Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 21:05, доклад

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің 2-тарауында отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік қарастыратын нормалар жинақталған. Осы тектес қылмыстық құқықтық нормалар үшін жеке тараудың ажыратылуы бұл бағыттағы қылмыстық құқықтық күрестің маңыздылығын көрсетеді. Мұндай жағдай ҚР Конституциясының ережелеріне, халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкес келеді деп атауға болады.

Файлы: 1 файл

ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР.doc

— 310.00 Кб (Скачать)

 

Отбасында, пәтерде туған-туысқандарын, таныстарын балағаттау, ұру, денесіне жарақат салу және жеке басының араздығынан, жәбірленушінің теріс қылығынан болған осыған ұқсас әрекеттер жеке адамға қарсы қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік көрсетілген баптармен сараналануы керек.

 

Қылмыс субъектісі он алтыға толған ақыл-есі дұрыс адам. Екінші және үшінші бөлімдері бойынша жауапкершілік он төрт жастан басталады.

 

ҚК-тің 257-бабында қылмыстың ауырлататынмән-жайлары келтірілген: а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы не ұйымдасқан топ жасаған; б) өкімет өкіліне не қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша міндетті атқарушы не қоғамдық тәртіптің бұзылуына тыйым салушы өзге де адамдарға қарсылық көрсетумен байланысты болса; в) бұзақылық үшін бұрын сотталған адам болса.

 

Баптың үшінші бөлімінде ерекше ауырлататын мән-жайлары көрсетілген – атыс қаруын, газ қаруын, пышақты, кастеттерді және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген басқа да заттарды пайдаланып немесе қолдану әрекеті үшін жасалған бұзақылық үшін жауаптылық белгіленген.

 

 

 

Тапсырмалар:

 

1.                       Терроризмге қарсы халықаралық ынтымақтастық.

 

2.                       Бандитизм жөніндегі істердің жалпылама жарияланған сот тәжірибесімен танысыңыз.

 

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

 

1.                       Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы.

 

2.                       Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың түрлері.

 

3.                       Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері.

 

4.                       Жұмыстардың өндірісінің қауіпсіздігінің ережелерінің бұзылуына байланысты қылмыстар.

 

5.                       Жалпыға қауіпті заттарға қарау ережелерінің бұзылуына байланысты қылмыстар.

 

6.                       Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

 

 

 

1.                            Закон РК «О национальной безопасности РК» от 26 июня 1998 г. //КП. 1998. –3июля.

 

2.                            Закон РК от 30  декабря 1998 г.  «О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия». //КП.-1998.-8 января.

 

3.                            Указ Президента РК «О мерах по укреплению национальной безопасности, дальнейшему усилению борьбы с организованной преступностью и коррупцией» //Юрид. газета. 1997. № 46, 12 ноября.

 

4.                            Постановление Пленума ВС РК от 21 июля 1995 г. № 5 «О судебной практике по делам о хулиганстве» //Сб. Постановлений Пленума ВС РК (КазССР) (1961-1997 г.) Алматы: Санат, 1997. т. 1.

 

5.                            Постановление Пленума Верховного Суда РК «О судебной практике по делам о хищении огнестрельного оружия, боевых припасов, вооружения, взрывчатых веществ, незаконном приобретении, ношении, хранении, изготовлении или их сбыте и небрежном хранении огнестрельного оружия» от 21 июля 1995 г.                                                                                                                                                                                                                                                                                          //Бюллетень ВС РК.-1995.-№9.

 

6.                            Нормативное постановление Верховного суда РК «О некоторых вопросах применения судами законодательства об ответственности за бандитизм и другие преступления, совершенные в соучастии» №2 от 21 июня 2001 г.//ЮГ.-2001.-№33.-18 июля.

 

7.                            Мельников Ю.Б., Устинова Т.Д. Уголовная ответственность за бандитизм. М.:НИИП, 1995.

 

8.                            Калмыков В.Г. Ответственность за хулиганство по сов. законодательству. Минск, 1970.

 

9.                            Гринберг М.С. Советское уголовное право. Часть Особенная. Преступления против общественной безопасности. Свердловск, 1974.

 

10.                       Даньшин И.Н. Уголовно-правовая охрана общественного порядка, М, 1973. 

 

 

 

1997 жылы 16 шілдеде (№167-I) қабылданған  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің,  Ерекше бөлімінің 2-тарауында "Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар"  деп жеке тарау берілген.

 

Кәмелетке толмаған қылмыскер жайлы айтатын болсақ, қазіргі таңда кәмелет жасқа толмаған балалар арасында қылмыс көбейе түсуде. Оның көбі ұрлық, тонау, қарақшылық секілді мүліктік тұрғыдағы қылмыстар. Сонымен қатар, жиі кездесетіні бұзақылық болып отыр.

  Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен жаза тағайындауына Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің жалпы бөлімінде бөлек тармақ арналған. Бұл кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстары, жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандардың әлеуметтік-психологиялық дамуының ерекшеліктеріне, әлеуметтік деңгейінің жетіспеуіне, психофизикалық жас жағының жетіспеуіне, мораль туралы пікірінің төмендігіне, мінез-құлқының ерекшеліктеріне, жасы үлкен адамдардың және формальды емес лидерлардың ықпалына түсуіне байланысты.

ҚР-сы ҚК-нің 78-бабына сай кәмелетке толмағандар деп - жасы он сегізге толмаған тұлғалар танылады. Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстық істі қарау кезінде, сот оның жасын (күні, айы, туған жылын) дұрыс анықтау үшін барлық шаралар жасауға міндетті. Қылмыскерлердің жеке басы туралы, оның тәрбие, оқу, жұмыс жағдайын толық білу үшін, сот мәжілістеріне олардың заңды өкілдерін, еңбек ұжымының, оқу орнынан және тұрғылықты тұратын жерінен өкіл, сонымер қатар, кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекция өкілдерін қатыстыру қажет.  Қылмыстардың толық, түпкілікті тізімі ҚР-сы ҚК-нің 15-бабында қарастырылған. Қылмыстық іс-әрекеттердің қоғамдық қауіптілік деңгейі олардың кәмелетке толмағандар арасында тарауы және олардың мұндай жас кезінде жасаған қылмысының іс жүзіндегі сипаты мен ауырлығын ұғынып, түсіне алуы ескерілген. Бұл қылмыстар тізіміне, тек қана қасақана, соның ішінде кейбір ауыр және аса ауыр қылмыстар (адам өлтіру, зорлау, терроризм, адамды кепілге алу және т.т.) енгізілген. Осы қылмыстарға қатысты кәмелетке толмағанның жауаптылығы 14 жастан басталуы қарастырылған. 14 жасқа дейінгі балалардың қылмыстық жауаптылыққа тартылуына жол берілмейді.

Заң шығарушы айтылған қылмыстардың қоғамдық қауіптілігін 14 жасқа толғандардың түсінуін, сезінуін ескере отырып, жоғарыдағы тұжырымға келген. Сол себепті, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға кейбір жағдайларда қатаң жаза тағайындалуы тиіс.

Сонымен қатар, сот тәжірибесінде кәмелетке толмағандарға қатысты үш талап орындалған жағдайда, яғни мыналар: 1) қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасағанда; 2) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағанда; 3) тұлғаның түзелуіне мүмкіншілік бар жағдайда қылмыстық жаза қолданбау тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану негізі болады.

Кәмелетке толмағандарға ҚР-сы ҚК-нің 49-бабына сай өлім жазасы және ҚР-сы ҚК-нің 48-бабына сай өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды.  Егер тұлға үкім шығару кезінде 18 жасқа толмаса да бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, онда олар жалпы немесе күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларына жіберіледі.

Сонымен, кәмелетке толмағандарға жасалған қылмыстары үшін келесі:

а) айыппұл

б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру

в) қоғамдық жұмыстарға тарту

г) түзеу жұмыстары

г-1) бас бостандығын шектеу

д) бас бостандығынан айыру жазаларының түрлері жатады.

Бүгінгі таңдағы елдің ертеңі деп сенген жастардың қиын тәрбиесі негізінде, сот өз міндеттеріне немқұрайлы қараған балалардың ата-аналарымен көшеде бақылаусыз, қараусыз қаңғып жүріп, балалықпен, түсінбеушілікпен әртүрлі қылмысқа ұрынып қалмауы үшін тәрбиелік мәні бар әңгімелер өткізу қажеттігін,  оқушыларға полиция қызметкерінің қатысуымен әртүрлі лекциялар мен кездесулер ұйымдастыру керектігін ескерген жөн.

Жоғарыдағыларды тұжырымдай келе, кәмелетке толмағандар қылмыс, қылмыскер деген ұғымдарға онша мән-бере бермейді. Көбіне сот үстінде балалықпен жасалған іс екендігін айтып қынжылады. Сондықтан барлығымыз жұмылып тәрбие мәселесіне қатты көңіл аударуымыз керек. Бос уақыттарында әртүрлі үйірмелерге қатысып, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасағанымыз дұрыс. Сондықтан, ата-ана бала тәрбиесін мектепке жүктемей, өздері де айрықша көңіл бөліп отыруы тиіс. Осы тұста дана қазақ «Тәрбие басы-тал бесік» деп қате айтпағаны бесенеден белгілі. Бір рет қылмысқа барған баланың болашағы не болмақ? «Не ексең, соны орарсың»,-деген сөздің мағынасын кеш болмай ұғынғанымыз дұрыс. Тәрбие бар жерде қылмыс та аз болмақ. Ендеше, ата-аналар қылмыспен бірге күресейік!



Информация о работе Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар