Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 11:12, курсовая работа
Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі экономикалық мақсаттары мына бағдарлама құжатында анықталады: «Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» бағдарламасында (1992ж) Н.Ә.Назарбаев экономика саласындағы, яғни қоғамдық өмірдің шешуші саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық жүйеге өтуді жалғастыру болатынын атап көрсетті.
Кіріспе 3
Негізгі бөлім
І. Экономикалық өсу факторы ретінде жұмыссыздық және инфляция.
1.1. Экономикалық өсу: экономикалық өсудің қазіргі кезеңдегі типтері және ерекшеліктері. 6
1.2. Жұмыссыздық және инфляцияның мәні, себептері, әлеуметтік-экономикалық зардаптары 9
ІІ. Қазақстан Республикасында экономикалық өсу және жұмыспен қамту саясаты.
2.1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауынан экономикалық өсу бағыттары 19
2.2. Жұмыспен қамту саясаты 22
2.3. Инфляцияның қалыптасуна қарсы жасалатын шаралар негізі 25
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер 29
Қосымшалар
Еңбек рыногындағы тепе-тендік сұраным мен ұсыным көмегімен бекіттеді. Еңбекке деген сұраным мөлшері жалақы мөлшерінен кері пропорционалды байланыстылықта болады. Жалақы мөлшері көтерілген кезіңде фирмалар нарықтык, тепе-тендікті сақтау мақсатында жұмыс күшіне сұранымды төмендетуі қажет, ал жалақы мөлшері төмендегенде еңбекке сұраным артады. Жұмыс күшіне деген ұсыным нақты байланысқа іс-әрекет етеді.
Американ
ғалым-экономисі П.
3
- қосамшада еңбекке деген
Инфляция
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция, ұзақ уақыт; өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі -inplatio - (вздутие) - қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген. ХХ-ғасырда І-дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерімде 20-жылдардың орта кездерінде көрінді.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі.
Инфляция
дүние жүзіндегі көптеген
елдердің экономикалық өміріндегі ең
өткір проблемаларының бірі.
Инфляцияның
түрлері
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция әдетте, төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін, көп көлемде қағаз ақшаларды шығаруга мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін, ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10%-ан аспайды.
Жоғары қарқынды (галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан 200 пайызға жетеді. Ал бұл - экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ, көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.
Аса
зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы
ақша мөлшері мен тауар бағасы
денгейінің тым шарықтап, шектен тыс
өсуін білдіреді. Мысалы, Никаракғуада
азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық
өсуі 3300% -ға дейін жетті. Мұндай жағдайда
халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның
ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық
шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны
басынан өткізген бірқатар елдерде, бағалардың
өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің
өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады.
Шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға
деген сенім жоғалған кезде, қолдағы құнсызданған
ақшадан құтылуға тырысады. Нәтижесінде
айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, ол
оның санының көбеюіне тең болады. Салдарында
баға қауіпті шектерге дейін шарықтайды.
Гиперинфляцияның басталуына инфляциялық
күтудің де үлкен әсері болатындығын атап
ету орынды. Басыңқы (придавленная) инфляция
кезінде бағаның өсуі байқалмай қалады.
Инфляцияның
негізгі себептері
Ақша
тауарларды сатып алу қабілеті, күшті
валютамен салыстырғанда
Біріншіден, мемлекеттік шығындар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, байланыстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді.
Екіншіден, осындай жолмен әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдай да бағаның инфляциялық өсуі болады. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірісте емес шығындар - олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем кабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі, мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылык жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден,
баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі
нарықтық экономиканың ерекшелігіне байланысты.
Қазіргі нарық белгілі дәрежеде
олигополиялық нарық. Ал олигополист
едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигополиялар
бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса
да, олар оны қолдауға ынталы. Салаға жаңа
өндірушілердің келуін тежеу үшін, олигополистерге
жиынтық сұраныспен ұсыныстың сәйкес
келмеуі көмектеседі.
Инфляцияның
экономикалық және әлеуметтік
зардаптары
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі - баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша конъюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында, инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция аттың текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі, экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі нарықта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынга айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің интернационалдануы бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның
әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық
табысты қайта бөледі, халыққа
салық үстіне салық болып, номиналды
және нақты жалақының өсу
Инфляцияның
жалпы экономикалық
мәні мен мазмұны
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуына ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі inplatio - (вздутие) - қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген. ХІХ-ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ-ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі колданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кездерінде көрінді. Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы - айналымдағы акша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне алып келеді. Алайда инфляцияны айналыс процесін құнсызданған ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшага тән құбылыс емес. Ол - күрделі әлеуметтік - экономикалық құбылыс, оны тудырушы нарық шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемаларының бірі. Ақша, тауарды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы, әлі инфляция емес. Инфляция - елдегі баға деңгейіңің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70-ші жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуімен ғана емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен де байланысты.
Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады. Конъюнктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өсуін, инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі базаларынан өту барысында бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Еңбек өнімділігін арттыру -бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық толқулардын тағы бір көрінісі-жалақының өсуі еңбек өңімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс -шығынның инфляциясы деп аталады, ол өз кезегінде баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағалық инфляцияға көп әсер етеді. Айталық, су басып кеткен аймақты құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар нарықты тоқырау барысында баға төмендеуі тиіс. Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз? Инфляцияның көп сәйкессіздіктеріне байланысты екенін есте ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын айтайық. Біріншіден, мемлекеттік шығындар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттің бюджеттік тапшылығынан көрінеді. Егер Орталық эмиссия банкінен заем арқылы қаржыландырса, онда айналыста ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін М V+РО еске түсірсек, М мен Р көрсеткіштерінің өсуіне байланысты анықталады. Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда, бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе, экономиканы материалдандырумен байланысты инвестицияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатта пайдалану өндірістік емес шығындар, олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі нарыктың экономикалық ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең, жетілген бәсеке кезіндегі нарыққа көптеген өндірушілер мүлдем ұқсамайды. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелестер) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигополистер бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны колдауға ынталы. Жетілмеген бәсеке бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін, өндіріспен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады.
Төртіншіден, елдің экономикасынын ашық болуы оның бірте - бірте әлемдік шаруашылық байланысына тартылуы барысында «импорттық инфляцияның» қаупі туады. Жоғарыда аталған 1979-шы жылғы энергияға бағаның шарықтауы, сырттан әкелінетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбе бойынша басқа тауарлар бағаның қымбаттауына әкеледі.
Импорттық инфляциямен күресу мүмкінділігі шектеулі, әрине, өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ, ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттады, ал бұл дүниежүзілік нарықта бәсекелестікті төмендетеді.
Бесіншіден,
инфляциямен өзіне - өзі дем беретін сипат
алады, ол инфляцияны күту нәтижесінде
орын алады. Батыс елдерінің көптеген
экономистері және біздің елімізде де
осы факторды ерекше көрсетуде. Халық
пен өндірушілердің күту пайдасын жою,
инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.
Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында
өмір сүруге үйренген халық, бағаның одан
әрі өсуін кетеді.
Инфляцияның
альтернативті көздері
Батыс экономистері жасаған теорияларында, инфляцияның қайнар көздері ретінде - сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын көрсетеді. Бұл концепциялар инфляция болуының әр түрлі себептерін атайды.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10%-ан аспайды. Жоғары қарқынды (галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан 200 пайызға жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.
Информация о работе Экономикалық өсу: жұмыссыздық және инфляция