Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 11:12, курсовая работа
Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі экономикалық мақсаттары мына бағдарлама құжатында анықталады: «Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» бағдарламасында (1992ж) Н.Ә.Назарбаев экономика саласындағы, яғни қоғамдық өмірдің шешуші саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық жүйеге өтуді жалғастыру болатынын атап көрсетті.
Кіріспе 3
Негізгі бөлім
І. Экономикалық өсу факторы ретінде жұмыссыздық және инфляция.
1.1. Экономикалық өсу: экономикалық өсудің қазіргі кезеңдегі типтері және ерекшеліктері. 6
1.2. Жұмыссыздық және инфляцияның мәні, себептері, әлеуметтік-экономикалық зардаптары 9
ІІ. Қазақстан Республикасында экономикалық өсу және жұмыспен қамту саясаты.
2.1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауынан экономикалық өсу бағыттары 19
2.2. Жұмыспен қамту саясаты 22
2.3. Инфляцияның қалыптасуна қарсы жасалатын шаралар негізі 25
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер 29
Қосымшалар
Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін (адамның еңбек қабілеті) тауар түрінде сатып, сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатыныстар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификациялы еңбектің беделінің сөзсіз көтерулуіне әсер етуі мүмкін. Осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы ортады, жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап келмейеді.
Еңбек
нарығының жүйесінің маңызыды әдісі
– мемлекеттік реттеу болып табылады.
Еңбек нарығын мемлекетті ретеу
халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғаудың жалпы ортақ
Жұмыссыздықты әлеуметтік қорғаудың қазіргі кезде мынадай түрлері қалыптасқан:
Жұмыссыздықпен күресуде еңбек биржасалары (тұрғындары жұмыспен қамту қызметі) айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уақыт өте еңбек қатынастарының дамуына сәйкес оның мақсаттары мен атқаратын қызметтері өзгеррді.
Еңбек биржасы – бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлермен кәсіпкерлер арасындағы делдалдық келісім жасалатын, турақты жұмыс істейтін мекеме. Бұрынғы КСРО-да ең соңғы еңбек биржасы 1932ж. қабылданған болатын. 1991ж. шілдесінен бастап Қазақстанда барлық жерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей бастады.
Еңбек биржаларының негізгі атқаратын қызметтері мыналар:
Адамдар жұмыс болса ғана жұмыспен қамтылатыны белгілі, ал еңбек жағдайының сапасына, еңбек пен еңбек қатынастарын қорғауға тұрақты бақылау жасаудың және әріптестердің бірлескен мониториннгінің арқасында қол жеткізіледі. Бұлар жұмыспен қамтудың тиісті әрі сапалық деңгейіне қол жеткізу құралдары болып табылады. Бүгінгі таңда, экономикалық өрлеу кезеңінде, мемлекеттің жұмыспен қамтудағы және еңбек рыногын реттеудегі рөлі туралы мәселе принципті тұрғыдан жаңаша шешілуге тиіс. Жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту проблемалары кейін қалуға тиіс емес және қалмайды да, әрі олар қалдық принціпі бойынша қаржыландырылмау керек.
Жеке
адамдар экономика жұрттылықты жұмысқа
орналыстырғанша жұмыс іздеуге кететін
уақытты қажетсінеді. Қоғам жұмыстының
күнелту минилизнын сақтап қалуына қол
ұшын беруі тиіс. Соңғы кездері жұмыссыздық
негізгі проблема емес, себебі олар үшін
жәрдемақы төленеді деген қауесеттер
пайда болды. Бұл дұрыс емес. Өйткені жұмыссыздықтың
бәрі бірдей жәрдемақы ала бермейді. Шындығында
да, жалпы жұмыссыздықтың 2/3-ден төмендеу
бірлігі ғана – сақтандырылған жұмыссыздық.
Елбасы Н.Ә Назарбаев 2006 жылдың 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына жолдауында ақша кредит саясатының негізгі мақсатты инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету болып табылады және бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен Үкіметке деп жүктеледі деп атап көрсетті. Осыған орай бүгінгі таңдағы инфляцияның өсуі көп себептерге негізделген және тиісті органдар мен нарық субъектілерінің нақты іс-әрекеттеріне байланысты күрделі көп факторлы құбылыс екендігін айта кеткен жөн.
Қазақстанда
реформаның алғашқы жылдары бағаның
қозғалысы көптеген фактормен айқындалды,
олардың басымдары мыналар
Жекеленген сарапшылардың пікірінше, мемлекеттік шығыстардың өсуі айналыстағы ақша сапаның көбеюіне ықпал етеді және инфляцияның туындатуы дейді. Бұл жағдайда ақшаның жедел айналу көрсеткішкі және олардың айналыстағы санына негізделетін. Инфляцияның ең қарапайым моделі ескерілмейді. Соңдықтан бұл мәселені шешу үшін ЖҰО-нің жан басына шаққандағы өнімінің мемлекеттік шығыстардың, барлық инвестицялардың, соның ішінде жеке сектордағы инвестициялардың көлеміне, тұтыну және жинақтау деңгейіне және басқаларға қарай өзара байланысын талдап, есептеп отыру керек.
Инфляция бізде ақшаның молшылығын ғана емес, негізінен алғанда күнделікті сұраныс тауарлардың жетіспеушілігі – «сұраныс инфляциясын» тудырып отыр. Қазіргі кезде Қазақстанда инфляцияның өсуінің негізгі себептері мыналар:
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары, оған шалдыққан елдің үкіметін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Алдымен елдің үкіметі, белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Алдымен экономистер ең басты сұраққа жауап іздейді. Инфляцияны төтенше шаралар қолдану арқылы жою керек пе, әлде оған бейімделу керек пе?
Осы
заманғы инфляцияның
Соңғы
жылдарда инфляция, ТМД елдеріндегі
ең қиын халық шаруашылығы проблемасына
айналды. Қазақстандағы жағдайлардың
күрделі инфляцияға қарсы саясаттың
тек жанама экономикалық әдістер
арқылы жүргізуге болмайтығын
Инфляцияны тежеу үшін мыналар қажет: біріншеден, азық-түлік нарықтарын шұғыл түрде монополиясыздандыруды жүргізу, жедел тауар биржаларын құру және дамыту қажет. Екіншіден, өте қажетті тауарлардың тұрақты мониторингін жүзеге асыру және монополияға қарсы тежерулердің тиімділігін арттыру керек; үшіншіден, елдегі инфляцияны тежеу бойынша кешенді шаралар қолдану қажет.
Қорына айтқанда, қазіргі инфляция сан қилы, көп факторлы күрделі процесс, ол беогілі дәрежеде барлық елдерді қамтиды. Инфляцияның жоғары қарқынан елдің, халықтың экономикалық дамуына көптеген зиян келеді.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өз экономикасы мен мемлекетітің іргетасын берік қалаған мемлекет. Енді бүгін Қазақстанның дамуы, кемел келешегі экономикалық, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық. Қазіргі кездегі Қазақстанның экономикалық жағдайының өсіп келе жатқанын мына факторлардың көруге болады: жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттердің стипендияларының өсуі, оларға білім алу гранттары мен кредиттердің берілуі; бюджет саласының қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтілердің жалықыарының өсуі; зейнеткерлердің зейнетақыларының өсуі мен аз қамтылған отбасыларына арналған қаржы көлемінің өсуі және тағы басқалар. Экономиканың тұрақты дамуы қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартқанның үстіне жақсарта беруге жағдай жасай туғызады. Бұл – мемлекет саясатының, яғни экономикасының дамып келе жатқанының әлеуметтік жемісі.
Қазақстан тек өзінің ішкі экономикасынын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар әлемге өзінің атын паш етті. Әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған елдері Қазақстанның экономикасының өсіп келе жатқанын мойындап, Қазақстанмен әр түрді экономикалық байланыстар орнатуда.
Экономиканың одан әрі дамуына жағдай тудыру үшін елдегі жұмыссыздық мәселелерін шешіп, инфляцияға жол бермеу шараларын қарастыру керек.
Жұмыссыздық – бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілетті бар жұмыс күші, жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсыныстық арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже.
Жұмыссыздық
жағдайында өндіріс мүмкіншілігін
толық пайдаланбағандықтан
Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметік жағдайының төмендеуіне әкеледі. Қазақстан Республикасында жұмыссыздықпен күрес жөнінде бағдарламалар бекітіліп отырады. Бұл бағдарламаларда көзделіп отырған мақсаттар – жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру және негізінен еңбекке жарамсыз кедей азаматтарға, сондай-ақ еңбек нарығындағы жағдайы осал халыққа атаулы көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқытын қысқарту және жұмыссыздықтың деңгейін төмендету болып табылады. Бағдарламалар Қазақстандағы әр отбасының кешінде бір мүшесін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және жұмысы жоқ халықты еңбек етуге ынтыландаратын жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді. Жұмыссыздық деңгейін еліміздің тұрақты экономикалық-әлеуметтік дамуына қауіп төндірмейтін деңгейіне дейін төмендету міндеті көзделіп отыр. Экономикалық өсу үшін жұмыссыздықтан басқа тағы бір құбылыс-инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай-ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде, инфляцияның басты факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
Қазақстан тәжірибиесі инфляциямен күресу тек қана фискалды ақша саясаты көмегімен жүзеге асыратынын куәлландырады. Бірақ дүниежүзілік тәжірибеде, соның ішінде Бразилияда жоғары инфляция жағдайында өмір сүре білу тәжірибелері бар. Бұл облыстағы көптеген экономистердің зерттеулері, қай елде болмасын, жылына 30-40%-дан асатын инфляция жағдайында экономикалық өсуге қол жеткізу мүмкін еместігін көрсетеді. Инфляцияның әлеуметтік зардаптары, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының өсу қарқының қызметтер мен тауарлар бағасының курт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткерлер т.б. басынан өткізеді. Сондықтан кез келген мемлекет инфляцияға қарсы тиісті шаралар қолдану керек. Оның ішінде, бірінші қатардағы міндет, өндірістің, оның ішінде жоғары және орташа табыскерліктің дамуын қамтамасыз ету, олардың өндірген тауарлардың сатысын жоғарлатып, бәсекеге жарамдылығын арттыру болып табылады.
Информация о работе Экономикалық өсу: жұмыссыздық және инфляция