Ақша есебінің ұйымдастырылуын зерттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 08:08, дипломная работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдардың қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі тікелей ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Ұйымның ақшасы мен олардың қалыптасу көздерінің орналасуы – оның қаржылық жағдайын сипаттайды, сондықтан қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдаланудың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ол жеткізушілер, банк мекемелері және бюджет алдындағы міндеттемелерді дер кезінде өтеуге мүмкіндік береді.

Оглавление

Кіріспе ..............................................................................................................5
1. Ұйымда өндірістік қызмет пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.......7
1.1 Ақша ұғымы, мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері.....7
1.2 Ұйымның ұйымдық - өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштерін талдау....................................................................................12
1.3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру .........19
2 Ақша қаражаттарының есебі........................................................................24
2.1 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі..........................................24
2.2 Есеп айырысу шотындағы ақша есебі......................................................26
2.3 Кассадағы ақшаның есебі.........................................................................33
3 Ақша қаражатының аудиті...........................................................................40
3.1 Ақша аудитінің мақсаты, міндеттері және бағдарламасы.....................40
3.2 Кассалық операцияларды тексеру............................................................46
3.3 Банк операцияларының аудиті..................................................................53
3.4 Ақша қозғалысын талдау...........................................................................57
Қорытынды.......................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................66

Файлы: 1 файл

ақша-есебінің-ұйымдастырылуын-зерттеу.doc

— 406.00 Кб (Скачать)

Ақшаның төлем құралы қызметі тек тауар айналысын қамтумен шектеліп қоймай, сонымен бірге ақша қаржылық және несиелік қатынастарға да қызмет көрсетеді. Барлық төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады:

а ) тауарларға және көрсетілген  қызметтерге ақы төлеу;

ә ) еңбекақы, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы төлеу;

б ) мемлекеттік қаржы  міндеттемелерін өтеу;

в ) банктік, мемлекеттік, тұтыну несиелері бойынша қарызды  өтеу;

г ) сақтандыру міндеттемелерін  төлеу;

д ) құқықтық – сот  сипатындағы ақыларды төлеу және т.б.

Бухгалтерлік есептің  Қазақстандық №4 «Ақшаның қозғалысы туралы есеп беру» стандарты бойынша ақша – бұл ұйымның кассадағы және банктегі есеп айырысу шоттарындағы нақты ақшасы болып табылады. Ақшаның ағыны ұйымға келіп түскен және шыққан ақшаның қозғалысын сипаттайды.

Ұйымдар Қазақстан Республикасы банкісімен бекітілген ережелер мен нормативтік құжаттарды негізге ала отырып ақшаны сақтау, жұмсау және есепке алуды жүзеге асырады. Осы құжаттарға сәйкес ұйым артық ақшаны банк мекемелерінде сақтауы тиіс. өзге ұйымдардың алдындағы міндеттемелері бойынша есеп айырысу банктер арқылы қолма – қол ақшасыз ҚР Ұлттық банкісінің заңдылықтарына сәйкес қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың басқадай түрлері негізінде жүргізіледі.

Есеп айырысулар жоспарлы және тұрақты болуы тиіс. Оның негізіне келесі принциптер жатқызылады:

  • ұйымдар өздерінің ақшасын банкте сақтауға міндетті;
  • олардың арасындағы есеп айырысулар қолма – қол ақшасыз жүзеге асырылады;
  • қолма – қол ақшасыз есеп айырысулардың негізі болып табылатын барлық құжаттар банк арқылы төлем жүргізу үшін қолданылады.

Есеп айырысудың мақсаты  – нарықтық қатынастарды нығайтуға, жалпы ішкі өнімнің қозғалысына  ықпал ету.

Ұйымның банк мекемесі арқылы жүргізген есеп айырысуларын тауарлы  және бейтауарлы деп ажыратуға болады.

Тауарлы есеп айырысулар өткізілген өнім, көрсетілген қызмет пен орындалған жұмыстар, сондай – ақ сатып алынған тауарлы – материалды құндылықтар үшін төлемдерді сипаттайды.

Бейтауарлы есеп айырысулар бюджетке төленетін міндетті төлемдер мен міндетті зейнетақы қорына төлемдерді айқындайды.

Ұйымдағы ақшаның бухгалтерлік есебнің негізгі міндеттеріне жатқызылады:

  • Ақшаның қозғалысы бойынша жүргізілген барлық операцияларды толық және мезгілінде құжаттау;
  • Ақшаның шектеуге сәйкес нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын қадағалау;
  • Ақшаның сақталуын қамтамасыз ету;
  • Кассалық және есеп айырысу төлем тәртібінің сақталуын бақылау;
  • Ақшаны түгендеуді өз уақытында жүргізу;
  • Төлемдерді қолма – қол ақшасыз есеп айырысу жолымен банк арқылы жүргізу.

 

1.2 Ұйымның ұйымдық  - өндірістік қызметіне сипаттама  және негізгі көрсеткіштерін талдау

 

«Қамқоршы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қызылорда қаласының  орталығында орналасқан.

Ол алғаш рет 1992 жылдың 19 қарашасында ҚР азаматы Хожбанов Әріптің жеке меншігіндегі қаражаттары  негізінде өз қызметін бастады.

Ұйымның екінші рет 1 қазан 1996 жылы Облыстық Әділет басқармасында №1099 куәлікпен мемлікеттік тіркеуден қайта өтті.

«Қамқоршы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңдылықтарына және Ұйымның жарғысына сүйене отырып атқарады. Ұйымның жеке балансы, банкте есеп айырысу шоты, өзінің толық атауы жазылған мөрі бар.

Қазіргі уақыттағы серіктестіктің атқаратын қызметтерін төмендегіше көрсетуге болады:

    • нан және нан өнімдерін өндіру
    • қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй, сауна қызметтерін көрсету
    • автокөліктерге май құю бекетінің қызметі
    • коммерциялық мақсатта тауарларды сатып алу – сату

Ұйым жоғарыда аталған қызметтерден бөлек өз жарғысында көрсетілген өзге де қызмет түрлерімен де айналысуға құқылы:

    • ауылшаруашылығы өнімін өндіру
    • көлік қызметтерін көрсету
    • заңда қарастырылған өзге де қызметтерді жүзеге асыру

«Қамқоршы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алғаш тіркеуден  өткен кезден бастап нан пісіру цехын  іске қосты, цех бір қабатты ЗФТЛ – 2 пешімен жабдықталған ғимаратта  орналасқан. Бұл цехта стандартқа сай келетін жоғары сортты арнайы формадағы нан, сондай – ақ тоқаш, печенье, торт және макарон өнімдері өндіріледі.

Ұйымның негізгі шикізат көзі болып саналатын жоғары сортты ұнды Қазақстан Республикасы ұн зауыттарынан сатып алады.

«Қамқоршы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыста нан өнімдерін өндіретін ұйымдар арасында өткізілетін тендерге қатысып, қаладағы аурухана, бала – бақша, мектептерді н.ан өнімдерімен қамтамасыз етумен қатар, ұйымдарға келісім  шартқа сәйкес нан жеткізіп отырады.

Ұйымның ресурстық әлеуетпен толық қамтамасыз етілуі өнім өндіру және қызмет көрсету процесіне көмегін тигізетіні сөзсіз.

Сондықтан, ең алдымен, ұйымның  ресурстық әлеуетін талдауға тоқтала  кеткен жөн.

«Қамқоршы» ЖШС өткен  жылдары 27 жұмысшы болып бірқалыпты тұрған. Бірақ 1998 жылдың соңына қарай «Салтанат» ресторанының ашылуы қосымша жұмыс күшін қажет етті. Осылайша, жұмысшылар саны 34 адамды ғана құрап отыр. Еңбек ресурстарының осы мөлшері ұйымның толыққанды жұмыс атқаруына жеткілікті.

Материалдық ресурс ұйымның өндірістік қызметі барысында ерекше орын алады. Материалдық айналым құралдары мен негізгі құрал жабдықтар серіктестің материалдық ресурстарын құрайды.

Ұйым бойынша негізгі  құралдардың басым бөлігін пассивті құралдар, ғимараттар мен құрылыстыр алады. Бұл оның қызметтік ерекшелігімен түсіндіріледі. Ұйымның негізгі қорларының орташа жылдық құны 2003 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 1403.0 мың теңгеге жоғарылады, ал 2004 жылы өткен жылға қарағанда 81.9 мың теңгеге азайған. Бұған есепті жылы автокөліктерге май құю бекетінің есептен шығарылуы әсер етті.

Серіктестікте жоғары білікті инженерлік – техникалық қызметкерлер, кәсіпқой мамандар жұмыс істейді, олар қазіргі талаптарға сай сапалы бұйымдар шығаруға мүмкіндік береді.

«Қамқоршы» ЖШС-нің өндірістік қызметінің нәтижесі оның бөлімшелерінің қызметімен анықталады. Ұйымның жұмысының тиімділігі жұмыс процесінің дұрыс ұйымдастырылуына, технологиялық құрал – жабдықтардың пайдаланылу деңгейіне байланысты. Серіктестіктің қарамағында нан және нан өнімдерін өндіру цехы, «Салтанат» кешені, жөндеу шеберханасы, өндіріске техникалық қызмет көрсету бөлімі мен өнімнің сапасын тексеру бөлімі, материалдық – жабдықтау қызметі, есеп қисап және кадрлар бөлімі жұмыс істейді (Сызба–1 қараңыз).

Сызба-1. Серіктестіктің ұйымдық - өндірістік құрылымы.

 

 «Қамқоршы» ЖШС - де негізгі бөлім - нан және нан өнімдерін өндіру цехы. Онда әртүрлі пішіндегі нан, тоқаш, печенье және макарон өнімдері өндіріліп, қала халқын нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отырады. Цехта орта есеппен жылына 3381 мың теңгенің өнімі өндіріледі. Серіктестікте бұдан басқа «Салтанат» кешені ресторан, қонақ үй және сауна қызметтерін ұсынып, жоғары сапалы тұрмыстық қызмет көрсетеді.

Жөндеу шеберханасында шаруашылыққа қажетті қызметтерді көрсету, атап айтқанда темірді кесу, дәнекерлеу, құралдарды жөндеу жұмыстары орындалады. Серіктестіктің жабдықтау - өткізу бөлімі мүліктердің  сақталуына, өндіріс барысында материалдық қорлардың  жеткілікті мөлшерде болуына, дайын бұйымдардың қордаланып қалмай, жылдам өткізілуіне және олардың сапасының дұрыс анықталып отыруына жауап береді.

Есеп - қисап бөлімі серіктестікке  бөлінген мүліктердің және олардың  құралу көздерінің есебін жүргізеді, жұмыс күшін жинау, кадрларды дайындау және қайта даярлау бойынша жұмыстар атқарылады.

«Қамқоршы»ЖШС қызметін басқаруды тікелей серіктестік төрағасы жүзеге асырады. Төраға серіктестік жарғысымен заңдылықтар талаптарына   сәйкес мүлкіне иелік жасайды, жұмысшылардың құрылымын, еңбек ақы жүйесін бекітеді, серіктестіктің қаржылық жағдайына, оның мүлкінің сақталуына жауап береді.

Нан және нан өнімдерін  өндіру цехының меңгерушісі өндіріс  жұмысшыларына (қамыр илеушілер, наубайшылар) жетекшілік етіп, өндіріс процесінің ырғақты жүруіне жауап береді. Ол сондай – ақ дайын өнімнің  сапасын тексеру, барлық технологиялық процестің дұрыс жүруін қадағалау жұмыстарын атқарады.

«Салтанат» кешенінің  меңгерушісі осы кешен жұмысын  ақсатпай алып жүруге, құрал – жабдықтарының  жағдайына, осы сала бойынша еңбек  және қаржылық тәртіпке жауап береді.

Материалдық жабдықтау бөлімінің бастығы жанар – жағар майдың үздіксіз болып тұруын қадағалау, уақытылы жеткізіп отыру жұмыстарын, өрт қауіпсіздігін сақтау, күнделікті отынның қозғалысын есепке алып отыру жұмыстарын жүзеге асырады.

Шаруашылық бөлімінің  бастығы жөндеу және энергетикалық қамтамасыз ету, құралдардың үздіксіз жұмыс істеуіне, нан пісіретін пештердің берілістік құрылғылардың, т.б мезгілінде және сапалы жөнделуіне, күзет бөлімінің ауланы тазарту жұмыстарына жауап береді.

Кез келген ұйым үшін бүкіл  шаруашылық операцияларын анықтауға, талдауға және жалпылама сипаттауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жиынтығы – негізгі экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу аса маңызды. Ұйымның өндірістік қызметінің жалпы сипаттамасын алу үшін негізгі технико – экономикалық жағдайын бейнелейтін көрсеткіштер жүйесіне кешенді баға беру қажет, олардың қатарына - өткізілген өнім және орындалған жұмыс көлемі, өткізілген өнімнің (жұмыстың) өзіндік құны, өндірістік әлеуетті қамтамасыз етілу деңгейі, пайдаланылу тиімділігі, еңбек ақы қоры, орташа айлық жалақы, табыс көлемі, табыстылық деңгейі, тағы басқа көрсеткіштерді жатқызуға болады. (Кесте 1)

Кесте 1-дің  мәліметтеріне  сүйенсек, негізгі қорлардың орташа жылддық құны 2003 жылға қарағанда 1360.3 мың теңгеге көтерілгенімен, 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 81.9 мың теңгеге азайды. Ұйым нан және нан өнімдерін өндіру сонымен қатар тауарларды сатып алып үстеме бағаны қосып қайта сатумен айналысады. Алғаш қызмет ете бастаған жылдары қаланы түгелге жуық дерлік нан өнімдерімен қамтамасыз отыратын. Бірақ тапсырыс берушілердің қарыздарын дер мерзімінде өтемеуіне байланыстыөнімді тек мекемелермен тікелей келісім шарт негізінде өткізе бастады. Осының нәтижесінде өткізу көлемі де, сәйкесмінше табыс мөлшері де азайып кетті. Тағы бір жайт, «Салтанат» ресторанының тиімсіз қызметі де табыс мөлшеріне айтарлықтай әсер етіп отыр, соның салдарынан, 2003 жылға қарағанда 2004 жылғы өнімді өткізуден түскен табыс 9613. 8 мың теңгеге, ал 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 2409.5мың теңгеге кеміп отыр. Осыған сәйкес өткізілген өнімнің өзіндік құны да сәйкесінше 10555 және 2867.9 мың теңгеге азайды.

Ұйымның дебиторлық қарыздары 2005 жылы өткен 2004 жылмен салыстырғанда біршама жоғарылаған. Бұған тапсырыс берушілермен өтемеген қарыздарының 69.9 мың теңгеге көбеюі ықпал еткен. Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін көрсеткіш – ағымдағы міндеттемелер, басқаша айтқанда, кредиторлық қарыздар. Бұл көрсеткіш екі жылға қарағанда да 2652.7 мың теңгеге және 1133.8 мың теңгеге жоғары. Бұған жеткізушілер қарызының 1046.0 мың теңгеге, салық қарыздарының 88.2 мың теңгеге, басқалай кредиторлық қарыздардың 20.9 мың теңгеге көтерілуі ықпалын тигізіп отыр.

Кесте 1.

«Қамқоршы» ЖШС қаржы  – шаруашылық қызметінің технико  – экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Жылдар

Ауытқу

         (+,-)

2004

2005

+,-

%

1

Негізгі құралдардың  орташа жылдық құны, мың теңге

5244.6

5162.7

-81.9

-2.6

2

Ағымдағы активтердің  орташа жылдық құны, мың теңге

4588.5

4528

-60.5

-1.32

3

Оның ішінде:

Дебиторлық қарыздар

1840

1909.9

+69.9

+3.8

4

Кредиторлық қарыздардың орташа жылдық құны, мың теңге

6118.4

7252.2

+1133.8

18.5

5

Еңбекке ақы төлеу  қоры, мың теңге

4200.5

4682.6

+482.1

+11.5

6

Орташа тізімдік жұмысшылар саны, адам

30

35

+5

+16.7

7

Өнімдерді (жұмыс, қызмет) өткізуден  түскен табыс, мың теңге

9568.7

7159.2

-2409.5

-25.2

8

Өткізілген өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны, мың  теңге

9491.0

6623.1

-2867.9

-30.2

9

Қаржылық нәтиже, мың  теңге табыс(+),  залал(-) 

+54.4

+375.2

+320.8

6есе

10

Қор қайтарымдылығы, теңге

1.8

1.4

-3.1

-22.3

11

Қор сыйымдылығы, теңге

0.6

0.7

+0.4

+16.7

12

Өткізу рентабельділігі, %

0.57

5.7

+5.13

+10

Информация о работе Ақша есебінің ұйымдастырылуын зерттеу