Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 11:12, курсовая работа
Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі экономикалық мақсаттары мына бағдарлама құжатында анықталады: «Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» бағдарламасында (1992ж) Н.Ә.Назарбаев экономика саласындағы, яғни қоғамдық өмірдің шешуші саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық жүйеге өтуді жалғастыру болатынын атап көрсетті.
Кіріспе 3
Негізгі бөлім
І. Экономикалық өсу факторы ретінде жұмыссыздық және инфляция.
1.1. Экономикалық өсу: экономикалық өсудің қазіргі кезеңдегі типтері және ерекшеліктері. 6
1.2. Жұмыссыздық және инфляцияның мәні, себептері, әлеуметтік-экономикалық зардаптары 9
ІІ. Қазақстан Республикасында экономикалық өсу және жұмыспен қамту саясаты.
2.1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауынан экономикалық өсу бағыттары 19
2.2. Жұмыспен қамту саясаты 22
2.3. Инфляцияның қалыптасуна қарсы жасалатын шаралар негізі 25
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер 29
Қосымшалар
Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасының деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никаракгуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%-ке дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде, бағалардың өсу қарқыны, айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады. Шаруашылық субъектілері, ұлттык валютаға деген сенім жоғалган кезде, қолдағы құнсызданған ақшадан құтылуға тырысады. Нәтижесінде айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, ол оның санының көбеюіне тең болады. Салдарында баға қауіпті шектерге дейін шарықтайды. Гиперинфляцияның басталуына инфляциялық күтудің де үлкен әсері болатындығын атап өту орынды. Мұндайда, ең алдымен ұлттық шаруашылық бүлінеді.
Инфляцияның
балансталған тепе - тендікті болуы
мүмкіні яғни, бағаның өсуі баяу және ол
барлық тауарлар мен қызметтерде бірдей
өседі. Болжамды күткен инфляцияны кенеттен
болатын инфляциядан ажырату білу керек.
Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға
болады. Үкімет оны жоспарлайды. Кенет
болатын инфляция болатын бағаны күтпеген
кезде өсуімен сипатталады. Басыңқы (придавленная
инфляция кезінде бағаның өсуі байқалмай
қалады.
Инфляцияның
әлеуметтік - экономикалық
дамуға әсері
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша коньюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция аттың текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағанын әр түрлі өсуі, экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі нарықта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бүдан басқа да халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің интернационалдануы бір елден екіншісіне аударылады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның
әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттык
табысты қайта бөледі, халықка
салық үстіне салық болып номиналды
және нақты жалақының өсу қарқыны қызметтер
мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін
калдырады. Инфляция зардабын барлык жалдамалы
жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткерлер
т.б. басынан өткізеді.
Филлипстің
қисык сызығы.
Инфляция жұмыспен қамтумен айтарлықтай әсер етеді. 1958-ші жылы ағылшын экономисі, оның ықпалын көрсететін «сұраныс инфляциясы» деген үлгіні ұсынды. 1861-1956 жылы Ұлыбритания санақтары деректерін пайдалана отырып, жалақы бағамы өзгеруі мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділіктің кері әсерін - қисық сызық арқылы керсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздыктың 2,5 - 3%-дан артық көбейту, баға мен жалақы өсуін күрт баяулататынын дәлелдейді. А. Филлипс есебінің теориялық негізін экономист Р.Липей жасады. Одан әрі американ экономистері Филлипстің қисық сызығына өзгерістер енгізіп, жалақы бағамын, тауар бағалары өсуі қарқынымен ауыстырады.Үкімет Филлипстің қисық сызығын сол қалпында экономикалық саясатты жасаудын құралы ретінде қолданады.
Абцисса
өсінде жұмыссыздық деңгейі, ординат өсінде
тауар бағаларының есу қарқыны белгіленеді.
Филлипс сызығы – қыска мерзімді экономикалық
жағдайларда қолдануға келеді.
ІІ
Қазақстан Республикасында
экономикалық өсу
және жұмыспен қамту
саясаты
2.1.
ҚР Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың жолдауынан
экономикалық өсу бағыттары
Біздің еліміз Қазақстан «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді бағдарламасына және онжылдық стратегиялық жоспарға сәйкес ойдағыдай ілгері дамып келеді. Соңғы жылдары біздің қолымыз жекткен табыстар аз емес. Қазақстанның нарықтық жаңғырудығы жетістіктері, экономикалық өрлеуі мен халықтың тұрмыс деңгейінің көтерілуі жалпыға мәлім, әрі әлемдік қоғамдастыққа да танылып отыр. Ұлттық қауіпсіздік пен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту, қоғамды одан әрі демократияландыру, өңірлік ынтымақтастықты дамыту жөнінде ұдайы дәйекті шаралар қолданылып жатыр. Ең бастысы, бізде қоғам мен мемлекетті, экономика мен әлеуметтік саланы тұрлаулы дамытудың келелі жолдарын іздетіру тынымсыз әрі нәтижелі жүргізіп келеді. Бұл жолдауда ҚР-ның экономикалық және әлеуметтік саясаттың, қоғамды одан әрі демократияландыру мен мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудың, мәдениет, білім беру мен руханият салаларын дамытудың. әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кірудің, экономикалық өсудің бағыттары баяндалып отыр.
ҚР
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030»
стратегиясының 10-жылдығы – Қазақстан
экономика мен мемлекеттің
ҚР Президентінің биылғы жылғы, яғни 2007 жылғы халыққа жолдауы «Жаңа әлемдегі – Жаңа Қазақстан» деп аталатыны баршаға мәлім. Жолдаудың басты мазмұны еліміздің әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елу елдің санатына қарай жасайтын қарышты қадамдары туралы болмақ, бұл жайында алдыңғы жолдауда да айтылған еді. Аталған бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты – Қазақстан Республикасының жоғары индустриалды дамуға қол жеткізуді және дамушы елдер қатарынан, қазіргі азиялық барыстар деп аталатын. Оңтүстік Корея, Малайзия, Бруней, Сингапур, Тайвань сияқты Азияның гүлденген индустриалды елдер қатарына өтуді жүзеге асыру.
Елбасы
биылғы жылдағы жолдауында алдағы он
жолдықта атқаруға тиіс жұмыстарды
айқындап берді. Бұл жұмыстардың
ішінде экономикаға да көп көңіл
бөлінген.
Жаңа
кезеңнің міндеттері
Қазақстанның әлемдегі тауарлар, көрсетілген қызмет, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар нарықтарының шын мәнінде ажырағысыз серпінді бөлігіне айналуы үшін біз он басты міндетті шешуіміз керек.
Бірінші міндет – экономиканың тұрлаулы дамуын қамтамасыз етіп ұстап, туризммен ғана шектеліп қалмай, оны басқаруға қол жеткізу.
Бізге экономиканың бәсекеге қабілеттілігін тұрлаулы сипатын қамтамасыз ету үшін толымды стратегия әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ оның орындалуына қатаң бақылау орнату қажет болады.
Екінші міндет - өңірлік экономикада сапалық жаңа табыстарға жету және жаһандық экономикаға толық құқылы қатысуды қамтамасыз ету. Біздің Қазақстанды экономикалық дамудың «өңірлік локомотивіне» айналдыра алатын да, оны әлемдік экономиканың оңтайлы «ойыншысы» етіп сандайтын да мүмеіндігініз бар. Бәсекеге қабілетті экономика қалыптастыруда мемхолдингтердің рөлі мен орнын айқын анықтап алудың маңызы зор.
Үшінші міндет - өндіруші сектордың тиімділігін арттыру. Біз алдағы уақытта да байсалды әрі өзара тиімді экономикалық саясат жүргізу ниетіндеміз. Көмірсутегі секторын одан әрі дамытуды, шетел мен жергілікті инвесторлар тартуды экономиканы әртараптандарумен тікелей байланыстыру және жаңа заман келешегі мол өндірістер құру жөніндегі аса маңызды міндеттерді осы арнада шешу қажет.
Төртінші міндет - өндірістің шикізаттық емес секторының дамуын, экономикалық әртараптандырылуын қамтамасыз ету өте-мөте маңызды. Үкіметтің экономиканың басымдықты шекізаттық емес секторларына инвестициялық «ұшқыр» жобаларды іске асыру жөніндегі өзінің бас стратегиясы болуы керек.
Бесінші міндет - өңірлік және жаһандық экономикадағы өзіміздің жаңа рөлімізге сәйкес осы заманғы инфрақұрылымды дамыту. Сонымен қатар экономикалық өсу мен бәсеке қабілеттіліктің өңірлік орталықтарын айқындап алып, олардың дамуын еліміз экономикасының ортақ мүдделеріне керек.
Алтыншы міндет – осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту. Жоғары білім беру саласында дәл және инженерлік ғылымдарды басымдықпен дамыту – бұл дамуымыздың жаңа кезеңінің міндетті шарты.
Жетінші міндет – атаулы әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі саясатымызды жалғастыра береміз, бірақ оны нақты нарықтық қағидаттар негізінде шешеміз.
Сегізінші міндет – дамуымыздың жаңа кезеңінің бағытына сәйкес саяси жүйені жаңарту.
Тоғызыншы міндет – халықаралық іс-тәжірибені ескеріп, әкімшілік реформаны жеделдете жүргізу.
Оныншы міндет – жаңа Қазақстанның Орталық Азия өңірімен әлемдік қоғамдастықтағы жетістіктері мен мүмкіндіктерін алға жылжыту. Бүгін біз басқа елдермен көкейтесті проблемалардың кең ауқымын шешуде ынтымақтасып ртырмыз. Бұлар: энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету өмірінең маңызы бар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу, терроризмге қарсы күрес, індеттер мен эконологиялық апаттарға қарсы күрес.
Күн
тәртібіне еліміз дамуының барысы,
сонымен неғұрлым кең ауқымды
сипаттағы терең мағынасы бар
барынша байыпты түбегейлі
Елбасы
Н.Ә Назарбаев Қазақстанды жан-
Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен қамту туралы, Қазақтан Республикасы заңына сәйкес, жұмыстан босап қалған, жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға, бұрынғы жұмыс орындағы негізгі жалақысының 50 пайыздан кем емес мөлшердегі, бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өмір сүру миннимунынан төмен болмайтын, жәрдем ақша беруге кепілдік береді. Олармен бірге мемлекет, жұмыс күшінің ұсынымын азайту үшін, иммиграцияны шектеу, шетел жұмысшыларының репартиясын ынталандыру, жұмыс аптасының ұзақтығын қысқарту, жұмыс орнын бөлу және мерзімнен бұрын қызметті демалысқа шығару сияқты жұмыспен қамту саясатын жүргізеді. Мемлекет қосымша жұмыс орындарын жасау үшін, қаржы бөлу бағдарламасын жүзеге асырады, сөйтіп жұмыссыздықтан мейлінше жапа шеккен, бірінші кезекте жастар, жұмыссыз болатындарға үнемі жәрдем көрсетеді. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек нарығы әр түрлі топтағы адамдарды, әсіресе, жастарды жұмыспен қамтамасыз етудің жеке шараларын жүзеге асырады. Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылданып, іске асырылады. Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жалақы шығандары бөлінеді және оларды кәсіптік мамандыққа дайындайтын шығындарды мемлекет толық өз мойына алады.
Елбасы Н.Ә Назарбаевтың 2004 жылғы Қазақстан халқына жолдауынан кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес стратегиялары айтылды. Олар:
Қандай да жұмыссыздық болмасын қоғамдағы аса ауыр экономикалық және әлеуметік қайшылық. Батыс елдерде жұмыссыз болу тек қана жұмысты жоғалту емес сонымен қатар адам өзінің ар-намысын, абырой – беделін жоғалту деп есептеледі. Кәсіпорын жұмысының түпкі нәтижесінен тәуелсіз, жаппай жұмыспен қамту жұмыскерлердің өндіріс тиімділігін арттыруға деген жеке мүдделіктеріне кері әсер етті, олардың өндірісті басқарудан шеттелуіне әкеліп соқтырады. Осының бәрі еңбек тәртібінің шұғыл құлдырауына үлкен экономикалық шығындарға жол берді. Бұған тиімді түр дегі жұмыспен қамту жолы – еңбек нарығында жатқаны айқын бола түседі.
Информация о работе Экономикалық өсу: жұмыссыздық және инфляция