Ақша есебінің ұйымдастырылуын зерттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 08:08, дипломная работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдардың қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі тікелей ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Ұйымның ақшасы мен олардың қалыптасу көздерінің орналасуы – оның қаржылық жағдайын сипаттайды, сондықтан қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдаланудың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ол жеткізушілер, банк мекемелері және бюджет алдындағы міндеттемелерді дер кезінде өтеуге мүмкіндік береді.

Оглавление

Кіріспе ..............................................................................................................5
1. Ұйымда өндірістік қызмет пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.......7
1.1 Ақша ұғымы, мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері.....7
1.2 Ұйымның ұйымдық - өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштерін талдау....................................................................................12
1.3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру .........19
2 Ақша қаражаттарының есебі........................................................................24
2.1 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі..........................................24
2.2 Есеп айырысу шотындағы ақша есебі......................................................26
2.3 Кассадағы ақшаның есебі.........................................................................33
3 Ақша қаражатының аудиті...........................................................................40
3.1 Ақша аудитінің мақсаты, міндеттері және бағдарламасы.....................40
3.2 Кассалық операцияларды тексеру............................................................46
3.3 Банк операцияларының аудиті..................................................................53
3.4 Ақша қозғалысын талдау...........................................................................57
Қорытынды.......................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................66

Файлы: 1 файл

ақша-есебінің-ұйымдастырылуын-зерттеу.doc

— 406.00 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

       Кіріспе ..............................................................................................................5

 

  1. Ұйымда өндірістік қызмет пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.......7

1.1 Ақша ұғымы, мәні  және оның есебін ұйымдастыру  ерекшеліктері.....7

       1.2 Ұйымның  ұйымдық - өндірістік қызметіне  сипаттама және негізгі  көрсеткіштерін  талдау....................................................................................12

1.3 Ұйымда бухгалтерлік  есепті және есеп саясатын  ұйымдастыру .........19

 

2 Ақша қаражаттарының есебі........................................................................24

2.1 Банктердегі арнаулы шоттардағы  ақша есебі..........................................24

2.2 Есеп айырысу шотындағы ақша  есебі......................................................26

2.3  Кассадағы ақшаның есебі.........................................................................33

 

3 Ақша қаражатының аудиті...........................................................................40

3.1 Ақша аудитінің мақсаты, міндеттері  және бағдарламасы.....................40

3.2 Кассалық операцияларды тексеру............................................................46

3.3 Банк операцияларының  аудиті..................................................................53

3.4 Ақша қозғалысын  талдау...........................................................................57

        Қорытынды.......................................................................................................63

        Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................66

 

 

 

Кіріспе

Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдардың қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі тікелей  ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты.

Ұйымның ақшасы мен олардың қалыптасу көздерінің орналасуы – оның қаржылық жағдайын сипаттайды, сондықтан қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдаланудың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ол жеткізушілер, банк мекемелері және бюджет алдындағы міндеттемелерді дер кезінде өтеуге мүмкіндік береді.

Ақшаның жетіспеушілігі, есептесулердің тоқтап қалуы, тауарлы  – материалдық қорлардың кем  болуы ұйымның қызмет процесіне  кері ықпалын тигізеді.

Ұйымда өткізілуі қиын тауарлы – материалдық қорлардың  шамадан тыс көп болуы, дебиторлық қарыздардың, әсіресе, оның күдікті бөлігінің жоғары болуы, ақшаның айналымдылығын бәсеңдетіп, ұйымның қаржы жағдайына кері әсерін тигізетіні сөзсіз.

Сондықтан «Қамқоршы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды  көрсеткіштерді – ағымдағы активтерін талдауға үлкен көңіл бөлген дұрыс, әсіресе,  ақшаның  нысаналы мақсаттарға тиімді жұмсалуына баса назар аударған жөн.

Осылайша, ақшаны есепке алудың басты міндеті – экономикалық шешімдерді қабылдауға қажетті ақша жөніндегі мәліметтердің нақты, әрі шынайы болуын қадағалау: осы кезде қажетті нәтиженің дәл деңгейі нақты жағдайлар мен талдаудың мақсатына тәуелді болады.

Ақшаның түсуі мен  ағымдық жұмсалуы уақыт бойынша  бір – бірімен сәйкес келмейді, нәтижесінде ұйымның төлем қабілеттілігін ұстап тұру үшін қосымша қаржыландыру көлеміне қажеттілік пайда болады. Сондықтан ақшаны тиімді басқару капиталға деген қажеттілікті қанағаттандыру әдістерінің бірі ретінде қарастырылуы кездейсоқтық емес.

Дегенмен де, атап өту  керек, қаражаттың айналымда болу кезеңі көп жағдайда ұйым қызметінің ішкі ахуалымен, бірінші кезекте активтерді басқару стратегиясының тиімділігімен анықталады. Шынында да, қолданылатын баға саясатына, активтердің құрылымына тәуелді түрде ұйым өз қаражаттарының айналым ұзақтығына ықпал ете алады. 

Ақшаның басы артық бөлігінің  жеткіліксіздігі ұйымның қаржылық қиындықтарға душар болғанын көрсетеді. Сондай  - ақ ақшаның шектен тыс көп болуы да серіктестің тиімсіз қызметін байқатады, бұл біріншіден, ақшаның құнсыздануына, екіншіден қаражатты пайдалы іске қоспай, қосымша табыстан қарап отырып айырылу дегенді білдіріеді.

Осы аталған мәселелер  дипломдық жұмыстың тақырыбының  өзектілігін сипаттайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты  «Қамқоршы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі  ақша есебінің ұйымдастырылуын зерттеу, оның қозғалысын талдау және есепке алынуын жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

Осы мақсатқа қол жеткізу  үшін келесі міндеттерді орындау  қажет:

    • Ақша ұғымын танып білу және мәнін ашу;
    • Іс жүзінде ақша есебінің ұйымдастырылуын, сондай – ақ бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуін қарастыру;
    • Ұйымда ақшаның сақталу тәртібін зерртеу;
    • Ақшаны аудиторлық тексеру әдістемесін зерттеу.

Алға қойылған міндеттерді  шешу үшін «Қамқоршы» ЖШС-нің 2003-2004 жылдардағы есеп мәліметтері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік – құқықтық ақпараттары, арнайы әдебиеттер пайдаланылды.

 

 

 

 

1.Ұйымда өндірістік қызмет пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

1.1 Ақша ұғымы, мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері

Нарықтық экономикада  ұйымдар арасында еңбек құралдарын сатып алу, өнімдерді сату, жалдамалы  жұмыс күшінің еңбек ақысын төлеу  барысында «төлем құралы» ретінде  ақша қаражаттары пайдаланылады. Есептесу екі нысанда жүргізіледі:

    • Банк жүйесі арқылы қолма – қол ақшасыз аудару жолымен;
    • Қолма – қол ақшамен төлеу түрінде.

Ақшаны басқару қаржылық нарықтық күрделілігіне байланысты күннен – күнге үлкен маңызға  айнала бастады. Бәсекеге қабілеттілік ұйымның одан әрі дамуы үшін қажетті  ақшаны жеткілікті деңгейде табуды талап етеді. Ақша есебін дұрыс ашып көрсету және ұйымның өтімділігін бағалау үшін өте қажет.

Ақша қаражаттары есебінің, тараптар арасында есеп айырысу кезіндегі орнының ерекше екенін айта отырып, «ақша» ұғымының экономикалық мәніне тоқтала кеткеніміз жөн.

Алғашқы болып ақшаның  тауарлы жаратылысын дәлелдеп, ақша теориясының дамуына көп еңбек  сіңірген К. Маркс. Ол айырбастың жай, ең қарапайым формасынан «көз шағылыстыратын» - ақшалы формасына дейін ұзақ даму жолдарын зерттей келіп, ақшаның  жұмбақ сырын жоққа шығарды. Сондай – ақ К. Маркс ақшаның қажеттілігі жөнінде «егер ақша жойылса, біз қоғамдық өркендеудің я ең жоғарғы дәрежесінде болармыз, я қоғамдық өсудің ең төменгі сатысына (алғашқы қауымға) лақтырылып тасталармыз» деп өз ойын қорытындылаған.

Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория. Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әртүрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған – жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен, есеп жүргізу және бақылау құралы ретінде қосалқы қызмет атқарды.

Нарықтық экономикада  ақшаның маңызы зор. Себебі әртүрлі  меншік жағдайында жұмыс істейтін тауар  өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды.

Ақша нарықтық экономикада  ақша – несиелік реттеуде айналыстағы  ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық  процестерді жеңу және ұлттық жалпы  өнімді ынталандыру бағытында қолданылады.

Ақша адамдарға ежелден  таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқы дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан – жақты ашып, жауап берді. Ақша – тауарлы өндірістің өнімі. 

Айта кететін жәйт, кез келген пайдалы зат құн  бола алмайды.Себебі адам еңбегі жұмсалмаған  заттардың құны жоқ. Мысалы, өңделмеген тың жер, өзендер мен теңіздер, жабайы жемістер, т.б. Сондықтан, тауарға  сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны болады. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнімді құн ете алмайды. Құнды көруге, сезуге бола ма? Өнімнің құны болуы үшін белгілі – бір қоғамды жағдай болуы қажет – ол тауар өндірісі, яки өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек тауар өндірушілердің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір тауарды басқа тауарға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы көрінеді. Тауарлардың құнын зертханада физикалық, ия болмаса химиялық талдау жасап байқауға болмайды.Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.

Құн -  тарихи категория. Құнның негізгі – адам еңбегі. Құн  – еңбектің нәтижесі, еңбек жемісі. Құн деген идея адамзат тарихында  көптен бар. Ал оның еңбек теориасының негізін қалаушылар XYII ғасырдағы ағылшын экономисі У.Петти XYII ғасырда өмір сүрген шотландық А.Смит, XIX ғасырдағы ағылшын бизнесмені Д.Рикардо болды. Ал құнның еңбек теориясына байланысты үлесті  XIX ғ. К. Маркс қосты. Ол тауарға жұмсалатын еңбектің екі жақты сипатын, яғни белгілі бір тұтыну құнын жасайтын нақты еңбекті және құнның сыртқы көрінісін жасайтын абстрактылы еңбекті ашып, оны жан – жақты талдады. Тауардың екі жағының – тұтыну құны мен құнының – қайшылықтары болғанымен, ол ажырағайсыз бірлік түрінде көрінеді.

Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қатынастары  да дамып, одан әрі жетіліп, нарықта  тауарлар тек натуралды зат ретінде  ғана бір – біріне айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар, яғни тауар –  ақша пайда болды. К.Маркстың сөзімен айтқанда: «Айырбас құны, тауарлардан бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол - ақша». Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді.Оның құны белгісіз, ол тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас процесінде бірін – бірі алмастырады және біріне – бірі теңгеріледі.

Ақша дегеніміз тауарлардың  тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанасының бекуімен байланысты баға болады. Баға - құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүниесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквивалент рөлін атқарады.

Ақшаның жалпы бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері  бар:

    • ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығы;
    • онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
    • тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің  бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.

      Тауар  мен ақша арасындағы бірлік  те, қарама – қарсы қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды, оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну  құны тұрғысынан  қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмаған. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне, тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама – қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың, қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас. Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүние жүзілік ақшалар. Ақшаның ең бірінші және басты қызметі – құн өлшеуші. Мұнда ол жалпы эквивалент рөлін атқарады. Оның мәні барлық тауарлардың құны  ақша арқылы анықталады. Мұндай қызметті өзіндік құны бар тауар ғана атқара алады. Бұдан шығатын қорытынды, барлық жағдайда құн өлшеуші қызметін алатын ғана атқарады.

Ақша кез келген тауар  құнын білдіретін ерекше тауар ролін  атқарады. Осыдан кейін ақшаның жаппай өтем күші пайда болды. Ақшаның қоғамдық мәнін К. Маркс «индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің  қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді.

Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлардың қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізілді.

Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өмірдегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адамның еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарады.

Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі, тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құндары түрінде айырбас қатынасының бір жағында  тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретінде ақша қарсы тұрады.

     Әсіресе халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі мен экономикалық қатынастар шеңбердің ұлғаюымен ақша төлем құралы ретінде маңызды рол атқарады. Бұл жерде қолма – қол ақшаның болулы міндетті емес. Оның қызметін кредит ақшалар атқарады. Соңғы кездерде есеп айырысу құралы ретінде тек қана банкноттар, чектер, қағаз ақшалар ғана емес, кредит карточкалары да кеңінен дамуда.

Информация о работе Ақша есебінің ұйымдастырылуын зерттеу