Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 21:05, доклад

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің 2-тарауында отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік қарастыратын нормалар жинақталған. Осы тектес қылмыстық құқықтық нормалар үшін жеке тараудың ажыратылуы бұл бағыттағы қылмыстық құқықтық күрестің маңыздылығын көрсетеді. Мұндай жағдай ҚР Конституциясының ережелеріне, халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкес келеді деп атауға болады.

Файлы: 1 файл

ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР.doc

— 310.00 Кб (Скачать)

 

ҚК-тің 307-бабының диспозициясында (2003-ж. 25-қыркүйегіндегі редакциясында) мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілденген немесе оған теңестірілген адамның өз қызметтік өкілеттіліктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдаланғаны үшін, егер осы әрекеттер салдарынан азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, не болмаса қоғамның не мемлекеттің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірген болса, жауапкершілік орнатылатындығы аталған.

 

Лауазымын теріс пайдалану өзіне пайда алу мақсатында немесе басқа адамдарға не ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалған болуы керек.

 

Мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілеттенген адамдарға лауазымды адамдарды, Парламент пен маслихат депутаттарын, соттар мен мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес бүкіл мемлекеттік қызметкерлерді жатқызады.

 

Мұндай адамдарға келесілер теңестірілген:

 

1.                 Өзін-өзі басқару органына сайланған адам;

 

2.                 ҚР Президенттігіне, Парламент депутаттығына, маслихат депутаттығына сайлануға үміткер ретінде тіркелген адамдар, сол сияқты жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелері;

 

3.                 Жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты, уақытша қызмет атқаратын және жалақысы ҚР мемлекеттік бюджетінің қаражаттарынан төленетін адамдар;

 

4.                 Мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі 35-пайыздан артық болатын ұйымдарда басқару қызметтерін атқаратын адамдар.

 

Осы баптың екінші бөлімі бойынша аталған әрекеттерді лауазымды адамның істеуі сараланады.

 

Лауазымды адамдар деп мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сол сияқты ҚР Қарулы Күштерінде, ҚР әскери құрамаларында тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттілік бойынша билік өкілінің функцияларын іске асырушы не болмаса ұйымдастырушылық-өкімдеушілік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды атқаратын адамдарды айтады.

 

Жоғарыда аталған іс-әрекеттерді жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамның жүзеге асыруы осы баптың үшінші бөлімі бойынша сараланады.

 

Жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдар деп ҚР Конституциясы, ҚР конституциялық және басқа да заңдары бекіткен және мемлекттің функциялары мен мемлекеттік органдардың өкілеттіліктерін тікелей атқаруға арналған лауазымдарды иеленетін, сол сияқты ҚР мемлекеттік қызметі туралы заңына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің саяси лауазымдарына ие адамдарды айтады.

 

Аталған субъекттердің істеген әрекеттері ауыр зардаптарға әкеп соққанда олардың іс-әрекеттері осы қылмыстың сараланған түрі болып есептеледі және ҚК-тің 307-бабының 4-бөлімі бойынша сараланады.

 

Лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдалануды билікті немесе лауазым өкілеттіліктерін асыра пайдаланудан ажырата білу керек (2003-ж. 25-қыркүйектегі редакциясындағы ҚК-тің 308-бабы). Билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерін асыра пайдалану деп адамның құқықтары мен өкілеттіліктерінің шегінен айқын шығатын және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына не болмаса қоғамның немесе мемлекеттің заң қорғауындағы мүдделерінің бұзылуына әкеп соғатын әрекеттерді айтады.

 

Осы баптың бірінші бөлімінде көрсетілген қылмыс құрамының субъектісі мемлекеттік фнукцияларды атқаруға уәкілеттелген адамдар мен оларға теңестірілген адамдар болады; 2-бөлімі бойынша – лауазымды адамдар; үшінші бөлімі бойынша – жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдар.

 

Билікті немесе лауазым өкілеттіліктерін асыра пайдаланудың айрықша саралаушы түрлеріне ауыр зардаптарға әкелген немесе күш қолданумен немесе оны қолдану қатерімен жасалған әрекеттер; қару-жарақтарды немесе арнайы құралдарды қолданумен жасалған әрекеттер; өзіне немесе басқа адамдарға не болмаса ұйымдарға пайда түсіру мақсаттарында немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсаттарында жасалған әрекеттер жатады.

 

ҚК-тің 309-бабы лауазымды адамдардың өкілеттіліктерін иелену үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырған.

 

Бұл қылмыс құрамының объективтік жағы мына белгілерден тұрады: лауазымды адам болып саналмайтын адам өздігінен, алдау жолымен лауазымды адам өкілеттіліктерін иеленіп, оны азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі бұзатындай реттерде қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасау үшін пайдаланады.

 

2003-ж. 25-қыркүйегінде қабылданған Заң бойынша ҚК-тің 310-бабының (Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) диспозициясы өзгертілген. Жаңа редакциясындағы осы баптың бірінші бөлімі бойынша мемлекеттік фнукцияларды атқаруға уәкілеттелген адам немесе оған теңестірілген адам келесі әрекеттерді істегені үшін жауапкершілікке тартылады:

 

- кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымдар құрғаны үшін;

 

- мұндай ұйымды басқаруға заң бекіткен тыйымға қарамастан, өзінің немесе сенімді адамдар арқылы қатысуы.

 

Қылмыстың міндетті белгісі осы тектес ұйымдарға жеңілдіктердің берілуі немесе басқа да нысандарда көмектердің көрсетілуі болады.

 

Осы қылмыстың саралаушы белгісі ретінде оны лауазымды адамның істеуі қарастырылған.

 

ҚК-тің 310-бабының үшінші бөлімі лауазымды адамның мемлекеттік емес ұйымдарды, оның ішінде қоғамдық бірлестіктерді лицензиялау бойынша өкілеттіліктердің берілуіне әкеп соққан әрекеттерді істегені үшін жауапкершілік орнатады.

 

Сыбайлас жемқорлықтың аса қауіпті көріністерінің бірі болып парақорлық танылады, оның қылмыстық заңда үш құрамы көрсетілген:

 

- пара алу (ҚК-тің 311-бабы);

 

- пара беру (ҚК-тің 312-бабы);

 

- парақорлыққа делдал болу (ҚК-тің 313-бабы).

 

Бұл қылмыстардың белгілерін түсіну үшін ҚР Жоғары соты Пленумының «Парақорлық үшін жауапкершілік туралы заңдарды соттардың пайдалану тәжірибесі туралы» 1995-ж. 22-желтоқсанда қабылданған Қаулысын игеру керек.

 

Заңға сәйкес, пара заты болып ақшалар, бағалы қағаздар, өзге де мүліктер, мүлікке құқық, мүліктік сипаттағы табыстар табылады.

 

ҚК-тің 311-бабының объективтік жағы (заңның 2003-ж. 22-желтоқсандағы редакциясында) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген немесе оған теңестірілген адамның пара берушінің немесе ол мүддесін жақтап келген адамдардың пайдасына әрекеттер (әрекетсіздік) үшін пара затын алудан тұрады, егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) қылмыс субъектісінің қызметтік өкілеттілігіне кіретін болса не болмаса ол қызмет бабына бола мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) көмектесе алатын болса, сол сияқты қызмет бабы бойынша жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол берсе.

 

Қылмыс, кінәлі пара алғанында істеуге міндеттенген әрекеттердің (әрекетсіздіктің) орындалғанына қарамастан, пара затын алған мезеттен аяқталған деп саналады.

 

Қылмыстың сараланған түрлері:

 

- осы іс-әрекеттерді лауазымды адамның істеуі, сол сияқты параны заңсыз әрекеттер (әрекетсіздік) үшін алу – осы баптың 2-бөлімі;

 

- аталған іс-әрекеттерді жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамның істеуі (3-бөлімі);

 

- осы баптың 1, 2, 3-бөлімде көрсетілген іс-әрекеттерді қорқытып алу арқылы; алдын ала сөз байласқан адамдар тобының немесе ұйымдасқан топтың істеуі; ірі мөлшерде немесе бірнеше рет істеуі – 4-бөлімі.

 

ҚК-тің 311-бабына ескертуде параның ірі мөлшерінің түсінігі мен қылмыстық жауапкершіліктен босатудың шарттары берілген.

 

Пара берудің объектісі мен заты (ҚК-тің 312-бабы) пара алудың сәйкес белгілеріне толық ұқсас дерлік.

 

Қылмыстың объективтік жағы мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілеттелген адамға немесе оған теңестірілген адамға жеке өзі немесе делдал арқылы пара беруден тұрады (заңның 2003-ж. 25-қыркүйектегі редакциясында). Қылмыстың міндетті белгісі аталған адамдардың пара затын алуы болып табылады.

 

Қылмыс субъектісі ақыл-есі дұрыс 16-ға толған кез келген адам болуы мүмкін.

 

«Қызметтік жалғандық» және «Қызметтегі әрекетсіздік» қылмыстарының құрамдары заңның 2003-ж. 25-қыркүйектегі редакциясына келтірілген.

 

Қызметтік жалғандық болып табылатын іс-әрееттер:

 

- ресми құжаттарға әдейі көрінеу жалған мәліметтерді енгізу;

 

- аталған құжаттарға олардың мазмұнын өзгертетін немесе бұрмалайтын мәліметтерді енгізу;

 

- көрінеу жалған немесе шындыққа сәйкес келмейтін құжаттарды беру.

 

Бұл іс-әрекеттер өзіне немесе басқа адамдар мен ұйымдардың пайдасына табыс алу үшін немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсаттарында жасалған болуы керек.

 

Қылмыс субъектісі мемлекеттік фнукцияларды атқаруға уәкілеттелген немесе оған теңестірілген адамдар (1-бөлімінде), лауазымды адамдар (2-бөлімінде), жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдар (3-бөлімінде) болады.

 

Қызметі бойынша қылмыстық әрекетсіздіктің мәні лауазымды адам пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүдделілікпен өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауы, соның нәтижесінде заңда көрсетілген зардаптардың туындауымен түсіндіріледі.

 

Қызметі бойынша әрекетсіздіктің белгілері мыналар болып табылады:

 

- лауазымды адамның пайдакүнемдік немесе өзге де жеке бас мүдделілігімен өзінің қызметтік міндеттерін атқармауы;

 

- егер бұл азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса;

 

- олардың арасында себептік байланыстың болуы.

 

 

 

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

 

1.                       Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы.

 

2.                       Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың түрлері.

 

3.                       Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың заңдылық талдануы.

 

4.                       Мемлекеттік қызмет мүдделері мен мемлекеттік басқаруға қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардың түсінігі менжалпы сипаттамасы.

 

5.                       Мемлекеттік қызмет мүдделері мен мемлекеттік басқаруға қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардың түрлері.

 

6.                       Мемлекеттік қызмет мүдделері мен мемлекеттік басқаруға қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардың заңдылық талдануы.

 

Тапсырмалар:

 

1.           Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлемдік тәжірибесін зерттеңіз.

 

2.           Осы тақырып бойынша негізгі түсініктер мен қылмыстық құқықтық категориялармен танысыңыз.

 

Негізгі әдебиеттер:

 

1.                            Закон РК «О государственной службе» от 26.12.1995 г. с изм. и доп.//КП.-1996.- 18 января.

 

2.                            Закон РК «О борьбе с коррупцией» от 2 июля 1998 г. с изм. и доп.//КП.-1998.-17 июля.

 

3.                            Закон РК «О нотариате» от 14 июля 1997 г. с изм. и доп. //КП.-1997.-20 июля.

 

4.                            Закон РК «Об аудиторской деятельности» от 20 ноября 1998 г. с изм. и доп.//КП.-1998.-10 декабря.

 

5.                            Постановление Пленума Верховного суда Республики Казахстан от 22 декабря 1995 г. «О практике применения судами законодательства об ответственности за взяточничество».//КП.-1995.-14 января.

 

6.                            Нормативное постановление ВС РК «О практике рассмотрения судами дел о преступлениях, связанных с коррупцией» №18 от 13.12.2001 г.//ЮГ.-2002.-№1.-9 января.

 

7.                            Агыбаев А.Н. Ответственность должностных лиц за служебные преступления. А., 1997.

 

8.                            Мельникова В.Е. Должностные преступления (вопросы уголовно-правовой квалификации). М., 1985.

 

9.                            Обзор уголовных дел о взяточничестве//Бюллетень ВС РК. –1999. -№4.

 

Қосымша әдебиеттер:

 

1.                            Азбергенов К. Подкуп как уголовно-правовое деяние//Мысль. –2002. -№6.

 

2.                            Кемелов О. Мировой опыт борьбы с коррупцией //Сборник слушателей 3 летнего Юридического университета. А., 1999. С.45-54.

 

3.                            Чалых Д. Особенности понятия должностного лица. //Тураби. –2002. -№2.

 

4.                            История развития законодательства об ответственности за служебный подлог//Тураби. –2001. -№4.

 

5.                            Классификация коррупционных правонарушений. //Закон и время. – 2002. -№3.

 

 

 

5-тақырып. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДКІ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

 

 

 

Қылмыстық кодекстің бұл тарауында екі топқа жататын қылмыстар жинақталған. Оның біріншісі қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Қоғамдық қауіпсіздік деп адамдардың қауіпсіз өмір сүруін, бүрқалыпты қызметін, радиоактивтік материалдарды залалсыз падалану, қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды, жарылғыш қондырғыларды тиісінше және қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады.бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздкке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі қоғамдық қауіпсіздіктің жекелеген салалары (адам өмірінің және оның қызметінің қауіпсіздік шарттары; ерекше қауіп көзі болып табылатын заттарды пайдалану, өліммен аяқталатын зардап туғызуы мүмкін жұмыстарды жүргізу және т.б.) болып табылады.

 

Осы қылмыстарға жататын кейбір қылмыстардың қосымша тікелей объектісі адамның өмірі мен денсаулығы болуы мүмкін.

 

Объективтік жағынан алғанда қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар басым көпшілігінде әрекеттер арқылы (ҚК-тің 233-бабы және басқалары); кейбіреулері әрекетпен де, әрекетсіздікпен де (ҚК-тің 245-246-баптары) істеледі. Кейбір қылмыс құрамдарының диспозициялары бланкеттік болып табылады (ҚК-тің 245, 246, 251-баптары).

 

Қоғамдық тәртіп – бұл қоғамдық тыныштық жағдайын, қоғамдық орындардағы азаматтардың дұрыс мінез-құлқын, ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың, қоғамдық және жеке көліктің қалыпты жұмысын, жеке адамға қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

 

Қылмыс құрамдарының көпшілігі формальдық құрамдар ретінде құрастырылған. Мысалы, заңсыз әскери құрама құру (ҚК-тің 236-бабы), бандитизм (ҚК-тің 237-бабы), бұзақылық (ҚК-тің 257-бабы). ҚК-тің ІХ-тарауының жеке құрамдары материалдық құрамдар ретінде құрастырылған: радиоактивтік материалдарды талан-тараж ету немесе қорқытып алу (ҚК-тің 248-бабы), тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізуде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК-тің 245-бабы), атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК-тің 253-бабы) және т.б.

Информация о работе Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар