Ақша түсінігі
Реферат, 29 Октября 2011, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Ақша айналымын реттеу ақша айналымының заңы негізінде жүргізіледі. Бұл заңға сәйкес айналымға керекті ақша мөлшері:
1) айналымға шығарылатын тауар;
2) тауар бағасының дәрежесі;
3) ақша айналымының жылдамдығы факторларына байланысты.
Айналымға керекті ақша мөлшерін анықтау үшін айналымға шыққан тауар бағасының жиынтығын ақша айналымының мөлшеріне бөледі. Экономикалық дағдарыс және соғыс жағдайында экономиканың тұрақсыздығының күшеюі, соғыс шығындарын өтеу үшін шамадан тыс көп ақшаның шығарылуы оның құнсыздануына әкеліп соқтырады. Нәтижесінде ақша айналымын реттеу қажеттігі туады. Ол үшін айналымдағы тауар құнынан артық ақша шегеру керек. Ақша айналымын реттеу халықтың табысы мен шығыны арасындағы айырмашылықты негізге ала отырып жүргізіледі. Ақша айналымы бір деңгейде болған жағдайда табыстың шығыннан артуы айналымға түсетін қыруар ақшаны керек етеді де, шығынның табыстан асып түсуі — айналымдағы ақша мөлшерін азайтады. Айналымға керекті ақша мөлшерін кассалық жоспар арқылы бақылап отыруға болады. Кейбір қиын-қыстау жағдайларда (соғыс т.б.) мемлекеттің қосымша ақша шығаруға мәжбүр болса, оның айналымдағы мөлшері кейін реттеледі.
Оглавление
Жоспар:
Кіріспе
1.Ақша айналымының түсінігі және мәні
1.1 Ақша айналымы және ақша айналымының заңы
1.2 Қолма – қол және қолма – қол емес ақша айналымдары
2. Ақша айналысының кұрылымы
2.1 Ақша массасы және оның жылдамдығы
2.2 Ақша агрегаттары және ақша базасы
3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Файлы: 1 файл
akwa ainalym.DOC
— 156.00 Кб (Скачать)ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТІРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
БИЗНЕС АКАДЕМИЯСЫ
“Қаржы”
кафедрасы
Ақша. Несие. Банктер. пәнінен:
Реферат
Тақырыбы:
Ақша түсінігі
Орындаған: Қ1001тобының студенті
Қабаева Асем
Тексерген:
Исахова Асия
Алматы, 2011
Жоспар:
Кіріспе
1.Ақша айналымының түсінігі және мәні
1.1 Ақша айналымы және ақша айналымының заңы
1.2 Қолма – қол және қолма – қол емес ақша айналымдары
2. Ақша айналысының кұрылымы
2.1 Ақша массасы және оның жылдамдығы
2.2 Ақша
агрегаттары және ақша базасы
3 Қазақстан
Республикасындағы ақша
Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттер
Кіріспе
Ақша айналысы қазіргі нарықтық экономикада маңызды элементтердің бірі болып табылады. Себебі ақша құрылымының есебін ескермеген жағдайда халық шаруашылығы жағдайларын экономикалық саясаттың мақсаттарын анықтау және тәжірибелік іс шараларын өткізу кезінде көптеген қателіктер болуы мүмкін. Ақша айналысының тұрақтылығы оның жақсы функциялануының ерекше маңыздылығын береді.
Тарихи дамудың барысында ақша қатынастары бірнеше маңызды өзгерістер мен қиыншылықтарды бастан кешірді. Соның салдарынан ол экономикалық жағдайға үлкен әсерін тигізді. Ақша айналысы мен валюталық бағамның тұрақтылығы экономикалық жағдайлардың жақсаруының, нарықтағы тепе – теңдіктің қамтамасыз етілуінің алғышарты болып табылады.
Ақша
айналымындығы инфляцияның
Осы процестерді игеру қазіргі таңда Қазақстан экономикасындағы аса маңызды және қажетті мәселелердің бірі болып саналады.
Ақша айналымының теориялық негіздерін қарастыру және оның құрылымына ерекше көңіл бөлу мен жеке сипаттау болып табылады.
Көптеген
шетел басылымдарында ақша айналымы деген
ұғым кездеспейді. 90 – жылдардың орта
шеңіне дейін ТМД – мүше елдердің басылымдарында
«ақша айналысы» деген ұғымдарға анықтама
беріліп, ол бір – біріне дәл ажыратылады.
Ақша айналымы деп қолма – қол ақша мен
қолма – қол емес ақшаның қозғалысын білдіретін
кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі
бар ұғымдардың мәні мен құрылымын өзгеғртпей
кейбір ерекшеліктер еңгізді.
Жоспарлы – орталықтанған экономика жағдайында
ақша айналымының ерекшеліктері:
Қолма – қол ақша да, қолма – қол ақша
да емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын
өнімдерін алдын–ала бөлуін қызмет атқаратын.
Барлық қоғамдық өнім өндіру құралдары
және тұтыну заттары ( өнімдер мен қызмет
көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда
материалдар ттехникалық жабдықтау жүйесі
арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің
табысына ( жалақы, зейнетақы және т.с.с
) сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы
бөлінеді.
Ақша
айналымы — ақшаның айналымдағы қозғалысы,
оның айналым және төлем құралы ретінде
қызмет етуі. Ақша айналымының тауар а
Ақша
айналымын жоспарлау —
Ақша
айналымын реттеу ақша айналымының заңы
негізінде жүргізіледі. Бұл заңға сәйкес
айналымға керекті ақша мөлшері:
1) айналымға шығарылатын тауар;
2) тауар бағасының дәрежесі;
3) ақша
айналымының жылдамдығы факторл
Айналымға
керекті ақша мөлшерін анықтау үшін
айналымға шыққан тауар бағасының
жиынтығын ақша айналымының мөлшеріне
бөледі. Экономикалық
дағдарыс және
соғыс жағдайында экономиканың тұрақсыздығының
күшеюі, соғыс шығындарын өтеу үшін шамадан
тыс көп ақшаның шығарылуы оның құнсыздануына
әкеліп соқтырады. Нәтижесінде ақша айналымын
реттеу қажеттігі туады. Ол үшін айналымдағы
тауар құнынан артық ақша шегеру керек.
Ақша айналымын реттеу халықтың табысы
мен шығыны арасындағы айырмашылықты
негізге ала отырып жүргізіледі. Ақша
айналымы бір деңгейде болған жағдайда
табыстың шығыннан артуы айналымға түсетін
қыруар ақшаны керек етеді де, шығынның
табыстан асып түсуі — айналымдағы ақша
мөлшерін азайтады. Айналымға керекті
ақша мөлшерін кассалық жоспар арқылы
бақылап отыруға болады. Кейбір қиын-қыстау
жағдайларда (соғыс т.б.) мемлекеттің қосымша
ақша шығаруға мәжбүр болса, оның айналымдағы
мөлшері кейін реттеледі.
1
Ақша айналымының
түсінігі және
мәні
- Ақша айналамы және ақша айналымының заңы
Ақша айналымы - бұл өзінің функцияларын орындау барысындағы қолма – қол және қолма – қол емес ақшалардың қозғалысы. Ол тауарлардың реализациясын, сондай – ақ тауарлы емес төлемдерді және шаруашылықтағы есеп айырысуларды жүзеге асырады.
Елдің ақша айналымы ақшаның қозғалысын көрсете отырып, келесілердің арасындағы айналысты көрсетеді:
- орталық банк және коммерциялық банктер;
- коммерциялық банктер; коммерциялық банктер және олардың клиенттері ( кәсіпорындар, ұйымдар, халық );
- кәсіпорындар мен ұйымдар;
- физикалық тұлғалар;
- банктер және әр түрлі қаржы институттары, сондай – ақ қаржы институттары мен халық
Ақша айналымының жоспарлы экономика кезінде және қазіргі нарықтық экономикаға сай өзіне тән әр түрлі ерекшеліктері бар.
Жоспарлы
орталықтанған экономика
- Қолма – қол ақша да қолма – қол емес ақша да шығаратын өнімдерін алдын ала бөлуге қызмет атқарды. Барлық қоғамдық өнім өндіріс құралдары және тұтыну заттары түрінде, яғни бірінші жағдайда материалды – техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы бөлінді;
- Мемлекет заң арқылы ақша айналымын қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне қызмет атқаратынын белгілійді. Сөйтіп, қолма – қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, қолма – қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал – жабдықтарын бөлуді көрсететті;
- Ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде директивті заңдармен реттелді;
- Ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетті.
- Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, оған мемлекеттік банк бақылау жүргізді;
- Мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де шұғылданды;
- Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша белгілерін тек мемлекеттік банк монополиялы құқық негізінде шығарды;
Ал енді нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы ақша айналымына тоқталатын болсақ, онда оған мынадай ерекшеліктер тән:
- Ақша айналымы, негізінен, шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет жасайды, ал бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;
- Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша айналымының заңмен ажыратылуы жойылды;
- Ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады;
- Ақша айналымы әр түрлі меншіу формасы жағдайында жүреді;
- Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған, яғни олар әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде шоғырланған;
- Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша айналымы бір – бірімен тығыз байланыста жүреді;
- Қолма – қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп, ал қолма – қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер шығарады;
Сонымен, ақша айналымы деп қолма – қол және қолма – қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады.
Айналыста жүретін тек қолма – қол ақша – ол ақша айналысының тек бір бөлігі. Демек, белгілі бір мезгілде қолма – қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі ақша айналысы болып табылады. Ал ақша айналымы - бұл қолма – қол және қолма – қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі.
Ендеше ақша айналымы екі бөліктен: қолма – қол және қолма – қол емес ақша айналымынан тұрады.
Енді ақша айналысы заңына тоқтала кетейік. Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән.
Айналыстағы ақшаның саны Карл Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға:
- бір кезеңде, айталық, бір жылда сатылуға тиіс бағасының қосындысына;
- ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді.
Ақша айналымы заңы мына формуламен өрнектеледі:
А мөлшері = Смб/Ажылд.
А – ақша мөлшері;
Смб – сатылуға тиіс тауар бағасы;
Ажылд. – ақша айналымының жылдамдығы;
Ақша айналысы заңының мәні мынада: ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысын бір аттас ақша өлшемінің айналым санына бөлгенге теңесуі керек.
Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен қатар төлем құралы қызметінде болатындықтан, айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бір сыпырасы қолма – қол ақшасыз есеп айырылысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі.
Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді; тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа айналыстан шығарылған әлде қандай ақша мөлшері шаруашылықтың, халықтың тұрақты ақша қорын құрайды. Айналыстағы ақша мөлшерін анықтаушы заң мына формуламен анықталады: