Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 14:43, реферат
Ақша айналымын реттеу ақша айналымының заңы негізінде жүргізіледі. Бұл заңға сәйкес айналымға керекті ақша мөлшері:
1) айналымға шығарылатын тауар;
2) тауар бағасының дәрежесі;
3) ақша айналымының жылдамдығы факторларына байланысты.
Айналымға керекті ақша мөлшерін анықтау үшін айналымға шыққан тауар бағасының жиынтығын ақша айналымының мөлшеріне бөледі. Экономикалық дағдарыс және соғыс жағдайында экономиканың тұрақсыздығының күшеюі, соғыс шығындарын өтеу үшін шамадан тыс көп ақшаның шығарылуы оның құнсыздануына әкеліп соқтырады. Нәтижесінде ақша айналымын реттеу қажеттігі туады. Ол үшін айналымдағы тауар құнынан артық ақша шегеру керек. Ақша айналымын реттеу халықтың табысы мен шығыны арасындағы айырмашылықты негізге ала отырып жүргізіледі. Ақша айналымы бір деңгейде болған жағдайда табыстың шығыннан артуы айналымға түсетін қыруар ақшаны керек етеді де, шығынның табыстан асып түсуі — айналымдағы ақша мөлшерін азайтады. Айналымға керекті ақша мөлшерін кассалық жоспар арқылы бақылап отыруға болады. Кейбір қиын-қыстау жағдайларда (соғыс т.б.) мемлекеттің қосымша ақша шығаруға мәжбүр болса, оның айналымдағы мөлшері кейін реттеледі.
Жоспар:
Кіріспе
1.Ақша айналымының түсінігі және мәні
1.1 Ақша айналымы және ақша айналымының заңы
1.2 Қолма – қол және қолма – қол емес ақша айналымдары
2. Ақша айналысының кұрылымы
2.1 Ақша массасы және оның жылдамдығы
2.2 Ақша агрегаттары және ақша базасы
3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
-ЮНИТИ,2001.-492с.