Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 23:34, курсовая работа
Инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұраныстың артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіруге болады, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр.
Кіріспе.......................................................................................................................3
Ломбардтардың теориялық аспектілері......................................................5
Ломбард мәні мен маңызы......................................................................5
Ломбард туралы ережелер мен лицензиялау тәртібі............................7
Шет елдердегі ломбард қызметі.............................................................9
Ломбардтардың қызметін талдау...............................................................12
2.1. Ломбардтардың қызметіне сипаттама....................................................12
2.2. Ломбардтардың қызметін ұйымдастыру және көрсеткіштерін талдау.................................................................................................................18
Қазақстан Республикасындағы ломбардтардың жұмысын жетілдіру...27
Қазақстан Республикасыныңломбард қызметіндегі мәселелер................................................................................................27
Ломбард жұмысын жетілдіру жолдары...............................................29
Қорытынды............................................................................................................34
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................36
Қосымшалар...........................................................................................................37
Инфляцияға қарсы саясат инфляцияны қысқартуға бағытталған, экономиканы мемлекеттік реттеудің шаралар жиынтығы болып ұсынылады. Осы шараларды ұзақ мерзімді сипатта мақсаттар мен әдістерді енгізетін стратегиялық және қысқа мерзімді нәтижелер алуға бағытталған тактикалық деп бөлуге болады.
Инфляцияға қарсы стратегия ақша – несие, бюджеттік, радикалды ақша реформаларын өткізгенге дейін салықтық шаралардың кең жиынтығын көрсетеді.
Инфляцияға қарсы тактика ағымдағы инфляцияның қысым жасауын азайтатын қысқа мерзімді әрекет шараларын білдіреді. Оның әдістері сұранысты бірге өсірмей ұсынысты кенет көбейтуге мүмкіндік береді. Мысалы, бағалар мен жалақы қатынастарына қатаң бақылау (бағалар мен жалақының өсуін уақытша тоқтату), кәсіпкерлікті салықтық ынталандыру, өмірлік маңызы бар салалар мен өндірістерді мемлекеттік шаруашылық шығындарды қолдау.
Инфляцияға қарсы саясатты әзірлеудің шарты негізгі қайта өндіру механизмінде жатқан инфляция теориясының дамуы болып табылады. Ол деген – ұзақ инфляция факторын тежейтін шаралар анықталып және инфляцияға қарсы ұзақ мерзімді стратегияның әзірленуі керек.
Бұл жалпы шараларға төмендегілер жатады:
- Экономиканы сауықтыру, Қазақстан 2003 – 2015 жж. индустриалды – инновациялық даму стратегиясын (ИИДС) қабылдаумен және оны жүзеге асырумен экономиканың шикізаттық бағытынан жоғары технологиялы, бәсеке қабілетті экономикаға өтуге тырысады;
- Саналы инвестициялық саясатқа көшу. Қазақстан инвестициясының бір жақтылығынан зардап шегіп келеді, барлық шетел инвестицияларының 90%-ы шикізатқа, кен өндіру салаларына салынады. Осыған байланысты ИИДС-сы республикамыздың шетелдік және ішкі инвестициялардың маңызды бөлігін өңдеуші өнеркәсіпке бағыттауға ниет етіп отыр;
- Дәстүрлі емес тауарларды (тұрғын ұй, жер, бағалы қағаздар және т.б.) нарықтық айналымға белсенді тарту. Қазақстан тұрғын ұй бағдарламасын, ипотекалық бағдарламаны, жаңа Жер кодексін әзірлеумен тұрғын үй құрылысын, ипотека жүйесін дамытуға және тұрғын үй мен жерді нарықтық айналымға белсенді қосуға көңіл бөліп отыр;
- Қызмет көрсету нарығындамыту. Республикада бұл бағытта белсенді жұмыс жүріп жатыр. Инфрақұрылым, қызмет көрсету аясы (оның үлесі ЖІӨ-нің 50%-нан астамын құрайды) даму үстінде;
- Экономика мен қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын кіші және орта бизнесті дамыту. Бұл бизнес негізінен халық тұтынатын тауарлар өндірісінде және саудада, қызмет көрсету аясында болады. Ол мықты бәсекені қалыптастырады;
- Саналы қаржы – несие жүйесін құру. Бұл қатыста Қазақстанның белгілі бір жетістігі бар. Үнемі салық салуды, сақтандыруды, зейнетақымен қамтамасыз етуді жүзеге асырып отыратын, қазіргі заман талабына сай оның банк жүйесі бар.
Инфляцияға қарсы саясаттың формалары мен әдістері қайта өндірудің механизмдерімен қоса ақша – несие, бюджеттік, салықтық шаралардың кең көлемін көрсетеді. Ұлттық банк инфляцияға қарсы шаралар сияқты ақша айналымын реттеуде ашық нарықтағы операцияларды, қайта қаржыландарудың мөлшерлемелерін, міндетті резервтер нормаларын, пруденциалды нормативтердің бекітілуін өзіне қосатын ақша – несие саясатынқолданады. Ұлттық банк ақша массасының өзгерісіне қатаң бақылау жасап отырады, оның тауар жиыны мен қызмет көрсетудің сәйкестігіне тікелей және жанама әдістермен әсер етеді.
Ақша айналымының тұрақтылығы экономиканың тұрақты дамуын нақты білдіреді. Сондықтан неоклассикалық және экономиканың тұрақтылығы үшін ақша – несие және қаржылық шараларды қолдануға бағыттайды.
Ақша айналысын
Ақша айналысын тұрақтандыру шараларын сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі Кейнс теориясының өкілдері зерттейді) белсенді бюджет саясаты жүргізіледі - сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Ендеше, бұл жерде инфляция құны жоғары болмас үшін шығындарды қысқартып, салықтарды салу барысында өндірістің өсуі ескерілсе, яғни алдын-ала күрделі жоспар құрылып, нақты есеп жүргізілсе, жоғарыда аталған дағдарыс жағдайын бәсеңдетуге болар еді.
Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраным жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады.
Екінші әдістемені жаңа классикалық бағыттағы экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға ақша-несие арқылы реттеу әдісін қояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясаттты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталык банк айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.
Ақша айналысын қысқарту мақсатында келесі әдістерді белгілесек:
Инфляцияны басқаруды жақсарту шараларының бірі ретінде инфляциялық таргеттеуге үлкен мән беріледі.
Ұлттық Банктің негізгі міндеті ретінде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша-несие саясатындағы мүлдем жаңа айқындама Ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стадарттарына және инфляциялық таргеттеуге көшумен үйлеседі. Инфляциялық таргеттеу қағидаттарына дайындық және оған көшу ақша базасы бойынша мақсатты көрсеткіштерден біртіндеп бас тарта отырып, инфляция бойынша мақсатты көреткіштерге көшуді болжайды. Соңғы жылдары формалды мақсатты инфляциялық көрсеткіштерді белгілеуге негізделген ақша-несие саясаты өнеркәсібі дамыған елдерде ғана емес, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан елдерде де кеңінен қолданылуда. Инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерді қолданатын өтпелі экономикасы бар елдер қатарының өсуі осы жүйенің артықшылықтары бар екендігінің жанама белгісі болады.
Қазақстан бұл екі теорияны нақты экономикалық, әлеуметтік – саяси жағдайлар есебімен экономиканы тұрақтандыруда және ақша айналымында инфляциямен күрес жүргізуде қолдануға тырысады.
Ақша айналымын тұрақтандыруға және инфляцияны шектеуге ақша реформалары да бағытталған.
Сонымен, Қазақстанның Ұлттық банкі үшін инфляция негізгі мәселе болып қалмақ. Мемлекеттің Ұлттық банкі ортамерзімдік ақша-несие саясатынның негізгі бағыттарында белгіленген өзінің стретегиясын құруда және әсіресе монетарлық түрдегі шараларды орындауда және ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін жетілдіру жолында бірқатар жобаларды құрастыруда.
Қорытынды
Зерттеу жұмысының 1 – бөлімі «Инфляцияның теориялық аспектілері» деп аталады, онда мынадай мәселелер қарастырылды:
- Инфляция мәні мен пайда болу себептері
- Инфляцияның түрлері мен типтері;
- Инфляция салдары.
Инфляция- ақшаның құнсыздануынан тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің көтерілуін сипаттайтын құбылыс. Оның пайда болуын монета түрінде алғашқы ақшаның шығуымен байланыстырылады. Дүниежүзілік экономикалық әдебиеттерде бұл түсінікті бірінші рет қолданған американ экономисі А.Делман.
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әртүрлі диспропорцияға байланысты болатынын ескере отырып, оның негізгі пайда болу себептерін көрелік. Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін. Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Төртіншіден, ұлттық экономикалардың «ашыла» түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қауіпі артады. Бесіншіден, «инфляцияны тосу» деген жағдайда байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді.
Экономикада инфляциялық құбылыстардың шығу себептері және оларды дамытуға ықпалын тигізетін барлық факторларды талдай отырып, экономистер инфляцияны сұраныс инфляциясы және шығын инфляциясы деп екі типке бөледі. Сұраныс және шығын инфляция экономиканың дамуына, әсіресе оның макро- және инфрақұрылымдарына, оларға ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларының тұрақтылығына байланысты түрлі жылдамдықпен дамиды. Бұлдан біз инфляцияның үш негізгі түрге жіктеугін көреміз:
-Баяу инфляция (8-10%)
-Қарқынды инфляция(10- 100%)
-Ұшқыр инфляция (1000%-дан аса жоғары).
Курстық жұмыстың 2– бөлімі «Қазақстан республикасының инфляциялық жағдайын талдау» деп аталады, ол келесі бөлімшелерден тұрады:
-Қазақстан Республикасындағы инфляция даму ерекшеліктері
-ҚР инфляцияның қазіргі
кездегі көрсеткіштеріне
- Мемлекеттің
инфляцияға қарсы саясат
Онда Қазақстан
Инфляцияға қарсы саясат – инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген: дефяциялық саясат, кірістер саясаты.
Инфляция кезінде мемлекет
іс-қимылының екі нұсқасы
1. бейімделу саясатын
жүргізу инфляцияға бейімделу,
бұл кезде табыстарды, жалақыны,
пайыздық мөлшерлемелерді,
2. инфляцияны төмендету
немесе басу жөніндегі
Курстық жұмыстың соңғы 3- бөлімі «Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар»деп аталынады, ол келесідей мәселелер келтірілді:
-ҚР экономикалық дамуының 2011-2013 жылдарға арналған сценарийлік нұсқалар
-Инфляцияны бәсендету шаралары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйелі және теңдестірілген саясатты әзірлеу мақсатында кейінгі 3 жылға арналған орта мерзімді болжамдарды есепке ала отырып «Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының 2011-2013 жылдарға арналған сценарийлік нұсқалары» атты бағдарламаны қабылдады.
Ұлттық Банк қабылдаған ақша-несие саясатына сәйкес, ол 2011 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляцияны 6-8% мөлшерінде ұстап тұру жоспарлаған. Алайда, инфляциялық қысымның ұлғаюын және баға өсуінің жалпы әлемдік тенденциясын ескере отырып, Ұлттық Банк төрағасы Г.Марченко Ұлттық Банк инфляцияның деңгейі жөнінде болжамы өзгеру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ол жөнінде Г.Марченко осы жылдың наурыз айында өткен пресс-конференцияда жариялады. Ұлттық Банк төрағасы айтуынша, тек ақша-несие саясатымен жоспарланған инфляция деңгейін тежеу мүмкін емес. Қазіргі инфляцияның сипаты тек монетарлық қана емес, оған саудадағы, нақты сектордағы өндіріс үрдістері зор әәсерін тигізеді, ал оларды Ұлттық Банк реттемейді. Бұған жергілікті билік араласуы тиіс. Олар жергілікті бағалар көтерілуіне жол бермеуі керек. Үкімет тек жүйелі түрде шараларды қолданып, инфляция деңгейін тежеуге болады.