Инфляция әлеуметтік- экономикалық құбылыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 06:11, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Инфляция экономикаға және қоғамға кері әсерін тигізетін құбылыс болып саналады. Ол мынандай кемшіліктер тудырады: халықтың, кәсіпорындардың , мемлекеттің нақты табысын азайтады; ұзақ мерзімді инвестицияларды төмендетеді және несиені төмендетеді; халықтың жинақ кассасындағы салымдары құнсызданады; шаруашылықты басқаруды қиындатады.
Бұл тақырып ел экономикасы үшін маңызды болып саналады, сондықтан осы тақырып қазіргі жағдайда өзекті болып келеді.
Тақырыптың мақсаты: инфляцияға түсінік беру, оның маңызы мен экономикаға тигізетін әсерін қарастыру болып табылады. Инфляция кез келген экномика үшін жағымсыз болып келеді, оның не себептерге байланысты жағымсыз болатынын көрсету және инфляцияға қарсы қандай шаралар қолдану қажетттігін талдау табылады.

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс Гулдария.doc

— 1.64 Мб (Скачать)

2004 жылдың 1 –  жартыжылдығында жалпы сыртқы  борыш 12,7 % - ға өсіп, 25,8 млрд. долларды  құрады. Мемлекеттік  және мемлекет  кепілдік берген борыш бойынша   міндеттемелер 3,59 млрд. долларға  төмендеген кезде, сыртқы борыштың  өсімі банктердің және үлесіне  сыртқы  борыштың 86%-ы тиесілі, кепілдікпен қамтамасыз етілмеген республика  кәсіпорындарының заемдық операцияларымен толық қамтамасыз етілді.

Тұтастай алғанда, 2004 жылы (2004 жылғы желтоқсан 2003 жылғы  желтоқсанға) инфляция 6,7% деңгейінде қалыптасты. Соңғы жылдары инфляция деңгейі жыл соңындағы есептердің 6-7%-ы шегінде салыстырмалы түрде тұрақты төменгі деңгейде болды (2001 жылы - 6,4%, 2002 жылы - 6,6%, 2003 жылы- 6,8%). /7, 2б./

Тұтыну бағалары құрылымы бойынша неғұрлым жоғары деңгейде азық-түлік тауарлары -7,4%-ға қымбаттады, азық түлікке жатпайтын тауарларға және ақылы қызмет көрсетулерге бағалар мен тарифтер тиісінше 6,2%-ға және 5,9%-ға көтерілді.

2004 жылы инфляция  динамикасына тән ерекшеліктердің  ішінде барлық тұтыну тауарларына  және қызмет көрсетулерге бағаның өткен жылдардағыдай ерекшеленген «лидерлерсіз» іс жүзінде біркелкі өсуін атап айтуға болады. Бұдан басқа, теңге енгізілген сәттен бастап барлық жылдарда болған инфляцияның күтілетін маусымдық төмендеуінің орнына есептік жылдың жазғы айларында оның көтерілгендігі байқалды.

2004 жылы инфляция  орташа алғанда 6,9%-ды құрады (2003жылы - 6,4%). Оның деңгейі ақша-кредит  саясатының 2004-2006 жылдарға арналған  негізгі бағыттарында (2004 жылы орташа  алғанда 5-7%) және Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (2004 жылы орташа алғанда 5,6-7,0%) айқындалған болжам бағдарларының шегінде қалды. /7, 2б./

2004 жылдан бастап  Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын  жүргізу кезінде базалық инфляцияның көрсеткіштерін бағдарға алады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына сәйкес базалық инфляцияның есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі және оны Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі жүзеге асырады. Базалық инфляция есебінің бірінші әдістемесіне сәйкес тұтыну бағалары индексінен (ТБИ) көкөністерге, жеміс-жидектерге, жанармайға және көмірге бағаны алып тастау, ал екінші әдістеме бойынша - ТБИ-ден бағаның ең жоғары өсуін көрсеткен компонентті және бағаның неғұрлым төмендеуін көрсеткен 5 компонентті алып тастау көзделеді. /7, 3б./

2004 жылғы 11 айдың  қорытындылары бойынша базалық  инфляция екі әдістеме бойынша  5,8%-ды және 5,4%-ды, ал 2004 жылғы қаңтар-қарашада 2003 жылдың тиісті көрсеткіштерімен  салыстырғанда - тиісінше 6,5%-ды және 5,9%-ды құрады. /7, 3б./

Ақша-кредит саясатының 2004-2006 жылдарға арналған негізгі бағыттарында негізі қаланған 2004 жылға арналған базалық инфляцияның болжамы, бір  жылда орташа алғанда 4-6%-ды құрайтынын ескере отырып, өткен жылдың қорытындылары бойынша тұтастай алғанда болжанған деңгейден нақты деңгей шамалы ғана асатын болды. 

2005 жылы жылдық  инфляция деңгейі 7,5%-ға жетті  (2005 жыл желтоқсан 2004 жылғы желтоқсанға), алдыңғы жылдарға қарағанда біршама  өскен. /8, 2б./

Тұтыну бағаларының өсуінің басты себептері азық-түлік тауарларының қымбаттауы (8,1%-ға) және ақылы қызмет көрсетулері бағаларының өсуі (8,0%-ға). Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 5,9%-ға қымбаттады.

2005 жылы азық-түлік  тауарларының құрылымында бағалардың  жоғарылауы тіркелді: көкөніс пен жеміс-жидек – 23,1%-ға, күріш – 18,3%-ға, ет және ет тағамдары – 12,5%-ға, қант – 11,9%-ға, балық және теңіз тағамдары 11,0%-ға. /8, 2б./

Азық-түлікке  жатпайтын бағалар тобына да бағалардың өсуі байқалды. Олардың ішінде: киім-кешекке  – 8,8%, аяқ-киім – 7,0%-ға, баспа құралдарына – 5,7%, жанар-жағармай – 3,2%-ға қымбаттады.

Ақылы қызмет көрсету  құрылымында тұрғындық-коммуналдық  қызмет көрсету аясында баға 7,4%-ға жоғарылады. Оның себептері: газбен қамтамасыз ету – 34,5%-ға, тұрғын үйді қамтамасыз ету – 9,6%-ға, қоқыс шығару – 8,0%-ға қымбаттады. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде де 19,5%-ға қымбаттауы тіркелді, денсаулық сақтау – 7,2%-ға, жолаушылар көлігі – 6,0%-ға қымбаттады. /8, 2б./

Орта жылдық инфляция 7,6% құрады, 2005 жылғы мақсаттық межені асып түсті (5,2-6,9%). /8, 2б./

2006 жылғы инфляция  деңгейі жыл басынан бергі  уақытта дейін 8,4%-ға жетті.  Қазіргі таңда доллар девольвациясы  жалғасып тұр. Оның бағамы жыл  аяғына дейін 1=120 дәрежесіне жетуі  мүмкін. Мұндай жағдайда экспорттың  ақшаға шаққандағы (номинальді) көлемі ғана ұлғаяды. Ішкі жалпы өнімнің өсімі де сол деңгейден аспайды. Ал шын өсім бұл екі көрсеткіште мардымсыз болуы әбден ықтимал. Өйткені қымбаттаған теңге – тауардың өтімі, яғни сыртқы рыноктағы бәсекелестік қабілеті кемиді. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктер үлкен кері әсер етіп тұр. Дәлірек айтқанда олар, әсіресе, елдегі жарғылық қоры мол ірі үш банк шет елден жеңіл несиелер алып елге үлестіруін үдете түсуде. Бұл екі жақты зиянды. Біріншіден, Ұлттық Банк айналымдығы валюта мөлшерін азайту үшін оны сатып алуға мәжбүр болады. Демек, сақтық қордағы валюта мөлшері ұлғаяды, сол арқылы оның құнсыздануы өзінен-өзі жүріп, ұлттық қордағы номинальді қазына мөлшері теңгеге шаққанда азаяды. Демек, ұтыстан ұтылыс басым болып тұр. Мұндай жағдайда Ұлттық Банк теңгені үстеп қоректендіру (рефинансирование) тәсілін қолдануы мүмкін. Жыл басынан бері бір рет бұл тәсіл жүзеге асырылды да. Оның пайдасы шамалы болды. Теңге бағамы өсе түсті. Сөйтіп, онсыз да қымбаттап бара жатқан (шет ел валюталарына қарағанда) теңгеміз ішкі рынокта құнсыздануын (инфляцияға ұшырауын) жалғастырады. Бұл дегенініз ең алдымен өткен жылдық мемлекеттік төлемдердің 30-100 пайыз деңгейінде өсуінің салдары. Сатармаңдар айналымдағы бос ақшаны өз қалтасына түсіруді ойлауы нарық заңдылығы. Ішкі рынок сұранысты тауарларға толмай тұр. Демек, инфляцияны өсіруші, сөйтіп, экономиканы «Голланд ауруына» әкеліп тіреуші қоздырғыш күші әлеуметтік төлемдердің еселеп арттырылуы болып шықты. Бір жағынан халыққа жақсылық жасағандай, ал сол жақсылық экономикаға кері әсерін тигізіп отыр. Мұны экономика тілінде «Голланд ауруы» дейді. Біреулер Қазақстанды «Голланд ауруымен» үрейлендіре бастағанына екі-үш жылдың жүзі болды. Бірақ ондай дерттің алуы мүлде алыс. Оған себеп Қазақстан экономикасы әлі де болса ондаған, тіпті жүздеген миллиард доллар көлеміндегі инвестицияны ағзасына сіңіре алатын, қазақшалап айқанда мүде «шөліркеп қалған» субъект. /9, 7б./

Қазақстан Республикасының  Статистика  жөніндегі агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2006 жылы шілдеде 0,2% құрады (2006 жылдың маусымында – 0,3%). Азық-түлік тауарларына баға 0,4%-ға төмендеді, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,9%-ға және ақылы қызмет көрсету – 0,5%-ға қымбаттады. /10, 2б./

2006 жылдың шілдесінде  азық-түлік тауарларының ішіндегі жұмыртқа – 4,6%, қант – 2,5%, көкөніс – 1,7%, май – 0,4%, балық және теңіз тағамдары – 0,2% төмендеді. Бағаның жоғарылауы күрішке – 0,9% және ет, ет тағамдарына – 0,2%  байқалды. /10, 2б./

Азық-түлікке  жатпайтын тауарлар ішінде де бағаның  жоғарылауы байқалды: жанармай – 6,5%-ға, сонымен қатар аяқ киім, киім-кешек, баспа жабдықтары, жеке гигиена тауарлары – 0,4%-ға.

Ақылы қызмет көрсетулер арасында да баға жоғарылады көлік  қызметі – 2,0%, мәдениет және білім  беру қызметтері – 0,6%, дәрігерлік қызмет көрсету – 0,5%. Тұрғындық-коммуналдық қызмет көрсетулер – 0,3%-ға қымбаттады. Сонымен бірге, газбен қамтамасыз ету – 0,6%, қоқыс шығару – 3,4%, сумен қамтамасыз ету – 0,4%, электр энергиясы – 0,1%. /10, 2б./

2006 жылдың басынан  бастап тұтыну нарығында бағаның жоғарылауы 5,1% құрады (2005 жылдың қаңтар-шілде – 4,0%). Азық-түлік тауарларының бағасы 5,0% (4,7%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 3,4% (2,5%), халыққа ақылы қызмет көрсету – 7,0% (4,0%) жоғарылады. /10, 2б./

2006 жылдың шілдедегі  инфляция жылдық деңгей бойынша – 8,7% құрады (2005 жыл желтоқсанда – 7,5%), азық-түлік тауарлары 8,4%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 6,8%-ға, ақылы қызмет көрсетулер – 11,1%-ға қымбаттады. /10, 2б./

Сонымен осы  көрсеткіштерді талдай келе, инфляция деңгейі соңғы жылдары тұрақты болып тұрғанын көруге болады, бірақ 2006 жылы инфляция деңгейінің жоғарлағаны байқалады. Сонымен оны айту әлі ертерек себебі жылдық қорытындылар шыққан жоқ.

 

 

2.3 Инфляция  салдарынан туындайтын проблемалар.

 

Сонымен біз инфляцияны екі  типке бөлдік – сұраныстың артуынан және шығындардың өсуінен болатын. Күнделікті өмірде бұл екі типті ажырату өте қиын. Мысалы, денсаулық сақтау шығындары тез арада өсті, артынан жиынтық шығыны көбейді, бұл сұраныс инфляциясын тудырады. Егер тауарларға, ресурстарға сұраныс өссе, онда кейбір фирмаларда материалдарға, ресурстарға, жанармайға шығын өсіп жатқандығы байқалады. Сол кезде өндіріп жатқан тауарлардың бағасын көтеруге мәжбүр болады. Өндірістік шығындар өсуі салдарынан сұраныс инфляциясы пайда болады. Бірақ көптеген фирмалар оны инфляция шығыны деп ойлайды. Бұл екі типтің қайсысы екенін ажырату қиын. Сұраныс инфляциясы жиынтық шығындар болғанда байқалады. Ал инфляция шығыны автоматты түрде өз-өзінен жоқ болады. Ұсыныс азайған кезде нақты ішкі өнім көлемі және айналым қысқарады. Бұл шығындардың өсуіне кедергі болады.

Инфляцияның үйлестірімді әсері. Ал енді инфляцияның зардабын зерттейік. Біріншіден, инфляция табысты қалай жіктейтінін және ЖІӨ-ге қалай әсер ететінін көрелік.

Баға деңгейі және ЖІӨ  арасында белгілі бір қарым-қатынас бар. Нақты көлем және өндірістік бағалардың деңгейі бір қалыпта көтеріледі немесе қысқартылады. Бірақ соңғы 20 жыл ішінде көптеген оқиғалар болды. Мысалы, нақты өндірістік көлем қысқартылып, ал бағалар өсіп жатады. Нақты өндірістік көлем белгілі бір деңгейде тұр, барлығы жұмыс істеп жатыр. Нақты өндірістік көлемнің және табыстың өскенін елестетелік. Бұл жерде инфляцияның әсер етуін және табыс жіктелуін көре аламыз. Егер ұлттық табыс өзгермеген болса, онда инфляция қалай әсер етеді?

Атаулы және нақты табыс. Бұл сұраққа жауап беру үшін біз атаулы табыс және нақты табыстың айырмашылығын білуіміз керек. Атаулы табыс – бұл айлық немесе пайыз түрінде алынған ақшаның саны. Нақты табыс – бұл тауарлар саны немесе қызмет, яғни біз осы табыс арқылы атаулы табысты сатып аламыз.

Егер атаулы табысыңыз  бағаның өсу деңгейіне қарағанда  тезірек өссе, онда нақты табыс  өседі. Және, керісінше, егер баға өсу  деңгейі атаулы табыс деңгейіне  қарағанда тезірек өссе, онда нақты  табыс азаяды. Біз нақты табыс  қалай өзгеретінен мына формуламен шығара аламыз:

 

Нақты табыстың        Атаулы табыстың      баға деңгейінің

 пайыздық өзгеруі   =    пайыздық өсуі         --    пайыздық өзгеруі      

 

Егер атаулы табыс 10% өссе, ал баға деңгейі 5% өссе, онда нақты табыс 5% өседі және керісінше, 5%-дай атаулы табыс болса, инфляция 10%, сонда нақты табыс 5% болады. /11, 67б./

Тұрақты атаулы табыс алушылар. Атаулы және нақты  табыс арасындағы айырмашылық бізге белгілі. Тұрақты атаулы табыс алған адамдарға инфляция жазалаудың бір түрі. Инфляция тұрақты табыс алушылар арқылы, басқа адамдар тобына табысты жіктейді.

Классикалық мысалға  зейнеткерлерді алуға болады, оларға тұрақты зейнетақы атаулы табыс  әкеледі. 1980 жылы зейнеткерлікке шыққан адамның тауарларды мол сатып алуға мүмкіншілігі бар еді, ал 1995 жылы сатып алу қабілеті жартысына дейін төмендеп кетті, бұған жалдау төлемақысын жатқызуға болады.

Мүлік иелері. Инфляция мүлікті сақтаушыларға да үлкен  зардап әкеледі. Баға өсуінен нақты тауардың бағасы төмендейді. Мысалы, бір кісі 1980 жылдан бастап 1995 жылға дейін 1000 доллар тығып қойды делік, сонда нақты баға құны жартысына дейін төмендейді. Бірақ, сақтау формаларының бәрі пайыздық табыс әкеледі. Егер инфляция пайыздық мөлшерлемеден жоғары болса, онда сақтап қойған тауардың құны төмендейді. Мысалы, А. отбасы 1000 доллар 6%-бен банкке салды дейік. Инфляция 13%-ға өсті. Жылдың соңында 1000 доллар құны 938 доллар болады. Сонда ақша салушы 1060 алады.(1000долл.+60долл. пайзбен). /11, 69б./

Қарыз алушы  және несие беруші (дебитор және кредитор). Қарыз алушы және несие  беруші арасында инфляция табыстарды үйлестіреді. Болжалды инфляция қарыз  алушыларға несие берушілер арқылы пайда әкеледі. Мысалы, сіз банктен 1000 доллар алдыңыз, оны екі жылдан кейін қайтару керек; егер осы екі жылдың ішінде жалпы баға деңгейі өссе, онда 1000 доллардың орнына 500 доллардай бересіз; сонымен инфляция кезінде бағаның құны төмендейді. /11, 71б./   

2004 жылдан бастап  Ұлттық  Банктің  негізгі  мақсаты ретінде  бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз ету  ақша – кредит  саясатындағы мүлдем жаңа айқындама  болып табылады.

Негізгі  мақсатты  орындау үшін Ұлттық Банкке  мынадай  міндеттер жүктелген:

- мемлекеттің  ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

- төлем жүйелерінің   жұмыс істеуін  қамтамасыз  ету;

- валюталық  реттеуді және  валюталық  бақылауды  жүзеге асыру;

- қаржы жүйесінің   тұрақтылығын қамтамасыз етуге  ықпал  ету.

Ұлттық  Банктің  негізгі  мақсаты мен  міндеттерін  осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін  Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандартына  және  инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір   нақты көрсетеді.

Инфляциялық таргеттеу  принциптерін пайдаланатын көптеген  елдер  инфляция жөнінде қойылған  мақсаттарға  қол жеткізу  жауапкершілігін  күшейту жағдайларында  инфляция бойынша  бағдарлар ретіндегі тұтыну  бағаларының индексіне сүйенбейтін болады.Оның орнына  инфляциялық  үрдістердің  негізгі  бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы («базалық инфляция» индекстері) түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.

Ұлттық Банк 2004 жылдан бастап  «базалық инфляция»  индексіне  қарай бағдарлар  белгілейтін  болады.

2004 жылы  ақша  – кредит саясатының негізгі  мақсаты орташа жылдық «базалық инфляцияны» 4-6% шегінде ұстап тұру ретінде қалыптастырылған. Мұндай бағдарлар базалық инфляцияны  есептеу әдістемесі  бекітілгеннен кейін және ол нақты бойынша нақты есептеу жүргізілгеннен кейін тағы да түзетілетін болады.

Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат – ақша  саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие  беру «процентін  және міндетті резерв нормасын өте  жоғары деңгейде ұстап  отырды. Осылай  жүргізілген  монетарлық  (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде  инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі  өндіріс  пен нарық  екі – үш есе кысқарды,  ұлттық  өндіріс  орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық  күрт өсті. Негізінен  сыртқа  өнім шығаратын шикізат өндіру  салалары жұмысын  тоқтатқан жоқ,  керісінше  экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда  бұрынннан  қалыптасқан  өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның  орнына арта түсті. /11, 75б./

Информация о работе Инфляция әлеуметтік- экономикалық құбылыс