Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 06:11, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Инфляция экономикаға және қоғамға кері әсерін тигізетін құбылыс болып саналады. Ол мынандай кемшіліктер тудырады: халықтың, кәсіпорындардың , мемлекеттің нақты табысын азайтады; ұзақ мерзімді инвестицияларды төмендетеді және несиені төмендетеді; халықтың жинақ кассасындағы салымдары құнсызданады; шаруашылықты басқаруды қиындатады.
Бұл тақырып ел экономикасы үшін маңызды болып саналады, сондықтан осы тақырып қазіргі жағдайда өзекті болып келеді.
Тақырыптың мақсаты: инфляцияға түсінік беру, оның маңызы мен экономикаға тигізетін әсерін қарастыру болып табылады. Инфляция кез келген экномика үшін жағымсыз болып келеді, оның не себептерге байланысты жағымсыз болатынын көрсету және инфляцияға қарсы қандай шаралар қолдану қажетттігін талдау табылады.
Бұл жерде қалыпты қызмет атқаратын нарықтық шаруашылық жағдайында пайда болатын белгілі Италия экономисі есімімен аталатын «Пигу әсері», немесе «нақты кассалық қалдықтың әсері» деп аталатын құбылысты суреттедік. Айта кететін тағы бір ескертпе, «Пигу әсері» икемді бағалар мен икемді процент жағдайында және инфляциялық тосу болмағанда ғана қалыптасады екен. Біраз батыс экономистерінің пікірінше, «Пигу әсері» экономикада нақты болатын жағдайды емес, тек теориялық болжамды білдіреді. /3, 106б./
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай — монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары — бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік - саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы ү бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай - ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтіп, көпфакторлы процесс ретінде инфляция - бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі.
Инфляцияның іс - әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді:
- белгілі бір
салық нысандары мен әдістерін
қолдану; инфляциялық
- мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері; мемлекеттік берешектің көлемі.
Нарықтық экономика
кезінде қаржы инфляциялық
Бірінші фактор — мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлей алушылық сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен, салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.
Екінші фактор — табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және нарықтағы бағаның көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор — бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес шығындардың неғұрлым өсуімен байланысты).
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады. Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден, инфляция
қаржы ресурстарын
Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын шиеленістіреді. /4, 219б./
Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады. /5, 504б./ (Қосымша А)
Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бұзылуы және т.б.
Төмен инфляция немесе оның болмауы ұлттық шаруашылықтың түрлі деңгейлерінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартатыны секілді үқсас жағдайда қаржы қатынастарының оң бағыттылығы инфляция деңгейін төмендетеді.
Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші — 16 пайдаланылады . Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің ("нарық себеті") белгілі бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңнің бағасы арасындағы арақатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны былайша анықталады. Ағымдағы жылдың бағалары индексінен өткен жылдың бағалары индексі шегеріліп, өткен жылдың баға-лары индексіне бөлінеді, сонан соң жүзге көбейтіледі.
Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер көрсетудің тарифтері өткен жылға қарағанда былайша өсіп отырды (есе):
1990 - 1; 1992- 2,5; 1993- 30,6; 1994- 22,7; 1995-1,60; 1996-1,39; 1997-1,17; 1998- 1,07; 1999- 1,18; 2000- 1,13. /16, 500б./
Дүниежүзілік практикада егер инфляцияның қарқыны жарты жыл ішінде және одан басқа жағдайда көбірек айына 50 пайыз немесе аптасына 11,5 пайыз құрса, онда мұндай деңгей әсіре инфляцияға сәйкес келеді. Сөйтіп, Қазақстанда бұл деңгей 1992 -1995 жж. ішінде айтарлықтай асып түсті.
Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратады:
Бағалар өсуінің қарқыны бойынша:
өршімелі — баға 100 пайыз шегінде өскенде; ақшаның затталынуы өседі;
Бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша:
Болжаулық ( болжап айтушылық ) дәрежесіне қарай:
- күтілген, болжалды және күтілмеген;
- шығу немесе пайда болу орнына қарай:
- импортталынған жене экспортталынған;
- сондай-ақ дамудың
Қаржы мен инфляцияның өзара байланысын инфляцияның екі типі бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).
Бірінші жағдайда ол заңды және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары болып табылады.
Екінші жағдайда кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеуге, кредиттер бойынша пайыздық мөлшермелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтер көрсетуге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа және т.т.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады. Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара толық-тырады, бұл инфляциялык, шиыршық деп аталынатынды тудырады, бұл кезде өндірістің тұтылынатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырды, мүндай өнімді тұтыну жалақының және экономиканың
шектес секторларында
материалдық шығындардың
Сонымен түйіндей келе, кенеттен болған инфляция алдын ала тағайындалған еңбек ақы алатындардың, кредиторлардың және жинақ иелерінің табысына зиян келтіреді. Алдын ала болжамды инфляцияда адамдар ақшалары құнсызданудан сақтау үшін әртүрлі шаралар қоладанады. Олар: болашақты ойластырып шара қолдану, бағаның өсуін ескеріп номиналды индексация жасау.
Егер баға жайлап өсе бастаса, ол жағдайда тұрғындар, кәсіпорындар оған дайындалады.
2 сурет. Инфляциялық шиыршық
Ақша жоғалмау үшін тұрғындар тұтыну тауарларын сатып алады, ал кәсіпорындар инвестициялық тауарларды алады. «Инфляциялық психоз» бағаға қысым жасайды, сонымен инфляция өрши бастайды. Кәсіпорындар шикізат және даяр өнім алуға тырысады, ювилирлік тауарларды, алтынды алуға талпынады. Төтенше жағдайларда: бағаның шексіз өсуі жағдайында экономикалық қарым-қатынастар күйрейді. Ақша өзінің функциясын орындай алмайды. Сондықтан заттай айырбас орын алады. Өндіріс пен айырбас тоқтауға бағытталады. Қорытындысында экономикалық, әлеуметтік, саяси бейбастықсыздық болуы мүмкін.
ІІ.
Қазақстан Республикасының
2.1 Қазақстандағы инфляциялық процесінің дамуы және ерекшеліктері.
Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған
инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі
себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи
– экономикалық даму процесінде қалыптасқан
өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің
құрылымдық диспропорцияларынан іздестірген
дұрыс болады.
Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға
жүйелерін анықтайды. Өндіріс диспропорциялар
қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде
де сәйкессіздіктер пайда болады.
Кеңес экономикасының 70 –ші жылдың даму
кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар
әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып,
тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында
тарихи түрде қалыптасқан диспропорцияларды
бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:
1) Өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы
арасындағы алшақтық ;
2) Ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп
арасындағы сәйкессіздік ;
3) Шикізат өндірісі мен дайын ( түпкі) өнімдері
өндірісінің арасындағы диспорпорциялар
;
4) Әскери өндіріс пен азаматтық өндіріс
арасындағы сәйкессіздік ;
5) Материалдық өндіріс пен материалдық
емес өндіріс арасындағы диспропорциялар
т. б.
Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының
өзінде бағалардың инфляциялық өсуін
тұрақты түрде қалыптастырып келді. Кеңес
шаруашылық жүйесінде әрбір 10 – 15 жылда
бір рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау
шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру
ғана болған.
Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық,
оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі
өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция,
тіпті бұрынғы одақтас республикаларға
қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның
экономикасы негізінен Кеңес Одағының,
тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының
шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде
дамып қалыптасқан.
Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің
90-95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал
өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90
%, тұтыну тауарларының 60 % сырттан бағдарламалар
жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламалардың
барлығын стратегиялық саясаттың құралы
ретінде қарастыруға болады. Енді Қазақстанда
да монетарлық- қаржы саясаты ұзақ және
орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау
және дамыту бағдарламаларының шеңберінде
жүргізілетін болады.
Бірақ жұмыссыздықтың табиғи деңгейін
сақтап, инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге
арналған экономикалық саясат әрқашан
оңды нәтиже бере бермейді. Бұл саясаттың
жақсы жақтарын ескере отырып, мынадай
бір мәселені білген дұррыс: жұмыссыздық
өзінің табиғи деңгейіне дейін төмендегенде
де, бағалардың өсуі бірден тоқтамайды
екен, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса
береді. Бұған қоса соңғы онжылдықта Батыс
елдерінің көбінде жұмыссыздықтың табиғи
деңгейі өсіп отыр. Мысалы, АҚШ – та жұмыссыздықтың
табиғи деңгейі 60 – шы жылдары 4 % -ке тең
болса, 80-шы жылдардың екінші жартысында
6-7 %-ке өскен екен.
Инфляцияның салдары өте күрделі де, көп
қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі
мен пайда нормасын өсіреді. Сондықтан
экономикалық жағдайдың (конъюктураның)
уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор
болады. Бірақ, уақыт артып, инфляция тереңдегенде
ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады,
қоғамда экономикалық және әлеуметтік
жағдай қиындайды.
Қарқынды инфляция шаруашылықты бұзады,
ірі корпорацияларға да, кіші бизнеске
де айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді.
Қарқынды инфляция кезінде конъюктура
екі ұшты болып қалыптасады: нарықты болжау
мүмкін емес болғандықтан, бизнесте тәуекелдік
( риск) жоғарылайды, іскерлік әрекеттер
күрт қысқарады. Инфляция тиімді макроэкономикалық
саясат жүргізуге де кедергі жасайды.
Оған қоса, бағалардың әр түрлі өсуі экономикадағы
салааралық сәйкессіздіктерді ( диспропорциялар)
ұлғайтады, тұтынушылық сұраным құрылымын
бұрмалайды. Баға өзінің негізгі қызметін
– нарықты объективті өлшем құралы болу
қызметін дұрыс атқармайды.
Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін
арттырады, бұл процесс қарқынды да, ұлғаймалы
түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды,
ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша
– несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды
тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап
кеңейеді.
Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал
( қазына) жүйусіне де теріс әсер етеді,
экономикада « Танзи – Оливер әсері» деп
аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді
ХХ ғасырдың 70 жылдары Латын Америкасы
экономистері ашып зерттеген еді. Инфляция
салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады.
Мысалы, егер салықты жылдың үшінші ширегінде
( кварталында) есептеліп, осы жылдың төртінші
ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция
жағдайында бюджетке түскен түсімдер
құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты
мөлшері азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың
қолында сақталған ақша қоры құнсызданады,
несие беруші мекемелер мен банктер шығын
шегеді.
Экономиканың интернациялануы ( ұлттық
шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден
екінші елге ауысуымен мүмкіндік беруді,
бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын
қиындатады.
Инфляцияның әлеуметтік салдары да бар,
ол ұлттық табыстың қайта бөлінуіне әкеледі,
тұрғындар үшін инфляция қосымша салық
сияқты, бағалардың өсу қарқыны номиналды
( ақшалай ) табыстың өсуінен жоғары болады,
сондықтан нақты ( реалды ) табыс азаяды.
Инфляцияның зардабы әсіресе табысы шектеулі
әлеуметтік топтар үшін ауыр болады.
Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз
әлеуметтік және экономикалық салдары
көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық
саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде
экономистер ең алдымен мына сұрақтың
жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді
іс – шаралар арқылы инфляцияны жою керек
пе, әлде инфляция жағдайына икемделген
дұрыс па?
Бұл екіұшты мәселе әр түрлі елдерде
ерекше жағдайларға байланысты шешіледі
екен. Мысалы, АҚШ – та және Англияда инфляциямен
күресу мәселесі мемлекет деңгейіне көтеріліп
қойылады. Басқа бір талай елдерде инфляцияға
икемделу іс – шаралары жүргізіліп, тіпті
арнайы бағдарламалар да жасалады ( табыстарды
индексациялау және т. б.).
Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда,
екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші
әдістеме шеңберінде ( оны осы күнгі Кейнс
теориясының өкілдері зерттейді ) белсенді
бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға
ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар
мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында
мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды
көтереді. Осының нәтижесінде сұраным
қысқырады, инфляция қарқыны төмендейді.
Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады.
Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып,
жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін.
Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны
болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты
сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер
сұраным жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің
инвестиция бағдарламасы іске қосылады
және шығындар артады, салықтар төмендетіледі.
Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне
салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден
нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске
ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу
басталады. Бірақ, 60-70 жылдары дамыған
елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды
бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны
күшейтуі мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет
шығындарының артуы бюджет тапшылығын
қалыптастырады, және салық пен шығын
арқылы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады.
Екінші әдістеме жаңа классикалық бағыттар
экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға
ақша – несие арқылы реттеу әдісін қояды.
Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде
икемді ықпал жасайды. Бұл саясаты Үкіметке
тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді.
Орталық банк айналымдағы ақша көлемін
өзгертеді және қарыз пайызы ( процент)
кесімін реттейді, сонымен экономикаға
ықпал жасайды.
Басқаша айтқанда, мемлекет сұранымды
шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс-
шаралар жүргізілу қажет. Жаңа классикалық
экономистердің айтуынша өндірістің өсуін
ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту
саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция
бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы
күнгі нарықтық экономиканың табиғатына
сай келеді, инфляция жағдайларын ( бюджет
тапшылығы, монопология, қағаз ақша т.
б.) толық жою мүмкін емес. Осыған байланысты
инфляцияны толық жою мүмкін еместігі
өзінен - өзі және алдын – ала белгілі.
Сондықтан да көп елдерде инфляцияны жою
емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып,
реттеу мақсаты қойылған.
Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе
көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және
қысқа мерзімдік іс – шаралар саясатын
қолдану қажет. Бұл саясат жиынтығын келесі
схема түрінде сипаттауға болады. Мемлекттің
ұзақ мерзімді саясаты, біріншіден, халықтың
инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді.
Ол үшін кез – келген үкімет инфляцияға
қарсы саясаты үздіксіз де, тұрақты түрде
жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға
тырысады. Үкімет өзінің іс – шаралары
негізінде ( өндірісті ынталандыру, монопологиямен
күресу т. б. ) нарықтың тиімді қызмет атқаруына
жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты
тұтынушылардың сана – сезіміне қажетті
әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын
қамтамасыз етеді.
Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ
мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы
бюджет тапшылығын реттеу іс – шаралары
жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық
банк несиесімен қаржыландыру инфляцияны
асқындырады.
Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс –
шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық ақша
көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның
өсуін ұадағалауға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін
әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын
қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа
мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын
инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте
күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан
да оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру
қажет болады.
Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын
уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл
мақсатта мемлекет өз иелігіндегі меншік
бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша
түсім түсіреді; қосымша өнім өндіретін
кәсіпорындарға әр түрлі жеңілдіктер
береді; акцияларды сату арқылы инфляциялық
сұранымды қысқартады; көлемді импорт
арқылы да ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтауын
қамтамасыз етеді.
Күнделікті сұранымды қысқарту арқылы
да инфляцияға қарсы әсер етуге болады.
Ол үшін салымдарға төленетін процент
кесімдеоін арттыруға болады. Сонда қор
сақтау нормасы артады, ал өндіріс шығындары
қысқарады.
Инфляцияға қарсы саясатқа байланысты
инфляциямен күресу шығындары туралы
мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы күрес
жұмыссыздықты арттырып, өндіріс көлемін
қысқартуы мүмкін. Мамандардың есептеуінше,
инфляцияны 1 процентке төмендету үшін
жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен
2 процентке арттыру қажет болады екен,
бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ - нің көлемі оңтайлы
деңгейінен 4 процентке төмен қалыптасады.
Инфляцианы ауыздықтау үшін көптеген
елдер үкіметтері 60-шы жылдардан бастап
табыс пен бағаны реттеу саясатын жүргізген
еді. Бұл саясат негізінен табысты шектеуге
бағытталған. Саясат инфляциямен күресүдің
нарықтық емес, әкімшілік әдісіне жақын
болғандықтан, қойылған мақсатқа әрқашан
жеткізе бермеген.1971-1974 жылдары АҚШ үкіметі
жалақы мен баға деңгейін тікелей реттеу
тәртібі жойылып, оның орнына орындауға
міндетті емес үкіметтің ұсынысы ретінде
сақталған болатын. Ал 80-ші жылдардың басында
президент Р. Рейганның әкімшілігі бұл
мәселемен айналысатын мемелекет мекемелерін
таратып жіберген.
2.2 Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі
инфляцияның даму қарқыны.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі № 4 2005 жылғы 13 қаңтардағы берілген бойынша мына мәліметтерді көруге болады:
Қазақстан Республикасының
Статистика жөніндегі агенттігінің
ресми деректері бойынша
Азық – түлік тауарларының құрылымында, әсіресе, жұмыртқаға баға 12,8 % - ға өсті, сүт – 4,9 % - ға, шұжық тағамдары – 3,0 %- ға, күріш – 2,6 % - ға қымбаттады. Жеміс – жидек пен көкөніске баға 1,4 % - ға, ұнға – 0,4 %, нанға – 0,1 % арзандады.
Азық – түлікке жатпайтын тауарлар тобына бағаның өсуі көп жағдайда жанар – жағармай материалдарының қымбаттауымен байланысты болды: бензин – 5,1% - ға, дизель отыны – 2,8 % - ға , көмір – 2,4 % - ға қымбаттады. Киім – 0,6 %– ға, тұрмыстық тоқыма бұйымдары мен аяқ – киім – 0,5% - дан қымбаттады. /7, 2б./
Ақылы қызмет көрсетудің ішінде білім беру мекемелерінің қызмет көрсету құны – 6,5% - ға, медицина мекемелерінің қызмет көрсетуі – 0,3% - ға, тұрғын үй – коммуналдық қызмет көрсету және жолаушылар көлігінің қызметі 0,1% - ға қымбаттады. /7, 2б./
Ағымдағы жылдың басынан бері инфляцияның деңгейі 3,8 % болды (2003 жылдың қаңтар – қыркүйегінде - 2,8 %) , сонымен бірге азық – түлік тауарларына баға 4,0 % - ға, азық – түлікке жатпайтын тауарларға - 4,1 % - ға, халыққа ақылы қызмет көрсету – 3,1 % - ға көтерілді. /7, 2б./
2004 жылғы қыркүйекте инфляция жылдық көрсетуде 7,7 % -ды құрады (2004 жылғы тамызда – 7,3 %). /7, 2б./
2004 жылдың 1 – жартыжылдығында ресурстардың нетто - әкелінуі талдау көрінісінде (резервтік активтердің өзгеруіне байланысты операцияларды есепке алмағанда) өткен жылдың осындай көрсеткішінен екі еседен астамға асып түсіп, 1,8 млрд. долларды құрады. 2004 жыл үшін Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялар сияқты Қазақстан резиденттерінің шетелдік кәсіпорындарға тікелей инвестициялварының да өсуі тән болды. 2004 жылдың 1 – жарты жылдығында Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы әкелінуі 2523 млн. доллар деңгейінде тіркелді, нетто - әкеліну 1696 млн. долларды құрады, бұл өткен жылдың осындай көрсеткішінен 1,7 есе асып түседі. /7, 2б./
2004 жылдың 1 жартыжылдығында борыштық капитал бойынша міндеттемелер 1,8 млрд. долларға, резиденттердің шетелдік активтері – 1,3 млрд. долл. өсті.
Информация о работе Инфляция әлеуметтік- экономикалық құбылыс