Инфляция әлеуметтік- экономикалық құбылыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 06:11, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Инфляция экономикаға және қоғамға кері әсерін тигізетін құбылыс болып саналады. Ол мынандай кемшіліктер тудырады: халықтың, кәсіпорындардың , мемлекеттің нақты табысын азайтады; ұзақ мерзімді инвестицияларды төмендетеді және несиені төмендетеді; халықтың жинақ кассасындағы салымдары құнсызданады; шаруашылықты басқаруды қиындатады.
Бұл тақырып ел экономикасы үшін маңызды болып саналады, сондықтан осы тақырып қазіргі жағдайда өзекті болып келеді.
Тақырыптың мақсаты: инфляцияға түсінік беру, оның маңызы мен экономикаға тигізетін әсерін қарастыру болып табылады. Инфляция кез келген экномика үшін жағымсыз болып келеді, оның не себептерге байланысты жағымсыз болатынын көрсету және инфляцияға қарсы қандай шаралар қолдану қажетттігін талдау табылады.

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс Гулдария.doc

— 1.64 Мб (Скачать)

Бағалардың  өсуі тұрғындардың нақты табысын  төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды.

Курстық жұмыстың ІІ – бөлімі «Қазақстан республикасының инфляциялық жағдайын талдау» деп аталады, ол келесі бөлімшелерден тұрады:

- Қазақстандағы  инфляцияның даму ерекшеліктері;

- ҚР инфляцияның  қазіргі кездегі даму қарқыны;

- Инфляция салдарынан  туындайтын проблемалар

2004 жылдан бастап  Ұлттық  банктің негізгі мақсаты ретінде бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз ету ақша – кредит  саясатындағы мүлдем жаңа айқындама болып табылады.

Негізгі  мақсатты  орындау үшін Ұлттық банкке  мынадай  міндеттер жүктелген:

  • мемлекеттің ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйелерінің  жұмыс істеуін  қамтамасыз  ету;
  • валюталық реттеуді және  валюталық  бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал  ету

 

Ұлттық  банктің  негізгі  мақсаты мен  міндеттерін  осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін  Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандартына  және  инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір   нақты көрсетеді.

Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде келесідей мәселелер  келтірілді:

- Инфляцияның 2010жылға дейінгі даму барысы;

- Мемлекеттік  тұрақтандырудағы Ұлттық Банктің  рөлі;

- Инфляцияға  қарсы шараларды жетілдіру жолдары.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2006 жылғы жолдауында айтқандай: «Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлкет қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті. Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарда баса көңіл бөлу керек. Оның бірі  - ақша-кредит саясаты Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардығ қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар. Ақша-кредит саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құрылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын». /18, 4б./

Қазақстан экономикасында сақталып отырған жақсы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі ақша қатынастарын реттеудегі жаңа режимге, яғни инфляциялық таргеттеуге  көшуге бағыт алды.

Еліміздегі  макроэкономикалық тұрақтылыққа қол  жеткізу, қаржы секторының пәрменді дамуы, сыртқы экономикалық конъюнктураның жайлы болуы Ұлттық Банктің қызметінің сапалы және жаңа жолға түсуіне себепші болды. Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатының құрылуына және дамуына ықпал етіп, іскерлік ортаға, коммерциялық емес банктердің жұмысын бақылауға және ақша айналымын тұрақтандыруға әсерін тигізді.

Ұлттық Банктің  ақша-кредит саясаты ақша агрегаттары  мен теңге бағамына ғана байланысты емес, сонымен қатар, басқа да монетарлық емес факторларға: ауыл шаруашылық өнімдері, жанармай және тұрғындық-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасына да байланысты инфляцияны минимизацияға бағытталған.

Сонымен тоқсан сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, инфляция төңірегінде қозғалып жатқан мәселелерді жай сөз ретінде  қалдырмай онымен күресу шараларын жетілдіріп, тиімді жолдарын іздестіру керек.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Бухгалтерия-Жұмабек Жанділдин «Қазақстан экономикасының «қызуы» қандай?». // Айқын апта №71 (523) 20.04.2006, бейсенбі.
  2. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н. т.б. «Экономикалық  теория  негіздері»  Алматы – 1998 ж.
  3. Райханов Н. «Қазақстанның экономикалық реформа жолы өзінше»  // Ақиқат  -1996ж
  4. «Экономикалық саясат», // Экономика Алматы - 2002
  5. Ільясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», // Алматы,2005ж.
  6. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие»,  Алматы – 2000 ж.
  7. «Банки Казахстана»  №1, 2005ж. // Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі №004 баспасөз-релизі 2005 жылғы 13 қаңтар.
  8. «Банки Казахстана» №3, 2006ж. // Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылдың 7-мамыр №5 баспасөз-релизі 2006 жылдың қаңтар-ақпанға арналған.
  9. Қазақстан Республикасының президентінің халыққа Жолдауы. 2006 жыл, маусым
  10. «Банки Казахстана» №8, 2006ж. //Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі баспасөз-релизі 2006 жылғы 16 тамыз.
  11. «Макроэкономика», Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова.  Алматы – Экономика, 2003ж.
  12. «Банки Казахстана» №10, 2005ж. //Досниязова А.К. Инфляционное таргетирование.
  13. Сәйденов Әнуар. Ұлттық валюта: белесті жылдар бедері. //Егемен Қазақстан 2005ж. – 15 қараша, 6 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша Ә

1-кесте. 

Инфляция мен  ақша агрегаттарының динамикасы

 

 

2002

2003

2004

2005

2006(6 ай)

1. Ақша базасы, млрд. теңге

175

208,3

316,9

577,8

550,6

Алдыңғы периодпен салыстырғандағы  ақша базасының өзгеруі, %

29,5

19

52,2

82,4

-4,7

2. айналыстағы қолма-қол  ақша, млрд. теңге

131,2

161,7

238,7

379,3

389,5

Алдыңғы периодпен салыстырғандағы  айна-лыстағы қолма-қол ақшаның  өзгеруі, %

23,3

23,2

47,6

58,9

2,7

3. Ақша массасы, млрд. теңге

576

765

971,7

1650,1

1833,3

Алдыңғы периодпен салыстырғандағы  ақша массасының өзгеруі, %

45,1

32,8

26,8

69,9

11,1

4. Периодтың соңын-дағы  инфляция, %

6,4

6,6

6,8

6,7

3,5


 

 

 

 

 

 

 

Қосымша А

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 сурет. Қаржы мен  инфляцияның өзара іс-әрекеті

 


Информация о работе Инфляция әлеуметтік- экономикалық құбылыс