Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздардың есебін ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 23:21, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздардың есебін ұйымдастыру».
Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.

Оглавление

Кіріспе 3

1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және оның бәсекеге қабілеттілік жағдайындағы ролі 5
1.1 Қазақстан Республикасында қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту консепциясы 5
1.2 Бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі принциптері 8
1.3 Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайындағы есепті ұйымдастырудың теориялық және әдіснемелік негіздері 12

2. Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздардың есебін ұйымдастыру 17
2.1 Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қарыздарының есебі 17
2.2 Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі және басқа да дебиторлық қарыздар 25
2.3 Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздардың есебі иновациялық жағдайда дамыту мәселелері 31

Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 35
Қосымша

Файлы: 1 файл

Мазмұны Улбосын 2.doc

— 273.50 Кб (Скачать)

    Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің ұйымдық-құқықтық нысандарының өзгешіліктеріне қарамастан, бухгалтерлік есепте қаржылық мәліметтердің  пайдалылығы мен бұқараның қолы жетуін қамтамасыз ететін негізгі ережелер мен принциптер орталықтан реттеледі. Жалпы ережелер мен принциптер әрбір кәсіпорында, оның қызмет жағдайына жалпы үлгімен салыстырғандағы ерекшеліктерін жете түсіну деңгейіне, қызметкерлердің біліктілігіне басқарудың техникалық базасына байланысты айқындалады.

    Бухгалтерлік  есептің ұйымдастырылуы мен жүргізілуі бойынша жалпы тәсілдердің шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздерінің ынтасымен үйлесуі қазіргі кезде республикамыздағы бухгалтерлік есеп жүйесінің ерекше белгісі болып табылады. Бұл ерекшелік бухгалтерлік есеп жүйесіне төрт деңгейлі реттеу жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

    Бірінші деңгей – Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Бухгалтерлік есепке алу туралы» жарлығы. Онда бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың және жүргізудің, қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың концептуалдық ережелері мен жалпы принциптері; заңды және жеке тұлғалардың, басқа қызметкерлердің бұл саладағы құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері, бухгалтерлік ақпараттардың дұрыстығын қамтамасыз ететін шаралар: активтер мен міндеттемлерді бағалау тәртібі, бухгалтерлік ақпараттар есебінің әдістері айқындалған.

    Екінші  деңгей – есептің халықаралық  стандарттарына негізделіп жасалынған Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары жүйесі.

    Бухгалтерлік  есеп стандарттары дегеніміз – шаруашылық жүргізуші субъектілер бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру үшін пайдаланатын ережелер мен процедуралардың жиынтығы.

    Стандарттар бухгалтерлік есептің әртүрлі аспектілерін қамтиды. Олардың кейбіреулері бағалау  мен танудың альтернативтік әдістерін ұсынады. Бұл әрбір басшы өз бизнес ерекшеліктеріне байланысты стандартта ұсынылған әдістердің ішінен өзінің кәсіпорыны үшін тиімдісін және кәсіпорын қызметінің нәтижесі-мен оның қаржылық жағдайын нақты көрсетуге мүмкіндік беретіндерін таңдап алуға тиісті екенін көрсетеді. Осы деңгейге қаржылық қорытынды есептеп дайындап тапсырудың концептуалдық негізі және субъектілердің қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебі шоттарының типтік жатады.

    Үшінші  деңгей – бухгалтерлік есеп стандарттарының мазмұнын ашып көрсететін, субъектілердің қандай салаға жататындығына, көлеміне, типіне және құқықтық нормативтік құжаттарда көрсетілген басқадай факторларға байланысты оларға бухгалтерлік есепті тікелей өздері ұйымдастырудың варианттарын ұсынатын әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар.

    Төртінші  деңгей – жарғылықтың бухгалтерлік есеп бойынша өкілетті органдар дайындап шығарған басқадай нормативтік актілердің негізінде дайындалған субъектінің өзінің бухгалтерлік есеп жөніндегі жарғылықтары, бұйрықтары, кәсіпорынның есеп жүргізу саясатын құрайтын шешімдері.

    Қаржылық  есеп берудің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) қаржылық есеп берудің халықаралық  стандарттар бойынша комитетпен өңделеді, қабылданады және бухгалтерлік есеп жүргізудің, қаржылық есеп беруді құрастырудың және ұсынудың принциптерін, ережелерін және тәсілдерін бекітеді. Барлық өңделген және бекітілген 4 стандарттар бар, бірақ олардың қолданыста жүргені 34 стандарт болып табылады.

    Қаржылық  есеп берудің халықаралық стандарттарының  ұлттық стандарттардың алдында объективті артықшылықтары келесілер:

  • қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары әртүрлі мемлекеттердің бухгалтерлерімен жинақталған білім мен тәжірибені жинақтап қорытады;
  • өңдеуден өтуде қаржылық есептің халықаралық стандарттары көпшілік талқылау және айапқы қолдану этаптардан өтеді;
  • дүниежүзілік көлемдегі компаниялардың арасында бухгалтерлік құжаттауды салыстыруды қамтамасыз етеді және сыртқы пайдаланушылар үшін есеп беру мәліметтерінің қол жетерлігі шарт болып табылады;
  • консолидациялық есеп беруді дайындау бойынша компанияның шығыстарын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді;
  • қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары қаржылық ақпараттарды пайдаланушыларға өзінің оңай қабылдануымен ерекшеленеді;
  • қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары әрқашан жетілдіруде.

    Бірақ, қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының кемшіліктерінде көрсетуге болады:

  • стандарттардың жалпылама мінездемесі, есеп әдістерінде қарастырылатын кезде әртүрлі болады;
  • нақты жағдайларға анық нұсқаулардың, түсініктемелердің және стандартқа тіркелетін мысалдардың жоқтығы;
  • қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары нарық жағдайына қалыптасу себебіне олардың дамушы мемлекеттердің қолдануы қиындау болып табылады.

    Кәсіпорын өзінің жағдайына, көлеміне және қызмет түріне қарап бухгалтерлік есепті ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді; есептік саясатын қалыптастырады; қаржылық және өндірістік есептері бойынша қызмет ету аясын белгілейді шаруашылық операцияларына бақылау тәртібін әзірлейді, сондай-ақ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін басқада қажет шешімдерді жасайды.

    Субъектіде  бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға, шаруашылық операцияларын орындаған кезде  оның заңдылығын сақтауға кәсіпорынның бастығы жауапты болып келеді.

    Қаржылық  қорытынды есептің сапалық сипаттамалары  қорытынды есепте берілген ақпараттарды оларды пайдаланушылар үшін пайдалы ететін атрибуттар болып табылады. Сапалық сипаттамалардың төрт принципіне: түсініктілік, орындылық, мәнділік (маңыздылық), сенімділік жатады.

    Кәсіпорынның  бастапқы бақылауын жүзеге асыру  үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Есептік саясат – бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.

    Кәсіпорында қабылданған есеп саясатының басты  міндеті – оның шаруашылық қызметін мейлінше шынайы етіп көрсететін толық, объективті және дұрыс ақпараттарды жасау болып табылады. Есеп саясатын құрудың негізгі қағидалары мен талаптары бухгалтерлік есептің «Есеп саясаты және оның ашып көрсетілуі» деп аталатын қазақстандық стандартында жан-жақты берілген. Есеп саясаты бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін бірнеше жалпы көпшілік қабыл-данған стандарттардың ішінен таңдап алу жолымен құрылуға тиіс. Есеп саясатын құруға субъект басшысы жауапты.

    Ұйымдық аспект – кәсіпорындағы бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру элементтерін қамтиды. Есеп саясаты ең бірінші  қаржылық қорытынды есеп беруге түсіндірме хатта ашылып көрсетілуге тиіс. Егер есепті кезеңде есеп жүргізу саясатында өзгерістер болатын болса, онда оның себептерін көрсету қажет, ал өзгерістер елеулі қаржылық және материалдық зиян шегуге әкелетін болса, онда есеп саясатын ашып көрсету кезінде осы өзгерістер нәтижесін бағалау қажет.

    Кәсіпорын басшысы бекіткеннен кейін есеп саясаты нормативтік құжат статусына ие болады. Кәсіпорынның есеп саясаты мен белгіленген бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібінің сақталмауы субъектінің мүліктік және қаржылық жағдайының бұрмалауына әкеліп соқтыратындықтан, оны бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілмеуі деп айтуға болады. Бухгалтерлік стандарттарға сәйкес өзінің есептік саясатын қалыптастырады, онда шаруашылық қызметтің есебіне оптималды әдістер таңдалды. Негізгі құралдардың тозуын есептеуде тіксызықты бірқалыпты әдісті таңдады, материалдық құндылықтарды бағалауда ФИФО әдісі қолданылады, ал өндіріс шығындарын есептеуде нормативтік әдісті пайдаланады.

    Қазіргі кезде Қаржы Министрлігі бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру заңына өзгерістер мен қосымшалардың жобасын дайындады. Осы заңдылықта республиканың кәсіпорындары қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына көшу кезегімен орындалатыны көзделеді. Бірінші кезекте 2005 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының ұлттық банкі қызметіне реттеу және бақылау жүргізетін ұйымдар, құнды қағаздары жоғары категорияда биржалары тізіміне енгізілген акционерлік қоғамдар, ұлттық компания-лар, мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдар өтеді. Ал 2006 жылғы қаң-тарынан мемлекеттік кәсіпорындар бірінші кезекте аталмаған акционерлік қоғамдар есеп берудің халықаралық стандарттарына көшеді. 2007жылдың қаңтарынан қалған ұйымдардың өтуі жоспарланып отыр.

    Халықаралық стандартқа сәйкес шоттардың типтік жоспары шоттардың 4 класынан тұрады. Атап айтқанда:

    1 класс – Активтер;

    2 класс - Міндеттемелер;

    3 клас – Меншікті капитал; 

    4 класс – Қызметтің нәтижелері.

    Әрбір класқа, шоттардың бірнеше тобын  біріктіретін бөлімдер енгізілген. Шоттардың  жаңа типтік жоспары - өтімділіктің өсуі бойынша құрудың ескі принципінен өзгеше өтімділіктің азаймалы принципі бойынша құрылған. Бірінші бөлім ақшалай қаражаттарды есепке алу үшін басында келтірілген шоттар құрамында айналымдағы активтерді есепке алу үшін арналған.

    Мұнай – газ өндіру және өзге де өндіру салаларының өздеріне тән ерекшеліктеріне  байланысты барлау және бағалау активтерін есепке алу үшін кәміл жаңа шоттардың енгізілгендігін айта кету керек.

    Екінші  класс міндеттемелерді есепке алу  шоттарына арналған. Әрине, онда да өтімділік пен мерзімділіктің кему принциптері бақыланады.

    2 класс «Міндеттемелер» келесі бөлімдерден тұрады:

    1 бөлім – Қысқа мерзімді міндеттемелер;

    2 бөлім – ұзақ мерзімді міндеттемелер.

    Осы класстың бірінші бөлімінде сауда  және басқа кредиторлық берешектерді есепке алу шоттары келтірілген.

    Стандартта  шартты және кепілді міндеттемелер  сияқты жіктелетін, болашақ міндеттемелердің орындалуы барысында резервті құру бойынша халықаралық стандарттың талаптарын толыққанды іске асыруға мүмкіндік беретін бағалау міндеттемелерін есепке алу үшін жаңа шот енгізілді.

    3 класс  «Меншікті капитал».

    4 класс «Қызметтің нәтижелері».

    Қызмет түріне қарай шоттар топ бойынша бөлінген: негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстар. «Шығыстар» бөлімінде де негізгі және негізгі емес қызметтің шығыстарын есепке алу үшін шоттар топтастырылған.

    Осы класс шотының үшінші бөлімі қызмет нәтижелерін есепке алу үшін өндірістік есеп жүргізудің шоттарына арналып отыр. Бухгалтерлік есепке алу және аудит саласын дамыту тұжырымдамасының міндеті Қазақстан Республикасының экономикасында бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есеп беру және аудит жүйелерінің өздеріне тән функцияларды одан әрі дәйекті түрде және ойдағыдай орындау үшін қолайлы жағдайлар мен алғышарттарды қамтамасыз ету болып табылады.

    ХҚЕС-ті ойдағыдай енгізу мақсатында ХҚЕС-ті қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірленіп жарияланды, қаржылық есеп беру нысандары, сондай-ақ Қаржылық есеп беруді ХҚЕС-ке сәйкес жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есепке алу шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) бекітілді. Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасында халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына көшу жөніндегі 2003-2004 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15 мамырдағы №88-өкімімен бекітілген бірқатар іс-шаралар ойдағыдай іске асырылды

    Сонымен қатар, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді жүргізу бөлігінде ақпараттық жүйені автоматтандырудың көкейкестілігін атап өтпеуге болмайды. Бүгінгі таңда кешендік автоматтандыру жүйесі, яғни ұйым қызметінің түрлі салалары үшін бірыңғай ақпараттық жүйелері бизнестегі маңызды аспаптардың біріне айналды. Тәжірибеде көрсеткендей, ақпараттық жүйелер кең қолданылатын ХҚЕС-қа көшкен ұйымдарда оң өзгерістерге қол жеткізу әлдеқайда жеңіл. Сондықтан да ХҚЕС-ты ойдағыдай енгізу бухгалтерлер жұмыстарының жеделдігін арттыруға және уақтылы әрі тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін бухгалтерлік есепке алуды жан-жақты автоматтандырусыз жүзеге асырылмайды.

    Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есеп беру туралы»  № 234-3 заңына ҚР Президенті 28.02.07 қол  қойды, бұл заң бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібі мен қаржылық есеп беруді құрастыру принциптерін бекітеді, олар бұрынғылардан ерекшеленеді. Заңда оны қолданатын субъектілер топтары және олардың есеп жүргізу тәртібі анықталған. Бұрын қолданып жүрген бухгалтерлік есеп стандарттарын қаржылық еспе берудің ұлттық стандарттарыалмастырылады. Әр кәсіпорын есептік саясатын қалыптастырады, оған жауапты ұйым жетекшісі емес, бухгалтерлік қызметтің жетекшісі, ол кәсіби бухгалтер болуы тиіс.  
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздардың есебін ұйымдастыру