Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздардың есебін ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 23:21, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздардың есебін ұйымдастыру».
Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.

Оглавление

Кіріспе 3

1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және оның бәсекеге қабілеттілік жағдайындағы ролі 5
1.1 Қазақстан Республикасында қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту консепциясы 5
1.2 Бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі принциптері 8
1.3 Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайындағы есепті ұйымдастырудың теориялық және әдіснемелік негіздері 12

2. Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздардың есебін ұйымдастыру 17
2.1 Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қарыздарының есебі 17
2.2 Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі және басқа да дебиторлық қарыздар 25
2.3 Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздардың есебі иновациялық жағдайда дамыту мәселелері 31

Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 35
Қосымша

Файлы: 1 файл

Мазмұны Улбосын 2.doc

— 273.50 Кб (Скачать)

        Сатып алынған тауарлық – материалдық қорлар бойынша жабдықтаушыларға өтеуге жататын қосымша құнға салынатын салық бойынша  дебиторлық берешектерді бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібі .

     Басқа дебиторлық берешектердің негізгі түрлерінің бірі мекеме алдындағы қызметкерлер мен басқа тұлғалардың  келесі борыштық міндеттемелері болады:

-        әкімшілік – шаруашылық  және операциялық шығындарына оның ішінде 

          қызметтік іссапарларға беретін есептелетін сомалар бойыша;

-         материалдық заңды өтеу бойынша;

-         қызметкерлерге берілген н,есиелер мен басқа операциялар бойынша;

-         несиеге сатылған тауарлар бойынша.

     Есеп  беруге міндетті тұлғалармен есеп айырысуды есепке алу. Кейбір жағдайда мекемеден салт ақшалар немесе банк мекемесі арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жүргізе алмайтын әртүрлі әкімшілік – шаруашылық  және операциялық шығындар жасау қажеттілігі туындайды. Мұндай төлемдерді жасау үшін мекеме белгілі штаттық қызметкерлерге есеп беруге тиісті аванстар түрінде салт ақшалар беріледі. 

    1. Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздардың есебі иновациялық 

           жағдайда дамыту мәселелері 

    «1С: Қазақстанға арналған 8.0 Бухгалтерия» деп аталатын бағдарламалық өнімде пайдаланылатын шоттардың жоспары ұйымдарға арналған, ХҚЕС-на сәйкес қаржылық есепті құрайтын жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулыққа сай әзірленген және онда ұйымдардың көпшілігіне керек болуы мүмкін барлық қажетті қосымша синтетикалық шоттар бар. Конфигурацияда пайдаланылатын шот жоспарын, қажет болған жағдайда, көбінесе бухгалтер өз бетінше қосымша анықтауы мүмкін.

    7.7 нұсқасына қарағанда «1С: 8.0 Бухгалтериядағы»  конфигурацияда қолданылатын есеп  әдістемесін басқару үшін пайдаланушыларға  әлдеқайда көп мүмкіндіктер берілген. Бұл ұйым қабылдаған есеп саясатының барлық ережелерін барынша қолдануға мүмкіндік береді. Қолданбалы шешімде бухгалтерлік, салықтық есепке алу үшін кәсіпорынның есеп саясатының, сондай-ақ ұйымның қызметкерлеріне қолданылатын есеп саясатының өлшемдерін ішінара іске қосу көзделген.

    Есеп  саясатының барлық қажетті өлшемдерін көрсеткеннен кейін, жұмыс істеу  үшін, белгілеген өлшемдер ескеріле отырып, «1С: 8.0 Бухгалтерия» автоматты түрде  іске қосылады.

    «1С: Қазақстаға арналған 8.0 Бухгалтерияда» тұрақты есептеулерді еркін түрдегі терімдерін тіркеу мүмкіндігі пайда болды. Енді есептеудің әр түрі үшін пайдаланушы салықтар мен аударымдарды ұстап қалу және есептеу тәртібін ғана емес, есептеу тәсілінің өзін де, мысалы:

  • айлық тарифтік ставка бойынша;
  • тіркелген сомамен;
  • процентпен;
  • күндер бойынша айлық есептік көрсеткішпен;
  • өсептік көрсеткішпен айқындауы

    Конфигурацияда  орындау парақтарының, сондай-ақ тұрақты  ұстап қалулардың өзге де түрлерінің есебін жүргізу мүмкіндігі пайда  болды.

    Ақша құралдардың және қолма-қол ақшасыз қозғалыстарының және валюталық операцияларын іске асырылуы . Төлеу тапсырмалары енгізу және баспаға сүйенеді, кассаның кіріс және шығыс ордерлері. Операцияның есеп-қисаптармен жабдықтаушылары, сатып алушыларымен және жауапты беттермен ақша құралдарын есеп айыратын шотқа салу, ақша құралдарын ақшалы чекпен алу және сату. Операцияның төлем сомасы шыққаннан кейін  автоматты түрде алдыңғы ақы және ақы төлеуге бөлінеді. Кассалық құжаттар негізінде анықталған кассаның кітап үлгісі қалыптасады .

    Жабдықтаушылармен және сатып алушылардың есеп-қисаптардың есебін теңгемен, шартты бірліктермен және шетел валютасымен жүргізуге болады. Курстық және соммалық айырмаларды әрбір операциямен автоматты жүргізуге болады. Контрагенттермен есеп-қисаптарды келісім-шарт арқылы бүтіндей немесе есеп-қисаптардың нақтылы құжаттарының нұсқауымен жүргізуге болады. Әрбір келісім-шарттың артынан бөлек есеп-қисаптардың басқару тәсілі анықталады . Барлық контрагенттердің құжаттардың дайындауы кезінде түскен және орындау құжаттарын жалпы бағалар сияқты қолдануға болады .

    Жалақының салық есебі едәуір кеңейтілді. Енді, конфигурация есептелген ЖТС есебінен басқа, ұсталған ЖТС-ның (Салық кодексінің 147-бабының 1-тармақшасына сәйкес аударуға жататын) есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Конфигурацияда өндірістік есеп жүргізу мүмкіндіктері кеңейтілген. Негізгі және қосалқы өндіріс шығаратын өнім мен қызмет көрсетулерді есептеу, берілетін және ол кейіннен қайтарып алынатын шикізатты қайта өңдеуді есепке алу автоматтандырылған. Аралық сатыда болатын күрделі технологиялық процестер үшін жартылай фабрикаттар шығара отырып, жартылай фабрикаттардың қоймалық есебін жасауға және олардың өзіндік құнын автоматты түрде есептеуге көмектеседі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Қорытынды 

    Қазақстан Республикасындағы барлық шаруашылық субъектілердегі табыстар есептеу тәсілінен айқындайтындықтан күдікті борыштар бойынша резерв құру қажет. Олар тәуекел қоры болып табылады және  борыштық өтелмей қалуынан сақтандырады. Бухгалетрлік баланста дебиторлық берешек күмәнді борыштар бойынша резервті есептен шығару үшін көрсетіледі. Салық Кодексіне сәйкес   күмәнді талаптар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және жеке кәсіпкерлері Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы іс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар тауар өткізу, жұмыс орындау, қызмет көрсету нәтижесінде пайда болатын сәттен бастағанда 3 жыл ішінде  қанағаттандыратын талаптар, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеуші дебиторды банкрот деп тануға байланысты қанағаттандыратын талаптар күмәнді деп танылады. Күмәнді дебиторлық борышты шотта көрсету қажет салыстыру принципі бойынша дебиторлық борыштың есепті кезеңді күмәнді шығындары мойындалуын талап етеді. Болжанатын дебиторлық борыш  операциялық іс-әрекеттен болған шығыс күмәнді борыштан шығыстары ретінде көрсетіледі. Егер күмәнді дебиторлық борыш күтілмесе, онда крістер мен алынуға тиісті шоттарға ешқандай түзетулер  талап етілмейді.

      " Қазақстанға арналған 1С: бухгалтерия 8 " бухгалтерлік және салық есепті басқаруына арналған , сонымен қатар ұйымның міндетті түрлерін дайындау, коммерциялық қызметтердің әр түрлерін жүзеге асыру, көтерме және бөлшек сауданы, қызмет көрсетуді, өндірістерін және т .б. арналған.

      Бухгалтерлік және салық есептері ҚР заңына сәйкес іске асырылған . МФ №426" нұсқауға сәйкес бекітілген бұйрығынан өңделген кескін үйлесімді есептердің жоспары іске асырылады және ұйымға арналған бухгалтерлік есептерінің жұмысшы жоспарын өңдеуімен 22.12.2005 жылдан бастап қаражаттық есепті халықаралық стандарттарға сәйкес құрастыру. 

    Қорыта келгенде, басқа да кредиторлық қарыздар мен есептесулердің есебі мына шоттарда жүргізіледі: 3350, 4150, 4160, 3360, 4250, 4230. Несие берудің басқа түрлері  4030 «Басқа да несиелер» шотында есебі жүргізіледі. 4030-шотында кәсіпорынның еңбеккерлері үшін банкіден алынған несиесі, шығарылған облигациясы, тауарлары (жұмыстары мен қызметтері) және берілегн вексельдері есепке алынады. Кәсіпорын өз өндірісінң тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және  әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келісімшартқа отырады.

    Кәсіпорынның  дебиторлық және кредиторлық қарыздарын басқара отырып, шикізат пен материалдарды  ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын  азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды  өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын  төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға, алдағы кезеңде инвесторларды осы кәсіпоырнның ісіне толықтай араласуға, жаңа нарықтық қатынастарға ие болуға,  шығындарды, кіріс пен табысты басқаруға мүмкіндік бар.

    Кәсіпорын өзінің жағдайына, көлеміне және қызмет түріне қарап бухгалтерлік есепті ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді; есептік саясатын қалыптастырады; қаржылық және өндірістік есептері бойынша қызмет ету аясын белгілейді шаруашылық операцияларына бақылау тәртібін әзірлейді, сондай-ақ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін басқада қажет шешімдерді жасайды.

    Кәсіпорынның  бастапқы бақылауын жүзеге асыру  үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы  және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс.  
 
 
 
 
 

         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Радостовец  В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: Оқулық . –Алматы, 2003. Беттер: 246-275, 278-349.
2. Кеулімжаев  Қ. К., Құдайбергенов Н. А.. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері : оқулық . -Алматы : Экономика, 2006. Беттер 140-172, 274-287.
3. Бухгалтерлік  есеп қаржылық есеп беру туралы: Қазақстан  Республика-сының Заңы. –Алматы: Юрист, 2003. –22б.
4. Мырзалиев Б.С., Сәтмырзаев А.А., Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік  есеп теориясы және тәжірибесі: оқулық/. - Алматы: Экономика баспасы, 2008. Беттер 142-144
5. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары. – Алматы: Раритет, 2003.-672б.
6. Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов: Уч. пос. – Алматы: “Ержанова и К”, 2003.-185с.
7. Ержанов М.С., Ержанова С.М. Учетная политика на казахстанском  предприятии (практический аспект). –  Алматы: БИКО, 1997.-55с.
8. Кеулимжаев  К.К. и др. Финансовый учет на предприятии: Учебник / Под ред. Р.М. Рахимбековой / Кеулимжаев К.К., Айтхожина Л.Ж., Кинхузова  К.К., Сальменова А.Т. – Алматы: Экономика, 2003.-474с.
9. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп: Оқулық. Жалпы ред. Басқарған Н.Қ. Мамыров. – Алматы: Экономика, 2005.-310б.
10. Радостовец  В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский  учет на предприятии. 3-е изд., перераб. и доп. – Алматы: Центраудит –  Казахстан, 2002.-727с.
11. Радостовец  В.К., Тасмагамбетов Т.А., Абленов  Д.О. и др. Организация финансового  учета: Уч. пос. – Алматы: Экономика, 1997.-180с.
   


Информация о работе Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздардың есебін ұйымдастыру