Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 21:05, доклад

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің 2-тарауында отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік қарастыратын нормалар жинақталған. Осы тектес қылмыстық құқықтық нормалар үшін жеке тараудың ажыратылуы бұл бағыттағы қылмыстық құқықтық күрестің маңыздылығын көрсетеді. Мұндай жағдай ҚР Конституциясының ережелеріне, халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкес келеді деп атауға болады.

Файлы: 1 файл

ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР.doc

— 310.00 Кб (Скачать)

 

Лауазымды адамдардың екінші бір қылмысы пайдакүнемдік немесе басқа да жеке-басының мүдделілігі салдарынан жасалады және табиғатты пайдалану бойынша заңсыз мәмілелерді тіркеуден тұрады (ҚК-тің 225-бабы). Адам әрекеттерінде қылмыс құрамының бар екендігі анықталуы үшін келесі әрекеттердің бірінің жасалғандығын анықтаған жеткілікті: 1) табиғатты пайдалану бойынша көрінеу заңсыз мәмілелерді тіркеу; 2) табиғи ресурстардың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастрлерінің мәліметтерін әдейі бұрмалау; 3) табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаны ластау, табиғи ресурстарды қайта қалпына келтіру ережелерін бұзу үшін төлемақыны азайту.

 

Кәсіпкерлік және басқа да экономикалық қызметтің заң бекіткен тәртібін бұзуға байланысты қылмыстарға ҚК-тің 190-193-баптарында қарастырылған қылмыстарды жатқызады.

 

Заңсыз кәсіпкерлік (ҚК-тің 190-бабы) және заңсыз банктік қызмет (ҚК-тің 191-бабы) қылмыстарының құрамдарын қарастырғанда ҚР Азаматтық кодексіне, 1995-ж. 31-тамызда қабылданған ҚР Президентінің заң күші бар «Банктер және банктік қызмет туралы» Жарғысына, 1995-ж. 17-наурызда қабылданған «Лицензиялау туралы» Жарғысына (оларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) назар аудару керек.

 

Кәсіпкерлік (банктік) қызметті заңсыз іске асыру орын алған деп тану үшін осы қызметтер келесі түрде жүргізілуі керек: 1) ешбір тіркеусіз; 2) аранйы рұқсатсыз (лицензиясыз), егер мұндай рұқсат қажет болса, немесе лицензиялау шарттары бұзыла отырып іске асырылса; 3) кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлеріне қатысты жүргізілген болса. Жауапкершіліктің туындауының міндетті шарты болып осы іс-әрекеттер салдарынан азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке ірі мөлшердегі зиянның келуі немесе қылмыстың жасалуы барысында ірі мөлшерде табыс алумен ұштауы табылады.

 

Қарастырылып отырған қылмыс құрамдарының сараланған түрлері ұқсас: аталған іс-әрекеттерді ұйымдасқан топтың жасауы; аса ірі мөлшерде табыс алумен ұштасуы; бұрын заңсыз кәсіпкерлік немесе заңсыз банктік қызмет үшін соттылығы бар адамның жасауы.

 

Жалған кәсіпкерлік (ҚК-тің 192-бабы) деп кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірлген коммерциялық ұйым құру танылады.

 

Заңсыз жолмен алынған ақша-қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (ҚК-тің 193-бабы) қылмысының объективтік жағы келесі іс-әрекеттермен сипатталады: 1) Заңсыз жолмен алынған ақша-қаражатын немесе өзге мүлікті пайдалану арқылы қаржылық операциялар мен басқа да мәмілелерді жасау; 2) аталған қаражаттар мен мүліктерді кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызмет түрлерімен айналысу мақсатында пайдалану.

 

Қылмысты саралаушы белгілерге оны адамдар тобының алдын ала сөз байласып жасауы; бірнеше рет; өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасау жатады. Айрықша саралаушы белгілерге (Заңның 2003-ж. 25-қыркүйегіндегі редакциясында) – осы іс-әрекеттерді мемлекеттік функцияларды атқаруға өкілетті адамның немесе оған теңестірілген адамның жасауы, егер олар өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштасқан болса; ұйымдасқан топпен жасау; қылмыстық ұйымның жасауы немесе ірі мөлшерде жасау жатады.

 

Осы бапқа берілген ескертуде ірі мөлшер мазмұны мен қылмыстық жауапкершіліктен босатудың арнайы шарттары анықталған (Заңның 2001-ж. 16-наурыздағы редакциясында).

 

Несиелік қатынастар саласындағы қылмыстарға несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (ҚК-тің 194-бабы) және несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚК-тің 195-бабы) жатады. Бұл қылмыстарды қарастырғанда 1995-ж. 31-тамызда қабылданған ҚР Президентінің заң күші бар «Банктер және банктік қызмет туралы» кейінгі өзгерістері мен толықтыруларын ескере отырып, Жарғысына арқау жасау керек.

 

Несиенің алынуының заңсыздығы – банкке немесе басқа да кредиторға шаруашылық жағдайы, қаржылық күйі немесе кепілдік мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер беру, егер осы мәліметтер несие, дотациялар, несиелендірудің жеңілдетілген шарттарын алу үшін елеулі маңызды ақпараттар болып танылса. Сонымен бірге, банкке немесе өзге де кредиторларға несиелендіруді тоқтатуға, дотациялауды тоқтатуға, жеңілдіктердің алынып тасталуына әкеп соғуы мүмкін жағдайлардың туындауы туралы мәліметтерді хабарламау да қылмыс болып танылады. Осы әрекеттер салдарынан ірі мөлшерде зиян келуге тиіс.

 

Қылмыс субъектісі жеке кәсіпкер немесе ұйым басшысы болуы мүмкін.

 

ҚК-тің 194-бабының 2-бөлімінде мемлекеттік мақсатты несиені не мемлекет кепілдігімен берілген несиені тікелей мақсатқа пайдаланбау, егер осы іс-әрекет адамға, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, аталған қылмыстың ауырлататын түрі болатындығы көрсетілген. 

 

Ұйым басшысын немесе азаматты ҚК-тің 195-бабы бойынша жауапқа тарту үшін келесі шарттар болуы керек: 1) несиелік берешегін өтеуден әдейі жалтару, яғни сәйкес сот шешімі шыққан соң несиелік берешегін өтеуден жалтару; 2) ірі мөлшердегі несиелік берешегін өтеуден жалтару.

 

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың келесі бір тобы – ақша және бағалы қағаздар айналымы саласындағы қылмыстар (ҚК-тің 202-208-баптары). Бұл қылмыстарды қарастырғанда ҚР Азаматтық кодексімен, «Бағалы қағаздар нарқы туралы», «ҚР-нда бағалы қағаздармен мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» және т.б. ҚР Заңдарымен таныс болу керек.

 

Қол сұғу заты ретінде бағалы қағаздар эмиссиясының проспектісі; бағалы қағаздар ұстаушыларының реестрі; бағалы қағаздар; жалған ақшалар немесе бағалы қағаздар болады.

 

Объективтік жағынан ҚК-тің 202-бабында қарастырылған бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу қылмысы құрамында көрінеу жалған мәліметтері бар эмиссия проспектісін бекітумен немесе бағалы қағаздарды шығару бойынша көрінеу жалған есепті бекітумен сипатталады.

 

Қылмыс субъектісі ретінде бағалы қағаздар эмиссиясын тіркейтін немесе бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекітетін лауазымды адамдар болуы мүмкін.

 

ҚК-тің 203-бабында бағалы қағаздар ұстаушыларының реестріне осы бағалы қағаздарға құқықтардың басқа адамға ауысуына әкеп соққан көрінеу жалған мәліметтерді енгізу үшін жауапкершілік қарастырылған.

 

Саралаушы белгі ретінде ірі мөлшерде зиянның келуі қарастырылған.

 

ҚК-тің 204-бабында қарастырылған қылмыстың объективтік жағы мемлекеттік органдарға бағалы қағаздармен операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер берумен, ірі мөлшерде қоғамға қауіпті зиянның келуімен және осы іс-әрекеттер мен зардап арасында себептік-салдарлық байланыстың болуымен сипатталады.

 

ҚК-тің 205-бабы бойынша қылмыстық жауапкершіліктің туындауының қажетті шарты – бағалы қағаздармен операциялар жүргізудің тәртібін бұзу және осының салдарынан ірі мөлшерде зиянның келуі.

 

Бұл қылмыстың сараланған түріне оның бірнеше рет, адамдар тобының немесе ұйымдасқан топтың жасауы жатады.

 

ҚК-тің 206-бабы жалған ақша немесе бағалы қағаздарды дайындау немесе өткізу үшін жауапкершілік орнатқан. Қылмыс құрамы – формалдық.

 

Субъективтік жағы тікелей қасақаналылықпен сипатталады, сонымен бірге мұнда қылмысты саралауға оның арнайы мақсатының болуы көмектеседі – жалған ақша не бағалы қағаздар жасай отырып, оларды артынан өткізу мақсаты.

 

Қылмыстың саралаушы белгілері ретінде осы іс-әрекеттерді ірі мөлшерде; бұрын осы тектес қылмысы үшін сотталған адамның жасауы; ұйымдасқан топтың жасауы қарастырылған (ҚК-тің 206-бабының 2-, 3-бөлімдері).

 

Сонымен бірге, қылмыстық заң жалған төлем карточкалары мен өзге де төлем және есеп құжаттарын дайындау немесе өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік орнатқан (ҚК-тің 207-бабы).

 

Осы баптың екінші бөлімінде аталған әрекеттерді бірнеше рет немесе ұйымдасқан топпен жасау қарастырылған.

 

ҚК-тің 208-бабының 1-бөлімінде (заңның 1999-ж. 16-шілдесіндегі редакциясында) едәуір зиян келтіре отырып, акциздік товарларды акциздік салық маркаларымен маркировкалау тәртібі мен ережелерін бұзу үшін жауапкершілік қарастырылған.

 

Осы баптың екінші бөлімінде басқа бір дербес қылмыс құрамы қарастырылған – көрінеу жалған акциздік салық маркаларын дайындау, не болмаса өткізу мақсатында сатып алу немесе өткізу.

 

Кеден және салық саласындағы қылмыстар ҚК-тің 209, 213-214-баптарында қарастырылған.

 

ҚК-тің 209-бабында қарастырылған экономикалық контрабанда қылмысын қарастырғанда 1997-ж. 18-шілдеде қабылданған, 1999-ж. 30-сәуірі мен 2004-ж. 18-маусымында өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ҚР Жоғарғы соты Пленумының № 10 «Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік туралы заңдардың қолданылу тәжірибесі туралы» Қаулысына анзар аудару керек.

 

Қылмыстың заты болып ҚК-тің 250-бабында қарастырылған заттарды қоспағанда, товарлар мен басқа да заттар табылады.

 

Контрабанданың объективтік жағы төмендегі іс-әрекеттерді істеумен сипатталады: экономикалық контрабанда заттарын кеден шекарасынан өткізу, қылмыс жасау орны ҚР кедендік шекарасы; қылмыс істеу тәсілі – контрабанда заттарын кеден бақылауынан жасырын не құжаттарды не кедендік теңестіру құралдарын алдап пайдалану немесе декларацияланбаған немесе күмәнді декларация алумен ұштасқан, кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізуі шектелген, кедендік шекарадан өткізудің арнаулы ережелері белгіленген товарлар мен құндылықтарды ірі мөлшерде өткізу.

 

Қылмыстың саралаушы белгірелі ретінде оны бірнеше рет; адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып (заңның 2003-ж. 25-қыркүйегіндегі редакциясында); кеден бақылауын жүргізуші адамға күш қолдана отырып жасау қарастырылған.

 

Сонымен қатар, 2004-ж. 9-желтоқсанындағы заңға өзгерістер мен толықтыруларға сай осы норма санкциясы өзгертілген.

 

ҚК-тің 213-бабында ұйым басшысының ҚР заңдарына сәйкес ҚР уәкілетті банктеріндегі шоттарға міндетті түрде аударылуға жататын шетел валютасындағы қаражаттарды шетелден ірі мөлшерде қайтармауы үшін жауапкершілік қарастырылған.

 

ҚК-тің 214-бабында ірі мөлшерде кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын, лицензия берілгені үшін алынатын алымдарды немесе басқа да кедендік төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылған.

 

Қылмыстардың келесі тобы – банкроттылық жағдайындағы заңсыз әрекеттер; әдейі банкроттылық; жалған банкроттылық (ҚК-тің 215-217-баптары). Оларды қарастырғанда өзгерістері мен толықтырулары бар 1997-ж. 21-қаңтарда қабылданған «Банкроттылық туралы» ҚР Заңын ескеру керек.

 

Банкроттылық кезіндегі заңсыз әрекеттер келесі белгілермен сипаталады: мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді немесе мүлік туралы өзге де ақпараттарды жасыру; мүлікті өзгенің иелігіне беру; мүлікті иеліктен шығару; мүлікті жою; экономикалық қызмет көрініс табатын бухгалтерлік және өзге де есеп құжаттарын жасыру не бұрмалау.

 

Бұл әрекеттер банкроттылық кезінде немесе банкроттылықтың алдында жасауы керек және оның салдарынан ірі мөлшерде зиян келуі тиіс.

 

Қылмыс субъектісі – ұйым басшысы немесе меншік иесі не жеке кәсіпкер.

 

ҚК-тің 215-бабының екінші бөліміне сәйкес, аталған адамдар басқа кредиторларға көрінеу зиян келтіре отырып, әрі ірі мөлшерде зиян келтірумен ұштастырып, жеке кредиторлардың мүліктік талаптарын заңсыз қанағаттандырғаны үшін жауапқа тартылатындығы көрсетілген.

 

Әдейі банкроттылық деп коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сондай-ақ жеке кәсіпкердің жеке мүддесі не өзге адамдардың мүдесі үшін төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы ірі зиянға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғатын жағдайларды айтады.

 

ҚК-тің 217-бабында жалған банкроттылық үшін қылмыстық жауапкершілік анықталған. Осы бапта коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сондай-ақ жеке кәсіпкердің несие берушіге тиісті төлемдерін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу не борышын азайту, сол сияқты борышын төлемеу үшін несие берушілерді жаңылыстыру мақсатында өзінің дәрменсіздігі туралы көрінеу жалған хабарлауы, егер бұл әрекет ірі зиян келтірсе, жалған банкроттылық деп танылады делінген.

 

Тұтынушылардың мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстар қатарына көрінеу жалған жарнама беру (ҚК-тің 198-бабы) мен тұтынушыларды алдау (ҚК-тің 223-бабы) қылмыстары жатады.

 

Көрінеу жалған жарнама берудің объективтік жағы болып жарнама берушінің жарнама мазмұнында товарларға, қызметтерге, сныдай-ақ олардың өндірушілеріне, орындаушыларына немесе сатушыларына қатысты көрінеу жалған ақпараттар пайдалануы табылады, егер осы іс-әрекеттер салдарынан ірі мөлшерде зиян келтірілген болса.

 

Қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі болып пайдакүнемдік ниеттің болуы табылады.

 

Тұтынушыларды алдау әралуан тәсілдермен жасалуы мүмкін, бірақ заңда кем өлшеу, кем санау, кем тарту, тауардың тұтынушылық қасиеттері немесе сапасына қатысты шатастыруы сияқты тәсілдері көрсетілген.

 

Қылмыстың жасалу орны ретінде дүкендер немесе меншік нысанына қарамастан, тоарлар сататын немесе қызметтер көрсететін басқа да кәсіпорындар болуы мүмкін.

 

Саралаушы белгілері ретінде бұрын тұтынушыларды алдағаны үшін соттылығы бар адамның осы қылмысты қайта жасауы; адамдардың алдын ала сөз байласып топ болып жасауы; ірі мөлшерде жасауы көрсетілген.

 

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың келесі бір тобы – кәсіпкерлердің немесе басқа да экономикалық қызмет мүдделеріне қол сұғатын қылмыстар (ҚК-тің 196, 200, 226-баптары).

 

Монополистік іс-әрекеттер немесе бәсекелестікті әдейі шектеу (ҚК-тің 196-бабы) – монополиялық жоғары немесе төмен бағаны белгілеу мен ұстап тұру, сондай-ақ нарықты бөліп алу, нарыққа кіруді шектеу, одан экономикалық қызметтің басқа да субъекттерін ығыстыру, бірыңғай баға белгілеу немесе ұстап тұру арқылы бәсекені шектеу, егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе қылмыс болып танылады.

Информация о работе Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар