Ақпарат және информатика

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 00:00, реферат

Краткое описание

Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың кұрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика - ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердін өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі.

Файлы: 1 файл

Ақпарат және информатика.docx

— 153.14 Кб (Скачать)

Ақпарат және информатика

Ақпарат және информатика 
1.1       Ақпарат ұғымы 
Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың кұрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика - ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердін өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу турінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды. 
Сонымен ақпарат — бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді. 
1.2. Мәліметтердің негізгі құрылымы 
Мәліметтер - ақпараттың құрамдас бөлігі. Тіркелу әдісіне сәйкес мәліметтер әртүрлі тасуыштарда сақталады және тасымалданады. Ең кең тараған мәліметтерді тасуыш кағаз болып табылады. Заттың оптикалық қасиеттерінің өзгерісі лазерлік сәулелердің көмегімен жазылатын тасуыштар СD-ROM-да қолданылады. Магниттік касиеттердің өзгерісін колданатын тасуыштар ретінде магниттік таспалар мен дискілерді алуға болады. 
Мәліметтерге қолданылатын амалдар 
Ақпараттық процесс барысында мәліметтер әдістердің көмегімен бір түрден екінші түрге өзгереді. Мәліметтерді өңдеу көптеген амалдардын жиынтығынан тұрады: мәліметгерді жинау; 
•    мәліметтерді қалыптастыру; 
•    мәліметтерді сүзгілеу; 
•    мәліметтерді сұрыптау; 
•    мәліметтерді топтастыру; 
•    мәліметтерді архивтеу; 
•    мәліметтерді қорғау; 
•    мәліметтерді тасымалдау; 
•    мәліметтерді түрлендіру. 
Жоғарыдағы мәліметтерге қолданылатын амалдар тізімі толық емес. Бүкіл әлемде миллиондаған адамдар мәліметтерді кұру, өңдеу, түрлендіру және тасымалдаумен айналысады, әрбір жұмыс үстелінде әлеуметтік, экономикалық, ғылыми және мәдени процестерді басқару үшін қажет арнайы амалдар орындалып отырады. Барлық мүмкін болатын амалдардың толық тізімін кұрастыру мүмкін емес және оның қажеті де жоқ. Бұдан ақпаратпен жұмыс істеуге көп уақыт кетеді, сондыктан оны автоматтандыру қажет деген корытындыға келеміз. 
Мәліметтердіц негізгі құрылымы 
Егер мәліметтер реттелген, яғни қандай да бір берілген құрылымға сәйкестендірілген болса, онда олармен жұмыс істеуді автоматтандыру оңайға түседі. Мәліметтер құрылымының негізгі үш түрі бар: сызықтық, кестелік және иерархиялық. 
Мәліметгердің сызықтык құрылымы дегеніміз әрбір элементтің адресі мен нөмірі бірмәнді аныкталған реттелген кұрылым. Сызықтык құрылымға мысал ретінде тізімдерді алуға болады. 
Кестелік қүрылымды мәліметтермен танысу үшін біз көбейту кестесш еске түсірсек жеткілікті. Кестелік құрылымдардағы элементтер ұяшық адрестерімен анықталады. Ұяшық адресі кестенің қиылысқан жолдар мен бағандарының нөмірімен анықталады. 
Иерархиялық құрылымды мәліметтер 
Тізім немесе кесте түрінде бейнелеуге келмейтін, реттелмеген мәліметтерді иерархиялық түрде бейнелейді. Бұл тәріздес құрылымдар бізге күнделікті өмірден таныс. Негізінен түрлі ғылыми жүйелеуде кеңінен қолданылады. 
Иерархиялық құрылымдардағы әрбір элементтің адресі құрылымның төбесінен берілген элементке дейінгі жолмен анықталады. Мысалы, Раіnt программасын іске косатын командаға әкелетін жол былай көрсетіледі: 
Іске қосу → Программалар → Стандартт → Раіnt (Пуск→Программы→Стандартные→Раіnt)

1.3. Файлдық кұрылым 
Мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде файл деп аталатын объект қабылданған. 
Файл дегеніміз өзіне ғана тән аты бар, еркінше алынған байттар жиынынан тұратын тізбек. Файлдар байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінін біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады. Әрбір файл қандай да бір типке жататын мәліметтерді сақтауға арналған. Бұл жағдайда мәліметтер типі файлдың типін анықтайды. Файлдың аты қайталанбайтын, тек осы файлға ғана тән болуы кажет, және арасына нүкте койылған екі бөліктен тұрады; атауы мен кеңейтуі. Файлдың аты кез-келген шектелген ұзындықты әріптердің, символдардың тіркесінен тұрады. Ал екінші бөлігі файл атауын кенейту деп аталады. Ол үш әріптен аспайтын тіркестен тұрады. Мысалы: 
Мәтін.dос - Word редакторында жазылған мәтіндік файл;  
Кесте.xls - Excel процессорында дайындалған файл;  
Сурет.bmp—графиктік файл;  
Мәліметтер.mbd — Ассеss мәліметтер базасында әзірленген файл. 
Файлдарды сақтау иерархиялық құрылым бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда оны файлдық құрылым деп атайды. Құрылымның төбесі ретінде тасуыштын (дискінің) аты алынады. Бұдан әрі файлдар каталоггарға (қаптамаларға) топтастырылады, олардың ішінде бағыныңқы каталогтар орналастыруға болады. 
С: \Қаптама \Кітап\ Мәтін.dос — С дискісінің Қаптама деген каталогының Кітап деген ішкі каталогында орналасқан Word -та дайындалған Мәтін.dос мәтіндік файлы. 

1.4. Информатика пәні мен оның мәселелері 
Информатика — есептеу техникасы құралдарының көмегімен мәліметтерді қабылдау, құру, сақтау, турлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін жаңа техникалық ғылыми пән. 
Информатика пәні келесідей ұғымдарды қарастырады: 
•    есептеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы; 
•    есептеу техникасы кұралдарының программалық жасақтамасы; 
•    аппараттық және программалық жасақтамалардың өзара әсерлесу құралдары; 
• аппаратық және программалық құралдармен адамның өзара әсерлесу құралдары. 
Аппараттық және программалық кұралдармен адамның өзара қарым-қатынасының әдістері мен құралдарын қолданушы интерфейсі деп атайды. 
Информатиканың негізгі мәселесі - есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу болып табылады. 
Бүгінгі таңда информатиканың негізгі мәселелерінін құрамына келесі бағыттарды жатқызуға болады: 
•    есептеу жүйелерінің архитектурасы (мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған жүйелерді құрудың тәсілдері мен әдістері); 
•    есептеу жүйелерінің интерфейсі (аппараттық және программалық жасақтаманы басқару тәсілдері мен әдістері);  
•   программалау (компьютерлік программаларды даярлау әдістері); 
•    мәліметтерді түрлендіру; 
•    ақпаратты қорғау; 
•   автоматтандыру; 
•  стандарттау   (әр   түрлі   есептеу   техникасы   құралдарына   сәйкес аппараттық және программалық құралдар арасындағы, мәліметтердің берілу пішімі арасындағы үйлесімдікті қамтамасыз ету).  

Есептеу техникасы және дербес компьютер 
2.1. Компьютерлерді жүйелеу 
Мәліметтерді автоматты түрде өндеуге арналған құрылғылардың жиынтығын есептеу техникасы деп атайды. Өзара карым-қатынаста болатын кұрылғылар мен программалар жиынтығын есептеу жүйесі деп атайды. Есептеу жүйесінің негізгі құрылғысы компьютер болып табылады. 
Компьютерлер қолданылуына қарай мынандай топтарға бөлінеді: үлкен ЭЕМ (электрондық есептеу машинасы), мини-ЭЕМ, микро-ЭЕМ және дербес компьютерлер. 
1999 жылдан бастап дербес компьютерлер үшін халықаралық стандарт — РС99 спецификациясы жұмыс істейді. Жаңа стандарт бойынша дербес компьютерлерді келесідей топтарға бөледі: 
•    бұқаралык дербес компьютер (Consummer РС); 
•    іс дербес компьютері (Оffice РС); 
•    ықшам компьютер (Мobil РС); 
•    жұмыс бекеті (Workstation РС); 
•   ойын ДК (Enteraiment РС). 
Қазіргі кездегі колданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық дербес компьютерлер тобына жатады. Іс дербес компьютерлерінің графиктік бейнелеу құралдарына қойылатын талаптар шағын болады. Ықшам компьютерлердің кұрамында байланыс кұралдары болуы міндетті түрде талап етіледі. Жұмыс бекетіне жататын компьютерлердің мәліметтерді сақтау құрылғыларына жоғары талаптар қойылады. Компьютерлерді өлшемдері бойынша үстелдік (desktor), ықшам (notebook), қалталық (palmtop) деп бөлуге болады. 
Үйлесімділігі бойынша жүйелеу. Әлемде компьютерлердің көптеген түрлері мен типтері бар. Олар түрлі фирмаларда жасалып, түрлі бөлшектерден жинақталып, әр түрлі программалармен жұмыс атқарады. Мұндай жағдайда компьютерлердің үйлесімділігі ең басты мәселе болып табылады. Сан алуан компьютерлерге арналған кұралдардың өзара ауыспалылығы, программалардың бір компьютерден екіншісіне тасымалдану қабілеттілігі, әр типтес компьютерлердің ортақ мәліметтермен бірігіп жұмыс атқару мүмкіндіктері олардың үйлесімділігіне тікелей байланысты. 
Аппараттық үйлесімділік. Аппараттық үйлесімділігі бойынша компьютерлер аппараттық платформаларға бөлінеді. Дербес компьютерлер саласында кең тараған екі негізгі аппараттық платформа бар: ІВМ РС және Арріе Масhintosh. Бұлардан басқа кейбір жеке алған региондар мен салаларда ғана қолданыс тапқан аппараттық платформалар да бар. Компьютерлердің бір аппараттық платформаға жатуы олардың үйлесімділігін күшейтеді. 
Аппараттық үйлесімділіктен басқа операциялық жүйе деңгейіндегі үйлесімділік, программалық үйлесімділік, мәліметтер деңгейіндегі үйлесімділіктер де бар. 
Бұл оқу құралы ІВМ РС платформасына жататын дербес компьютерлерді, олардың аппараттық және программалық жасақтамаларын окып үйренуге арналған. 
2.2. Есептеу жүйесінің құрамы 
Есептеу жүйесінің құрамын оның конфигурациясы деп атайды. Есептеу жүйесінің аппараттық және программалық кұралдары әрқайсысы өз алдына жеке қарастырылатындықтан, сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық конфигурациясы мен программалық конфигурациясы да жеке жеке қарастырылады. 
Аппараттық жасақтамаға есептеу техникасының аппараттық конфигурациясын құрайтын құрылғылары жатады. Қазіргі заманғы компьютерлер мен есептеу кешендері блокгы-модульді құрылымнан тұрады, яғни олар нақты бір жұмыс түрін атқаруға ыңғайландырылып дайын түйіндер мен блоктардан жиыстырылатындай аппараттық конфигурациядан тұрады. 
Орталық процессорға қатысты алғанда құрылғылар ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Енгізу-шығару құрылғыларының көбі және ақпаратты ұзақ уакыт сақтауға арналған құрылғылар сыртқы құрылғыларға жатады. 
Жеке түйіндер мен блоктар арасындағы үндестік аппараттың интерфейс деп аталатын аппараттық-логикалық құрылғылардың көмегімен орындалады. Есептеу техникасындағы аппараттық интерфейс стандарттары хаттама деп аталады. 
Программалық жасақтама. Программа деп реттелген командалар тізбегін айтады. Кез-келген компьютерлік программаның негізгі аткаратын қызметі — аппараттық кұралдарды басқару. Аппараттық және программалық жасақтама үнемі өзара тығыз байланыста болады. 
Программалық жасақтама бірнеше сатылардан тұрады: негізгі, жүйелік, қызметтік және колданбалы. 
Негізгі программалық жасақтама аппараттық құралдармен өзара байланыста болады. 
Жүйелік программалар компьютерлік жүйенің аппараттық жасақтамасымен, программалық жасақтамасымен өзара қарым-қатынасын камтамасыз етеді. Нақты бір құрылғымен байланысты жүзеге асыратын программа драйвер деп аталады. Жүйелік сатыға енетін программалардың екінші бір тобы қолданушымен өзара қарым-қатынасты орнатады. Мұндай программалық кұралдар қолданушы интерфейсін қамтамасыз ету құралдары деп аталады. 
Қызметтік программалық жасақтама. Ол негізгі сатыдағы программалармен де, жүйелік сатыдағы программалармен де тығыз байланыста болады. Қызметтік программалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау және жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік программалардың қызметін жақсарту мен кеңейту үшін қолданылады. 
Қолданбалы программалық жасақтама. Қолданбалы программалардың көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т.б. мақсатта нақты жұмыстар атқарылады. 
Қолданбалы программалық құралдарға мәтіндік редакторлар, мәтіндік процессорлар, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер базасын басқару жүйелері, автоматтандырылған жобалау жүйелері, баспахана жүйелері, Web-редакторлар, броузерлер және т.б. жатады. 
2.3. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары 
Дербес компьютердің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады: 
•    жүйелік блок; 
•    дисплей немесе монитор; 
•   пернетақта; 
•   тышқан. 
Жүйелік блок 
Компьютердің ең негізгі кұрылғысы — жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына процессор, жедел жад (RАМ), тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы, енгізу-шығару порттары және ақпарат тасуыштар енеді. 
Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады. 
Монитор 
Монитор — мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған кұрылғы. Компьютерден кез-келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады. Монитор негізгі шығару құрылғыларының бірі болып табылады. Оның негізгі тұтыну параметрлері: экранның мөлшері, экран қалқасының қадымы, бейнені жаңартудың максималдық жиілігі, қорғау класы. 
Экранның мөлшері оның диагоналінің өлшемімен анықталады. Өлшеу бірлігі ретінде дюйм кабыдданған. Экранның стандартты мөлшерлері: 14", 15", 17", 19", 20", 21". Қазіргі кезде мөлшерлері 15, 17 дюйм болатын мониторлар кеңінен тараған. Ал графиктік кескіндермен жұмыс істеу үшін 19-21 дюймді мониторларды пайдаланған тиімді. 
Кейбір мониторлар бейненің айқындылығын күшейтетін тік сымдардан тұратын қалқамен жабдықталған. Осы тік сымдар арасындағы қадым (экран қалқасының қадымы) неғұрлым кішкене болған сайын, алынатын бейне соғұрлым анық болады. Қалқа қадымы миллиметрмен өлшенеді. Қазіргі кездегі ен көп тараған мониторлардың қалқа қадымы 0,25 - 0,27 мм. 
Пернетақта 
Пернетақта — дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол алфавиттік-цифрлық мәліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен пернетақтаның бірігіп кызмет аткаруын қолданушы интерфейсі деп атайды. 
Пернетақта дербес компьютердің стандартты құрылғыларының қатарына жатады. 
Пернетақтаның құрылысы. Стандартты пернетақта жүзден аса пернелерден тұрады. Олар бірнеше функционалдық топтарға бөлінген. 
Алфавиттік-цифрлык пернелер тобы символдардан тұратын акпаратты енгізуге арналған. 
Функционал пернелер тобына пернетақтаның жоғарғы бөлігінде орналаскан он екі перне кіреді (Ғ1-Ғ12). Бұндағы әрбір перне кандай да бір функционалдык қызмет атқарады. 
Қызметтік пернелер алфавиттік-цифрлық пернелер тобының маңайында орналасқан. Төменде пернелер тізімі мен олардың атқаратын қызметі сипатталған: 
• Еnter пернесінің көмегімен команда, мәтіннің азат жолы енгізіледі;  
• Аlt және Сtrl пернелері басқа пернелермен бірігіп командалар түзеді;  
• Таb пернесі мәтінді терген кезде табуляция позициясын енгізу үшін колданылады;  
• Еsс пернесі соңғы орындалған команданы қайтару үшін колданылады; 
• Рrint Screen — ағымдағы экранның күйін баспаға жіберуге немесе оны алмасу буфері деп аталатын жедел жадтың арнаулы аймағына сақтауға арналған; 
• Shift пернесі жоғарғы регистрдегі символдар мен  бас әріптерді енгізу үшін, сонымен катар басқа пернелермен бірігіп кейбір командалардың орнына қолданылады; 
• Ноmе — меңзерді жолдың басына алып келеді; 
• End —  меңзерді жолдың аяғына апарады; 
• Delete — мәтіндік меңзердің оң жағындағы символды өшіруге арналған перне, сонымен қатар қаптамаларды, құжаттарды, экран объектілерін жою үшін де қолданылады; 
• Раgе uр және Раgе Down — бір бет жоғары немесе бір бет төмен жылжу; 
• Сарs lock пернесі бас әріптер режімін қосады немесе ағытады; 
• Num Lock пернесі қосымша цифрлық пернетақтаны қосады немесе ағытады. 
Тышқан 
Тышқан - графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы. Екі немесе үш батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес. Тышқанның жазық беттегі козғалысы экрандағы тышқан нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тышқанды жазық бетте жылжытады және оның он немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады. Осылайша басуды шерту деп атайды. 
Монитор мен тышқан бірігіп колданушы интерфейсінін жаңа түрі — графиктік ттерфейсті құрайды. Тышқанның көмегімен объектілердің қасиеттері өзгертіліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі. 
2.4. Дербес компьютердің ішкі құрылғылары  
Аналық тақша 
Аналық   тақша      дербес   компьютердің   негізгі   тақшасы   болып табылады. Онда келесі құрылғылар орналасады: 
•    процессор; 
•    шина; 
•    жедел жад; 
•   тұрақты жад; 
•   слоттар   (қосымша   құрылғыларды   қосуға   арналған   қосқыш тарақшалары). 
Процессор 
Процессор — көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді. 
Процессор тікелей компьютердің класын анықтайды. Егер екі процессордың командалар жүйесі бірдей болатын болса, оңда олар программалық деңгейде толығымен үйлесімді болады. Бұл бір процессор үшін жазылған программа екіншісі үшін де орындалатынын білдіреді. 
Шектелген үйлесімділікке ие болған процессорлар тобын процессорлар топтамасы деп атайды. Мысалы, барлық Іntel Pentium процессорлары х86 топтамасына жатады. Бұлардың негізін қалаушы 16-разрядты Іntel - 8086 процессоры болып табылады. ІВМ РС компьютерінің ең алғашқы моделі осы процессордың негізінде құрастырылған. Кейінірек Іntel 80286, Іntel 80386, Іntel 80486, Іntel Pentium 60,66,75,90,100,133; Іntel Pentium ММХ, Іntel Pentium Рrо, Іntel Pentium II, Іntel Сеleron, Іntel Pentium III процессорлары шығарыла бастады. Бұрын дербес компьютерлер үшін процессорлар шығаратын тек Іntel фирмасы болса, кейінірек АВМ, Сугіх фирмалары да процессор шығарумен айналыса бастады.  
Процессордың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтері (модельдеріне) мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік — олардың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші. Ол мегагерцпен өлшенеді. Мысалы, Іntel Pentium типтегі процессорлар 75, 90, 100, 120, 133, 150, 166, 200 және 233 МГц жиілікпен жұмыс істейді. 
Шина 
Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен жедел жадпен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан. Шиналардың негізгі үш түрі бар: мәліметтер шинасы, адрестік шина және командалық шина. 
Компъютердің жады 
Компьютердін жады — оның құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір-бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне және т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады. 
Жадтың көлемі байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады. Сонымен 1 байт көлемдегі жадқа бір символ сақтауға болады. Қазіргі кездегі компьютерлердің жадының көлемі миллиондаған байтқа жетеді, сондықтан оны килобайт, мегабайт, гигабайт арқылы қысқаша өрнектеген ыңғайлы:  
•    1Гбайт=1024Мбайт 
•    1Мбайт=1024Кбайт 
•    1 Кбайт = 1024 байт. 
Жедел жад (ОЗУ) немесе жедел есте сақтау құрылғысы ақпараттың кез-келген бөлігіне лезде қатынауды камтамасыз етеді. Бірақ компьютерді өшірген кезде жедел жадтағы барлық ақпарат бірден жойылады. Дербес компьютерлердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді. Pentium типтес компьютерлердің жедел жадынын көлемі 8 Мбайттан 256 Мбайтқа жетеді. ОЗУ-дың құрылысы оны үнемі ұлғайтып отыратындай етіп жасалынған. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады. 
Тұрақты жад (ПЗУ) — стандартты программаларды, өзгермейтін мәліметтерді және жүйелік ақпаратты (ВІОS, таңба генераторларының кестесін және т.б.) энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жад. Компьютер жұмысы кезінде бұл жадтан мәліметтерді тек оқуға болады, ал оған ақпарат жазу арнаулы құралдар (программалауыштар) арқылы жүргізіледі. Жадтың өзгермейтін түрін құрады. Мұнда компьютер құрылғыларын басқаруға арналған жүйелік программалар орнатылған. Компьютерді іске қосқаннан кейін жабдықтарды біртіндей тестілеу процесі басталады. Процессор мен бейнеадаптерді тестілеу процесі аяқталған соң мониторға диагностикалық хабарлама шығарылады. Содан соң компьютердін бастапқы жүктелу процесін басқаратын программа орындалады. 
Қатқыл диск 
Қатқыл диск үлкен көлемдегі мәліметтер мен программаларды ұзақ уақытқа сактауға арналған негізгі құрылғы. Шындығына келгенде ол бір диск емес бірнеше дискілердің жинағынан тұрады. Қатқыл дискінің негізгі параметрлеріне оның сыйымдылығы мен жұмыс өнімділігі жатады. Қазіргі кезде қатқыл дискінін көлемі 40 Гбайтқа жетгі және ол одан әрі ұлғайтылуда. 
Иілгіш дискілерге арналган дискжетек 
Иілгіш дискілер бір компьютерден екінші компьютерге ақпарат алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою үшін қажет. Иілгіш магниттік дискілер (дискет) арнаулы дискжетек деп аталатын тасуышқа салынады. Дискжетек жүйелік блокта орналасқан. 
Қазіргі дербес компьютерлерде 3,5 дюймдік дискеттер колданылады. Оған 1,44 байт көлеміндегі ақпарат жазылады. 
Жинақы-дискіге арналган дискжетек 
1994-1995 жылдары аралығында дербес компьютерлердің құрамына кіретін диаметрі 5,25 дюймдік дискілерге арналған дискжетек алып тасталынып, оның орнына өлшемдері тура осындай болатын СО-RОМ тасуыштарын енгізді. СО-RОМ (Compact Disk Read-Memory) сөзінің қазақша аудармасы жинақы-дискіге негізделген тұрақты есте сақтау кұрылғысы. Кәдімгі жинақы-диск көлемі 650 Мбайтқа жуық мәліметті сақтай алады. Мәліметтер көлемінің үлкен болуы мультимедиялық ақпараттарға (графиктік, музыка, бейне) тән, сондықтан СО-RОМ дискжетегін мультимедия аппараттық құралдар қатарына жаткызады. Лазерлік дискіде таратылатын программаларды мультимедиялық басылымдар деп атайды.  
Бейнекарта 
Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін кұрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта (бейнеадаптер) деп аталатын басқару блогы атқарады. 
Қазіргі кезде кең тараған бейнеадаптер SVGA. Ол 16,7 миллион түстерді экранға шығарып беруді қамтамасыз етеді. Экранның шешуі бейнекартаның негізгі параметрлері болып табылады. Әр монитор үшін өзіне сәйкес тиімді экран шешуі анықталған. Мысалы, өлшемі 14 дюйм болатын монитордың экран шешуі 640x480, ал 19 дюймдік экрандар ушін 1280x1024 шешу пайдаланылады. Мәтіндік кұжаттармен жұмыс істеу үшін 640x480 шешулі мониторлар жеткілікті. Көптеген қолданбалы программалармен жұмыс жасау үшін шешуі 1024x768 болатын мониторлар қажет болады. 
2.5. Дербес компьютердін сыртқы құрылғылары 
Компьютердің сыртқы құрылғылары оның жүйелік блогына қосылып, көмекші қызмет атқарады. Сыртқы құрылғыларды келесідей төрт топқа бөлуге болады: 
•    мәліметтерді енгізу кұрылғылары; 
•    мәліметгерді баспаға шығару құрылғылары; 
•    мәліметтерді сақтау құрылғылары; 
•    мәліметтермен алмасу кұрылғылары.  
Енгізу қурылгылары 
Мәліметгерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тышқан, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Джойстик - компьютерлік ойындарда колданылатын қолмен басқарылатын құрылғы. Трекболдың тышқаннан айырмашылығы оның қорапқа орнатылған кішкене шары алақанмен козғалысқа келтіріледі және ол жазық бетті қажет етпейді, сондықтан ол ықшам компьютерлерде қолданылады. 
Графиктік мәліметтерді енгізуге арналган құрылгылар 
Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер (дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар колданылады. Сканерлердің көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл жағдайда берілген материал графиктік түрде енгізіледі, сонан соң арнаулы программалық құралдардың көмегімен өңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді. 
Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары 
Мәліметтерді баспаға шығару үшін мониторға қосымша принтер деп аталатын баспаға шығару кұралы қолданылады. Принтердің көмегімен экрандағы құжаттың көшірмесін қағазға басып шығара аламыз. Принтерлерді жұмыс істеу принциптеріне қарай матрицалық, лазерлік, сия бүркіш және термографиктік деп бөледі. 
Мәліметтерді сақтау құрылғылары 
Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге косымша мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына стримерлер, ZІР-тасуыштар және НіҒD-тасуыштары жатады. 
Стримерлер — мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар. Стримерлерге арналған магниттік таспалардың (картридж) көлемі жүздеген мегабайтқа жетеді. 
ZІР - тасуыштарды мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларын жасауға негізделген Lomega компаниясы шығарады. Бұл құрылғы өлшемдері стандарттық иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден 250 Мбайт болатын дискілермен жұмыс жасайды. ZІР -тасуыштардың негізгі кемшілігі олардың 3,5 дюймдік иілгіш дискілермен үйлесімсіздігінде. 
Sony компаниясы жасап шығарған НіҒD құрылғысы кәдімгі стандарттық иілгіш дискілермен үйлесімді болып келеді. Олар сыйымдылығы 200 Мбайт болатын арнайы тасуыштармен де, кәдімгі иілгіш дискілермен де жұмыс істеуге бейімделген. 
Мәліметтермен алмасу құрылгысы 
Модемдер (Модулятор + ДЕМодулятор) алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы. Мұндағы байланыс арналары деп кабельдік, радиожиіліктік және сымдық байланыстарды түсінеміз. Байланыс арналарының типіне қарай қабылдау-жіберу құрылғыларын радиомодемдер, кабельдік модемдер және т.б. деп бөледі. Компьютерден модемдерге түскен сандық мәліметтер модуляциялық жолмен түрленіп (фазасы, амплитудасы, жиілігі бойынша), телефон желісіне бағытталады.

 

 

ЭЕМ-нің құрамы

Тақырыбы: ЭЕМ-нің  құрамы 
Жоспар 
1. Аппараттық жабдықтар Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы 
2. ІВМ дербес компьютерінің негізгі блоктары  
3. Микропроцессер 
4. ЭЕМ-нің жедел жады 
5. Графиктік адаптерлер 
6. Дискідегі информация жинақтауыш 
7. Принтерлер мен плоттерлер 
8. Компьютерге информация енгізу құрылғылары 
  
Аппараттық жабдықтар 
Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та,олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады: 
1.Орталық процессор; 
2.Енгізу құрылғысы; 
3.Есте сақтау құрылғысы; 
4.Шығару құрылғысы. 
Орталық процессор барлық, есептеу және информация өңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады. Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше интегралдық схемалар жиынынан тұрады.  
Енгізу құрылғысы информацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады. 
Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін компьютер жадына сақтауға арналған. 
Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады.  
Дербес ЭЕМ 
Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы 
Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы болатын электрондық компоненттері информация өңдеудің белгілі бір қызметін немесе оны сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемалар деп аталады.Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристалдардан тұрады.Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тақшалармен жалғастырады. 
Жартылай өткізгішті кристалл көбінесе өте таза кремнийден жасалады, оны жасауда вакуумдық бүрку, тырналау, қоспаларды, иондық түрде енгізу,  дәлме-дәл фотолитография, тәрізді және де басқа жоғары сапалы технологиялар қолданылады. 
Осындай күрделі технология нәтижесінде кристалда электр схемасына біріктірілген “электрондық молекулалар” жасалады. Олар бір кристалл, (5*5мм) жүз мыңнан аса бір-бірімен байланысқан “электрондық молекулаларды” құрастырып, өте күрделі информацияны түрлендіру жұмыстарын орындый алады. Мүмкін болашақта осындай схемалар элементтері рөлін тікелей ұғымдағы заттардың молекулалары атқаратын шығар. 
Интегралдық схемаларды жасау, тексеру, олардың сапаларын бақылау-барлығы да автоматтандырылған, оның үстіне оларды сериялық түрде шығару да меңгерілген. Интегралдық схемаларды шығаруды баспаханалардағы кітапты көбейтіп шығарумен салыстыруға болады. Олар өздерінің атқаратын функцияларына қарай ЭЕМ-нің әртүрлі тетіктерінің- шифраторлардың, сумматорлардың, күшейткіштердің түрлеріне байланысты бөлек-бөлек топтарға жіктеліп, серияларға бөлініп шығарылады. 
Бұл схемалардың интегралдық деп аталу себебі олардың бір кристалы күрделі логикалық функциялардың белгілі біреуін орындай алады, сосын олардан транзисторлар мен диодтардан құрастырылатын сияқты машина қондырғылары оңай жасалады. 
ДЭЕМ бірыңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады.ДЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және сыртқы құрылғылар. 
Жүйелік блок мыналардан тұрады: 
-микропроцессор; 
-оперативті есте сақтаушы құрылғы немесе жедел жады; 
-тұрақты есте сақтаушы құрылғы; 
           -қоректену блогы мен мәлімет енгізу-щығару порттары. 
               Ал, сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді: 
           -информация енгізу құрылғылары; 
           -информация шығару құрылғылары; 
           -информация жинақтауыштар. 
ДЭЕМ-нің құрамында ең аз дегенде жүйелік блок, бір-бірден енгізу, шығару құрылғылары және ең аз дегенде бір информация жинақтауыш құрылғы кіреді.ДЭЕМ-де шешілетін мәселеге байланысты пайдаланушы адам мен оның минималды конфигурациясына қосымша шеткері құрылғыларды қосу арқылы кеңейтуіне болады. 
Информация мен басқару командаларын енгізетін негізгі құрылғыларға пернетақта (клавиатура), “тышқан” тәрізді  тетік және сканер (із кескіш) жатады. Осындай функцияларды бұлардан өзге жарық қаламұштары, жарық сезгіш планшеттер, джойстиктер (ұршық тәріздес тетік) және басқа да мәселелерді шешуге қолданылатын құралдар орындайды. Мысалы, осылардың кейбіреуін жобалау жұмыстарын автоматтандыруда қолдануға болады.  
ІВМ дербес компьютерінің негізгі блоктары  
Әдетте ІВМ дербес компьютерлері мынадай бөліктерден тұрады: 
          - Жүйелік блок  
          - Мәтіндік және графикалық информацияны кескіндеуге арналған монитор немесе дисплей  
          - әртүрлі символдарды компьютерге енгізуге арналған перне тақты немесе пернелік  
Компьютердегі ең негізгі құрылғы- жүйелік блок, оның ішіне ДЭЕМ- нің басты құрылғылары орналасқан. Жүйелік блогы құрамында микропроцессор, жедел жад, тұрақты есте сақтаушы құрылғы, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары және мәлімет жинақтауыштар бар.  
Бұлардан басқа компьютердің жүйелік блогына мынадай құрылғыларды қосуға болады:  
          - мәтіндік және графикалық информацияларды басып шығаруға арналған принтер  
          - графикалық курсормен басқарылатын құрылғы- “тышқан” графикалық қолтетігі  
 - джойстик- компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік  
- графисызғыш немесе плоттер – сызбаларды (графиктерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы; 
- сканер (ізкескіш) – графикалық немесе мәтінді информацияларды оқуға арналған оптикалық құрылғы; 
 - CD-ROM – компакт-дискілерді оқуға арналған құрылғы, ол қозғалатын бейнелерді, мәтіндерді және дыбыстарды шығару үшін кеңінен пайдаланылады; 
 - модем – телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен информация алмасуға арналған құрылғы; 
 - стример – мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы; 
 - желілік адаптер  компьютерді жергілікті (торапта) қолдануға мүмкіндік береді.  
 Сонымен, ДЭЕМ-нің негізгі құрылғыларына процессор, жад (жедел және сыртқы), сыртқы құрылғыларды қосу және мәліметтерді жеткізу құрылғылары жатады. Енді компьютерге кіретін немесе оған қосылатын әртүрлі құрылғылардың сипаттамаларын қарастырайық. 
Микропроцессер 
Микропроцессер бір криталда дайындалған (үлкен) интегралдық темелар – БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ жасауға керекті элемент болып табылады. Оны әртүрлі логикалық функцияны орындайтын етіп программалауға болады, сондықтан программаны өзгерту арқылы микропроцессорды арифметикалық құрылғы немесе енгізу-шығару жұмыстарын басқарушы ролінде қолдануға болады. Микропроцессерге жедел және тұрақты жад, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады. 
 IBM тәрізді компьютерлерде INTEL фирмасының және басқа да фирмалардың бір-біріне үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады. 
 Микропроцессорлардың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модельдерінде), яғни оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші – мегагерц - МГц бірлігімен берілген тактылық (қадамдық) жиілігінде жатыр. Бұған дейін кең тараған модельдерге Intel-8088 (~5 МГц), 80286 (~20 МГц), 80386SX (~25 МГц), 80386DX (~40 МГц), 80486 (100 МГц-ке дейін), Pentuim (75 МГц-тен жоғары), Pentuim-Pro (~300 МГц-тен жоғары), PentuimІІ, PentuimІІІ (800 МГц-ке дейін), және PentuimІV (1000 МГц-тен жоғары) жатады, бұл тізім олардың жұмыс өнімділігі мен соған сәйкес боғасының өсуі бойынша реттеліп келтірілген. Кейде конструкциялық ерекшеліктеріне қарай бір модеоьге кіретін прцессорлардың жиіліктері әртүрлі бола береді – жиілігі артқан сайын оның жұмыс жылдамдығы да өсе түседі. 
 Intel 8088, 80286, 80386 тәрізді бұрын шыққан микропроцессорладың аралас сандар мен амалдарды жылдам орындайтын арнаулы командалары жоқ, сондықтан олар жұмыс өнімділіктерін арттыратын қосымша математикалық сопроцессорлармен (Turbo режимы) жабдықталады.  
 Компьютерлер алып жүруге ыңғайлы вариантта да жасалады (Laptop немесе Note book). Мұндай ЭЕМ-дерде жүйелік блок, монитор және пернелік бір қорапта жасалған: жүйелік блок пернелік астында, ал монитор пернеліктің қақпағы түрінде жасалған. 
   
ЭЕМ-нің жедел жады 
Оперативті есте сақтау құрылғысы немесн ЭЕМ-нің жедел жады (RAM), сондай-ақ тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM) компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. өңделуге тиісті кезкелген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадына жазылады.  
 Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәләметтер мен программалар сақталады. Информация керек кезінде магниттік дискінен жедел жадқа көшіріліп, өңделген соң олар қайта сыртқы жадқа жазылып қойылады. Жедел жадта информация тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немес еэлектр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек. 
 Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информация көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не мегниттік дискеттегі сақталатын информация 360кб, 720кб немесе 1,44 Мб болып жазылуы мүмкін. Мұнда 1кб (1 килобайт)=1024байт, 1Мб (1 мегабайт)=1024кб, ал венчестер деп аталып жүрген қатты дискіде 1000-10000Мб (1-4 Гигабайт) және одан да көлемді информация жазылып сақталады. 
 Әдетте IBM PC XT (бұрынғы модель) компьютерлерінің жедел жадының көлемі 640 кб, IBM PC AT үшін – 1 Мб-тан жоғары, ал олардың жоғарғы модельдері 1-ден 16Мб-қа дейін, бірақ оның көлемі 32 Мб не одан да жоғары бола береді – жедел жадтың көлемін оның негізгі тақшасына микросхема қоса отырып үлкейтуге болады. 
 Компьтердің жедел жадынан өзгеше оның тұрақты жады бар, ол өзгертілмейтін информацияны сақтайды, ешкім оны өшіріп қайта жаза алмайды, оны тек оқуға болады. Әдетте тұрақты жадтың көлемі шағын 32-64кб шамасында. Тұрақты жадқа керектеі программалар оны шығаратын заводта жазылады, олар көбінесе компьютерді ток көзіне жалғаған кезде оны тексеріп іске қосу үшін қажет.  
 Сыйымдылығы 1Мб немесе одан жоғары болып келетін компьтерлердің жедел жады екі бөлімнен тұрады – алғашқы 640кб қолданбалы программалар мен операциялық жүйе үшін, ал қалғаны төмендегідей мақсаттарға пайдаланылады:  
- операциялық жүйенің алғашқы жүктемесін және компьтердің жұмысқа жарамдылығын тексеретін операциялық жүйенің бөлігін сақтауға, сондай-ақ төменгі деңгейдегі қарапайым енгізу-шығару жұмыстарын орындау үшін;  
- экранға кескіндерді беру үшін; 
- компьютердің қосымша құрылғылары мен бірге жүктелетін операциялық жүйелердің әртүрлі кеңейтілген мәліметтерін сақтау үшін қажет болады. 
Жедел жадтың көлемі туралы сөз болғанда, оны бірінші бөлігі туралы айтылады, ал ол кейбір программаларды орындауға жеткіліксіз болып қалады. Міне, осындай сәттерде компьютердің жедел жадының кеңейтілген бөлігі (extended) мен қосымшасы (expanded) пайдаланылады. 
 INTEL фирмасының 80286, 80386SX және 80486SX сияқты процессорларды 1-16Мб жедел жад көлемімен, ал 80386 және 80486 процессорлар - 4-8Мб көлемімен жұмыс істей алады. Бірақ операциялық жүйе үлкен көлемді жадты толық пайдалана алмайды. Қосыша жадты пайдалану үшін арнаулы программалар – “драйверлер” жасалынады, олар қолданбалы программадан тапсырма алады да, процессордың “қорғалған режим” жүйесіне көшеді. Тапсырманы орындаған соң, драйвер алғашқы режимге көшуді қамтамасыз етеді де, микропроцессор жұмыстың қалыпты режиміне ауысады.  
Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жад (Cash) немесе бүркеме-жад деп атайды. Ол жедел жад пен процессордың жұмысын жылдамдату үшін аралық дәнекер жад ретінде пайдаланылады.  
 Процессордан бөлек компьтер құрамында:  
- ЭЕМ құрамына кіретін (дисплей, диск және т.с.с.) әртүрлі құрылғылар және олардың жұмысын басқаратын электрондық схемалар (контроллерлер);  
- Енгізу-шығару порттары, олар жүйелік блокқа әртүрлі принтер, графиксызғыш, тышқан тетігі тәрізді шеткері құрылғыларды тіркейтін көпразрядты байланыс құрылғылары түрінде болады. 
Енгізу-шығару порттары ішкі негізгі құрылғылары мен байланыс жасайтын арнайы порттан және шеткері құрылғыларымен (принтер, тышқан тетігі т.с.с.) байланыстыратын жалпы мақсаттағы порттардан тұрады. Жалпы мақсаттағы порттар LPT1-LPT3 деп белгіленетін параллель және COM1-COM3 болып белгіленетін тізбекті бөліктерге жіктеледі. Параллель порттар жұмысты жылдам істейді, бірақ байланасу үшін көбірек сым шоғырларын керек етеді (принтермен жалғасатын порт параллель, ал модеммен телефон желісі арқылы байланысатын порт тізбекті түрге жатады).  
Графиктік адаптерлер 
Монитор немесе дисплей – ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін қажет. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды (ақ-қара) және түрлі-түсті болып, ал экранға шығарылатын информация түрлеріне байланысты символдық (тек символдық информация) және графиктік (символдық және оған қоса графиктік информация) болып бөлінеді.  
ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптердан тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан.  
Электрондық сәуле экранда секундтің 1/50 бөлігінде жүріп өтеді, бірақ экран бейнесі одан жәй өзгереді. Сондықтан экранның бір көрінісі үшін бейне сигналды бірнеше рет қайталап беріп отыру керек. Адаптерде бейнелер көрінісін сақтауға арналған бейнелік жад бар. 
Көбінесе символдық режимде дисплей экранына 80 таңбадан тұратын 25 жол мәлімет шығарылады (барлығы – 2000 таңбадан тұратын стандартты машинка қағазындағы символдар саны), ал графикалық режимдегі экранның бейнелеу (көрсету мүмкіндігі) қабілеті адаптер тақшасын жүйелік блокты байланыстыру құрылғысының мүмкіндіктеріне сәйкес болады.  
Экрандағы кескін көрінісінің сапасы графикалық адаптердің типіне қарай өзгеріп отырады. 
Кең тараған адаптерлерге мыналар жатады: EGA, VGA және SVGA. Қазіргі кезде VGA және SVGA (Super VGA) кеңінен қолданылады, SVGA-ның көрсету қабілеті өте жоғары. Адаптерлер бейнелерді айқындап көрсету қабілетімен ерекшеленеді.  
Адаптердің бейнелеу қабілеті оның графикалық режимде экранда көрсетіле алатын бір жолдағы нүктелер (пиксельдер) санына байланысты. Мысалы, 720*348 мүмкіндікті немесе одан да жоғары монитор вертикаль (тік) бағытты 348 жол-нүктені көрсете алады, ал оның әр жолында 720 нүкте бар. Баспағана жүйелерінде 800*600 және 1024*768 мүмкіндікті немесе одан да жоғары мониторлар қолданылып жүр. Бірақ олар қымбатырақ тұрады.  
Экран бетінің мөлшері диагональ стандарт (14 дюйм-1 дюйм=2,54см) бойынша жасалады, үлкейтілген (15 дюйм) және теледидар (17,20 және 21 дюйм – диагоналі бойынша 54см-ге дейін) тәрізді болып та жасалғандары кездеседі, олар түрлі түсті (16млн-нан бірнеше ондаған млн түстерге дейін) немесе ақ-қара (монохромды) болып та шығарыла береді.  
Адаптерлер стандартты түрлі түсті монитордағы түстер палитрасын (жиынын) анықтайды: CGA (ескі модель) стнадартты режимде 4 түспен, EGA – 64 түспен, VGA – 256 түске дейін, ал SVGA – млн-нан аса түстермен жұмыс істе алады. Бірақ символдық рнжимде көрсетілген стандарттағы экрандардың барлығы да 16 түсті ғана қолданылады.  
Монитор типін ЭЕМ-де қойылған мақсатқа байланысты таңдау керек. Егер тек мәтіндік информациямен жұмыс істейтін болсақ, онда монохромды символдық монитор жеткілікті. Ал, егер де автоматтандырылған жобалау жұмыстарымен айналасу қажет болса, онда түрлі түсті графикалық монитор қажет болады. Бірақ көптеген программалармен жұмыс істеу кезінде түрлі түсті графикалық мониторды қолданған өте ыңғайлы екенін еске сақтаған жөн.  
Дискідегі информация жинақтауыш 
Информация жинақтауыштар – кез келген ЭЕМ-нің қажетті бөлігі – оларды көбінесе информацияның сыртқы жинақтауыштары немесе компьютердің сыртқы жады дейді. Олар көлемді информацияны ұзақ сақтау уақыт үшін қажет және ондағы мәліметтер ЭЕМ-нің жұмыс күйіне байланысты болмайды. Сыртқы жадта кез келген программа немесе жай мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның мәліметтерінің кітапханасы деуге болады.  
ДЭЕМ-дерде информацияны жинақтаушы рөлін магниттік дикілердегі жинақтауыштар атқарады, оларда мәліметтерді тікелей оқуға не жазуға болады. Соңғы кездерде ДЭЕМ-дер үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар – стримерлер шықты, бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы жай жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.  
Магниттік дискідегі жинақтауыштар (НМД – накопитель на магнитных дисках) екі түрлі болады: иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш (ИМДЖ) (НГМД – накопитель на гибких магнитных дисках) және қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш (ҚМДЖ) (НГМД – накопитель на жестких магнитных дисках). 
Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер) информацияны тұрақты сақтауға арналған. 80286 процессорлы IBM PC-де қатқыл дискінің мәлімет сыйымдылығы 20-40Мб, 80386SX,DX және 80486SX (SX- бір процессорлы, DX- екі прцессорлы) – 300Мб-қа шейін, 80486DX – 500 – 600Мб, ал Pentuim – 1-40Гб-қа шейінгі деңгейде немесе одан да жоғары болады.  
Қатқыл диск орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық корпусқа салынып, жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дистеге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады. Иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет көлемі сияды, сондықтан оны пайдалану өте ыңғайлы.  
Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сақтап қою үшін, қатқыл дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек.  
Жұмыс процесінде әр адам өзінің мәліметтері мен программаларының дискіде алатын көлемін білуі тиіс және дискіде қанша бос орын қалғанын қадағалап, дискінің көлемін тиімді пайдалануға тырысуы қажет.  
Иілгіш диск (дискета) – табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пластмассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тіктөртбұрышты ойық бар және мәлімет жазу-оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бастиектің жылжитын орны пластмасса қапшықта ашық болады. 
Дискеттің негізгі параметрі – оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін бір ғана стандарт бар – ол диаметрі 3,5 дюймдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89 мм болады. 
IBM PC XT, AT компьютерлері үшін диаметрі 5,25 дюймдік (133 мм) дискеттер қолданылған болатын.  
Мәлімет жазу не оқу үшін дискет жүйелік блоктағы дискжетектің ұясына салынады. ДЭЕМ-дерде бір немесе екі дискеттер ұясы болуы мүмкін. Дискеттер алмалы-салмалы құрал болғандықтан, олар әрі мәліметті сақтау үшін, әрі компьютерлер арасында мәлімет алмастыру үшін де қажет. 
5,25 дюймдік дискеттер дайындалу сапасына қарай 720кб немесе 1,2Мб информация сақтай алады. 
3,5 дюймдік дискетте екі түрлі көлемде информация жазылады, 1,44Мб және 720кб. 1,44Мб мәлімет жазылатын дискеттің төменгі оң жақ шетінде кішкене төртбұрышты қосымша ойық болады, ал 720 кбкөлемді дискетте ол болмайды. Дискеттер қатты пластмасса  қорапта орналасады, сол себепті олар әрі ұзақ, әрі сенімді қызмет атқарады. Соңғы шығып жатқан ДЭЕМ-дерде 3,5 дюймдік дискеттер ғана қолданылады. 
Дискеттерді мәлімет жазудан сақтау. 5,25 дюймдік дискеттерде мәлімет жаздырмау үшін арнайы ойық бар. Егер осы ойықты қағазбен желімдеп жауып қойса, онда оған мәлімет жаза алмайсыз, яғни бұрынғы информация өзгеріссіз сақталады. Ал 3,5 дюймдік дискеттерде жаңағыдай ойықтың үстінде жылжымалы ілгек бар, оны жоғары-төмен қозғай отырып, мәлімет жазуға немесе жаздырмауға болады. Суретте ілгек рұқсат етілген тәртіпте тұр, мұндайды ойық жабық тұрады. Ойықты ашатын болсақ, оған мәлімет жазуға болмайды. 
Дискетті форматтау (белгі салу). Дискетті алғаш рет пайдалану алдында,оны арнайы тәсілмен форматтайды,яғни беттеріне белгі салады. Форматтау операциялық жүйенің командасымен жүргізіледі. 
ДЭЕМ-дерде бұлардан басқа лазерлік компакт-дискі, магниттік оптикалық дискі немесе  Бернулли  дискілері тәрізді құрылғылар болуы мүмкін. 
Қазіргі ДЭЕМ-дерде көптеген көлемді программалар CD-ROM компакт-дискілеріне жазызылады. CD-ROM дискілерінің мәлімет оқу жылдамдықтары әртүрлі болады, мысалы, жәй жылдамдықты, екі еселенген, төрт еселенген, т.с.с. жылдамдықта бола береді. Соңғы кездері шыққан 6-8 жылдамдықты компакт-дискілер қатты магниттік дискі мен бірдей жылдамдықта жұмыс атқара алады. 
Қарапайым компакт-дискінің көлемі 650 Мб, яғни оған 650 миллион символ сияды, бірақ бұдан тек мәлімет оқуға болады, ал жазуға болмайды. Компакт-дискілерге мәлімет жаздыратын құрылғылар әзірше қымбат тұрады, сондықтан дербес компьютерлер ондай құрылғылармен жабдықталмайды.  
Қазіргі кезде компакт-дискілерде өте сапалы фотосуреттер, фильмдер мен бейнеклиптер жазылып таратылады. Әртүрлі дыбыстық эффектілермен, музыкамен безендірілген ойындар, компьютірлік энциклопедия, үйренуге арналған әртүрлі программалар – барлығы CD-ROM дискілерінде болады.  
Принтерлер мен плоттерлер 
Принтер мәтіндік және графикалық мәліметтерді  компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.Ол рулон қағаз түрінде де, парақ та бола береді. 
Принтерлердің негізгі артықшылығы – олар көптеген қаріп түрлерін пайдаланып, күрделі мәтіндерді басып бере алады. Шрифт түрлеріндегі әріптердің биіктігі, ені, олардың ара қашықтығы, интервалдары әртүрлі болады. Әрбір адам мәтінді қағазға шығарар алдында өзіне керекті қаріп түрін және басқа баспа параметрлерін таңдап, қағаздың мөлшері мен жолдың енін сәйкес күйге келтіріп алуы тиіс.Осыған байланысты матрицалық принтерлердің тар (стандартты бір бет қағаз үшін ) және күймелі (қатар тұрған екі бет қағаз үшін) түрлері бар. 
Жұмыс кезінде компьютердегі мәліметтің (мәтін теруге арналған компьютер жадындағы кеңістік) өте көлемді болатынын білген дұрыс, ол экран мөлшерінен әлдеқайда үлкен болып,мыңдаған жолдардан тұра алады, оның көлемі тек компьютер жадындағы бос орынмен және программа ерекшеліктерімен анықталады.Сол себепті мәлімет қағазға  басыларда, әр жолдың ені анықталып, қаріп ерекшеліктері мен интервалдарға, шеттегі бос орындарға байланысты мәтін беттерге бөлінеді. 
Принтерлер графиктік сызбаларды, суреттерді түрлі түсті етіп басып бере алады, соған байланысты олардың көптеген модельдері бар. 
Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш және термографиктік түрлері бар.  
Соңғы кезге дейін ең көп тараған, арзан, әрі пайдалануға қолайлы лазерлік принтерлер болып саналады, оларда қағазға таңба салу лазерлік сәуле арқылы жүзеге асырылады.  
Матрицалық принтерлерде баспа тиегі қағаз жолдарымен жылжи отырып, керек кезінде бояйтын (көбінесе қара бояу) лента арқылы қағазды символ суретіне сәйкес нұқып отырады. Арзан принтердің баспа тиегінде 9 ине бар, олардың сапасы орташа болады: сапасын арттыру үшін инелер бір жолда жағалап бірнеше рет жүріп өтуі тиіс. Бұларға қарағанда 24 не 48 инелі принтерлер басылымының сапасы жоғары болады. Матрицалық принтерлердің жұмыс өнімділігі 10-60 секундта бір бет аралығында (секундына 20-400 символ) болады, бірақ олардың қағаздағы сапасын арттырғымыз келсе, жылдамдықтан ұтыламыз. Принтерлерді таңдау кезінде олардың латын әрпінен өзге ұлттық әріптерді (қазақ, орыс, ұйғыр) баса алатын мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді. Мұндайда екі түрлі жағдай болуы ықтимал:  
а) орыс, қазақ әріптерінің бейнелері принтер жадына алдын ала қондырылған, сондықтан принтер тоқ көзіне қосылысымен бірден ұлттық әріптерді баса береді. Егер принтердегі әріптердің кодтары компьютердегімен бірдей болса, операциялық жүйелер командаларымен (PRINT, COPY) мәтіндерді қағазға баса беруге мүмкіндік бар. Егер кодтар әртүрлі болса, онда оларды сәйкестендіретін драйвер-программалар қажет. 
ә) ұлттық әріптер принтер жадында жоқ болғанда, алдын ала компьютерге ұлттық әріптерді принтерге шығара алатын драйверді (басқару программасын) жүктну керек. Принтерді немесе компьютерді ток көзінен ағытатын болсақ, ол мүмкіндік жоғалады. 
Сия бүріккіш притерлерде қағаздағы бейне арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді. Бұл принтерлер матрицалық принтерлерден жақсы, сапалы әрі дыбыссыз жұмыс істейді, көптеген қаріп түрлерін қамтиды, дегенмен жоғары сапалы қағаз түрлерін және сияны жиі керек етеді.  
Лазерлік принтерлер – ксерография принціпін қолданатын құралдарға жатады, бұларды әріп бейнелері электірлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер коандалары арқылы лазерлік сәулелермен жүргізіледі. Қағаз бетіндегі бір дюйм аумаққа 300-ден 2400 нүктеге дейін салу мүмкіндігі бар, сол себепті таңбалар саасы жоғары болады. Сонымен, лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады және жылдамдықтары да жоғары-орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 3-15 секундта) басып бере алады. Бірақ лазерлік принтердің бағасы кішігірім ДЭЕМ-нің бағасымен бірдей. 
Плоттер де (график сызғыш) мәліметтерді, негізінен графиктік информацияны қағазға шығарады. 
График сызғыштар жобалау жұмыстарын автоматтандыруда әртүрлі сызба (чертеж) түріндегі бейнелерін басып ылу үшін қажет. Бұлар бір түсті, түрлі түсті болып және де сызу сапасына қарай бірнеше топтрға жіктеледі.  
Компьютерге информация енгізу құрылғылары 
Пернелік тақта. ЭЕМ-ге мәлімет енгізетін ең негізгі құрылғы пернелік тақта болып саналады, ол арқылы мәтіндік информацияны теріп, әртүрлі командалар енгізіп орындауға болады.  
“Тышқан тәрізді қол тетік” пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқаруға арналған. Бұл – тегіс стол бетімен жылдам жылжи алатын, қажет болғанда оның 2-3 батырмасының бірін баса отырып, белгілі бір әрекетті орындауға болатын қолмен басқарылатын кішкене тетік.  
Сканер (ізкескіш) – қағазға жазылған мәліметтің кезкелген түрін (сурет, сызба, кітап мәтіні) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы. Бірақ енгізілген информация графиктік түрге айналып, оны бірден өңдеу ісін жүргізу қиынырақ болады. Ол суреттерді, сызбаларды компьютер жадына енгізе алады, мәлімет енгізу оңай, әрі жылдам орындалады.   
  

Windows жүйесіндегі терезелерді пайдалану

Windows жүйесіндегі  терезелерді пайдалану 
Терезелермен орындалатын негізгі операциялар 
Бұған дейін айтыоғандай , Windows жүйесіндегі кез келген программа терезе ішінде орындалады, сол себепті тереземен атқарылатын амалдарды (көлемін өхгерту, экран бетінде жылжыту, терезені үлкейту және кішірейту) орындай білу қажет. 
Терезенің аумағын өзгерту 
Терезенің көлемін кез келген бағытта өзгерту мүмкіндігі бар. Тышқан курсорын терезенің төрт жақтауының кез келгеніне орналастырғанда, ол тілсыздық күйіне келеді. 
Тышқан курсоры өзінің сыртқы бейнесін өзгертісімен, яғни екі жақты көлденең тілсыздыққа айналысымен, терезенің енін өзгерте аламыз. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, терезенің тік жақтауын солға не оңға жылжыту («ал да, тасы» принцмпі бойынша) керек. Тышқанның батырмасын жіберсеңіздер, терезе енінің өзгергенін көресіздер. 
Ал терезенің ұзындығы мен енін қатар өзгерту үшін, тышқан курсорын терезенің төрт бұрышының біріне, яғни қабырға сызықтары қиылысқан жеріне алып бару керек. Бұл сәтте курсор екі жақты көлбеу тілсызық түріне келеді де, ол өз бкезегінде терезе аумағын алдыңғы айтылған тәсілмен бірдей екі бағытта өзгерту мүмкіндігін береді. 
Терезенің орнын ауыстыру 
Терезенің экран бетімен жылжытып, оның орнын ауыстыру үшін курсорды тақырып жолына алып барамыз. Мұндайда курсордың сыртқы пішіні өзгермеуі тиіс, бірақ бағыттауыш тілсыздық ұшы көк тіктөртбұрышқа түскенде ғана операцияны орындауға болады. Ол үшін тышқан батырмасын басып, оны сол басулы күйінде жібермей ұстап тұрып, «ал да, тасы» принципі бойынша курсорды жаңа орынға жылжытамыз. Курсорды жіберген сәтте терезе жылжып барған жаңа орында бекітіліп сақталып қалады. 
Терезелерді басқару 
Windows қолданбалы программаларының барлық терезелерінде тақырып аймағының сол жағында орналасқан терезелерді басқаруға арналған жүйелік меню батырмасы шертсек, Жүйелік меню ашылады.  
Востановить 
Переместить 
Размер 
_ свернуть 
Развернуть 
Х закрыть alt+f4 
Жүйелік меню 
 
Программа терезесінің жүйелік менюінің үш командасы басқару батырмаларының орындайтын әрекетін қайталайды. 
1. кішірейту 
2. «үлкейту-қалпына келтіру» батырмалары 
3. жабу батырмасы  
Қажетті команданы жүйелік менюден таңдау немесе соған сәйкес батырманы шерту бірдей жұмыс атқарады. Мөлшері және Жылжыту тәрізді екі команда терезенің көлемін перне арқылы басқаруға арналған.  
Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері. 
1981 жылы MS(PC)-DOS операциялық жүйесі IBM дербес компьютерлермен бір мезгілде пайда болып,әрбір компьютерге орналастырылған болатын. 
MS-DOS операциялық жүйесі тек бір адамның жұмыс істеуіне арналған болатын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешетін, оның үстіне MS-DOS операциялық жүйесі компьютердің тек 640 кб жедел жадын ғана (RAM) пайдалана алатын еді. 
Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланатын негізгі интерфэйс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарды. Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқаруға арналған қажет жүзден астам командалар пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды. 
Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және жұмыс істеуге өз септігін тигізді. 
Windows жүйесінің негізгі функциялары 
Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows ортасының негізгі ядросы, жедел жадты басқаратын ішкі жүйесі, файлдық жүйесі, енгізу-шығару құрылғыларымен жұмыс істейтін драйверлері, т.б. жүйелері бар. Ол жұмыс кезінде мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс: 
-компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару; 
-файылдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету; 
-қолданбалы программаларды іске қосу. 
Бұған қоса WINDOWS жүйесі: 
-бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін; 
-әр түрлі программалар арасында мәліметтер алмасуын; 
-масштабталатын шрифтерді сүймелдеуді; 
-мультимедия мүмкіндіктерін пайдалануды; 
-біріңғай анықтамалық жүйе жұмысын қамтамасыз ете алады 
WINDOWS жүесінің негізгі ұғымдары 
Терезе экранның төртбұрышты қоршаулы аймағы. Онда әр түрлі программалар орындалады. Кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Терезе шекаралары- бұл терезенің периметр бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Қолданбалы программа терезесі-бұл терезеде негізгі қолданбалы программалар жұмысы атқарылады. Ол экранның бөлігін немесе оны толық алып тұра алады. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез келген қолданбалы программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады, бірақ олардың негізгі элементтері бірдей болып жасалған. Егер терезені жбатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаың жұмысы да аяқталады.  
Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшері болады, сондықтан информация көп болса, ол терезеге симай қалады. Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде (төменгі шетінде) айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады. Бұл элементтің пайда болуы осы мезетте терезе ішіне симай сыртта орналасқан информацияның бар екенін көрсетеді. 
Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады: 
-толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады; 
-қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады; 
-белгіше (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.

Информация о работе Ақпарат және информатика