Ақша есебінің ұйымдастырылуын зерттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 08:08, дипломная работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдардың қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі тікелей ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Ұйымның ақшасы мен олардың қалыптасу көздерінің орналасуы – оның қаржылық жағдайын сипаттайды, сондықтан қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдаланудың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ол жеткізушілер, банк мекемелері және бюджет алдындағы міндеттемелерді дер кезінде өтеуге мүмкіндік береді.

Оглавление

Кіріспе ..............................................................................................................5
1. Ұйымда өндірістік қызмет пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.......7
1.1 Ақша ұғымы, мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері.....7
1.2 Ұйымның ұйымдық - өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштерін талдау....................................................................................12
1.3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру .........19
2 Ақша қаражаттарының есебі........................................................................24
2.1 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі..........................................24
2.2 Есеп айырысу шотындағы ақша есебі......................................................26
2.3 Кассадағы ақшаның есебі.........................................................................33
3 Ақша қаражатының аудиті...........................................................................40
3.1 Ақша аудитінің мақсаты, міндеттері және бағдарламасы.....................40
3.2 Кассалық операцияларды тексеру............................................................46
3.3 Банк операцияларының аудиті..................................................................53
3.4 Ақша қозғалысын талдау...........................................................................57
Қорытынды.......................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................66

Файлы: 1 файл

ақша-есебінің-ұйымдастырылуын-зерттеу.doc

— 406.00 Кб (Скачать)

 

 

Сонымен ұйымның қаржы  – шаруашылық қызметінің қорытындылаушы көрсеткіші  - соңғы қаржылық нәтиже ұйымның 2003 жылды 2134.5 мың теңгеге залалмен, 2004 жылды 54.4 мың теңгеге, ал зерттеу жүргізіліп отырған 2005 жылды 375.2 мың теңге таза табыспен қорытындылағанын байқатады.

Қор қайтарымы өткізілген өнім көлемінің мөлшеріне қарай, 2003 жылы 4.9 теңгені құраған. Соңғы жылдары өткізу көлемінің азаюына сәйкес оның шамасы 2003 жылы 1.8 теңгені, 2004 жылы 1.4 теңгені көрсетіп отыр. Қорыта келгенде, рентабельділік деңгейі 2005 жылы 5.7 пайызды құрап, ұйымның қаржы – шаруашылық қызметінің тиімділігін байқатып отыр.

 

1.3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру 

 

Есеп саясаты – бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат еткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай – ақ белгіленген нормалардың талаптарына және ұйым қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.

Ұйымның есеп саясаты  жалпылама қабылданған, белгілі  бір қағидалар жиынына негізделеді. Ол бас бухгалтермен жасалынып, ұйым басшысымен бекітіледі.   

    Есеп саясатының басты міндеттері:

    • Ұйымның қаржы – шаруашылық қызметін объективті көрсету;
    • Ұйым қызметін тиімді басқару мақсатында ұйым қызметі туралы толық және шынайы ақпараттарды қалыптастыру;

Есеп саясатын қалыптастыру кезеңдері: бухгалтерлік есептің объектілерін анықтау; бухгалтерлік есепті жүргізу  тәсілдерін таңдауға әсер ететін факторларды  табу, талдау және бағалау; есеп саясатын  құрудың бастапқы ережесін таңдау және негіздеу; нақты ұйым үшін бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдау; таңдап алынған есеп саясатын рәсімдеу.

Есеп саясатын қалыптастырған және қолданған кезде есептің  мынадай принциптерін сақтау керек:

  1. Есептеу – ұйымның табыстары мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
  2. Үздіксіздік – яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады. Оның таратылуға немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамданады.
  3. Түсініктілік – қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.
  4. маңыздылық. Пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауды және ұйымның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпарат маңызды болуы керек.
  5. Мәнділік. Ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметті жіберіп алсақ, не дұрыс ұсынбасақ, онда бұл ақпаратты пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.
  6. Растық. Ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ болса, ол рас болып табылады және оған пайдаланушылар сене алады.
  7. Бейтараптық. Қаржылық ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.
  8. Сақтық, яғни активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін шешім қабылдағын кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.

Бұл принциптер ұйымның  есеп саясатын әзірлеуге және қабылдауға негіздемені қамтамасыз етеді. Бұларды  сақтамау ұйымның мүліктік және қаржы  жағдайы туралы көріністі бұрмалайды. Бухгалтерлік есептің стандарттары есеп саясатын қалыптастыруға база болып саналады.

Ұйымда есеп саясатын ұйымдастыру қамтиды:

    • Шоттардың жұмыс жоспары
    • Құжат айналымы тәртібі және есеп ақпаратын өңдеу технологиясы
    • Түгендеуді жүргізу тәртібі
    • Бухгалтерлік есепті жүргізу нысандары

 «Қамқоршы» серіктестігінде бухгалтерлік есеп журнал - ордерді формада жүргізіледі.Серіктестікте негізгі құралдар есебі 2007 жылы 28 ақпандағы Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы №234 заңына сәйкес бекітілген №6 «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі. Барлық негізгі құралдар типтік формадағы бланкілерде жүргізіледі. Негізгі құралдар кірістелген сәтінде стандартқа сәйкес бастапқы құнымен бағаланады. Нысаналы бағыты мен орындайтын қызметіне байланысты, сондай-ақ шоттардың типтік жоспарына сәйкес серіктестіктің негізгі құралдары жіктеледі.

Негізгі құралдардың  бастапқы құнының өзгеруі тек  екі жағдайда ғана болады :

  • Қайта бағалау
  • Қосымша күрделі салымдарды жүзеге асыру немесе обьектінің белгілі бір деңгейде жойылуы.

Негізгі құралдарды  есептен  шығару серіктестік төрағасымен  бекітілген «Негізгі құралдарды есептен  шығару» тәртібі туралы нұсқауға сәйкес жүргізіледі .

 Негізгі құралдарды  түгендеу «Қамқоршы» серіктестігі төрағасының өкімімен жылына бір рет өткізіледі.

Ұйымда негізгі құралдардың амортизациясы бірқалыпты (түзу сызықт) әдіспен жүргізіледі. Салықтық есеп үшін серіктестік активтердің (негізгі құралдар және матераиалдық емес актив) амортизациясын есептейді.

Серіктестікте құралдарды күрделі жөндеуге арналған жөндеу қоры құрылмаған.Күрделі жөндеу бойынша нақты шығыстар олар пайла болған сәтте шығындардың сәйкесінше шоттарына апарылады.

 Күрделі салымдар, қайта конструкциялау мен модернизациялау  серіктестікте  негізгі құралдардың  есептелген амортизациясына, таза табыс немесе ұзақ мерзімді несиелер есебінен жүзеге асырылады.

Материалдық емес активтер бастапқы құны бойынша бағаланады:

  • Сатып алу бағасы;
  • Бағдарламалық өнімді орнату және реттеу бойынша шығындар.

Материалдық емес активтер бойынша тозу ай сайын бекітілген нормаға сай есептеледі. Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет мерзімі олардың түрлеріне байланысты (лицензия, патент, пайдалану құқығы), арадағы мәміледе қарастырылған жағдайлармен анықталады.

Тауарлы- материалдық  қорлар есебі № 7 «Тауарлы- материалдық қорлар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Олардың есебі қоймал карточкаларында және типтік құжаттарда жүргізіледі.Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құны оларды сатып алу, транспорттық –дайындау шығындарынан құралады. ТМҚ орташа құн әдісімен бағаланады. ФИФО және арнайы ұқсастыру әдістері қолданылмайды. Сатып алынған тез тозатын заттар, инструменттер, төсек жабдықтары, арнайы киімдер, қорғану заттары эксплуатацияға берілгенге дейін 206 « Басқадай материал» шотының 04 «Қоймадағы көп ретті пайдаланылатын заттар» аралық шотында есепке алынады. Ал пайдалану мерзімі бір жылдан жоғары заттар негізгі құралдар ретінде 125/01 « Инструменттер, өндірістік және шаруашылақ инвентарлары» шотында есепке алынады.

Серіктестікте өндіріс шығындарын есепке алу үшін 90 «Негізгі өндіріс» 92 «Көмекші өндіріс», 93 «Үстеме шығындар» шоттары ашылған».

Серіктестікте қызметтерді  өткізу барысында есептеу әдісі  қолданылады.

ТМҚ өткізу кезінде тапсырыс берушіге шот-фактура ұсынып, оның құнына қоймалық сақтау шығыны 8.5 пайыз, ҚҚС-15 пайыз көлемінде қосылады.

Бухгалтерлік есептің  №12 стандартына және оның әдістемелік  нұсқауларына сәйкес құрылыс қызметі  бойынша есептің басты міндеті  әрбір есеп кезеңі бойынша табыстар мен шығындарды дұрыс анықтау.

 «Қамқоршы» серіктестігінің банктерде есеп айырысу шоттары бар. Ақшаның есебін жүргізген кезде қолданыстағы заңдылықтар мен нормативтік актілерді жетекшілікке алады. Серіктестікте кассадағы ақшаны жоспардан тыс тексеру айына бір рет жүргізіледі .Оны құрамында бас бухгалтер, бухгалтер, ішкі аудит бөлімінің өкілі бар комиссия өткізеді.

Бухгалтерлік есептің  барлық бөлімдері бойынша жүргізілетін алғашқы құжаттар, регисторлар 5 жыл, жұмысшылар мен қызметкерлердің  жеке шоттары 75 жыл сақталынады.

Есепті кезең болып 1 қаңтар 31 жеттоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Ақша қаражаттарының есебі

2.1 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі

Ұйымдар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемелерінен арнаулы шот ашуларына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалар, чек кітапшаларындағы ақшалар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және басқадай құжаттардағы (вексельден басқа) ақшалар есептеледі.

Ұйым 421 «Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар» шотында жабдықтаушылар мен басқа да ұйымдардың аттарына ашылған аккредитивтегі ақша қаражаттарын есептейді. Негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы жабдықтаушылармен қолма – қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады. Есеп айырысудың бұл түрі басқа қолма – қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келеді. Бұл есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет көрсететін банк мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет көрсететін банктен аккредитив ашады. Есеп айырысудың бұл түрі 1931 жылдан бері қолданылып келеді. Аккредитивтегі аұшалар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнің дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.

Аккредитив – сатып  алушыға қызмет ететін банк мекемесінің  осы ұйымды жабдықтайтын ұйымға қызмет көрсететін банкке тауарларының жіберілгендігін  немесе қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.

Аккредитив тек қана бір жабдықтаушымен есеа айырысуға  арналады. Ал аккредитивтің мерзімі  жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім шартқа сәйкес бекітіледі. Бұл шартта мыналар көрсетілуі тиіс:

  1. Төлеушінің тапсырмасы бойынша аккредитивті ашқан банктің аталуы.
  2. Аккредитивтің түрі және оның орындалуы мен пайдаланылуының әдісі мен тәсілі.
  3. Аккредитив бойынша қаржы алу үшін жабдықтаушының өзіне қызмет ететін банкке тапсыруға тиісті құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары.
  4. Тауарларды, материалдарды тиеп жөнелткеннен немесе жұмыстарды, қызметтерді орындағаннан кейін құжаттардың банк мекемесіне тапсырылу мерзімі мен олардың орындалуына қойылатын талаптар. Жабдықтаушыларға аккредитив жайлы, яғни оның ашылғандығы жайлы хабарлау.
  5. Басқада керекті құжаттар мен шарттар.

Аккредитивтердің «өтелінген»  және «өтелінбеген» деп аталатын түрлері ашылуы мүмкін. Аккредитив соынмен қатар «кері шақырылатын» және «кері шақырылмайтын» болып екі түрге бөлінеді.

Тапсырыс берушінің өзінің шотындағы ақша қаражаты есебінен немесе оған қызмет көрсететін банкінің берген несиесінің есебінен жабдықтаушы ұйымға қызмет көрсететін банкке келісім шарт бойынша алдын ала аударылған қаржысы «өтелінген аккредитив» болып саналады.

Ал сатып алушы ұйым мен жабдықтаушыға қызмет көрсететін банк арасындағы аккредитивте көрсетілген  қаржы сомаларын аударуға тек  қана келісім шарт жасалынып, яғни ақша әзірге аударылмаған болса, онда бұл  «өтелінбеген аккредитив» қатарына жатқызылады.

Аккредитивтен қаржы  алу үшін жабдықтаущы ұйым тауарларды жөнелтіп жібергеннен кейін аккредитивтің  шартында қаралған құжаттарды банкке табыс етеді. Бұл құжаттар аккредитивте қаралған шарттардың барлығын қанағаттандыратын  болуы шарт. Егер шарттың біреуі орындалмаған жағдайда аккредитивтен қаржы төленбейді.

Аккредитив жабылған уақытта пайдаланылмаған сома сатып  алушының банкісіндегі тиісті шотына аударылады. Ашылған аккредитив сомасы 421 шотқа, егер есеп айырысу шотынан  аударылса, 441 шоттың; банктердің несиелері есебінен аударылса, 601 шоттың кредитіне жазылады. Ал жабдықтаушыға аккредитивтен аударылған сома 671 «жеткізушілермен есеп айырысу» шотының дебетіне 421 шоттың кредитіне жазылады.

422 «Чек кітапшаларындағы  ақшалай қаражаттар» шотында чек кітапшаларындағы ақшалармен есеп айырысу операцияларының есебі жүргізіледі. Чек кітапшаларындағы ақша жабдықтаушылардан алынған тауарлы – материалдық құндылықтардың құнын төлеуге немесе көрсеткен қызметтер ұшін есеп айырысуға арналған. Ұйым чек кітапшасын ашу үшін банкке өтініш береді, осы өтінішпен қатар чек кітапшасындағы соманы депоненттеу үшін банк мекемесіне төлем талабы тапсырмасын ұсынуы тиіс. Чек кітапшасын алғанда депоненттелген сомаға мынадай жазу беріледі: Дебет 422 «Чек кітапшасындағы ақша» шоты, Кредит 441,431,432, 601,602.

Банк чек кітапшасының тиісті жеріне чек кітапшасы берілген ұйымның немесе жеке адамға берілсе, оның аты – жөнін жазады. Чек  кітапшасындаға ондағы жұмсалмаған  соманың мөлшері көрсетіледі. Чек кітапшасы арқылы бір немесе бірнеше жабдықтаушы мен есеп айырысуға болады.

Ұйымдарда нақты ақшалар  мен қатар пошта маркалары, демалыс  және емдеу, сауықтыру орындарының  жолдамалары, жол билеттері, сонымен  қатар үкіметтің жәрдемі ретінде  берілген қаражаттары, яғни үлкен жауапкершілікпен сақталуын қадағалауды талап ететін басқа да қаржылар сақталынады. Олар 423 «Банктердегі арнаулы шоттағы ақшалар» шотында есепке алынады. Соынмен қатар бұл шотта ұйымға бюджеттен бөлінген белгілі бір мақсатқа жұмсалуы тиіс қаржылар, ұйымның демалыс – ағарту, демалыс лагерлеріне бөлген қаржылары есептеледі.

 

2.2 Есеп айырысу шотындағы ақша есебі.

Банк мекемелері ұйымдардың ақшаларын олардың шоттарында сақтап, түскен сомаларды есеп шоттарға қабылдайды, олардың ақшаларын шоттардан  аудару және беру, сондай – ақ банктің тәртібі мен келісім шартында қарастырылған басқа да операцияларды жүргізу жөніндегі тапсырмасын орындайды.

Ұйымның есп шотындағы  ақшасы шот иесінің тапсырмасы бойынша  ғана аударылады. Есеп шоттағы ақшаны ұйымның рұқсатынсыз аудару қолданыстағы заңдылықтарда қарастырылған жағдайларға сәйкес соттың, мемлекеттік салық комитетінің қызметінің шешімдерімен ғана жүргізіледі.

Информация о работе Ақша есебінің ұйымдастырылуын зерттеу