Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 21:05, доклад
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің 2-тарауында отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік қарастыратын нормалар жинақталған. Осы тектес қылмыстық құқықтық нормалар үшін жеке тараудың ажыратылуы бұл бағыттағы қылмыстық құқықтық күрестің маңыздылығын көрсетеді. Мұндай жағдай ҚР Конституциясының ережелеріне, халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкес келеді деп атауға болады.
Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың басым көпшілігі қасақана жасалатын қылмыстар болып табылады. Жекелеген қылмыстар абайсыздықта істелуі мүмкін, мысалы, атыс қаруын ұқыпсыз сақтау.
Қылмыс субъекттері он алтыға толған ақыл-есі дұрыс азаматтар болады. ҚК-тің 15-бабының екінші бөліміне сәйкес келесі қылмыс құрамдары бойынша жауапкершілік он төрт жастан бастап орнатылады: ҚК-тің 233, 234, 242, 255, 257-баптың 2, 3-бөлімдері, 258-бап. Кейбір қылмыстар бойынша субъектте белгілі бір әлеуметтік белгілер болуы керек, мысалы, ҚК-тің 254, 256-баптары бойынша.
Тікелей объектісіне қарай отырып, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың барлығын келесі топтарға бөлуге болады:
1)
2)
3)
4)
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың құрамдарын қарастырайық.
Бұл топтағы қылмыстардың қауіптілерінің бірі болып терроризм танылады. Оның объективтік жағының белгілері (заңның 2002-ж. 19-ақпанындағы редакциясында) келесі түрде сипатталады: 1) адамдардың қаза болуына, едәуір мүліктік зиянның келуіне, не болмаса өзге де қоғамға қауіпті зардаптардың тууына қатер әкелетіндей жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де әрекеттердің жасалуы; 2) аталған әрекеттердің жасауының қатерін келтіру.
Терроризм формальдық құрамдас қылмыстар қатарына жатады. Қылмыстың аяқталуы үшін жоғарыда аталған әрекеттердің белгілі бір зардаптарға әкелетіндігі талап етілмейді. Кінәлінің істері ҚК-тің 233-бабы бойынша саралануы үшін осы аталған зардаптарға әкелетіндей істердің нақты жасалуының қаупі болғаны жеткілікті.
Субъективтік жағынан терроризм тікелей қасақаналылықтағы кінәмен және аранйы мақсаттың болуымен – қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықта үрей туғызу, ҚР мемлекеттік органдарының, шетел мемлекетінің, халықаралық ұйымның белгілі бір шешім қабылдауына қысым жасау. Қылмыс субъектісі – жасы он төртке толған ақыл-есі дұрыс адам.
Терроризмнің саралаушы белгілері ретінде келесілер көрсетілген: аталған іс-әрекеттерді бірнеше рет жасау; атыс қаруын қолданумен жасау; жаппай қырып-жою қаруын пайдалана отырып немесе пайдалану қатерімен жасау; радиоактивтік материалдарды падаланумен немесе жаппай уландыру қатерімен жасау; эпидемиялар немесе эпизоотиялар тарату қаупімен жасау, сол сияқты адамдардың жаппай қаза болуына әкеп соғатындай өзге де әрекеттерді жасау, не болмаса адам өміріне, мемлекеттік немесе қоғамдық қызметкердің өміріне қастандық жасау.
ҚК-тің 233, 234, 236, 252-баптарына берілген ескертулерде кінәлі адамдарды қылмыстық жауаптылықан болсатудың арнайы шарттары келтірілген.
Сонымен бірге, 2002-ж. 19-ақпанда қабылданған өзгертулер мен толықтырулар арқылы терроризмді насихаттау және терроризм актісін жасауға шақыру үшін (ҚК-тің 233-1-бабы), террористік топты құру, басқару, оның қызметіне қатысу үшін қылмыстық жауаптылық орнатылған.
ҚК-тің 233-1-бабы бойынша кінәлілер терроризмді насихаттағаны үшін немесе терроризм актісін жасауға шақырғаны үшін, сол сияқты аталған мазмұндағы мае\териалдарды таратқаны үшін жауапқа тартылады. Адамның өзінің лауазымдық қызметін падалана отырып, не болмаса қоғамдық бірлестік басшысының істеген, немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып істелген нақ сол әрекеттер осы қылмыс құрамының сараланған түрлерін береді.
Террористік топты (ҚК-тің 233-2-бабы), ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (ҚК-тің 235-бабы), заңсыз әскери құраманы (ҚК-тің 236-бабы), бандалық топты (ҚК-тің 237-бабы) құру, оған басшылық ету, сол сияқты оның қызметіне қатысу жеке қылмыс құрамдарына ажыратылған. Бұл қылмыстық құқықтық нормаларда аталған іс-әреекттердің әрбірі баптың жеке бөлімдерінде дербес қылмыстарды құрайды (құру; басшылық ету; қызметіне қатысу).
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың құрамдарын қарастырғанда ҚР Жоғары сотының Пленумының «Бандитизм және ортақ қатысу арқылы жасалған басқа да қылмыстар үшін жауапкершілік туралы заңдарды соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2001-ж. 21-маусымындағы № 2 Қаулысын игеру керек.
Осы қылмыстардың субъективтік жағы тікелей қасақаналылықпен сипатталады. ҚК-тің 235-бабының 2- және 3-бөлімдерінің субъективтік жақтарының міндетті белгісі мақсат болады – ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау, осы тектес қылмыстарды жасау үшін жоспарлар құру; ҚК-тің 237-бабының субъективтік жағының міндетті белгісі – азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсаты.
Бұл қылмыстардың аранйы субъекттері өзінің қызмет бабын пайдаланушы адам (ҚК-тің 233-2-, 235-, 237-баптары) немесе қоғамдық бірлестіктің жетекшісі (ҚК-тің 233-2-бабы) болуы мүмкін.
Адамды кепілге алу халықаралық маңыздылығы бар қылмыс болып табылады. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1979-ж. желтоқсанда «Адамды кепілге алуға қарсы күрес туралы» халықаралық конвенция қабылдаған болатын.
Қылмыстың тікелей объектісі – кепілге алынған адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі. Объективтік жағынан қылмыс адамды кепілге алу немесе кепілдік ретінде ұстау арқылы сипатталады.
Кепілге алу кез келген құқыққа қайшы әрекет түрінде, күш қолдану арқылы адамды бас бостандығынан айырып, қолға түсіру болып табылады.
Адамды кепілге алу қылмысы формальдық құрамдас қылмыс ретінде құрастырылған. Қылмыс жәбірленушінің бас бостандығынан айырылған уақытынан бастап аяқталған деп саналады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналылықпен жасалады. Кінәлі адам адамды заңсыз кепілге алғанын және кепілдік ретінде ұстап тұрғанын сезеді және оны тілеп әрекет істейді.
Заңда қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі – қылмыстың арнайы мақсаты болатындығы көрсетілген. Ол – мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандайда бір іс-әрекеттер жасауға немесе қандайда бір іс-әрекеттер жасаудан тартынуға мәжбүр ету болып табылады. Мәжбүрлеу әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жасалады. Қылмыс субъектісі он төртке толған ақыл-есі дұрыс адам.
Адамды кепілге алудың сараланған түрлері:
а) осы қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласып жасауы; б) бірнеше рет; в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып жасау; г) қаруды (атылатын немесе суық) немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды (таяқ, балта, монтировкалар және т.б.) қолдана отырып жасау; д) көрінеу кәмелетке толмаған адамдар қатысты жасау; е) айыптыға жүктілік жағдайы көрінеу мәлі м әйелге қатысты; ж) көрінеу дәрменсіз күйдегі адамға қатысты; з) екі немесе одан да көп адамдарға қатысты; и) пайдакүнемдік немесе жалдану арқылы жасалса.
Сонымен бірге қылмыстық заңда үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу үшін (ҚК-тің 238-бабы) жауаптылық орнатылған. Оның объективтік жағы аталған объекттерді басып алумен және оларды жою немесе бүлдіру қатерімен ұстап тұрумен сипатталады.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналылықпен қатар арнайы мақсатқа да ие – мемлекетті, ұйымдарды, азаматтарды белгілі бір әрекеттерді істеуге немесе осы әрекеттерді істеуден ұстануға мәжбүрлеу. Мысалы, басып алынған объектті босатудың шарты ретінде ақша беру, көлік беру, шетелге кетуге кедергілер жасамау сияқты талаптар қойылуы мүмкін.
Егер аталған объекттерді басып алу барысында қылмыскерлердің істерінде басқа да қылмыс құрамдарының белгілері анықталса, олардың әрекеттері қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады, мысалы, аталған қылмысқа осы объекттердегі адамдарды кепілге алу да қосылады.
ҚК-тің 238-бабының 2-бөлімінде осы қылмыстың келесі саралаушы белгілері көрсетілген: а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша істеу; б) бірнеше рет; в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып істеу; г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын басқа заттарды қолдана отырып; д) пайдакүнемдік немесе жалдау арқылы жасалуы.
ҚК-тің 239-бабында әуе немесе су кемесін не жылжымалы темір жол құрамасын айдап әкету, сол сияқты қолға түсіру үшін жауаптылық қарастырылған. Қылмыстың объективтік жағы екі түрлі әрекеттерден тұрады: әуе немесе су кемесін не жылжымалы темір жол құрамасын айдап әкету; осы көлік құралдарын айдап әкету мақсатында басып алу.
Осы көрсетілген көлік құралдарына өз бетінше иелік етіп оны өзінің қалауынша пайдалану айдап әкету болып табылады.
Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың, басқа адамдардың рқұсатынсыз, белгіленген маршруттарды өзгерте отырып, өз қажетіне пайдаланса, мұндай әрееттер де айдап әкету болып табылады.
Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол жоғарыда аталған әрекеттерді жасағаннан бастап аяқталған деп саналады.
Қылмыс субъектісі он алтыға толған ақыл-есі дұрыс адам.
ҚК-тің 239-бабының 2-бөлімінде оның ауырлататын мән-жайлары қарастырылған: а) бірнеше рет; б) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып немесе оны қолдану қатерімен жасау; в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып жасау.
Теңіз қарақшылығы ертеден белгілі және қауіпті қылмыстардың бірі болып табылады. Қылмыстың бұл түрі үшін тіпті халықаралық құқықтық нормаларда да жауаптылық қарастырылған. Женева Конвенциясы (1953- және 1958-жылдар) теңіз қарақшылығымен халықаралық күрес шараларын анықтаған. Теңіз қарақшылығы туралы қылмыстық құқықтық норма ҚР ҚК-інде тұңғыш рет халықаралық құқық нормасына сәйкес орын алып отыр (ҚК-тің 240-бабы).
Бұл қылмыс құрамының белгілері жоғарыда осының алдында аталған ҚК-тің 239-бабының белгілеріне сырттайұқсас болып келеді. Қылмыстың тікелей объектісі теңізде жүзудің халықаралық қауіпсіздігі және бөтеннің меншігі болып табылады. Қосымша тікелей объектісі адамдардың өмірі болады. Қылмыстың заты бөтеннің меншігі болады.
Қылмыс құрамы формальдық.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚК-тің 242-бабы) (заңның 2002-ж. 19-ақпанындағы редакциясында) Қазақстан қылмыстық заңы үшін жаңа нормалардың бірі болып табылады. Қылмыстың мәні – кінәлі адам хабарлап отырған ақпаратының шындыққа сай келмейтіндігін біле тұра оны адресаттарға беруінде. Терроризм актісінің мазмұнын ҚК-тің 233-бабын талдағанда айтқан болатынбыз.
Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың бірі болып жаппай тәртіпсіздік (ҚК-тің 241-бабы) табылады. Арандатушылар мен ұйымдастырушылардың от жағуына еліккен тәртіпсіз элементтер ең сорақы әрекеттерді жүзеге асыруы мүмкін, жаппай тәртіпсіздік объекттерді қиратумен, өртеумен, көлік, коммуникация, байланыс жүйелерінің бірқалыпты қызметін бұзумен, мүлікті жоюмен ұштасып, мұның арты жаппай адам шығынына әкеп соғуы мүмкін. Кез келген мемлекеттің қылмыстың заңында мұндай қылмыстар үшін қатаң жазалар қарастырылған.
Жаппай тәртіпсіздіктің тікелей объектісі қоғамдық тәртіп, ал қосымша тікелей объектісі – адамдардың өмірі, денсаулығы, кез келген нысандағы меншік болады. Жаппай тәртіпсіздік деп қоғамға ақуіпті әрекеттердің күш қолданумен, қиратумен, бұзумен, өртеумен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ олардың өкімет өкіліне қарулы қарсылық көрсетуімен ұласқан әрекеттерін айтамыз. Күш қолдану деп құқық тәртібін қорғайтын өкімет өкіліне, лауазымды адамдарға, басқа да азаматтарға қарсылық көрсетіп, оларды күшпен заңсыз әрекеттер істеуге мәжбүрлеуді, өкімет билігінің заңды талаптарына күш қолданып, қарсылық білдіруді жатқызады.
Қирату деп – мүлікті, объекттерді жойып, тонап, күл-талқан ету әрекеттерін айтамыз.
Жаппай тәртіпсіздік қылмысының құрамы формальдық болып табылады. Субъективтік жағынан ол тікелей қасақаналылықпен сипатталады. Қылмыс субъектісі жасы он алтыға толған, жаппай тәртіпсіздкті ұйымдастырған немесе оған басшылық еткен адам. Баптың екінші бөлімінде осы іс-әрекеттерге қатыстылығы үшін жауаптылық қарастырылған, ал үшінші бөлімінде өкімет өкілдерінің заңды талаптарына белсене бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке шақыру, сондай-азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру үшін жауаптылық қарастырылған.
Бұзақылықтың қоғамдық тәртіпке, азаматтардың тыныштығына зардабын тигізетін, қайсыбір жағдайларда, одан гөрі ауыр қылмысқа итермелелйтін қауіпті құқықбұзушылық екеніне дау жоқ. Бұзақылық жасаған адам қоғамдық тәртіпті, адамгершілік салтты өрескел бұзатын, көбінесе, себепсіз немесе болар-болмас себепті пайдаланып, қоғамды мейлінше сыйламаушылықтан көрінетін, қоғамдық тәртіпке ашық қарсыласуымен, өзін айналасындағыларға қарсы қоюымен, оларға немқұрайды қарым-қатынасымен әдейі жасалған әрекеттермен көрініс табады.
Қылмыстың тікелей объектісі – қоғамдық тәртіп, қосымша объектісі адам денсаулығы, ар-намысы, меншігі болады.
Кінәлінің күш қолданумен немесе оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен, не ерекше араздықпен ерекшеленген әдепсіз іс-әрекеттер жасауымен ұштасқан әрекеттері қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзған бұзақылық деп саналады.
Ерекше араздықпен жасалған бұзақылық деп адамгершіліктің жалпы қабылданған қалыптарын көпе-көрінеу жоққа шығару, мысалы, ұятсыздық, ауру адамды, өзін-өзі қорғай алмайтын жағдайдағыадамды қорлау арқылы көрінетін бұзақылық.
Бұзақылық құрамына талдау жасағанда ҚР Жоғары сотының Пленумының «Бұзақылық істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы» 1995-жылғы 21-шілдеде қабылданған Қаулысын игеру керек.
Қоғамдық көрінеу, анық құрметтемеу деп кінәлінің көпе-көрінеу, көпшілікті, қоғамдық тәртіпті құрметтемейтін, өзін қоғамға және оның мүдделеріне ашық қарсы қоятын оның мінез-құлықтарын айтамыз. Бұзақылықта қоғамды анық құрметтемеушілік көпшіліктің көзінше жүзеге асырылады. Демек, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу және қоғамды анық құрметтемеушіліктің жиынтығы басқа да белгілермен бірге бұзақылықтың объективтік жағының міндетті белгілері болып табылады.
Бұзақылық формальдық-материалдық құрамдас қылмыстар қатарына жатады. Ол қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу және қоғмады анық, көрінеу құрметтемеушілік әрекеттерін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналылықпен сипатталады. Мұндағы қылмыстың ниетіне қоғамды көрінеу сыйламаушылықтан туындаған эгоистік көзқарастар, бостандықты теріс түсінушіліктен болған жағдаяттар жатады. Бұзақылық ниетке қоғамды көрінеу құрметтемеушілікті білдіретін әртүрлі дөрекіліктер, өктемділіктер, қатыгездіктер, тентектік пен арсыздық, ұятсыздық көріністері жатады.
Информация о работе Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар