Ақша есебінің ұйымдастырылуын зерттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 08:08, дипломная работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдардың қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі тікелей ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Ұйымның ақшасы мен олардың қалыптасу көздерінің орналасуы – оның қаржылық жағдайын сипаттайды, сондықтан қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдаланудың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ол жеткізушілер, банк мекемелері және бюджет алдындағы міндеттемелерді дер кезінде өтеуге мүмкіндік береді.

Оглавление

Кіріспе ..............................................................................................................5
1. Ұйымда өндірістік қызмет пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.......7
1.1 Ақша ұғымы, мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері.....7
1.2 Ұйымның ұйымдық - өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштерін талдау....................................................................................12
1.3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру .........19
2 Ақша қаражаттарының есебі........................................................................24
2.1 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі..........................................24
2.2 Есеп айырысу шотындағы ақша есебі......................................................26
2.3 Кассадағы ақшаның есебі.........................................................................33
3 Ақша қаражатының аудиті...........................................................................40
3.1 Ақша аудитінің мақсаты, міндеттері және бағдарламасы.....................40
3.2 Кассалық операцияларды тексеру............................................................46
3.3 Банк операцияларының аудиті..................................................................53
3.4 Ақша қозғалысын талдау...........................................................................57
Қорытынды.......................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................66

Файлы: 1 файл

ақша-есебінің-ұйымдастырылуын-зерттеу.doc

— 406.00 Кб (Скачать)

Кассаға қолма – қол ақшалар  есеп айырысу шотынан ақшалай  чек бойынша келіп түседі. Кассаға  ақша бас бухгалтер қол қойған кассалық кіріс ордерлері (КО-1 үлгіде) бойынша қабылданады.

Кассаға ақша салған адамға бас бухгалтер  және кассир қол қойған түбіртек (ордердің жыртылатын бөлігі) беріледі. Кассалық кіріс ордері бойынша ақшаны қабылдау тек қана оларды толтырған күні жүргізіледі.

    «Қамқоршы» ЖШС –  де кассадан ақша кассалық  шығыс ордері (КО – 2 үлгі) арқылы, бас бухгалтер мен төраға қол  қойған тиісінше рәсімделген  төлем ведомостері арқылы беріледі.

Егер кассалық шығыс ордеріне қоса тігілген құжаттарда ұйымның төрағасының рұқсат еткен жазуы болса, онда ордерге басшының қол қоюы міндетті емес. Жеке адамға кассалық шығыс ордері бойынша ақша бергенде кассир алушының жеке басын куәләндыратын төлқұжатын талап етеді. Құжаттың атауы, нөмірі, кім және қашан берілгені ордерде көрсетіледі.

Ұйымда ақшаны сенімхат бойынша  берген кезде кассалық шығыс ордерінде  сенім алушының аты – жөні қосымша  көрсетіледі.

  «Қамқоршы» ЖШС – нің  кассасынан банкке ақша өткізілген  кезде 441 «Есеп айырысу шотындағы  ақша» шотының дебеті және 451 «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша» шотының кредиті бойынша жазу беріледі.

Жалақы, уақытша еңбекке жарамсыздығына берілетін жәрдем ақы және сыйақыларды  ұйымның төрағасы мен бас бухгалтері қол қойған төлем ведомостары  бойынша кассадан береді. Ақшаны алған кезде жұмысшылармен қызметкерлер төлем ведомосіне қолдарын қояды.

Кіріс және шығыс кассалық ордерлерін тіркеп отыру үшін кіріс және шығыс  кассалық құжаттарын тіркеу журналы (КО – 3 үлгі) толтырады, ол кіріс және шығыс  құжаттарына бөлек ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс немесе шығыс ордерлерінің жазылған күні мен нөмірі және келіп түскен немесе жұмсалған ақшаның мақсатты бағыты (еңбек ақыны төлеу, сый ақы, іс сапарға жұмсалған ақша).

  «Қамқоршы» ЖШС  – де кассир кассалық операцияларды  есептеуді кассалық кітапта (КО  – 4 үлгі) жүргізеді. Бұл кезде  кассирдің есеп беруі құжатында  кассалық кітапта көрсетілетін  барлық реквизиттер кассалық  кіріс және шығыс нөмірі, кімнен  алынғаны және кімге берілгені, корреспонденцияланатын шотпен операциясының сомасы жазылған. Ұйымда белгіленген тәртіпке сәйкес кассалық кітаптың беттерін нөмірлеу жыл басынан бастап, өсіңкілік қатары бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады. Кітапқа жазу көшірме қағаз арқылы екі данада жүргізіледі: біріншісі кітапта қалады, екіншісі кітаптың жыртып алынатын парағы кассирдің есеп беруі болып табылады және алғашқы құжаттармен қоса бухгалтерияға өткізіледі. Кассир күн сайын жұмыс күнінің соңында қорытындысын есептеп, қалдығын шығарып отырады.

Ұйымда кассир құжаттардың  дұрыстығын тексеріп, кіріс және шығыс  кассалық құжаттарымен бірге есеп берулерді  бухгалтерияға тапсырады.

 Құжаттардың сақталуын  және пайдалану ыңғайлылығын  қамтамасыз ету мақсатында «Кассалық  кітап» есеп беруін кассир әр айға жеке – жеке дайындап қояды. Жыл соңында есеп беруде хронологиялық ретпен тігеді. Кассалық кітаптың дұрыс жүргізілуін бақылау бас бухгалтерге жүктеледі. Кассирден қабылданған есеп беруді бухгалтер, кассалық есеп беруге барлық ордерлердің толық кіргізілуін, толтырылуының дұрыстығын, есептелген жиынтықтарының дұрыстығын және кассадағы қалдықтың жұмыс күнінің соңына шығарылуының дұрыстығын, ақшаны алғанда қолдарының қойылуынқарай отырып, мұқият тексереді.

 Ұйымда кассадағы  ақша қаражаттарын есепке алып отыру үшін 451 «кассадағы ұлттық валютадағы ақша» шоты арналған. Ол кассадағы ақшаның нақты бары және қозғалысы туралы мәліметтерді жинақтауға арналған. Шоттың дебеті бойынша 441 «Есеп айырысу шотындағы ақша», 333 «Есеп беруге тиісті тұлғалардың қарыздары», 301 «Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу» шоттарымен корреспонденциялана отырып, кассаға ақшаның түсуі, ал кредиті бойынша 441 «Есеп айырысу шотындағы ақша», 333 «Есеп беруге тиісті тұлғалардың қарыздары», 301 «Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу», 681 «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу» шоттарымен корреспонденциялана отырып, кассадан ақшаның төленуі көрсетіледі.

Кассадағы ақшаның қозғалысы  бойынша толтырылатын алғашқы құжаттардың  негізінде жазылатын бухгалтерлік есептің мәліметтері 451 шоттың   кредиті бойынша  жүргізілетін №1 журнал ордерлерге және шоттың дебеті бойынша жүргізіліп, оған қоса тіркелетін ведомоске түсіріледі. Бұл регистрдерге жазулар бухгалтерияғакассирдің есеп беруі келіп түсуіне қарай жазылады. Жазу кезінде шоттар корреспонденциялары бірдей сомалар біріктіріледі. Ай соңында осы регистрлерге қалдық шығарылып, одан әрі бас кітапқа апарылады.

Серіктестігі кассадағы  ақша қаражаттарының қозғалысына бақылау  жасау кезінде 451 шот есебі бойынша  айналым-қалдықтық ведомосін алуға болады.

Ұйымда ақшаға түгендеу жүргізу – бұл активтерді қорғау және қаржылық саясатпен сәйкестігін  қамтамасыз ету, сондай – ақ бухгалтерлік шоттарда бейнеленген мәліметтердің шынайылығын анықтау үшін қабылданған саясат пен іс әрекет болып табылады.

Ақшаны қорғау көптеген ұйымдар үшін маңызды мәселеге айналатынын белгілі, өйткні оларды жасыру, алып кетудің өте оңай екендігімен қатар, оларды меншіктену белгілері жоқ.

«Қамқоршы» серіктестігінде  кассадағы ақшаны есептің арнайы құжаттарындағы ақша сомаларымен кассада нақты бір ақшаларды салыстыру жолымен түгенделеді. Түгендеу нәтижелері ақшаның нақты барын түгендеу актісімен рәсімделеді.

Ұйымның кассасын түгендеу оның төрағасы жасаған және бекіткен «Кассалық операцияларды жүргізу  ережесіне» сәйкес жүргізіледі. Кассалық құжаттармен бланктерді түгендеу, тәртіп бойынша, ескертусіз кенеттен барлық ақшаны және басқадай құндылықтарды толық есепке алу арқылы бас бухгалтер мен кассирдің қатысуымен өтеді. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп беруін кассалық кітап бойынша ақшаның қалдығын шығаруы тиіс. Кассирден барлық кіріс және шығыс кассалық құжаттары есепке тіркелгені жөнінде, кассада қабылданбаған, сондай – ақ есептен шығарылмаған ақшаның жоқ екендігі жөнінде қолхат алынады. Ақшаларды санағаннан кейін кассадағы ақшаны түгендеу актісі жасалынады. Алынған түгендеу нәтижелерін кассалық кітап бойынша бухгалтерлік есептің мәліметтерімен салыстырады.

Түгендеуді жүргізу  кезінде мыналарды тексеру қажет: кассирмен толық материалдық  жауапкершілік туралы келісім шарт жасалған ба, кассаның жабдықталуы талапқа сай ма, т.б.

Түгендеу кезінде кассадан артық ақша мөлшері анықталса, кассалық кіріс ордері толтырылып, кассаға  кіріске алынады. Ал түгендеу кезінде  ақшаның жетіспеушілігі анықталса, мынадай негізде көрсетілуі мүмкін: жетіспеген сомаға шығыс кассалық ордерін жазу; жетіспеушілік кассирдің мойнына қойылады; кассир жетіспейтін соманы өтеген кезде кіріс кассалық ордері жазылады.

Кесте 2

Ақша есебі бойынша  жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының негізігі корреспонденциясы

 

Шаруашылық операциясының  мазмұны

Дебет

Кредит

1

2

3

4

1

Ұйымның есеп айырысу  шотына әзірге келіп түспеген есеп беретін адамның поштаға салған ақшасы

411

333

2

Тиісті баратын жеріне әзір барып түспеген ұйым кассасынан төленген ақша

411

451

3

Сатып алушылар төлеген, бірақ есеп беретін уақытқа дейін  ұйымға келіп түспеген сома

411

301

4

Ұйымның есеп айырысу  шотына жолдағы ақша келіп түсті

441

411

5

Ақша қаражатынан ашылған  аккредитив

421

441,431

6

Банк несиесінің есебінен ашылған аккредитив

421

601

7

Ашылған аккредитив арқылы жабдықтаушыға жіберген материалдың  құны төленді

671

421

8

Ашылған аккредитивтің  пайдаланылмаған сомасы есеп айырысу  шотына қайтарылды

441

421

9

Сатып алушылардан сатылған өнім, көрсетілген қызмет үшін төленген сома

441

301

10

Есеп айырысу шотына кассадан кіріске алынған сома

441

451

11

Есеп айырысу шотына банк несиесі түсті

441

601


 

 

Кесте 2-нің жалғасы

1

2

3

4

12

Материалдарды сатып  алу үшін алдын ала төленген аванс

351

441

13

Банк несиесі есеп айырысу шотынан төленді

601

441

14

Қосылған құнға салық  сомасы бюджетке аударылды

633

441

15

Көлік құралдарына салынатын  салық төленді

638

441

16

Әлеуметтік салық бюджетке аударылды

635

441

17

Ұйым жұмысшысының ерікті сақтандыру келісіміне сәйкес еңбек  ақыдан сақтандыру жарнасын төлеу жайлы  тапсырмасы бойынша сақтандыру сомасын  төлеу

 

 

651

 

 

441

18

Сақтандыру жағдайы  туындағанда:

- сақтандырушыдан төлем түсті

- жәрдемақыны төлеу

 

441

687

 

651

451

19

Шаруашылық қажеттіліктері үшін кассаға ақша алынды

451

441

20

Өндірілген өнімді сатудан  қолма – қол ақша түсті

451

701

21

Алынуға тиіс жал төлемі кассаға төленді

451

334

22

Жұмысшыға артық төленген еңбек ақы сомасы кассаға қайтарылды

451

333

23

Есеп беруге тиісті адамдарға іс сапар шығындары үшін берілді

333

451


 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Ақша қаражатының аудиті

3.1 Ақша аудитінің мақсаты, міндеттері және бағдарламасы

Транзиттік экономика  жағдайында аудиттің өте өзекті бағыты - ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды, кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде үлкен резервтер мен әртүрлі бұрмалаулар жасырынған.

Ақшалай және кассалық –  банктік операцияларды жүргізу  заңнамалық, жалпы мемлекеттік және басқа нормативтік актілермен жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан  төлеу циклі функциональды аудитін  өткізуге дайындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып білу керек. Операциялық аудитор ұйымның төлеу мен қозғалысв циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты проблемалық сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін қарастырған жөн.

Дегенмен жалпы аудитте  ақшалай операцияларды тексеру  мен ревизиялау тәсілдерінің өзіндік  ерекшеліктері бар. Олар жалпы әдістер  арқылы жасалса да, бұл операцияларды  уақытылы және тиімді атқаруға ерекше көңіл аударатын төлеу циклінің функционалдық аудитінде бұлар шынында да жеткіліксіз. Сондықтан ғылыми зерттеулердің күн талабына сай бағыты ақшаны басқарудың функциональды аудитінің ерекше тәсілдерін анықтау мен ізденістерін талдау болып саналады.

Ақшалай ағымның төлем  мен қозғалысы циклі функциональды аудитінде экономикалық талдау, бақылау мен статистиканың классикаклық әдістерімен қатар сарапшылық бағалау, жай және күрделі пайыз есептеулері, дисконттау, интегралды сараланған және матрицалық тәсілдер, желілік, желілік емес және өсіңкі бағдарламалау әдістерін, операцияларды, ойын теорияларын, шешім қабылдау және т.б. кеңінен қолданылуы керек. Функциональды аудиттің арнайы әдіс – тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқарумен құнды қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыпруды жақса\ртудың әртүрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация мен төлемді тездету, флоудты, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін, бақылау шегі теориясын және т.б. ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақытыла қолдану нақты ақшамен құнды қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Аудитор ақша қозғалысы циклінің аудитін өткізгенде мыналарды анықтайды:

  • касса – банк операцияларын атқаратын қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы;
  • касса – банк құжаттарын жасап, өңдейтін адамдар үшін есеп пен ақшаны бақылауың әдістемелік және ережелік талаптардың бар – жоғы;
  • осы жұмыс учаскесінің қызметкерлері кімге есеп береді;
  • касса –банк және басқа ақшалай операциялардың дұрысиығын кім және қашан, қалай тексереді;
  • кассадағы ақшаның бар – жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін комиссины тағайындау туралы басшының бұйрығы бар ма;
  • бұл бұйрық орындала ма, кассаны кенеттен тексеру актідері бар ма және олардың мазмұны қандай;
  • аналитикалық және синтетикалық есеп, шаруашылық ішілік бақылау мен ақшалай операцияларды жедел қолдау қалай жолға қойылған.

Информация о работе Ақша есебінің ұйымдастырылуын зерттеу