Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 23:34, курсовая работа
Инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұраныстың артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіруге болады, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр.
Кіріспе.......................................................................................................................3
Ломбардтардың теориялық аспектілері......................................................5
Ломбард мәні мен маңызы......................................................................5
Ломбард туралы ережелер мен лицензиялау тәртібі............................7
Шет елдердегі ломбард қызметі.............................................................9
Ломбардтардың қызметін талдау...............................................................12
2.1. Ломбардтардың қызметіне сипаттама....................................................12
2.2. Ломбардтардың қызметін ұйымдастыру және көрсеткіштерін талдау.................................................................................................................18
Қазақстан Республикасындағы ломбардтардың жұмысын жетілдіру...27
Қазақстан Республикасыныңломбард қызметіндегі мәселелер................................................................................................27
Ломбард жұмысын жетілдіру жолдары...............................................29
Қорытынды............................................................................................................34
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................36
Қосымшалар...........................................................................................................37
1-график
Инфляция көрсеткіштері 1993-2003жж.
Ескерту: ҚР Статистика жөнінде агенттігі
Тұтастай алғанда 2004 жыл Қазақстан экономикасында елеулі инфляциялық аяның сақталуымен сипатталды, ал соңғы бірнеше жылда жекелеген салаларда баға өзгерістері барынша жоғары болды. Осы кезеңде (2003 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2004 жылғы желтоқсанда) тұтыну бағалары 6,7% ұлғайды (соңғы 4 жыл ішінде олардың өсуі 6,4-6,8% аралығында қалыптасты). Өндіруші кəсіпорындардың өнеркəсіп өнімдері бағаларының өсуі соңғы 5 жылда ең жоғары деңгейде қалыптасып, 23,8% жетті. Жүк тасымалдары тарифтерінің өсуі 11,4% (соңғы 4 жылдағы ең жоғары деңгей) болды. Ауыл шаруашылығы өнімінің бағалары 4,0%, құрылыста – 5,6% өсті. Бағалар 6,3% төмендеген бір ғана сала заңды тұлғаларға байланыс қызметін көрсету болды (2-график).
2004 жылғы 4-тоқсанда тұтыну тауарлары секторында, өнеркəсіптік өндірісте (өсу тиісінше 2,8% жəне 2,6%) жəне заңды тұлғаларға байланыс қызметін көрсетуде (төмендеуі 6,6%) бағалардың айтарлықтай қозғалысы байқалды, басқа секторларда бағалардың өзгеруі 1,0%-дан аспады.
2-график
2005 жылғы 4-тоқсанда
өткен тоқсанмен
2006 жылғы 4-тоқсанда өткен тоқсанмен салыстырғанда азық-түлік тауарлары бағасының маусымдық жоғарылағаны байқалды, бұл ретте инфляция деңгейі 2,4% деңгейінде қалыптасып, 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өзгерген жоқ. Тұтыну бағаларының құрылымында бағалардың негізгі өсуі азық-түлік тауарларына жəне ақылы қызметтерге тиесілі - тиісінше 2,7% жəне 2,5%. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 4-тоқсанда 1,7% қымбаттады (3-график).
Жылдық көрсеткіштегі инфляция қазан-желтоқсанда жоғарылау үрдісін көрсетіп, желтоқсанның аяғында 8,4%-ға (2005 жылғы желтоқсанда – 7,5%) жетті. Бұл ретте 2006 жылы азық-түлік тауарлары 7,3%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 7,1%, ақылы қызмет көрсету 11,6% қымбаттады (2-график). Жылдық көрсеткіште жеміс-көкөніс өнімдерінің, бензиннің, қанттың, көлік қызметінің бағасы көбірек өсті.
3-график
2007 жылы инфляциялық үдерістер əр түрлі бағыттағы сипатта болды. 1-жартыжылдықта жылдық инфляция 2006 жылғы желтоқсандағы 8,4%-дан 2007 жылғы мамырда 7,6%-ға дейін төмендеді. Алайда 2007 жылғы екінші жартыжылдықта инфляциялық үдерістер күшейе түсті. Тұтыну нарығындағы бағаның ең жоғары өсуі қыркүйек – желтоқсан аралығындағы кезеңде белгіленді.
Нəтижесінде 2007 жылы жылдық инфляция соңғы 7 жылдың ішінде өзінің ең жоғары мəніне жетті (18,8%). Бұл ретте орташа жылдық инфляция Ақша-кредит саясатының 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттарында айқындалған болжалды дəлізден 8,2%-9,2% асып, 10,8% деңгейінде қалыптасты.
2007 жылы инфляциялық қысымның күшеюіне ықпалы бірнеше жылға созылған түбегейлі факторлар ғана себепші болған жоқ, сонымен қатар күйзеліс сипатындағы сыртқы факторлардың да ықпалы күшті болды.
2007 жылдың екінші жартыжылдығында Қазақстанда экономикалық өсу біршама бəсеңдеді, бұл кен өндіру өнеркəсібі, құрылыс жəне қаржы қызметі сияқты салалардағы өсу қарқынының бəсеңдеуінен туындады. Экономикалық белсенділіктің төмендеуі қысқа мерзімді өтімділіктің жетіспеуі салдарынан банк секторындағы кредиттік қызметтің тұралауы аясында жүрді.
2008 жылы Қазақстанның макроэкономикалық дамуы өткен жылдары жинақталған тəуекелдерді іске асыруды көрсетті. Бұл ретте тəуекелдер қаржы секторында да, сондай-ақ нақты секторда да көрінді. 2008 жылы əлемдік экономиканың бəсеңдеуімен, бағаның əлемдік тауар нарықтарында 1-жартыжылдықта айтарлықтай өсуімен жəне 2-жартыжылдықта барынша түсуімен, сондай-ақ бірқатар мемлекеттерде валюталардың құнсыздануымен күрделілене түсті. Осыған қарамастан елдегі экономикалық өсу сақтала тұрса да оның қарқыны айтарлықтай төмендеді.
ЖІӨ-нің нақты өсуі бағалау бойынша 2,5%-ды құрады. Бұл ретте құлдырау өңдеу өнеркəсібі (2008 жылы 2,6%) ауыл шаруашылығы (5,6%) сияқты салаларда көрінді. Экономиканың басқа салалары бойынша өндіріс көлемінің өсу қарқынының баяулағаны байқалды. Мəселен, 2008 жылы өндіріс тау-кен өнеркəсібінде 5,3%, құрылыста – 1,8%-ға ұлғайды, бөлшек сауда айналымы 3,6%, жүк айналымы – 5,5% өсті.
Экономиканың нақты өсуінің бəсеңдеуі, банк секторының кредиттік қызметінің стагнациясы, əлемдік тауар нарықтарында қалыптасып отырған конъюнктураға байланысты қазақстандық экспорттың негізгі тауарларына бағаның төмендеуі Қазақстандағы іскерлік белсенділіктің төмендеуіне себепші болды. Кəсіпорынның іскерлік белсенділігінің негізгі көрсеткіштерінің ішінде 2008 жылғы 2-жартыжылдықта белгілі болған жұмыссыздықтың өсуін, халықтың кірістерінің азаюын, Қазақстан кəсіпорындарының өнеркəсіптік өніміне бағаның өсу қарқынының бəсеңдеуін атап көрсетуге болады.
Қазақстан экономикасында осындай үрдістердің қалыптасуы инфляцияның бəсеңдеуіне себепші болды. 2008 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция деңгейі 9,5%-ды құрады.
2009 жылы Қазақстанда инфляция қарқынының тұрақты төмендеуі байқалды. 2009 жылдың қорытындылары бойынша инфляция 6,2% деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның бұл деңгейі 2008 жылғы инфляциямен салыстырғанда 1,5 есе төмен.
Жоғары емес іскерлік белсенділік, банктердің кредиттік белсенділігінің тоқырауы, халықтың нақты ақшалай кірістерінің өсу қарқыны, шектеулі тұтынушылық сұраныс экономикадағы инфляция аясының төмендеуінің негізгі факторлары болып табылады.
Осыған қарамастан 2009
жылы Қазақстандағы
2009 жылы Ұлттық Банк ресми қайта қаржыландыру ставкасын 10,5%-дан тарихи ең төмен деңгей – 7,0%-ға дейін бірте-бірте төмендетті. 2009 жылғы наурызда ішкі міндеттемелер бойынша 2%-дан 1,5%-ға дейін жəне басқа да міндеттемелер бойынша 3%-дан 2,5%-ға дейін банктерге ең аз резервтік талаптар төмендетілді. Борышты қайта құрылымдау үдерісіндегі банктердің ағымдағы өтімділігін қолдау үшін 2009 жылғы қарашада осы банктердің барлық міндеттемелері бойынша 0% мөлшерінде АЕК жеке нормативтері белгіленді.
Қабылданған шаралар қаржы нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Банктер тарапынан Ұлттық Банктің ресурстарына сұраныс қысқарды, ал өтімділікті алу бойынша операциялардың көлемі ұлғайды. Нəтижесінде банктер Ұлттық Банктің құралдарында өтімділіктің елеулі көлемін жинақтады, ал осы уақытта экономиканы кредиттеудің өсуі болған жоқ.
Осы жағдайда Ұлттық Банк ақша-кредит саясатының құралдарына кейбір өзгерістер енгізді. Банктерден тартылған депозиттер жəне Ұлттық Банктің шығарылған қысқа мерзімді ноталары бойынша мерзімдер ұлғайтылды жəне ставкалар төмендетілді.
2010 жылғы 4-тоқсанға жəне тұтастай алғанда 2010 жылға инфляция болжамын бағаласақ 2010 жылғы 4-тоқсанда инфляцияның нақты қалыптасқан деңгейі 2,4%.
Бағаның негізі өсімі 2010 жылғы 4-тоқсанда азық-түлікке жатпайтын тауарларға тиесілі болды. Олардың құрылымында жеміс-жидек, сүт өнімдерінің, май жəне тоң майдың, жұмыртқа, қанттың қымбаттауын атап көрсетуге болады. Өткен жылдардың динамикасын талдай отырып, жемістің жəне көкіністің, сүт өнімдерінің жəне жұмыртқаның қымбаттауы осы кезеңге тəн екендігін атап өткен жөн, өйткені бұл маусымдылық факторымен байланысты (4-рафик).
4-график
Тұтастай алғанда, 2010 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанда инфляциялық үдерістердің қалыптасуы ақылы қызмет тарапынан ықпалдың тұрақты төмендеу үрдісі жəне азық-түлікке жатпайтын тауарлар тарапынан күшеюі аясында жүрді. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тарапынан əсер 2010 жылы қалыпты болды.
5-график
Жылдық көрсетуде инфляцияның нақты деңгейі 2010 жылдың қорытындысы бойынша (7,8%) Ұлттық Банк белгілеген 6-8% мақсатты дəліз шеңберінде қалыптасты (5-график ).
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі көрсеткіштеріне талдау жасау
2011 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қалыптасып отырған макроэкономикалық алғышарттарға бара-бар жылдық инфляцияның төмен деңгейін ұстап тұруға бағытталған ақша-кредит саясатын жүзеге асыруды өз қызметінің басым бағыты деп айқындайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-кредит саясатының негізгі мақсатын баға тұрақтылығы деп айқындағанына қарамастан, инфляциялық таргеттеу ұстанымдарына көшу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының құралдары ретінде пайыздық ставкалардың тиімділігін көтеруге байланысты анағұрлым ұзақ болашаққа көшіріледі.
Ақша-кредит саясаты құралдарының тиімділігін жетілдіру мен көтеру және қабылданған шаралардың ақша нарығының жай-күйіне ықпалын бұдан әрі күшейту бойынша жұмыс жалғастырылады.
Теңгенің айырбастау бағамы ауытқуының
белгіленген дәлізінің
Бұл ретте басқарылатын өзгермелі валюта бағамы режиміне көшу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемеден босатпайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шаралары үнемі өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етуі мүмкін ұлттық валютаның нақты бағамының біршама ауытқуларын болдырмауға бағытталады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңге бағамының икемділігін көтеру мақсатында валюталық нарықта өзінің қатысуын бұдан әрі төмендетуге талпынатын болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
пайыздық саясаты нарық ставкаларын
қысқа мерзімді құралдардың ақша
нарығында Қазақстан
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі күш-жігері банктердің өтімділігін алып тастау жүзеге асырылатын ставкалар дәлізінің төменгі шекарасын (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылатын банктердің депозиттері бойынша ставкалар) анағұрлым икемді реттеуге шоғырландырылады. Оған қоса, ставкалар дәлізінің төменгі шекарасын өзгерту орта мерзімді кезеңге болжанатын инфляцияның динамикасымен айқындалады. Дәліздің ең жоғарғы шекарасы болып табылатын ресми қайта қаржыландыру ставкасы ақша нарығындағы ағымдағы жағдайды және инфляция деңгейін ескере отырып айқындалатын болады.
2011 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мерзімдері мен шарттарына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операциялары бойынша ставкаларды саралау туралы мәселені қарайды.
Екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі қысқа мерзімді ноталары мен депозиттері қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеудің, сондай-ақ банктердің артық өтімділігін айықтырудың негізгі құралдары болып қалады.
Қысқа мерзімді ноталардың эмиссиясы мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығын қолдауға, мерзімі 1 жылға дейінгі қаржы құралдары бойынша қисық кірістілікті қалыптастыруға бағытталады. 2011 жылы ақша нарығындағы өтімділік жағдайы түбегейлі өзгермейді. Осыған байланысты қысқа мерзімді ноталардың айналыс мерзімін қазіргі деңгейде – 3 және 6 ай ретінде қалдыру болжанып отыр.
Қажет болғанда, Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі банктердің қысқа
мерзімді өтімділігін қолдау үшін қайта
қаржыландыру заемдарын береді.
Бұл операциялардың мерзімі қысқа
болады. Бұл ретте Қазақстан