Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 21:05, доклад
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің 2-тарауында отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік қарастыратын нормалар жинақталған. Осы тектес қылмыстық құқықтық нормалар үшін жеке тараудың ажыратылуы бұл бағыттағы қылмыстық құқықтық күрестің маңыздылығын көрсетеді. Мұндай жағдай ҚР Конституциясының ережелеріне, халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкес келеді деп атауға болады.
Қылмыстың сараланған түрлері ретінде оны бірнеше рет жасау; адамдардың алдын ала сөз байласып топ болып жасауы немесе ұйымдасқан топтың жасауы; адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасауы; күш қолдана отырып немесе оны қолдану қатерімен; қорқытып алу белгілерінсіз, адамның мүлкін жоюмен немесе жою қатерімен жасалуы көрсетілген.
Аталған баптың бірінші және екінші бөлімдерінің санкциялары 2002-ж. 21-желтоқсанындағы және 2004-ж. 9-желтоқсанындағы заңдарға сәйкес өзгертілген.
Коммерциялық және банктік құпияны қылмыстық құқықтық қорғау ҚК-тің 200-бабында қарастырылған – «Банктік және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу және тарату».
Банктік және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді жинау құжаттарды ұрлау, осы құпияға ие адамдарға немесе олардың жақындарына қатысты сатып алу немесе қорқыту арқылы, байланыс құралдары арқылы ұстау арқылы, компьютерлік желге заңсыз ену арқылы, арнайы техникалық құрылғыларды пайдалану арқылы жасалуы мүмкін.
Қылмыстың міндетті белгісі – осы мәліметтерді тарату немесе заңсыз пайдалану мақсатының болуы.
ҚКтің 200-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыс құрамының объективтік жағының белгілері: коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді олардың иесінің келісімінсіз, бұл құпия қызметіне немесе жұмысына байланысты сеніп тапсырылған адамның ірі зиян келтіре отырып пайдакүнемдік немесе өзге де жеке басының мүддесіне жария етуі немесе пайдалануы деп көрсетілген.
Күш қолданамын деп, бөтеннің мүлкін жоямын немесе бүлдіремін деп, сондай-ақ жәбірленуші мен оның жақындарының құқықтары мен заңды мүдделеріне едәуір зиян тигізуі мүмкін мәліметтерді таратамын деп қорқыту арқылы мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу, қорқытып алу белгілері болмаса, мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету деп танылып, кінәлі ҚК-тің 226-бабы бойынша жауапқа тартылады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың басқа да түрлеріне ҚК-тің 197, 199, 201, 227-баптарында қарастырылған қылмыстар жатады.
ҚК-тің 197-бабында көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу үшін жауаптылық орнатылған. Қылмыс аталған әрекеттер салдарынан ірі мөлшерде зиян келтірілгенде қылмыс аяқталған болады.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы.
2. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түрлері.
3. Экономикалық қызмет саласындағы лауазымды адамдардың қылмыстары.
4. Кәсіпкерлік және басқа да экономикалық қызмет түрлерінің заң бекіткен тәртібін бұзуға байланысты қылмыстар.
5. Несиелік қатынастар саласындағы қылмыстар.
6. Ақша және бағалы қағаздар айналымы саласындағы қылмыстар.
7. Кеден және салық саласындағы қылмыстар.
8. Банкроттылыққа байланысты қылмыстар.
9. Тұтынушылардың мүддесіне қарсы қылмыстар.
10. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың өзге де түрлері.
Тапсырмалар:
1. Экономикалық қылмыстардың әралуан критерийлер бойынша жіктеңіз.
2. ҚР ЖС Бюллетенінде жарияланған материалдар экономикалық қылмыстарға қатысты жоғарғы сот инстанцияларының шешімдерімен танысыңыздар.
Негізгі әдебиеттер:
1. Закон РК «О недобросовестной конкуренции» от 9.06.98 г. с изм. от 15.12.2000г. //Ведомости Парламента РК. –1998. -№9-10.
2. Закон РК «О естественных монополиях» от 9.07.98г. с изм. от 13.07.99г., 29.03.2000г., 06.12.2001г., 26.12.2002г., 05.07.2004 г. //Ведомости Парламента РК. –1998. -№16.
3. Закон РК «О банкротстве» от 21.01.97г. с изм. и доп. //ЮГ. –1997. –26 февраля.
4. Таможенный кодекс РК от 05.04.2003 г. // Ведомости Парламента РК. –2003. -№7-8.
5. Закон РК «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» от 24.04.95 г. с изм. и доп. //КП. –1995. –13 мая.
6. Закон РК «О рынке ценных бумаг» от 5.03.97г. с изм. и доп. //КП. –1997. –23 марта.
7. Указ Президента РК, имеющий силу закона, «О банках и банковской деятельности» от 31.09.95г. с изм. и доп. //КП. –1995. –11 октября.
8. Указ Президента РК, имеющий силу закона, «О лицензировании» от 17.04.95 г. с изм. и доп. //КП. –1995. –21 мая.
9. Постановление Пленума Верховного Суда РК «О практике применения законодательства об уголовной ответственности за контрабанду» №10 от 18.07.97 г. с изм. и доп. от 30 апреля 1999 г. И 18 июня 2004 г. //ЮГ. –1997. –22 июля.
10. Постановление Пленума ВС РК « О некоторых вопросах применения судами налогового законодательства» №19 от 20.12.99г. //КП. –2000. –5 января.
11. Нормативное постановление Верховного суда РК «О судебной практике по делам о хищениях» №8 от 11 июля 2003 г. с изм. от 19.12.2003 г.//ЮГ.-2003.-№44.-27 августа.
12. Нормативное постановление Верховного суда РК «О некоторых вопросах квалификации преступлений в сфере экономической деятельности» №2 от 18.06.2004 г. //Бюллетень Верховного Суда РК. –2004. -№7.
13. Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане. Алматы, 1996.
14. Галахова А.В. Уголовная ответственность за хозяйственные преступления. М., 1987.
15. Гаухман Л.Д., Максимов С.В Уголовно-правовая охрана финансовой сферы: новые виды преступлений и их квалификация. М., 1995.
16. Кучеров И.И. Налоговые преступления. М., 1997.
17. Преступления в сфере экономики. Постатейные материалы к новому УК РФ. М., 1997.
Қосымша әдебиеттер:
1. Елюбаев Ж. Новый УК об экономических преступлениях. //ЮГ.-1997.-№41.-8 октября.
2. Елюбаев Ж. Научно-практический комментарий ст. 191 УК.//Тураби. –1997. -№4.
3. Колб Б. Отмывание денег//Законность. –2004. -№1.
4. Кравец Ю.П. Ответственность за преступления в сфере предпринимательства по действующему законодательству //Государство и право. –1999. -№4.
5. Ужегов С.Н. Анализ субъективных признаков легализации доходов, имеющих криминальное происхождение//Право и государство. –2004. -№1.
6. Утебаев Е.К. Пути совершенствования борьбы с незаконным предпринимательством, лжепредпринимательством и ложным банкротством//Право и государство. –2004. -№2.
7. Чучаев А.И., Иванова С.Ю. Таможенные преступления в новом УК РФ //Государство и право. –1998. -№11.
8. Яковлев А.М. Законодательное определение преступлений в сфере экономической деятельности// Государство и право. –1999. -№11.
4-тақырып. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҰЙЫМДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТАР
Ағымдағы қылмыстық заң мемлекеттік қызметте тұрған және коммерциялық және өзге де ұйымдарда қызмет атқаратын адамдардың жауапкершілігін дифференциациялайды.
ҚР ҚК-нің 8-тарауы «Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар» лауазымды адамдар болып танылмайтын және мемлекеттік қызметтер атқармайтын адамдардың ерекше бір тобының өз өкілдіктерін теріс пайдаланғаны және өз міндеттеріне немқұрайды қарағаны үшін жауапекршілік орнатады.
Қылмыстық кодекстің 13-тарауында (заңның 2003-ж. 25-қыркүйегіндегі редакциясында) мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқор және өзге де қылмыстар жинақталған. Қылмыстық кодекстің осы тарауларындағы қылмыстар өзара объекттері мен субъекттері бойынша ерекшеленеді.
Ең алдымен, коммерциялық және басқа да ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарды қарастырып өтейік.
Олрдың тектік объектісі – тіркелген жарғылық қызметіне сәйкес мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органы болып табылмайтын коммерциялық және басқа да ұйымдар.
Тікелей объектісі ретінде (заңға сәйкес) ұйым басқарушысының, жеке нотариустың, жеке аудитордың, жеке күзет қызметінің басқарушысының немесе қатардағы қызметкерінің өз өкілеттіліктерін қалыпты жүзеге асыруы болады.
Қосымша объекттер ретінде азаматтардың, ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен мүдделері болуы мүмкін.
ҚК-тің 228-229-баптары азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне немесе қоғамның немесе мемлекеттің заңды мүдделеріне едәуір зиян келтіре отырып, өз өкілеттіліктерін ұйымның заңды мүдделеріне немесе оның қызметінің негізгі міндеттеріне қайшы келе отырып, пайдалануы үшін жауапкершілік көздейді.
Қылмыстың тікелей объектісі коммерциялық немесе өзге де ұйымдардың ірқалыпты дұрыс басқару қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар болады.
Өкілеттіліктерін асыра пайдаланудың объективтік жағының келесі белгілері болады: басқару қызметін атқаратын адамның өз өкілеттіліктерін осы ұйымның заңды мүдделеріне қары пайдалануы; іс-әрекеттері арқылы азаматтардың немесе заңды ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру.
Қылмыс субъектісі – коммерциялық немесе өзге де ұйымдарда басқармалық қызмет атқаратын адам – мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы немесе ондағы мемлекеттің үлесі 35 пайыздан асатын ұйым болып табылмайтын ұйымда тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттілік бойынша әкімшілік шаруашылық міндеттерді атқаратын адам (2003-ж. 25.09. заң редакциясындағы 228-бапқа келтірілген ескерту бойынша).
ҚК-тің 229-бабының субъектісі жеке нотариустар мен аудиторлар болады. Жеке нотариустар мен аудиторлардың өкілеттіліктері 1997-ж. 14-шілдедегі «Нотариат туралы» және 1998-ж. 20-қарашадағы «Аудиторлық қызмет туралы» заңдарда көрсетілген.
Қылмыстардың саралаушы белгілері ретінде осы аталған әрекеттердің көрінеу кәмелетке толмағандарға немесе әрекет қабілеттілігі жоқ адамдарға не болмаса бірнеше рет жасау қарастырылған.
Қылмыстардың келесі құрамы – жекеше күзет қызметі қызметшілерінің өкілеттіліктерін асыра пайдалануы (ҚК-тің 230-бабы).
Жекеше күзет қызметі күзетшілерінің өкілетіліктерін асыра пайдалануы жеке күзет қызметшісінің лицензияда көрсетілген өз өкілеттіліктерінің шегінен көрінеу шығуында, күш қолданып немесе оны қолдану қатерімен қорқыту арқылы жүзеге асыруында көрініс береді. Өкілеттіліктерін асыра пайдалану дегеніміз – адамның істеуге құқығы жоқ немесе істеу барысында заңда көрсетілген ережелер мен шарттарды сақтау керек болатын істерді жүзеге асыруы.
Қылмыс субъектісі – арнайы. Ол тек жеке күзет қызметінің не басшысы, не қатардағы қызметкері.
Осы баптың екінші бөлімінде саралаушы белгілер ретінде аталған әрекеттерді қару қолдана отырып немесе оны қлолдану қатерімен, сол сияқты ауыр зардаптар келтіре отырып жасау қарастырылған.
ҚК-тің 231-бабында қарастырылған «Коммерциялық сатып алу» қылмысының заты – ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүліктер, мүліктік сипаттағы қызметтер.
Коммерциялық сатып алу қылмысында екі дербес құрам қарастырылған. Объектісі мен қылмыс затының ұқсастығында оларды оларды өзара объективтік, субъективтік белгілерінің бірдей болуы біріктіреді.
Баптың бірінші бөлімі бойынша коммерциялық сатып алу ретінде басқармалық қызмет атқаратын адамға ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүліктерді беру немесе мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз көрсету үшін жауапкершілік орнатылған.
Баптың екінші бөлімінде келесі саралаушы белгілер қарастырылған: коммерциялық сатып алуды бірнеше рет немесе алдын ала сөз байласып топ болып не болмаса ұйымдасқан топпен жасау.
ҚК-тің 231-бабының 3-бөліміне сәйкес сатып алуды жүргізуші адамның мүддесіне орай өз қызмет бабын пайдалану үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүліктерді алу немесе мүліктік сипаттағы қызметтерге ие болуы үшін жауапкершілік орнатылған.
Осы бапқа ескертуде аталған қылмысты жасағаны үшін босатудың арнайы негіздері көрсетілген.
Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқарушы адамның қызметіне адал қарамауы немесе енжар қарауы салдарынан өз міндетерін атқармауы немесе тиісінше атқармауы, егер ол адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, - міндеттеріне адал қарамау деп танылып, ҚК-тің 232-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Қылмыстардың келесі тобын қарастырмас алдын, біз ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдармен, «Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар туралы істерді соттардың қарастыру тәжірибесі туралы» ҚР ЖС пленумының № 18 2001-ж. 13-желтоқсанда қабылданған қаулысымен таныс болуымыз керек.
Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы коррупциялық қылмыстар бірқатар ортақ белгілерге ие. Оларды әдетте, лауазымды адамдар, мемлекеттік ықзметтерді орындауға уәкілденген адамдар және оларға теңестірілген адамдар, не болмаса жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдар жасайды. Аталған адамдардың түсінігі ҚК-тің 307-бабына берілген ескертуде көрсетілген (заңның 2003-ж. 25-қыркүйегіндегі редакциясында). Бұл қылмыстар қызмет бабына байланысты жасалады және қызметтік қажеттіліктен туындамаған болады. Аталған топ қылмыстары мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару аппаратының қалыпты заңды қызметін бұзады және қызмет мүдделеріне қайшы жасалады.
Осы топтың нақты қылмыстарын қарастырғанда келесі мерзімдерде осы тарауға өзгерістер мен толықтырулар енгзілгенін білген жөн: 10.07.1998-ж., 23.07.1999-ж., 25.09.2003-ж., 09.12.2004-ж.
Информация о работе Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар