  1. Ломбардтардың теориялық аспектілері......................................................5
    1. Ломбард мәні мен маңызы......................................................................5
    2. Ломбард туралы ережелер мен лицензиялау тәртібі............................7
    3. Шет елдердегі ломбард қызметі.............................................................9

 

  1. Ломбардтардың қызметін талдау...............................................................12

2.1.  Ломбардтардың қызметіне сипаттама....................................................12

2.2. Ломбардтардың қызметін ұйымдастыру және көрсеткіштерін талдау.................................................................................................................18

  1. Қазақстан Республикасындағы ломбардтардың жұмысын жетілдіру...27
    1. Қазақстан Республикасыныңломбард қызметіндегі мәселелер................................................................................................27
    2. Ломбард жұмысын жетілдіру жолдары...............................................29

 

 

Қорытынды............................................................................................................34

 

Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................36

 

Қосымшалар...........................................................................................................37

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың  көбінде  сұраныстың артуынан  қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда  болған елдегі баға  деңгейінің жалпы өсуі.

Инфляцияның негізгі  себептері: ақша тауарларды  сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіруге болады,  яғни  ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның  өсуі – тауарға  сұраныстың  оның ұсынысынан артық болуымен  байланысты.

Курстық жұмыстың зерттеу  пәні – кез-келген нарықтық экономикаға  тән үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, оның туындау себептері мен салдары, онымен күресу жолдары, Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны.

Курстық жұмыстың өзектілігі: «Инфляция: түсінігі, түрлері мен туындау себептері» тақырыбы қазіргі экономикалық жағдайда өзекті проблемалардың бірі болып саналады, бұл мәселе экономикалық ғылымда маңызды орын алып отыр, себебі инфляция көрсеткіштері және оның әлеуметтік-экономикалық салдары кез-келген мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің деңгейін айқындайды және бүкіл әлемнің экономикасын бағалауда маңызды роль атқарады. Инфляция дүние жүзіндегі  көптеген  елдердің экономикалық  өміріндегі  ең өткір проблемалардың бірі. Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады. Инфляция қалыпты инвестицияларды тартуға және теңгенің нақты толық айырбасталымдылығын жүргізуге кедергі келтіреді және ол сатып алушылардың сатып алу қабілеттігін одан әрі төмендетеді. Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты: инфляция түсінігін толығымен зерттеп, оның түрлері мен типтерін ашып көрсету, инфляцияға қарсы әдістерді қарастыру және туындау себептерін толығымен анықтап, оған баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіріп, инфляция қарқынының бәсендету шараларын көрсету, Қазақстан Республикасындағы инфляциялық ерекшеліктерін талдай отырып, оның болашақтағы перспективаларын анықтау.

Осы    мақсатқа    сәйкес    курыстық    жұмыста    келесі    міндеттер    қойылады:

- Инфляцияның теориялық  аспектілерін зерттеп, оның негіздері  мен себептерінің мән-мағынасын  ашу;

- Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсері мен олардың салдарын анықтау;

- Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау мен ерекшеліктерін айқындау;

- Мемлекеттің инфляцияға қарсы шараларын жүргізу барысында инфляция салдарын нейтрализациялау;

- Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.

Курстық жұмыс кiрiспеден және үш тараудан тұрады. Бiрiншi тарау        “Инфляцияның теориялық аспектілері” деп аталады, онда жалпы инфляцияның мән-мағынасы анықталынды, оның түрлері мен айқындалу формалары қарастырылуда. Екiншi тарау “Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау ” деп аталады, бұл жерде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бері келе жатқан инфляциялық қарқыны зерттелінді, сонымен қатар осы инфляцияға қарсы мемлекеттің қандай шаралары бары екендігін анықталды. Үшінші тарауда “Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар” қарастырылады. Курстық жұмыс, сонымен қатар қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшалардан  тұрады.

Курстық жұмысты жазу барысында отандық әдебиеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің деректері, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер  мен мерзімді басылымдар қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Инфляцияның теориялық аспектілері

 

1.1. Инфляция мәні мен  пайда болу себептері

 

Инфляция- ақшаның құнсыздануынан тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің көтерілуін сипаттайтын құбылыс. Бүгінгі таңдағы экономикалық әдебиеттерде инфляцияға көбінесе осындай анықтама берілген. Ақшаның құнсыздануы, оның сатып алушылық қабілетінің азаюы ерте заманнан белгілі. Оның пайда болуын монета түрінде алғашқы ақшаның шығуымен байланыстырылады. «Inflatio»  (инфляция) – ежелгі медицина саласындағы ұғым. Оның мағынасы латынша  Inflatio – «іштің қампиюы, ісініп өсуі» деген түсінік береді. Дүниежүзілік экономикалық әдебиеттерде бұл түсінікті бірінші рет қолданған американ экономисі А.Делман. Ол 1864 жылы Нью-Йорк газетінде АҚШ-тың Федералдық үкіметінің Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж.) айналымға алтынға айырбасталмайтын көп мөлшерде қағаз ақшалар (green backs) шығарғанын сынап жазған. Ақшаның осындай шектен тыс көбеюін А.Делмар «Inflatio» («вздутие бумажного пузыря») деп атады. Кейіннен бұл ұғым ақша массасының тым көп өсуі мағынасында Еуропа елдерінің (Франция, Ұлыбритания, Германия) қаржыгерлері мен банкирлерінің арасында қолданалып, XX ғасырдың басынан бастап экономикалық әдебиеттерде орын ала бастады.

Медальдің екі жағы сияқты, ақша мен инфляция өзара тығыз  байланысқан ұғымдар. Инфляцияны кредиттік  ақшаның «сырқаты» деп айтуға болады. Ерте заманда, алтын монетамен  сауда-саттық кезінде, инфляция өте сирек кездесетін құбылыс болған (тосын жағдайларда, мысалға, соғыс кезінде немесе жоғарыда айтылғандай құндылығы төмен ақша айналымға түскен жағдайда), яғни бағалар ұзақ уақыт тұрақтылығын сақтаған.

И.Фишердің айырбас теңдеуі MV=PQ инфляцияның «феноменін» бірінші рет түсіндіре бастады. Бұл теңдеу бойынша айналыстағы ақша массасы сатылған тауар көлеміне тең болуы тиіс. Алтын монеталық ақша айналымы кезінде бұл шарт «автоматты» түрде орындалды. Өйткені ол кезде айналымға тек қана сауда-саттық жүргізуге қажетті алтын ақша мөлшері болды. Тауар азайған уақытта артық ақша «қазына» ретінде жинақталып, «алтын сандықтарда» сақталды. Қажетті тауар көбейіп, ақшаға сұраныс өскенде, сақталған алтын ақшалар қайтадан айналысқа түсіп, тауар бағасының тұрақтылығын ұстады. Алтынға толық айырбасталатын қағаз ақша айналымында да осылай баға тұрақтылығы сақталып отырды.

Алтын монеталық стандарт жойылғаннан кейін ақша айналымында  мүлдем басқа жағдайлар орын алды. Айналымға алтынға айырбасталмайтын қағаз ақшалар шығарылды. Бұл алтын монета айналымы кезінде И.Фишердің теңдеуі бойынша инфляцияға қарсы «автоматты» механизмнің іс-әрекетін тоқтатуға әкелді. Қағаз ақшаларды қазына, байлық ретінде жинақтап бір жерде сақтаудың ешқандай мәні болмады. Ішкі тауар айналымында артық ақшалар айналымда сақталып қала берді, ақшалар ағымы мен тауар арасындағы тепе-теңдік бұзылды. Осының бәрі өз кезегінде экономикада инфляцияның орын алуына әкеліп соқты.

К.Маркстің классикалық  анықтамасы [10,79б] бойынша: «...ақша- тауардың айырбас құны, ол тауардың өзіндік құнынан бөлінген, бірақ ол өз бетінше жеке тауар» деп айтқаны инфляцияның шығу тегін түсінуге шамалы болса да жарық түсіреді. Егер осы берілген анықтаманы негізге алатын болсақ, онда ақша тауардық құнынан бөлініп шығуымен бірге, өзінің өзіндік құнынан айырылған тауар. Сондықтан бүгінгі таңдағы ақша алтын монеталық дәуірдегі ақша айналымы сияқты жинақталу немесе қайтадан айналымға түсіп, кеңею қасиеттерінен «автоматты» түрде айырылған. Сұраныстан жоғары мөлшердегі қағаз ақша тауар айналымын толтырып, өз кезегінде тауарлар мен қызметтердың бағасының өсуіне әкеліп соғады. Бағаның өсуі инфляцияның алғашқы айқын көрінісі болып табылады. Қазіргі таңдағы инфляция феноменінің мән-мағынасын осылай түсіндіруге болады.

Инфляция күрделі әлеуметтік-экономикалық феномен, оның пайда болу себептері көбінесе бір жақты айтылмайды. Бірақ инфляцияның негізгі пайда болу себептерін экономикадағы барлық нарықтарда (тауар, ақша, тұтынушылық қызметтер, т.б. нарықтарда) бір уақытта сұраныс пен ұсыныстарының арасындағы баланстың бұзылуынан (сұраныстың артуынан) деп есептейді[3,370б]. Басқа сөзбен айтқанда, инфляция- экономикадағы баланстың тепе-теңдік жоқтығының нәтижесінде, ЖҰӨ құндық өлшемінің және оның табиғи құрамының (шикізат, материалдар, отын, қуат көзі, капитал) арасындағы сәйкессіздіктің белгісі.

Қоғамдық өнімнің құндық және табиғи-заттай құрылымы арасындағы сәйкессіздік себептері туралы аз еңбек жазылған жоқ[13,120б]. Экономистердің пікірі бойынша Ресей экономикасының макроэкономикалық құрылымы (сол сияқты Қазақстан экономикасы да) ашық түрде инфляцияға бейімделген болатын.Бұған сол кездегі ауыр өнеркәсіптің жеңіл өнеркәсіпке қарағанда аса зор дамуы, өндіруші өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібімен салыстырғанда үлес салмағы көп артықшылығы, тауар өндірісінің тауар айналымынан, оны халыққа жеткізуден үнемі алда болуы, жалпы инфрақұрылымдардың барлық түрлерінің даму деңгейінің аса төмен болуы дәлел болды.

Үйлесімсіздіктер материялдық  өндіріс саласындағы және ұлттық табыс бөлудегі сәйкессіздіктің  нәтижесі болатын. Халықтың табысы өсіп, оларды материялдық жағынан қамтамасыз ету мүмкіндіктері артта қалып қойды. Бұл тауарлар мен тұтыну қызметтері бағасының өсуіне және сатып алу қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқты.

Алайда бағаның өсуі айналымдағы тек қана ақшаның  шектен тыс көп болуынан болған жоқ. Бағаның үнемі өсу процесі XX ғасырдың басынан байқалды (XIX ғасырда тауарлар бағасының өсуі мен төмендеуі үнемі алмасып отырған). Барлық дамыған капиталисттік елдерде тауарлар мен қызметтер бағасының деңгейі XX ғасырда елеулі түрде өсті (мысалға, АҚШ-та бөлшек сауда бағасы 17 есе өсті). Ғалым-экономистер бұл құбылысты олигополистік бағаның қалыптасуынан деп есептейді.

Бағалардың тұрақты  түрде өсуіне: экономистердің айтуынша өндірістің және сұраныстың үнемі өзгеріп, өсіп отыруы, болашақ инфляцияны күту салдарынан тауарлық келісімшарттардың қымбаттауы, әлемдегі экономикалық саяси ахуалдың тұрақсыздығы себеп болды. Сонымен бағалардың өсуі бір жағынан өндірістің даму, өсу себептерінен болса, екінші жағынан сол тауарларға деген ұсыныстан туды. Соңғысында тауарлар мен қызмет бағаларының өсуі нарықтың өндіріс шығындарына және тауарлар мәмілесі құндарының жоғарылауына жауап ретінде болды.

 

 

1.2. Инфляцияның түрлері  мен типтері

 

Экономикада инфляциялық  құбылыстардың шығу себептері және оларды дамытуға ықпалын тигізетін барлық факторларды талдай отырып, экономистер инфляцияны сұраныс инфляциясы және шығын инфляциясы деп екі типке бөледі. Экономикалық әдебиеттерде бұларды кейде инфляция түрлері, пайда болу тәсілдері және т.б. атаумен атайды. Бірақ сұраныс, шығын инфляциясы деген ұғымдар олардың мәнін, тегін толық ашады. Өйткені әрқайсысы экономикадағы инфляциялық құбылыстарды туғызатын факторлардың жиынтығы болып табылады. Сұраныс инфляциясы- өндірістің макроэкономикалық құрылымының жетілмеуінен, нарықтың аймақтық құрылым талаптарына сәйкес орналаспау салдарынан пайда болатын (нарық өндірісі, тұтыну өндірісі, ақшамен қамтамасыздандыру және т.б.) үрдіс. Шығын инфляциясы XX ғасырдағы барлық капитализм дәуіріне тән, бағаның шарықтауына және оның қалыптасуына олигополиялық орталықтардың әсерін, кәсіпорындардың пайда табу үшін бағаны өсіру үрдістерін көрсетеді.

Кейде макроэкономикалық  деңгейде инфляцияның үш типі қарастырылады: классикалық, нарықтық және тепе-теңсіздік (дисбалансовый)[11,142б]. Классикалық инфляция деп қағаз ақшалардың аса көп шығарулуына байланысты айналым саласында олардың шектен тыс көбеюін айтады; нарықтық инфляцияға шығарылған қағаз ақшалардың сомасы тұрақты болған жағдайда айналымдағы тауар массасының қысқаруы жатады; дисбаланстік инфляция типіне: экономикалық дамудың циклдік сипатынан шығатын макро- және микродеңгейде қалыптасқан үйлесімсіздіктерден туатын баға деңгейінің өсуін жатқызады. Инфляцияның типтерін бұлай үшке бөлудің негізіне сұраныс және шығын инфляцияларының факторлары алынған.

Информация о работе Ломбардтардың теориялық аспектілері