Экономикалық өсу: жұмыссыздық және инфляция

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 11:12, курсовая работа

Краткое описание

Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі экономикалық мақсаттары мына бағдарлама құжатында анықталады: «Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» бағдарламасында (1992ж) Н.Ә.Назарбаев экономика саласындағы, яғни қоғамдық өмірдің шешуші саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық жүйеге өтуді жалғастыру болатынын атап көрсетті.

Оглавление

Кіріспе 3
Негізгі бөлім
І. Экономикалық өсу факторы ретінде жұмыссыздық және инфляция.
1.1. Экономикалық өсу: экономикалық өсудің қазіргі кезеңдегі типтері және ерекшеліктері. 6
1.2. Жұмыссыздық және инфляцияның мәні, себептері, әлеуметтік-экономикалық зардаптары 9
ІІ. Қазақстан Республикасында экономикалық өсу және жұмыспен қамту саясаты.
2.1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауынан экономикалық өсу бағыттары 19
2.2. Жұмыспен қамту саясаты 22
2.3. Инфляцияның қалыптасуна қарсы жасалатын шаралар негізі 25
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер 29
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Кур ж Экономикалык осу факторы жумыссыздык.doc

— 430.00 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

Ш.УӘЛИХАНОВ  АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ 

Экономикалық  факультет

Менеджмент  және маркетинг кафедрасы 
 
 
 
 
 
 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС 
 

Тақырыбы:

«Экономикалық өсу: жұмыссыздық  және инфляция» 
 
 
 
 
 

                    Орындаған: Камесхан Ж.

                  «050507 Менеджмент» 

                    күндізгі бөлім 

                  Тексерген: «Менеджмент және                           маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы Азмаганова К.Ж. 

Көкшетау - 2007ж 

Жоспар

Кіріспе            3

Негізгі бөлім

І. Экономикалық өсу факторы ретінде жұмыссыздық және инфляция.

1.1. Экономикалық  өсу: экономикалық өсудің қазіргі  кезеңдегі типтері және ерекшеліктері.            6

1.2. Жұмыссыздық   және инфляцияның мәні, себептері,  әлеуметтік-экономикалық зардаптары         9

ІІ. Қазақстан  Республикасында экономикалық өсу және жұмыспен қамту саясаты.

2.1. Қазақстан  Республикасы Президенті Н.Ә.  Назарбаевтың жолдауынан экономикалық өсу бағыттары        19

2.2. Жұмыспен  қамту саясаты        22

2.3. Инфляцияның  қалыптасуна қарсы жасалатын  шаралар негізі   25

Қорытынды           27

Қолданылған әдебиеттер         29

Қосымшалар 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Бүгінгі  таңда біз экономикалық өсу кезеңін  кешіп отырмыз. Экономиканың хал-ахуалының  кіріктірілген көрсеткіштері немесе оның макрокорсеткіштері бізге жақсы мәлім.  Бұлар, атап айтқанда, жалпы ішкі  өнім, елдің төлем балансына қол жетуі, қаржылық тұрақтылық, инфляция және жұмыссыздықтың деңгеиінің төмендеуі.

     Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі экономикалық мақсаттары мына бағдарлама құжатында  анықталады: «Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» бағдарламасында (1992ж) Н.Ә.Назарбаев экономика саласындағы, яғни қоғамдық өмірдің  шешуші саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде  нарықтық жүйеге өтуді жалғастыру болатынын атап көрсетті.

     І кезең (1992-1995ж)  макроэкономикалық тұрақтанудың негізгі екі процестерін қамтуды: меншіктің едәуір бөлігін жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлармен толтыру;

     ІІ  кезең (1996-2005ж) экономиканың шикізат базасын өзгертуге қадам басу үшін, телекоммуникация мен транспорт жүйелерін жеделдете дамыту, сонымен бірге дамыған тауар және валюта нарықтары, капитал, жұмыс күші, бағылы қағаздар мен интеллектуальды меншік нысандарын қалыптастыру үшін қажет;

     ІІІ кезең (1996-2005ж) экономиканың ашық типін жедел қарқынмен дамыту, осының негізінде өтпелі  кезеңде стратегиялық мақсаттарға жету, Қазақстанның әлемдік индустриальды елдер қатарына кіру мен әлемдік саңдада позициясының нығайуымен сипатталады.

     1997ж.  қараша айындағы Елбасының Қазақстан  халқына жолдауында өтпелі кезеңдегі  әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы шығарылды, тежеулі факторлары айқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге  шыруға көзделген 7 ұзақ мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді.

     Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың биылғы жылғы  ҚР халқына жолдауында – ҚР бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мақсатын атап айтты. Бәсекеге қабілетті 50ел қатарына кіру үшін экономиканы дамыту керек екені айтылды. Ел экономикасы дамуы үшін халықтың әлеуметтік хал-ахуалын  жақсарту керек. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіруге арналған стратегияларының басты бағыттарының бірі – инфляцияны тежеу және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мәселесі. Ұзақ мерзімді басымдылықта Президент: «Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуметтік нарықтық  экономика құрудамыз» деп тағы да   атап көрсеткен.

     ХХІ ғ. қарсаңындағы ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық саясатының басты 5 бағыты:

  1. әлеуметтік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызметті одан әрі дамыту;
  2. басқарудың  тиімділігін арттыру;
  3. өндіріс  секторына несие беру;
  4. экономиканың шикізат бағдарын өзгерту;
  5. аймақтық дипропорцияларды жою.

     ҚР-ның  әлеуметтік-экономикалық өсу саясаттың  осы  бағыттарының кейбіреулеріне тоқталайық.

     Президент әлеуметтік ахуалды жақсарту деп  ең  маңызды мәселе – халықты жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсетті. Үкімет қазіргі кезде жұмыссыздықпен және кедейлікпен  күрес туралы бағдарламаны дайындауда. Жұмыспен қамту мәселесін шешуде  шағын кәсіпкерлікке маңызды  рөл беріледі.

     Тұрақты экономикалық өсу тұсында төмендегідей тенденциялар қалыптасуда:

  1. дүниежүзілік сауда ұйымының  (ДСҰ) құрамына кіру, әлемдік нарыққа өңдеуші  өнеркәсіп  өнімдерін шығару, бәсеке қабілетті салаларды құру;
  2. экономиканы шикізаттық бағыттан өңдеуші бағытқа диверсификациялау;
  3. ТМД елдерінің біртұтас экономикалық кеңістік  саясатына бет бұруы;

     Экономиканың  өсу қарқыны бойынша Қазақстан  соңғы  жылдары тек ТМД елдерін  ғана емес, сонымен қатар нарықтық  қатынастарға көшкен бірқатар еуропалық  елдерді де басып озып отыр.

     Дүниежүзілік  экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бірқатар  проблемаларға тап болып отыр. Негізгі проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: біржақты шикізат бағыттылығы, әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі, ел ішіндегі салааралық және өңіраралық экономиканың ықпалдасу босаңдығы; ішкі рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұраныстың мардымсыздығы; өндірістік және әлеуметтік  инфрақұрылымның  дамымауы; кәсіпорындарының жалпы техникалық және технологиялық  тұрғыдан артта қалушылығы; ғылым мен өндіріс арасында ықпалды байланыстың  болмауы;ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкциялық  жұмыстарға қаржының аз бөлінуі; менеджменттің экономиканы ғаламдану процестеріне және сервистік технологиялық  өтуге бейімделу міндеттеріне сәйкес келмеуі.

     Проблемаларды шешу стратегия аясында алға қойылған  мақсаттармен  міндеттерге қол жеткізу үшін Даму Банкінің қызметін  жандандырумен  қатар, Қазақстанның инвестициялық қоры, экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация, инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделіп отыр.

     ҚР  Президентінің 2004ж. халыққа жолдауынан 2030 жылға арналған даму стратегиясында былай делінген: «Соңғы үш жылдың ішінде біздің экономикалық стратегиялық  макроэкономиканы тұрақтандыру болды, бұл мемлекеттік  бюджеттің тапшылығын қысқарту мен қатал монетарлық және несие саясатын  дәйекті жүргізуді білдіреді. Бүгін осы мәселені шешуге бұрынғыдан да жақын тұрмыз. Бірақ бүгінгі табыстарымыз тоқмейілсінуге  негіз бола алмайды. Егер елдегі инфляция шығып кетсе ұлттық валютаның бағыты экономиканың жалпы жағдайы мен біздің стратегиялық ұмтылыстарымызға сай келмесе, ал өсім ставкалары нақты сектор үшін жоғары болып, оған қол жеткізу мүмкін болмай қалса немесе  нақты сипатында теріс болып отырса, біз алға қойған мақсаттарды іске асыра алмаймыз». Экономиканың жоғары табыстарға жету үшін кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғары инфляцияны жою жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолдану және макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіліген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалау керек.

     Жоғарыда  айтылған мәліметтерді есепке ала отырып, берілген курстық жұмыстың тақырыбы өзекті деп санаймыз. Осыған байланысты курстық жұмыс келесі мақсаттарды: экономикалық өсудің факторы жұмыссыздық және инфляция түрлерін алып, Қазақстан Республикасы бойынша зерттеу.

     Курстық жұмыс мақсатына байланысты келесі міндеттер жүктеледі:

  1. Қазақстан Республикасының экономикасының өсу деңдейін сипаттау.
  2. Тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін  талдау.
  3. Инфляцияны тежеу мәселесін қарастыру.

     Бұл курстық  жұмыстың  зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және инфляция  мәселесі. Бұл мәселелрді Қазақстанның экономистері, ғылымдары зерттеген, олар: А.К.Ермекбаев, Гауһар Үсенова және т.б.

     Курстық жұмыс келесі құрылымдардан:

  1. Кіріспе
  2. ІІ бөлім:  1. Экономикалық өсу факторы ретінде жұмыссыздық және инфляция.

        2. ҚР-да экономикалық өсу және  жұмыспен қамту саясаты.

  1. Қорытынды.
  2. Қолданған әдебиеттер тізімі.
  3. Қосымша.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І  Экономикалық өсу  факторы ретінде  жұмыссыздық және инфляция 

    1. Экономикалық  өсу: экономикалық өсудің қазіргі кезеңдегі типтері және ерекшелері
 

     Экономикалық  өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл  сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі  сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс кұралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы коғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.

     Сұранымнын  өсу жағдайында табиғи ресурстар  мүмкіндігі мәселесі одан әрі қиындай  түседі, сондықтан экономикалық өсу бірқатар факторларға байланысты:

  1. табиғат ресурстарының саны мен сапасына;
  2. еңбек ресурстарының саны мен сапасына;
  3. капитал ресурстарына:    
  4. қолда бар технологияға
 

     Экономикалық  өсу экономиканың бір қалыпты  алға қозғалысын және оның әлеуметтік-экономикалық прогресін көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы критериі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады. Кез келген басқа сияқты, экономикалық прогрестің козғаушы күші қайшылық болмақ. Өндіріс пен тұтыныс арасындағы қайшылык жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады. Тұтыныстар өндірісті ынталандырады, екінші жағынан өндірістін өзі жаңа тұтыныстарды қалыптастырады - сөйтіп осылай кайталана береді. Бұл қайшьшық - оның коғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының табиғи негізі. Кез келген коғамда тұлынысты дәріптеу экономикалық заңы бар. Жыл сайын тұрғындардың саны өседі және олардың тұтыныстары да өсіп отырады. Олардың тұтыныстарын канағаттандыру үшін экономика материалдық және рухани игіліктерді қамтамасыз етуі қажет. Осыдан байқалатындығы, экономикалық жүйе осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатын мүмкінділігіне қарай оның өміршеңдігі анықталады. Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес, сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау. Себебі материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми-техникалық жетістіктердің негізінде, еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол жеткізіледі. Әрине, бұл барлык өндіріс факторларын тиімді қолданудың нәтижесінде ғана жүзеге асады.

     Экономикалық  өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар. Ол мынамен байланыстырылады: оның артта қалуы ХХ-шы ғасырдың 50-шы жылдары басталған ғылыми-техникалық революция дамуымен сәйкес келді. Экономикалық өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында өндірістің интенсификациялау негізінде жүзеге асады.

     ҒТР-ның  казіргі дәуірі технологиялық революция  айдарымен жүзеге асып (70-80 жылдары  басталды), мынаны байкатады:

  1. еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни робототехниканы кеңінен қолданатын жұмыскерсіз технология, сондай-ақ машинасыз технологияны қолдану-өнімді машинаны қолданбай-ақ дайындау (мұндай технологияларға мынаны жаткызамыз: плазмалық, электронды-сәулелік, радиациялық, биологиялық және баска технология түрлері);
  2. ресурсты сақтау технологиясы, шикізат пен материалды кешенді өңдеу арқылы аз қалдықты және қалдықсыз технологияны қолдану, шикізат элементтерін атмосфераға жіберуді, ағынды суға және шлам тоғандарына қокыс, үйінді тасталуын жою, яғни қоршаған ортаны ластамау.

     Жаңа  жағдайда өндіріс нәтижесіне баға беру өзгереді: бірінші орынға сандык мәселе емес, шығарылған өнімнің сапасы көтеріледі.

Информация о работе Экономикалық өсу: жұмыссыздық және инфляция