Инфляция әлеуметтік- экономикалық құбылыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 06:11, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Инфляция экономикаға және қоғамға кері әсерін тигізетін құбылыс болып саналады. Ол мынандай кемшіліктер тудырады: халықтың, кәсіпорындардың , мемлекеттің нақты табысын азайтады; ұзақ мерзімді инвестицияларды төмендетеді және несиені төмендетеді; халықтың жинақ кассасындағы салымдары құнсызданады; шаруашылықты басқаруды қиындатады.
Бұл тақырып ел экономикасы үшін маңызды болып саналады, сондықтан осы тақырып қазіргі жағдайда өзекті болып келеді.
Тақырыптың мақсаты: инфляцияға түсінік беру, оның маңызы мен экономикаға тигізетін әсерін қарастыру болып табылады. Инфляция кез келген экномика үшін жағымсыз болып келеді, оның не себептерге байланысты жағымсыз болатынын көрсету және инфляцияға қарсы қандай шаралар қолдану қажетттігін талдау табылады.

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс Гулдария.doc

— 1.64 Мб (Скачать)

Мүмкіншіліктері. Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму стратегиясының қабылдануы және Қазақстан экономикасындағы диверсификация процесінің жылдамдығы – экономикалық әр жақтылығы. /12, 60б./

Бұл өз кезегінде экономиканың дүниежүзілік конъюктураға тәуелділігін төмендетеді. Бұл жерде ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге түсе алатын елдің индустриалды комплексін құру туралы айтылған.  

Инфляция инфляциялық  таргеттеу кезінде маңызды рөлді  атқарады. Сонымен қатар, ауыспалы ұсыныс пен сұраныс, ақша агрегаттары, пайыздық ставкалар, валюталық бағам, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, инфляция және баға мен инфляциялық тосу бірге қолданылады. Осыған байланысты Ұлттық Банк трансмиссиондық модель дайындап, ақша-кредит саясатының экономикаға әсерін бақылап, «базалық инфляцияның» индексі саналуда.

Қауіптер. Бүкіл  әлемдік мұнайға деген баға тербелісі  Қазақстан экономикасына кері әсерін тигізу қаупі тұр, себебі айырбастау курсы тұрақты болмай мұнай шығару экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты ұлттық валютамыздың курсының ревальвациясына, ол өз кезегінде «Голланд ауруының» симптомдарына әкелуі мүмкін.

Көрші елдердегі  экономикалық тұрақсыздық та біздің елдің экономикасына зардабын тигізу қаупі бар.

Отандық қаржы  нарығының сиымдылығының жеткіліксіздігі оған шетел капиталын толық жұтуға мүмкіншілік бермейді. Қысқа мерзімді спекулятивті капиталдың келуі экономиканың күйреуіне, сонымен қатар, елде экономикалық кризиске қақтығысу қаупі болуы мүмкін.

Сонымен қорыта келе, инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшу процесі, көптеген элементтердің институционалдық негізі инфляцияның бағыт көрсеткішінің Қазақстанда жұмыс жасауымен және осы режимді орнықтыруға барлық жағдайлар жасалғанымен жеңілдетіледі. Бірақ, тек қана практика жүзінде ғана қорытындыға келіп, осы режимнің ақша-кредит саясатындағы орнын анықтауға болады.             

 

 

3.2 Ұлттық  банктің мемлекеттік тұрақтандырудағы  рөлі

 

Ұлттық валюта – теңгені енгізген алғашқы күннен бастап қайта құру құрылымын тездету, инфляцияны төмендету, тұрақты экономикалық өсуге жету, төлем балансының тепе-теңдігін және ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеттері қойылды. Осы мақсатта Үкімет пен Ұлттық банк қатаң макроэкономикалық саясат жүргізуге бағыт алады, оған бюджет тапшылығын едәуір қысқарту және кредит экспансиясын шектеу кіреді.

90-жылдардың  бірінші жартысында жеңілдігі  бар және директивті кредиттер  беру практикасы, республикалық  бюджеттің тапшылығын Ұлттық  банктің тікелей кредиттеуі тоқтатылды. Үкіметке бюджет тапшылығын жабуға берілетін кредиттер ақылы негізде ұсынылатын болды. Экономиканы кредиттеу функциясы банктерге өтті. /13, 6б./

Экономиканы кредиттеу  функциясын екінші деңгейдегі банктерге  бере отырып, Ұлттық банк орталық банктердің арайы функцияларына күшін жұмылдырды.

Ұлттық банк 5 жылда инфляцияны тізгіндеу міндетін оның деңгейін 1993 жылғы 2165%-дан 1998 жылы 1,9%-ға дейін төмендете отырып орындады. Содан бері (сыртқы факторлардың әсерімен инфляция 17,8% құраған 1999 жылды қоспағанда) инфляция бір мәнді санмен өлшенетін деңгейде ұсталып отыр. /13, 6б./

Ұлттық валюта қалыптасуының алғашқы жылдары  шетел валютасы ұсынысының ішкі көздерінің едәуір тапшылығы байқалды. Осының салдарынан елден валюта қаражатының  кетуі валюта бағамының тұрақтылығына  қауіп туғызды. Сондықтан теңгені енгізгеннен бастап резидент еместердің пайдасына резиденттерден капиталдың өтуін қарастыратын валюталық операциялар лицензиялауға жатқызылды.

Өндірістің  дамуына, шетел валютасының елге келуінің көбеюіне, ірі отандық инвесторлардың пайда болуына қарай ұлттық валюта сияқты валюта нарығы да нығайды. Бір мезгілде ұлттық валютаға деген сенім артты. Осындай жағдайда экономикалық қызметті ынталандыру үшін валюталық қатынастарды ырықтандыру жалғастырылды. 1996 жылғы шілдеде ағымдағы операциялар бойынша теңгенің еркін айырбастылымын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға қол жетті, бұл ХВҚ Келісімінің VIII бабының шарттарына қосылумен бекітіледі. /13, 6б./

Әлемдік қаржы  нарықтарындағы ауқымды өзгерістер нәтижесінде 1998 жылы Қазақстанның сауда  әріптес елдерінің бірқатарының ұлттық валюталарының айтарлықтай құнсызданғанын атап өткен жөн. Бұл Қазақстан теңгесін нақты көрсетуде қымбаттауына алып келді және Қазақстан экспортының бәсекелестік позициясын төмендетуге ықпал етті.

Шетел валютасына жоғары сұраныс және тиісті валюталық интервенция жалпы алтынвалюта резервтерінің едәуір төмендеуіне себеп болды. Алтынвалюта резервтерінің одан әрі қысқаруын болдырмау және теңгенің бәсеке қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында 1999 жылғы сәуірде теңгенің құнсыздануы жүргізілді (теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамының режимі енгізілді). Бұл Қазақстан экспортының  бәсекелестік позициясын қалпына келтіруге және өндірістің өсуін жандандыруға ықпал етті, нақты көрсетуде теңгенің айырбас бағамын қайта бағалауды жоюға мүмкіндік берді.

Қаржы институттарының  қызметін реттеу жүйесін жетілдіру  мақсатында 1998 жылдан бастап елдің  қаржы нарығының қатысушыларын  қадағалау функцияларын шоғырландыру бойынша үдеріс басталды. Бұл үшін олар бастапқыда Ұлттық банкте шоғырландырылды, бұл осы функцияларды 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап дербес мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне қиындықсыз өткізуге мүмкіндік берді.

Жаңа талаптар Ұлттық банктің саясатындағы акценттерді ауыстыруға себеп болды. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болды. Ұлттық банктің негізгі мақсаты ретінде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін жауапкершілікті күшейтеді және инфляциялық таргеттеу қағидаттары мен Еуропа Одағының стандарттына Ұлттық банк жариялаған өтуді неғұрлым дәл көрсететді.

Ұлттық банк негізгі мақсатты орындау үшін мемлекеттің  ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу; төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру; қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау жөніндегі міндеттерді іске асырады. Қазіргі уақытта ақша-кредит саясатын жүзеге асыру айрықша назар бөлуді талап ететін бірқатар проблемалардың болуымен қатар жүреді. Оған экономиканың қызмет етуі, шетел капиталының жоғары ағыны, қаржы нарығындағы артық өтімділік, мемлекеттік бюджет шығыстарының өсуі, Қаржы министрлігінің қарыз алуының қысқаруы, Ұлттық Банк портфелінің шектеулілігі жатады.

Жоғарыда атап көрсетілген проблемалар ақша-кредит саясатын біршама қатайту, бар күшті  ақша-кредит саясаты құралдарын жетілдіруге, оның ішінде қысқа мерзімді ставкалардың реттеуші рөлін арттыру бойынша  шаралар қабылдауға шоғырландыру қажеттігін тудырады.

Осыған байланысты Ұлттық Банк өзіне ақша-кредит саясатының қаржы нарығына реттеуші ықпалын  күшейту жөніндегі іс-шаралар  тізбесін белгіледі.

Ресми қайта  қаржыландыру ставкасының реттеуші қасиеттерін күшейтуге ресми  қайта қаржыландыру ставкасын кезең-кезеңмен (тоқсан сайын) қайта қарауды және белгілеуді практикаға енгізу бағытталады, мұның өзі қаржы нарығына қаржы саласында күтілген үрдістер бойынша өзекті бағдар береді.

Ұлттық Банк жоғары экономикалық өсу жағдайында ақша-кредит саясатын біршама күшейтуге қадам жасады. Бұл жыл басынан бері ресми қайта қаржыландыру ставкасының бірте-бірте өсу көрсеткішінен байқалады: 2005 жылға 1 ақпаннан бастап 7%-7,5%, және 2005 жылғы 11 шілдеден бастап 8%. Ұлттық Банк ставкасының көтерілуі біренеше себеп бойынша капитал келуінің күшеюі тұрғысынан айрықша проблемаларды тудырмайды деп күтілуде. /12, 6б./

Артық өтімділік  проблемасының өткірлігін азайту және бактердің өтімділігін неғұрлым икемді реттеу үшін ең төменгі резервтік  талаптарды (ЕТРТ) қалыптастыру тетігіне өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістердің нәтижесінде екінші деңгейдегі банктер резервтік талаптарды сырғымалы кесте бойынша орындайтын болады, мұның өзі оны есептеу мен уақытша шектеулерді сақтауды жеңілдетеді. Сонымен бір мезгілде ЕТРТ орындау қатайтылды, мұның өзі банктік сектордың шамадан тыс өтімділігін алып тастауға ықпал етеді.

Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында  валюталық режимді одан әрі ырықтандыру  үшін қажетті алғышарт жасау бойынша  жұмыс жалғасуда. Қазіргі кезде  Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған валюталық режимді ырықтандыру бағдарламасы іске асырылуда.

Ұлттық Банк айырбастау бағамына қатысты валюта бағамын валюта бағамының қысқа  мерзімді және алыпсатарлық ауытқулардың салдарынан әлсірету мақсатында ғана қалыптастыруға араласуды жүзеге асыра отырып, қандай да болмасын ұзақ уақытқа белгіленген дәлізді айқындамай еркін өзгермелі бағамы саясатын жүргізуді жалғастырады.

Төлем жүйелерін  дамыту бағытындағы басымдықтар  Төлем жүйелерін қадағалау тұжырымдамасының жобасында ашып көрсетіледі, онда төлем жүйелерінің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру жөніндегі шаралар көзделген.

Ұлттық Банктің  ақша-кредит саясаты және қызметі  тұтастай алғанда баға тұрақтылығына  және қаржы нарығының тұрлаулығына қол жеткізуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы қаржы секторының негізі бірнеше  рет реформалау нәтижесінде ең қарқынды дамып келе жатқан және тұрақты бөлігі болып отырған банктік жүйе болып  табылады. Сонымен қатар халықаралық  ұйымдардың мойындауы бойынша бүгінгі  күн Қазақстанның банк жүйесі ТМД-дағы ең қарқынды дамушы банк жүйесі болып табылады.

Банктер барлығы  дерлік қатысушылары болып табылатын  халықтың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) жүйесі жұмысының, сондай-ақ банктік құпия жөніндегі заңнама  нормаларын күшейту нәтижесінде депозиттік нарық жедел қарқынмен дамуда.

Соңғы 4 жылда  банк жүйесіндегі депозиттер 3,8 есе  өсіп, 1600 млрд. теңге (ЖІӨ-нің 23,3%-ы) болды. Халықтың осы кезіндегі салымдары 531 млрд. теңгеге дейін 3,1 есе өсті. /13, 6б./

Ресурстық базаның  қарқындап өсуі банктерге экономиканы белсенді кредиттеуге мүмкіндік береді. Соңғы 4 жылда банктердің экономикаға кредиттері 2118 млрд. теңгеге дейін 5 есе өсті (ЖІӨ-нің 35%-ына жуық).

Қазақстан соңғы  жылдары экономиканың дамуында біршама  прогреске қол жеткізді. Осы жетістіктерді индустриялдық елдер және көпжақты қаржы институттары мен даму институттары мойындады.

Осы кезеңде  әлемнің барлық халықаралық рейтингтік ірі агенттіктері Қазақстанның инвестициялық  деңгейдегі егеменді рейтингін растады.

Экономикалық  ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстанға 4-ші деңгейдегі рейтинг берді. Екі индексті: «өсуге арналған бәсеке қабілеттілігінің индексін» құрайтын Дүниежүзілік экономикалық форумының бағалауына сәйкес қазақстан тиісінше 61 және 62 орында тұр. Бұл ТМД елдерінің арасындағы ең жоғары позиция. /13, 6б./

Сонымен осы  айтылған мәселелерді түйіндей келе мынадай қорытынды жасауға болады Ұлттық Банк өз алдына орта мерзімдік  кезеңге халықаралық стандарттарға  оған әрі жақын келу жөнінде үлкен  міндеттер қойды. Бұл: ақша-кредит сасясатын жүргізу әдістері мен құралдарын әлемдік стандарттарға жақындастыру, күрделі операцияларды одан әрі ырықтандыру және теңгенің толық айырбасталымдығына көшу, тәуекелдерді басқарудың және төлем жүйелерін қадағалаудың тиімді жүйесін жасау. Алға қойған міндеттерді табысты орындау Қазақстанның қаржы жүйесіне алдағы уақытта да ТМД елдері қаржы жүйелерінің арасында көшбасшылық позицияны ұстап тұруға және Еуропаның қаржылық жүйесінің даму деңгейіне жақындауға мүмкіндік жасайды. 

 

 

3.3 Инфляцияға  қарсы шараларды жетілдіру жолдары

 

Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық жөне өлеуметтік қарама - қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою жөне ақша айналысын түрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды . Инфляция кезінде мемлекет іс - қимылының екі нүсқасы

болады:

1) бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу;

бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық өлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады;

компаниялар мен  фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және т.с.с.

2)  инфляцияны  төмендету немесе басу жөнінде инфляцияга қарсы шаралардың кешенін жүргізу .

Инфляцияны  жою жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік — экономикалық, қүқықтық, институционалдық, моралдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десекте олардың шешушісі базалық, өндірістік — экономикалық сфера болып табылады.

Сұраным инфляциясын  жоюға ақша жөне фискалдық саясатты пайдаланудың біршама қатардағы макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.

Инфляцияга  қарсы саясат — инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мүндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген дефляциялық саясат және кірістер саясаты.

Дефляциялык, саясат — мемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.

Кірістер саясаты — бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін. /5, 506б./

Информация о работе Инфляция әлеуметтік- экономикалық құбылыс