Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 23:21, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздардың есебін ұйымдастыру».
Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Кіріспе 3
1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және оның бәсекеге қабілеттілік жағдайындағы ролі 5
1.1 Қазақстан Республикасында қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту консепциясы 5
1.2 Бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі принциптері 8
1.3 Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайындағы есепті ұйымдастырудың теориялық және әдіснемелік негіздері 12
2. Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздардың есебін ұйымдастыру 17
2.1 Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қарыздарының есебі 17
2.2 Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі және басқа да дебиторлық қарыздар 25
2.3 Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздардың есебі иновациялық жағдайда дамыту мәселелері 31
Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 35
Қосымша
Қазақстанда қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі, кәсіпорынды ашығырақ көрсетуге, ішкі және сыртқы инвесторлардың назарын көбірек бұруға мүмкіндік береді.
Ағылшын-америкалық концепцияға көшуге мүмкіндік берген жағдай бухгалтерлік табастың бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес есептелуі, ал салық салынатын табыстың – салық кодексіне сай есептелуі.
Концепция-бухгалтерлік есеп принциптерін жасаудың қисынды ізашары, яғни жол салушысы. Белгілі бір құбылысты түсіндіре отырып, концепциялар экономикалық өмір шындықтырының өзгеруіне байланысты түзетулерге ұшырауы мүмкін, сондықтан олар бір рет мәңгілікке берілген ақиқат болып табылмайды және де әртүрлі түзетулер бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп беру жүйесі туралы жалпы түсініктерге, яғни оған негіз болған концепцияларға сүйенеді. Оған жоғарыда қарастырылған екі концепция мысал бола алады. Өздері бойынша стандарттар жасалынбаған жаңа бағыттағы, жаңа операциялардың пайда болуы - «оны жасаушылардың жеке пікіріне немесе бағалауларына байланысты» деген субъективті негіздеулерге әкеп ұғындыруы мүмкін. Міне, сондықтан мұндай пікірлер мен бағалаулардың есеп мәліметтерін бейнелеудің қалыптасқан принциптері арасында құрылуы өте маңызды.
Бухгалтерлік
есептің халықаралық
Қаржылық қорытынды есеп, оны пайдаланушыларға эканомикалық шешімдер қабылдау үшін қажетті, кәсіпорынның қаржылық жағдайы шаруашылық қызметінің нәтижесі және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарттар дайындап беру мақсатын көздейді.
Сондықтан есеп ақпарттарына қойылатын негізгі талаптар, оларды пайдаланушылардың қандайда болмасын шешім қабылдау үшін пайдалылығымен байланысты. Жалпы, есеп ақпараттарының сапалық сипаттамасы қаржылық қорытынды есеп мәліметтерінің пайдаланушылар үшін пайдалылығын алдын ала болжайды. Әрбір нақты жағдайда ол немесе басқа бір сипаттама маңыздырақ болатындықтан, бухгалтрдің кәсіби шеберлігі барлық сипаттамалардың қолайлы үйлесім табуынан көрінеді.
Қаржылық
қорытынды есеп элементтерінің концепциялар
тобында қарастырылуы, оларды түсінудің
субъектінің қызметінің қаржылық қорытынды
есеп ақпараттарын пайдаланушылардың
бағалауына және, тиісінше, олардың белгілі
бір шешімдер қабылдауына әсер ететіндігіне
байланысты, және де алынған ақпараттан
түсетін пайда оны алуға жұмсалған шындардан
көп болуға тиісті. Сапаға қойылатын талаптардың
барлығының орындалуының нәтижесінде
субъектінің қызметі жөнінде толық, әрі
дұрыс және пайдалы ақпараттар берілуі
тиісті. Бухгалтерлік ақпарттарға қойылатын
талаптар белгілі бір принциптермен айқындалады.
1.2
Бухгалтерлік есепті
«Бухгалтерлік есептің принципі» нені білдіреді? Қойылған сұраққа жауапты бәрінен бұрын сол «принцип» деген сөздің мағынасын анықтаудан іздеу керек. Бұл латын тілінен алынған principium-деген сөз-және оны аударғанда қандай да болмасын бір теорияның, ілімнің, ғылымның негізі немесе бастауы деген мағынаны білдіреді. Бухгалтерлік есептің принципі – сол ғылымның негізі, яғни бастауы. Әрбір ғылым сол ғылымның өзінің мағынасынан туындайтын принциптерге негізделеді.
Америкалық ғалымдар Р.Энтони мен Д.Ристің пікірі бойынша, «принцип» деген сөз іс-әрекетке басшылық жасау ретінде қабылданған немесе хабарланған жалпы заңдарды немесе ережелерді белгілеу үшін пайдаланылады.
Есеп принциптері барлық есеп процесін жүргізу мен қорытынды есепті құрудың негізін құрайды. Олар әділ болуға, тек бухгалтерлік есепке тән болуға тиісті, яғни басқа ғылымдардың негізімен ауыстыруға болмайды. Сондай-ақ, есеп принциптері бірдей және көпшілік қабылдаған болуға тиісті. Осы туралы айта отыратын, америкалық ғалым Р.Энтонидің көзқарасымен келіспеуге болмайды. Ол былай деген: «Есеп принциптерін жалпы көпшіліктің мойындауы, әдетте олардың мынадай үш талапқа қаншалықты жауап беретіндігіне байланысты-әділдік, жүзеге асырылуы және орындылық. Принцип орынды, егер ақпараттың мәні (мағынасы) болса және белгілі бір кәсіпорын туралы бір нәрсе білу қажет болған адамдарға пайдалы болса. Принцип әділ, егер ақпаратқа оны жасаған адамдардың жеке көзқарасы, бағалауы ықпал етпеген болса. Принцип жүзеге асырылады, егер оның шектен тыс қиындықсыз немесе шығынсыз орындалуы мүмкін болса».
Бухгалтерлік есеп процесін жүргізу мен қорытынды есепті құруға негіз болатын принциптер ретінде төмендегі принциптерді атауға болады:
Қаржылық қорытынды есеп үшін пайдаланылатын бухгартерлік есеп принциптерін унификациялауға (бір ізгі салуға) қол жеткізу үшін қаржылық қорытынды есеп берудің халықаралық стандарттары жасалынды. Аталмыш құжатта бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп берудің төмендегі принциптері қарастырылған:
Алғашқы екі принципті бухгалтерлік есептің негізін құраушы принциптер ретінде жоғарыда қарастырдық.
Қаржылық
қорытынды есептің сапалық
Түсініктілік принципі. Бұл принципке сәйкес қаржылық қорытынды есепте көрсетілген ақпарттардың негізгі сапасы-пайдаланушылардың түсінуі үшін олардың қолайлығында. Ол үшін ақпарттарды пайдаланушылардың субъектінің экономикалық және іскерлік қызметі, бухгартерлік есеп салалары бойынша жеткілікті білімдері болуға тиісті деп пайымдалады. Алайда, пайдаланушылардың шешім қабылдауы үшін маңыздылығына байланысты қаржылық қорытынды есепте көрсетілуге тиісті күрделі мәселелер туралы ақпарттар тек белгілі бір пайдаланушылардың түсінігі үшін күрделірек болып көріндігі үшін ғана алынып тасталмауға тиісті.
Орындылық принципі. Пайдалы болу үшін ақпарттар, шешім қабылдаушы пайдаланушылар үшін орынды болуға тиісті. Ақпарат орынды болып табылады, егер пайдаланушыларға өткен, қазіргі және болашақтағы оқиғаларды бағалауға, дәлелдеуге немесе олардың бұрынғы бағаларын жөндеуге көмектесе отырып, пайдаланушылардың экономикалық шешім қабылдауына әсер ететін болса.
Ақпарттардың болжаушы және дәлелдеуші фунциялары өзара байланысты. Мысалы, кәсіпорында бар активтердің қазіргі деңгейі мен құрылымы жөніндегі ақпараттар пайдаланушылар үшін,олар кәсіпорынның қолайлы мүмкіншіліктерді пайдаланып қалу қабілетін және оның келеңсіз жағдайлармен күресе алу қабілетін алдын ала болжауға тырысқан кезде құнды болып табылады. Осы ақпарттар өткен болжамдар жайында, мысалы, кәсіпорынның болуы мүмкін құрылымдық ұйымдастырылуына немесе жоспарланған операциялардың нәтижесіне қатысты, растаушы (дәлелдеуші) роль атқарады.
Мәнділік (маңыздылық) принципі. Ақпарттардың орындылығына олардың сипаты мен мәнділігі (маңыздылығы) үлкен әсер етеді. Кейбір жағдайларда ақпарттың орындылығын анықтау үшін оның сипаты да жеткілікті. Мысалы, жаңа сегмент жөніндегі хабарлар есепті кезеңде сол жаңа сегменттің арқасында қол жеткізілген нәтижелердің мәнділігіне (маңыздылығына) қарамастан, кәсіпорында бар тәекелмен мүмкіндіктерді бағалауға әсер етуі мүмкін.
Ақпарт мәнді (маңызды) болып табылады, егер оның қалдырылып кетуі, бұрмалануы қаржылық қорытынды есептің негізінде қабылданған пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне әсер ету мүмкін болса. Мәнділік (маңыздылық) тастап кету немесе бұрмалаудың нақты жағдайында бағаланушы баптар немес қателердің шамасына байланысты. Демек, мәнділік (маңыздылық), бәрінен де бұрын, есептеудің басын немесе нүктесін көрсетеді, және де пайдалы болу үшін ақпарттарда болуға тиісті негізгі сапалық сипаттама болып табылады.
Сенімділік принципі. Пайдалы болу үшін ақпарттар сенімді болуға тиісті. Ақпарттар оларда елеуші қателер және алдын ала болжанған бұрмалаушылық болмаған кезде және не ол көрсетуге тиісті шындықты, немесе ол көрсетеді деп негізді түрде күтілетін шындықты көрсетуші ретінде пайдаланушылар оған сенуге болатын кезде сенімді болып саналады.
Ақпарттар орынды болуы мүмкін, бірақ оны мойындау (есепке алу) келешекте адасушылыққа әкеліп соқтыратын өзінің сипаты немесе көрсетуі бойынша соншалықты сенімсіз болуы мүмкін. Мысалы, сотта қаралатын зиянның орнын толтыру жөніндегі талаптың көлемі мен оның негізгілері дауға (таласқа) түседі, кәсіпорын үшін баланста талаптың толық сомасын есепке алу орынды болуы мүмкін.
Әділетті (бұрмалаусыз) көрсету принципі. Сенімді болу үшін ақпарттар олар көрсетуге тиісті, немесе олар оны көрсетеді деп негізді түрде күтілетін операцияларды және басқа оқиғаларды шындықпен көрсетуге тиісті. Сөйтіп, мысалы, баланс есепті кезеңге нәтижесі мойындау критерилеріне жауап беретін кәсіпорынның активтері, міндеттемелері және капиталы болып табылатын, операцияларды және басқадай оқиғаларды шындықпен көрсетуге тиісті.
Мәнділіктің (маңыздылықтың) нысанынан артық болуы принципі. Егер ақпарат операцияларды және басқа оқиғаларды шындылықпен көрсетуге тиісті болса, онда оларды тек заңдылық нысанында емес, өздерінің маңызы мен экономикалық нақтылығына сәйкес есепке алу және көрсету қажет.
Бейтараптық принципі. Сенімді болу үшін қаржылық қорытынды есеп ақпарттары бейтарап болуға, яғни күні бұрын кесіп-пішілмеген болуға тиісті. Егер ақпарттар өздерінің іріктелуімен немесе тапсырылуымен ол жоспарланған нәтижеге қол жеткізу мақсатында шешім қабылдауға немесе пікірлердің қалыптасуына әсер ететін болса, онда қаржылық қорытынды есеп бейтарап болмайды.
Сақтылық принципі. Сақтық деген – белгісіздік жағдайында активтерді немесе табыстарды көбейтіп жебермеу, ал міндеттемелерді немесе шығындарды азайтып қоймау талап етілетін есептеулерді жүзеге асыруда қажет болатын пікірлерді қалыптастыру процесіне белгілі бір деңгейде сақтық енгізу. Бірақ, сақтық принципінің сақталуы, мысалы үшін, жоспарын резервтерді және шектен тыс босалқыларды жасауға, активтерді немесе табыстарды саналы түрде төмендетуге, не болмаса міндеттемелер немесе шығындарды қасақана көтеріп жіберуге мүмкіндік бермейді. Әрине, мұндай жағдайда қаржылық қорытынды есеп бейтарап болмас еді, және сенімділік сапасын жоғалтар еді.
Толықтық принципі. Сенімді болу үшін қаржылық қорытынды есептің ақпарттары оған шығарылатын шығындардың маңыздылығын есепке ала отырып, толық болуға тиісті. Қалдырып кету – ақпарттарды өтірік немесе шатастырушы, ал содан барып сенімсіз және оның орындылығы тұрғысынан қарағанда жетілмеген етіп қоюы мүмкін.
Салыстырмалық принципі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы және қызметінің нәтижесіндегі тенденцияларды анықтау үшін ақпарттарды пайдаланушылардың кәсіпорынның әр түрлі кезеңдегі қаржылық қорытынды есебін салыстыра алу мүмкіндігі болуға тиісті. Сондай-ақ, пайдаланушылардың әр түрлі кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебін, олардың салыстырмалы түрде қаржылық жағдайын, қызметінің нәтижесін және қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бағалау үшін салыстыра алу мүмкіндігі болуға тиісті. Сөйтіп, ұқсас операциялардың және басқа оқиғалардан болған қаржылық нәтижелердің өлшенуі және көрсетілген барлық кәсіпорындар үшін бірегей методологиялық бойынша жүзеге асырылуға тиісті.
Ақпарттарды
өз уақытында дайындап беру принципі.
Ақпараттарды беру кезінде жөсіз кешігулер
болған жағдайда олар өздерінің орындылық
сипатын жоғалтады.Кәсіпорын басшыларына
ақпараттарды өз уақытында берудің салыстырмалы
құндылығын сенімді ақпарттар берумен
теңестіру қажет болуы мүмкін. Ақпарттарды
өз уақытында тапсыру үшін операциялардың
немесе басқа оқиғалардың барлық аспектілерін
айқындағанға дейін есеп беру жиі қажет
болады. Ол ақпарттардың сенімділігін
төмендетеді. Және керісінше, егер қорытынды
есеп барлық аспектілерді анықтағанға
дейін кешігуге ұшыраса, ақпарат төтенше
сенімді, бірақ бұрын шешім қабылдауға
тиіс болған пайдаланушылар үшін пайдасы
аз болып қалады.
1.3
Қаржылық есеп берудің
Нарық экономикасының қалыптасуы Республикамыздағы бухгалтерлік есеп жүйесіне елеулі өзгерістер енгізді. Қазақстанда қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі кәсіпорындарды ішкі және сыртқы инвесторлар үшін ашығырақ көрсетуге мүмкіндік береді.
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы №329-11 2002 жылы 24 маусымда қабылданған. Осы құжат бухгалтерлік есепті жүргізудің және ұйымдастырудың бірыңғай құқықтық және әдістемелік негіздерін бекітеді.
Қазіргі кезеңдегі бухгалтерлік есепті нарықтық қатынастардың талабына сәйкес жетілдіру процессі одан ары жалғасуда. Ендігі міндеті есеп жүйесін қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкестендіріп жүзеге асыру.
Информация о работе Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздардың есебін ұйымдастыру