Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 11:12, курсовая работа
Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі экономикалық мақсаттары мына бағдарлама құжатында анықталады: «Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» бағдарламасында (1992ж) Н.Ә.Назарбаев экономика саласындағы, яғни қоғамдық өмірдің шешуші саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық жүйеге өтуді жалғастыру болатынын атап көрсетті.
Кіріспе 3
Негізгі бөлім
І. Экономикалық өсу факторы ретінде жұмыссыздық және инфляция.
1.1. Экономикалық өсу: экономикалық өсудің қазіргі кезеңдегі типтері және ерекшеліктері. 6
1.2. Жұмыссыздық және инфляцияның мәні, себептері, әлеуметтік-экономикалық зардаптары 9
ІІ. Қазақстан Республикасында экономикалық өсу және жұмыспен қамту саясаты.
2.1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауынан экономикалық өсу бағыттары 19
2.2. Жұмыспен қамту саясаты 22
2.3. Инфляцияның қалыптасуна қарсы жасалатын шаралар негізі 25
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер 29
Қосымшалар
Экономикалық өсудің жаңа сапалық белгісі - өндірістің прогрессивті құрылымының кұрылуымен, ғылымды қажет ететін салалардың үлес салмағының артуымен түсіндіріледі. Олар ҒТР нәтижелерін ендіруді және қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Қазіргі жағдайда ғылым ролінің өзгеруімен экономикалық өсу жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. Ғылым коғамның тікелей өңдіргіш күшіне айналуы аяқталып келеді. Жоғарыдағы аталған барлық жағдайлар экономика козғалысына, экономика дамуына жаңа сапалық сипат береді.
Экономика
өсуінің қайнар көзі - экономикалық
ресурстар, экономикалық мүдделер мен
ынталандыру жатады. Олар атқаратын
кызметтің көлемін ұлғайтуға
және сапасын арттыруға белгілі
уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік
жасайды. Рыноктық экономиканың негізін
жеке меншік құрайды және ол әрбір адамның
жігер-қайраты арқылы дамып, олардың жеке
экономикалық мүдделерін жүзеге асырады.
Экономикалық өсудін сапалық жана типінің
негізгі қайнар көзі – экономикалық саясат
және ол коғамдағы мәуелеп тұрған тұтыныстарды
дөп көрсетеді. Экономикалық дамудың ерекше
қайнар көзі инвестиция (күрделі қаржы)
болады. Бүгін салынған каржы көлемі келешектегі
табысты ұлғайтуды көздейді. Бұған Жапония
елі айқын дәлел: халық шаруашылығын дамытуға
жұмсалған жоғарғы деңгейдегі инвестиция
әлемдік қауымдастықта оны дамыған мемлекеттің
қатарына көтерілуге ықпал жасады. Экономикалық
өсудің сапалық жаңа типінің түпкі мақсаты
адам болып табылады. Оның ҒТР жетістігімен
қаруланған білімін, еңбегін де айта аламыз.
Сондай-ақ оның барлық кездегі көп түрлі
тұтыныстары әлеуметтік-экономикалық
прогрестің басты критериі болмақ.
Макроэкономикалық
тепе-теңдіктің теориялары.
Мультипликатор және
акселератор.
Экономикалық өсудің тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне байланысты теңселуі мүмкін. Сондықтан оның осы құбылысты тудыратын себебін талдау қажет.
Бір
жағынан — рыноктық экономиканың
қалыпты қызмет жасауы экономикалық
өсуді тұрақты динамикалық
Экономистер көптеген жылдар бойы бұрындары және қазіргі кезде де тепе-теңдік динамикасы моделін іздестірумен айналысқан және айналысуда. Себебі ол бірін-бірі жоққа шығаратын екі тенденцияны қосады: экономикалық тепе-тендік және экономикалық динамика. Тепе-тендік динамикасы моделі классикалық және кейнстік болып бөлінеді. Классикалық моделдің екіліне француз экономисі Жан Батист Сэйді (1772-1823) жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (олар сондай-ақ тұтынушы болып та табылады). Сөйтіп өзі өндірмеген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады. Демек, табыс=шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи ұсынымға тең.
Алайда нақты рыноктық экономика кұрылымы әлдеқайда күрделі: тұтынушы саны ылғида өндіруші санынан асып отырады - табыс толық жұмсалмайды (бір белігі жинақтауға айналады, өндіруші шығынның бір болігін займ (несие) есебінен жүзеге асырады). Бірақ нақты өмірде Сэй моделінде көрсетілгендей, "сұраным ұсыным болып табылады", баланстанбайды. Себебі сұраным жинақтау мөлшеріне кемиді, ал ұсыным несие мөлшеріне артады. Осыдан барып өте маңызды тұжырым жасауға болады: жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным тепе-теңдігі жинақталған инвестиция мен несиеленген инвестиция тендігін талап етеді.
Жинақтау тұтынушынын жиынтық табысының бір бөлігі ретінде экономикалық шеңбер айналымынан шығып қалады. Сондықтан олар сұранымға айналмайды және оларға кеткен шығындар өндірушіге қайтарылмайды.
Демек,
жинақтау макроэкономикалық тепе-
Кейнстік модель табыс козғалысынын басқаша құрылымын қарастырады: «табыстар → сұраным», бірақ «табыстар → жинақтау» емес.
Жинақтау
инвестицияның негізін
Егер табысты ақшалай түрде емес натуральды заттай түрде қарастырсақ, онда табыс тұтыну және өндірістік (капиталды) тауарларға
бөлінеді.
Өндірістік және капиталдық тауарлардың жалпы шығарылуы нақты сұраным немесе инвестициялық сұраным болып аталады.
Инвестициялық
сұраным экономикалық жүйедегі бірден-бір
ең маңызды динамикалық элемент
болып есептелінеді. Бұл модельдің
бірден-бір міндеті
Жиынтық сұраным – тауар мен қызмет көрсетудің әртүрлі көлемін байқататын модель. Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын және үкімет кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын.
Жиынтық ұсыным - кез келген баға деңгейіндегі нақты өндіріс көлемі деңгейін байқататын модель. (1 - қосымша.)
Егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолданғанда ЖҰӨ тепе-теңдігін құруға талап етілген деңгейден төмен болса, онда сұраным ұсынымнан тұрақты түрде артып отырады. Ұсыным ешқандай апта алмайды. себебі ресурстар толық қолданылып біткен. Ал сұранымның шексіз артық болуы инфляцияға ұрындырады.
Сөйтіп, нарықтық экономика екі оттың арасында қалады – жұмыссыздық пен инфляция ортасында. Алайда, жұмыссыздық пен инфляция арасында тұрақты кері тәуелділік қалыптасып, оны "Филиппс қисығы" түрінде бейнелейміз. Қисықтың бұлай аталуы осының авторы Жаңа Зеландия экономисінің есімімен байланыс. Енді ғана жұмыссыздық деңгейін инфляция деңгейі есебінен реттеуге мүмкіндік туды және кері құбылыста бола алады. Ондай нәрсе тек мемлекеттің араласуын талап етеді.
Жұмыссыздық - экономнкалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселесінің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандык теория жүмыссыздықтың пайда болуын тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты рыноктық сұраныстып жетіспегендігімеп түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік мектебінің теориясы -жұмыссыздық жалақы деигейінің жоғарылауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік теориясы қазіргі өкілдері - "монетаристер" - осы қөзкарасты құптайды.
К.Маркстың қорлану теориясы мен қазіргі технологиялык теория жұмыссыздықтың болуын, біріншіден - капиталдың қорлануымен, екіншіден, - техника прогрессімен болатындығын айтады.
Енді осы теориялардың мән-жайына кысқаша тоқталайық.
Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-1834 ж.ж.) жасаған. Ол 1798 жылы "Халық саны туралы заңның тажірбиесі» кітабын шығарған. Онда ол былай жазған: жер шарындағы тұрғындар геометриялық прогрессиямен өседі: яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі: халық саны — 1, 2, 4, 8, 16, 32 ж.т.б., ал өмір сүру жабдығы — 1, 2. 3 , 4, 5 ж.т.б.
Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу карқыны жоғарыдағы көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қорытындыға келген: тұрғындардың жоғары карқынмен өсуі қайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп-салдары болып табылады.
Қазіргі жағдайда адамзаттың өмір сүру әдісінің тұрғындар қарқынының тез өсуінен қалмауы үшін мүмкіндіктер көп. Бұл туралы ағылшын экономисі Джон Бориал өзінің 1954 жылы шыққан "Қоғам тарихындағы ғылым" кітабында былай жазған: «Қазіргі уақытта атом ядросының бөлінуі негізінде ядролық энергия алынды және оны ядролық синтезден, тіпті көп мөлшерде күтуге толық негіз бар, себебі тамақ өндірісін ары дамытудың шексіз екенін көрсетеді».
Ағылшын экономист Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға сұранымның төлем қабілеттілігінің жекіліксіздігі мен жалақының өте жоғарылауының салдары деп түсіндіреді. Төлем сұранымының жеткіліксіздігін ол адамдардың қор жинауға бейімділігімен және күрделі қаржыға ынталандырудың әлсіздігімен түсіндіреді. Онын ойынша, толық жұмыстылықпен қамтамасыз етуге болады, ол үшін адамдардың қор жинауға бейімділігін жоюы қажет және жұмыс орнын құру үшін жоғарғы деңгейлі күрделі қаржыны қарастырған дұрыс.
Батыс мектебінің өкілдері ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейін жұмыссыздықты дәстүрлі түсіндірумен, яғни жұмыссыздық - жолдамалы жұмыскердің өзінше еркін талдауы деп есептеді. Жұмысшылар шектен тыс жоғарғы жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді. Бұл теорияны ағылшын экономисі Кембридж университетінің профессоры А.Пигу өте дәйектілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан «Жұмыссыздық теориясы» кітабында баяндады. Алайда ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарындағы жаппай жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі барынша айқындала түсті.
Қазіргі
жағдайда «монетарлық теория» өзі
туралы барынша айқын көрсете білуде.
Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық
себебін мемлекеттін акша саясатын дұрыс
жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді.
Ақша массасын дұрыс баскара отырып, өндіріс
процессін реттеуге болады. Олардың ойынша,
түзу инфляция өңдірісті ынталандырады
және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа
зеландиялық экономист Олбен Филипс (1914
ж.ж.) осы тәуелділікті математикалық тілде
қисық түрінде көрсетіп, кейінірек ал
«Филлипс қисығы» аталды (2 - қосымша.)
Жұмыссыздықтың
түрлері мен себептері.
Жұмыссыздықтың мынандай түрлері бар:
1. Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күнімен атқаруға болады.
2. Фрикциондық жұмыссыздық - адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтамыз.
3. Маусымдық жұмыссыздық - жұмыс күшінің тек маусымдық кезенде жұмыс жасауы: бұл кейбір ауыл шаурашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіреск кайта өндеу өнеркәсібінде т.б.
4. Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуынын кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
5. Технологиялық жұмыссыздық - адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.
6. Циклдық жұмыссыздық - өндірістін кұлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдын осы фазасымен байланысты.
Кез келген жұмыссыздықтың болуы - қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақыны туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады. Жұмыссыздық деңгейін есептеу төмендегідей формуламен аныкталады:
мұндағы - ЖБ - жұмыссыздық денгейі;
ЖС — жұмыссыздар саны;
ЖК - жұмыс күшінің саны.
Жұмыссыздық
қоғамға көптеген зиян келтіреді, инфляцияның
өсуіне ықпал жасайды, сондықтан
еңбекке қабілетті адамдардың бір
бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды.
Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан
ақшалай жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан
барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі
өсе түседі. Кез келген жұмыссыздың деңгейімен
байланысты болатын экономикалық зиянды
анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен
заңы қолданылады. Бұл заң американ экономисі
Артур Оукеннің (1724-1780ж.ж.) есімімен аталған.
Осы заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық
деңгейі мен жалпы ұлттык өнім (ЖҰӨ) көлемінің
төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді.
Егер жұмыссыздықтың сандық деңгейі табиғи
деңгейден 1%-ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің
төмендеуі 2,5% кұрайды. Осы 2,5 санымыз -
Оукен коэффициенті болып табылады. Мына
1:2,5 қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің
төмендеуіне катынасы болып табылады
және жұмыссыздықпен байланысты өнімнің
абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі.
Информация о работе Экономикалық өсу: жұмыссыздық және инфляция