Ақпарат және информатика

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 00:00, реферат

Краткое описание

Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың кұрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика - ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердін өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі.

Файлы: 1 файл

Ақпарат және информатика.docx

— 153.14 Кб (Скачать)

 

 

Информация - информатика 

Информация және информатика 
1.1. Информация 
Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі информация аламыз. 
Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-бірімен сөйлесуі де информация түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады. 
Адамдардың араласуы мен бірге жүруі - жұмыс істеу, оқу және ойнау - информация алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген информациялар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.  
Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, информация алмасу тек ауызба-ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу-жазу арқылы да беріле бастады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу - адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек мағлұмат пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыныларын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді.  
XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап шығару ісін жолға қойып, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізуге мүмкіндік жасады. Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару, көпшілік кітапханаларының ашылуы адамзатты жалпы сауаттылыққа жетелеп, мәдениеттің жаңа даму кезеңін бастады деуге болады. 
ХІХ-ХХ ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы информацияны кез келган қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге мүмкіндік берді. Ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүниеде не болып жатқанын біліп, кино, спектакльдерді көріп, оқып үйрену бағдарламаларын толық жүзеге асыра алатын күйге жеткізді. 
Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін XX ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ, шет елдерде олар компьютер деп аталады) берді. ЭЕМ-дер әуелде есеп-қисап жұмыстарын автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен олардағы мәліметтерді магниттік таспаларға жазып, қағазга басып, ЭЕМ экранына шығару қасиеттері бар екені анықталды. Оларды дамыта отырып, архив жасау ісінде, мәтіндерді теріп түзетуде, сызу мен графикалық жұмыстарда, өндірісті автоматтандыруда және де басқа адамның көптеген қызмет салаларында қолдана бастадық 
"Информация" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз. 
Сабақ үстінде мұғалім жаңа информацияны оқушыларға жеткізеді, ал оқушылар оны қабылдап, мағынасын түсініп, естерінде сақтайды және жауап береді. Оқып үйренуге керекті информацияны компьютерден де алуға болады, мәселен ол суреттерді, оған қажет түсіндіру мәтіндерін, тексеру сүрақтарын арнайы программа көмегімен экранға шығарып береді. 
Біз өзімізге қажет информацияны оқулық пен кітаптардан, газет-журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдерден алып, керектілерін дәптерге конспект түрінде жазып аламыз. Өндірістегі информация жиыны сызулар мен мәтіндер түрінде, анықтамалар мен есеп беру, кестелер түрінде кездеседі. 
Осындай информацияларды ЭЕМ арқылы да алуға болады. Информация кез келген түрде бізге белгілі бір мағлүматтар береді. Ол біздің айналамызда не болғаны немесе не болып жатқаны туралы деректер бере алады, мысалы: кеше не істедік, ертең не істейміз, мектеп бітіру кешінде қандай көйлек киеміз немесе қайда жүмыс істейміз деген сүрақтарға жауап бере алады. Бірақ информация әрқашан белгілі бір түрде - әңгіме, сурет, мақала және т.б. түрінде болуға тиіс. Сызулар мен музыкалық шығармалар, кітаптар мен суреттер, спектакльдер мен кинофильмдер - бәрі де информацияны жеткізу түрлері болып саналады. Қандай түрде берілсе де информация өзімізді қоршаған ортаның нақты немесе қиялдағы көрінісі болады. 
Жалпы түрғыдан алғанда, информация - таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Информация алу дегеніміз - бізді қоршаған қүбылыстар меи нысандардың өзара байланыстары, қүрылымы шмесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлүматтар мен мәліметтер алу дегш сөз. 
Сонымен, информация - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. 
Информацияның түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін - дәлдігі мен толықтығын, бағалылығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі. Информация істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ информация оны түсінбеушілікке және соған байланысты теріс шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін.  
Егер информация оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Информацияның толық болмауы ол жөнінде белгілі бір түжырымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке ұрындыруы мүмкін. Информацияның бағалылығы, оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады. Өзекті (дер кезінде берілген) информация жүмыс шарттары өзгерген жағдайда өте керек болады. 
Егер бағалы, әрі өзекті информация түсініксіз сөздермен жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі. Егер информацияны пайдаланушылар тілінде жазса, ол түсінікті болады.  

Информация түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба  және т. б. Қоғамның даму кезеңдерінде адамдар көптеген тілдерді пайдаланды, олар: қимылдар мен мимика тілі, сызу-сурет  тілдері, музыка тілі мен сөйлесу  тілдері, т.б. Көптеген тілдердің негізі алфавит (әліпби) болып саналады.  
Алфавит - белгілі бір тілдің кез келген сөздерін құрай алатын символдарының жиыны. 
Алфавит мысалдары:1. Латын алфавиті: A, B, С, D, E, F, G, H, I, J, K, L, M, N, О, Р, Q, R, S, T, U, V, W, X, Ү, Z. 
2. Қазақ алфавиті: А, Ә, Б, В, Г, F, Д, Е, Ё, Ж, 3, И, Й, К, Қ, Л, 
м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ъ, 
Ы, I, Ь, Э, Ю, Я. 
3. Табиғи (натурал) сандар алфавиті: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. 
4. Екілік сандар алфавиті: 0, 1. 
Екілік сандар алфавитінің қарапайымдылығы оны есептеу техникасында кең қолдануға мүмкіндік берді. 0 жәж 1 мәндері ЭЕМ-дерде "магниттелген - магниттелмеген", "заряды бар - заряды жоқ", "іске қосылған - қосылмаған" деген сияқты және тағы да басқа физикалық қалыптармен көрсетіледі. Екілік сандар көмегімен кез келген алфавиттің символдары кодтар түрінде таңбалана алады, яғни бұл - кез келген тілде жазылған мәлімет екілік кодтар түрінде бейнелешді деген сөз. 
Мысалы, ЭЕМ-де латын, қазақ алфавиттерінің әріптері және цифрлар 0 мен 1 тізбегінен тұратын сегіз екілік таңбамен бейнеленеді: 
Әріп Код Әріп Код Сан Код 
A 10000000 A 01000001 0 00110000 
Ә 11110000 В 01000010 1 00110001 
Б 10000001 С 01000011 2 00110010 
В 10000010 D 01000100 3 00110011 
Г 10000011 Е 01000101 4 00110100 
F 11110001 F 01000110 5 00110101 
"AHA" деген сөз 24-разрядты мынадай екілік сандармен бейнеленеді: 
AHA - 10000000 10001011 10000000 
Компьютердің жадында сақталатын информацияның барлық түрлері - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары - бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады. Бит - ағылшын тіліндегі bit (binary digit - екілік таңба) деген қысқарған сөз. ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды "байт" (ағылшынның byte деган сөзінен) деп атау келісілген. 
Сонымен 1 байт бір-бірімен қатарласа тізбек түрінде орналасқан 8 биттен тұрады, мысалы, Е - 10000101, е - 10100101, / - 00101111, 8 - 00111000 
т.с.с. 
Кез келген ондық сан белгілі бір ереже арқылы екілік санға айналады және екілік санды қайтадан ондық санға айналдыру қиын емес. Ал әріптер мен символдарға келетін болсақ, олар ретті түрде жазылып, әрқайсысы тұрған нөміріне сәйкес екілік кодқа ие болады. Екілік сандарды ондық сандар тәрізді қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады.  
Екілік сандарды ондық сандарға айналдыру ережесі қиын емес, ол үшін мына жолдарды карастырайық. 
Ондық сан: 010 1Ш 210 310 410 510 610 1010 11]0 
Екілік сан: 02 12 102 112 1002 1012 1102 10102 1011, 
Мұнда жоғарғы жолда 1-ден 11-ге дейінгі ондық сандар, ал төменгі жолда соларға сәйкес екілік сандар жазылған. Екілік сандарды ондық сандарға айналдыру олардың әрбір разрядын (1 немесе 0 санын) түрған орнына байланысты екінің дәрежелеріне - 1, 2, 4, 8, 16, т.с.с. көбейтіп, шыққан сандарды қосу арқылы жүргізіледі. Мысалы, 1011 болып жазылатын екілік сан ондық санға былай түрлендіріледі: 23 22 21 2° - екінің осындай дәрежелері санның разрядтарымен көбейтіліп қосылады 1 0 1 12 = 1*23+0*22+1*2'+1*2°=8 + 0 + 2+ 1 =11]0 
Керісінше ондық сандарды, екілік сандарға айналдыру үшін: сол санды екіге бөлеміз, шыққан бөліндіні тағы екіге бөлеміз, одан шыққан санды да, осылайша бөлінді бірге тең болғанша, біртіндеп екіге бөле береміз. Ең соңғы бөліндіден басталып жазылатын қалдық сандар тізбегі ізделініп отырған екілік 
санның таңбаларын құрайды. Енді 12 ондық санын екілік санға айналдыру мысалын қарастырайық: 
12│ 2 
12│ 6 │ 2 
0 6 │ 3 │ 2 
0 2 | 1 

Нәтижесі - 11002деген екілік сан болып шығады. 
1.2. Информатика 
Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, 
сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылық- 
тары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. 
Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ- 
дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді. 
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын 
ғылыми пән болып саналады да, оны оқып-үйрену күннен күнге күрделіленіп барады. Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан "информация" ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі. 
1.3. Информация және есептеу машиналары 
Бұл күнде ЭЕМ информацияны өндірудің ең негізгі құралы болып саналады. 70-жылдарда электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін - жеке пайдаланылатын дербес компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты. Олар қазір де мектептерде, институттарда, баспаханаларда, т.б. орындарда кеңінен қолданыла бастады. Мұндай компьютерлерді оқуда, жұмыста, ойнау үшін, тағы да басқа көптеген мақсаттарда пайдалануға болады. Осы компьютерлерді өндіріс пен жобалау ісінде, ғылыми-зерттеу істері мен білім беруде пайдалану миллиондаған адамдардың жүмыстарының мазмүны мен 
орындалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге болады. 
Ең алдымен ЭЕМ-дер өндірістің автоматтандырылған технологиясын жасауға мүмкіндіктер ашып береді. Оның үстінг, сол технология көмегімен ЭЕМ-дермен басқарылатын жаңа машина, құрал-сайман және құрылғылар жасалынады. 
Осылардың негізінде XXI ғасырдың басында есептеу машиналары "адамсыз" жүмыс атқара алатын өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отыр. Осы сияқты "болашақтың" фабрикаларында қолмен істелетін жұмыстардың бәрін роботтар орындайды да, адамдардың рөлі өндірісті жоспарлау, роботтар жұмысын басқару және ЭЕМ көмегімеи жаңа бұйым жасау істерін жобалау ғана болып қалады. 
Бүгіннің өзінде-ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ-дерді пайдалану адамдарға информацияны жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлатып, жобалау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік берді. ЭЕМ-дер мектептерге келе бастады, олар физика мен математика, химия мен биология сияқты және басқа да пәндерді оқып-үйрену ісіне үлкен көмек береді. 
ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау және оларды өз жұмысында пайдалана білу бұдан бұрынғы аталарымыздың қаламсаппен сауат ашқаны сияқты, алдағы 10-15 жылда біздер үшін ең керекті зат болып, компьютерлік сауаттылықтың негізін қалайды. 
Компьютерлік сауаттылық деп компьютерді пайдалана отырып, оқу, жазу, есептеу, сурет салу және информация іздеу жолдарын меңгеруді айтады. 
ЭЕМ-ді жұмыста тиімді пайдалану белгілі бір мәдениет иесі болуды талап етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып саналады. Ол үшін ЭЕМ-нің нггізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар: мәселелерді (есептерді) айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және ЭЕМ-ге түсінікті түрде жазу; есеп шығаруға керекті мәліметтерді айқындай білу мея алынған нәтижелерді талдау тәсілдерін әрбір адамның жетік меңгеруі болып табылады. Мұндай мәдениеттілікті игеру логика мен информатика заңдарын білуге барып тіреледі. 
1.4. Жаца информациялық технологиялар. Кәдімгі информациялық технологиялар деп көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады. Жаңа информациялық технологиялар деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы - әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы – информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өндеу технологияларын айтады. 
Информациялық процестер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау жөне түрлендіру процестері. 
Дербес ЭЕМ-дер - жұмыста жөне үйде адамның пайдалануына арналған шағын компьютерлер. Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар және әртүрлі құжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады. Мұндай жұмыста компьютерлердің баспа машинкаларынан артықшылығы талас тудырмайды, олар: қателердің азаюы, материалдарды дайындау жылдамдағының өсуі, оларды безендіру сапасының да артуы. Басып шығарылуға тиіс әдебиеттің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін лазерлік принтері бар компьютерлер негізінде істейтін шағын баспа жүйелері одан да ыңғайлы жабдық болып есептеледі. 
Сондай-ақ жаңа информациялық технологиялар дегеніміз - ЭЕМ жадындағы сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтер мен кітапханалардағы информацияларды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға бо латын ә р т ү р л і мәліметтер базасы мен 
информациялық жүйелер. Жаңа информацияльщ технологиялардың дамуын ЭЕМ желілеріне негізделген электрондық почтасыз, байланыс желілері мен информациялық коммуникацияларсыз көзге елестету мүмкін емес. 
Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен, информациялық қорлармен толық қамтамасыз етсек, информацияны пайдалану, алу және тарату істерін ұйымдастыру жаңа сатыға көтеріледі. Олар бұған дейінгі қолданылған "қағаздағы" информацияны алу мен таратуды толықтыра отырып, қоғамымызды ақпараттандыру процестерін арттыра түседі. Жаңа информациялық  технологиялардың жан-жақтылығын дүрыс түсіну үшін "технология" ұғымының мәнін ашып алу қажет. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде "технология" деп белгілі бір бұйымдарды жасау кезіндегі тәсілдер жиынын айтатын еді. 
Өндірістің күрделіленуі, оны механикаландыру мен автоматтандыру технология ұғымын машиналар, механизмдер, құрал-саймандар және т.б. өндіруді ұйымдастыру тәсілдері мен оған керекті техникалық жабдықтар жиыны ретінде қабылдауды қалыптастырды. 
Есептеу машиналарын басқару құрылғылары ретінде пайдалану мен автоматтандыруға негізделген осы кездегі жаңа өндіріс технологиялары оны қайта құру істері мен оған кететін жұмыс көлемін әлдеқайда оңайлатып жіберді. Осыған орай қазіргі "технология" ұғымына, аз дегеннің өзінде үш компонент - өндіріске керекті жабдықтар, оны құрастыру тәсілдері мен оны ойдағыдай ұйымдастыру жолдары және оның ішіне мәліметтер базасы мен білім базалары, ЭЕМ-да жобалау жабдықтары және т.б. компьютерлік техникалар кіреді. Бірақ олардың бәрі де мәліметтер базасы мен информация қорлары бар, ЭЕМ арқылы жобалау жабдықтары және т.с.с. мүмкіндіктері бар компьютерлік техникаға негізделгеи болуы тиіс. Ал бұларды қарастыру үшін ЭЕМ жұмысын қалай басқаруға болатынын анықтайтын программаларды білуіміз керек. Кез келген жаңа жұмысқа ЭЕМ-ді пайдалану үшін оған жаңа қосымша қүрылғылар алғаннан гөрі соған керекті жаңа программалар aлy қажет болады. 
ЭЕМ жұмысында программалар оның іс-әрекетінің реттілігі мен ережелерін және оған қосылған құрылғылардың да қызмет ету ерекшеліктерін анықтауға жол ашады. Әрбір компьютердің программалар жиыны оны пайдаланудың бар мүмкіндіктерін анықтап береді. Егер программалары болмаса, машина ешқандай да жұмыс атқара алмайды. 
Кез келген ЭЕМ-мен жұмыс істеу  оның программаларын оқып үйренуден басталады. Ал әрбір үлкен, орташа, шағын немесе дербес ЭЕМ түрлерінде көптегеы программалық жабдықтар бар, сондықтан ЭЕМ-ді үйрену оның программаларымен танысудан басталады. 
Сұрақтар 
1. Компьютерлік сауаттылық деген не? 
2. Информатика ұғымының анықтамасы. Информатика нені оқытады? 
3. Информатика кеге күнбе-күн дамып отыратын ғылым? 
4. Информация дегеніміз не? 
5. Информация берудің екілік жүйесі деген не? Бит, байт ұғымдарын қалай түсінесіз? 
6. Информацияның қандай түрлерін білесіздер? 
7. Информациялық технология деген не және оның жаңа информациялық технологиялардан айырмашылығы неде? 
8. Информациялық процестер дегее не? 
9.Дербес компьютер деп қандай ЭЕМ-дерді айтады? 
10. Ертеңгі күннің технологияларында ЭЕМ программаларының атқаратын рөлі қандай?

 

 

Дербес компьютердің негізгі элементтері

 
Реферат 
Дербес компьютердің негізгі элементтері 
Қауiпсiздiк шаралары  
Компьютердің iшкі құрылысын қарастырмас бұрын қауіпсіздік шараларын ескерген артық болмас. Сіздің көптеген ic-әpeкeттepiңiз сізге емес сіздің құрылғыңызға көп әсерін тигізуі мүмкін. Қоректену блогын ескермегенде, қолданбалы компьютердің iшкi қуаты адамға қayin әкелмегенімен сезімтал электронды компоненттерді зақымдайды. 
Төменде келтірілген ережелер таныс болғанымен ескерте кеткенді жөн көрдік: Қолданбалы компьютердің корпусын ашатын қандайда болмасын жұмысты бастамас бұрын розеткадан вилканы ажырат. Көп жағдайда қолданушы Вкл/Выкл кнопкасын басумен шектеледі, бipaқ оның сұранысты орындау ықтималдығы төмен. Толық көз жеткізу үшін қоректену шнурын ПК-ның артқы панелінен немесе қабырғадағы розеткадан ажыратқан жөн. Бойыңызда қалған статикалық электрді кетіру үшін, арнайы браслет киген жөн. Бұл әcipece қыс айларында қажет, өйткені бұл кезде бөлмедегі жылы құрғақ aya статикалық электрдің жиналуын көбейтеді. Сіздің компьютеріңіздегі барлық электронды компоненттер бip ғана разрядтан істен шығуы мүмкін. Егер сізде антистатикалық браслет болмаған жаудайда, компьютердің металл корпусына немесе қоректену блогының корпусына қолыңызды тигізіңіз. Сонымен қатар үйдегі жылу батареясын ұстап көруге болады.  
Кең жұмыс орнын таңдаңыз. Бөлшектелген компьютер маңына жайма немесе сүлгі төсеген жөн. Ол майда винттардың жоғалмауын қамтамасыз етеді. 
Ескерту: Егер сіз өз компьютеріңіздің корпусын ашып қойсаңыз кепілділік уақытын жоғалтуыңыз мүмкін. Сондықтан алдымен кепілдік берушінің шарттарымен танысыңыз.

Desktop және Tower  
    

 ПК-ның негізінен  екі түрлі компоновкасы бар: Desktop және Tower  
Desktop моделі әртүрлі көлемде болады, мысалы full-size, baby-AT немесе slim-sized аттарымен беріледі. Алайда барлығы компьютердің үстелде көлденең орнатылатын моделін көрсетеді. Tower моделі де әртүрлі болады: mini-tower, midsize-tower, big-tower және т.б.  
Егер анықтап қарасаңыз tower қабырғаға тікесінен қойылған desktop. 
Tower моделі үстел үстінде аз орын алады, ал үлкен tower iшкi дисководқа қосымша орын ұсынады. ПК-ның қандай моделін алсаңызда (tower немесе desktop) барлық компьютерге жалпы элементтерді аңғарасыз. Бұл ең алдымен бip немесе бірнеше дисководтар, олар иілгіш (гибкий) диск дисководы, CD-ROM дисководы, DVD дисководы, магниттік лента, резервті көшіру құрылғысынан және ауыспалы қатты диск дисководы болуы мүмкін 
ПК-ның алдыңғы панелінде Reset кнопкасы бар. Ол негізінен Power кнопкасының қасында орналасады. 
Power кнопкасы қоректену блогына келген тоқты жүйелік платаға жіберу үшін қолданылады. Reset кнопкасы ПК-ды қайта жүктеуге арналған, яғни компьютерді өшipiп қайта қocуғa болатын процедура. Бұл салқын қайта жүктеу (холодная перезагрузка) процедурасы деп аталады. (Горячая перезагрузка)-мұнда әрдайым қоректену жүреді, (Холодная перезагрузка) -қopeктенy өшірілгенде жүрeдi. Олардың арасындағы айырмашылық осы электро қоректенгіштің болу немесе болмауымен жүреді. Холодная перезагрузка - бұл кардиналды процесс, мұнда бірнеше жүйелік кэштер немесе жадыда болуы мүмкін берілгендер жойылады және онда кеңістіктен орын алады. Салқын түрде қайта жүктеуде POST (Power-On Self-Test -жүктелу кезінде өзін-өзі тестілеу)орындалады. Ал ыстық түрде жүктелуде сезімтал электронды компоненттерге үлкен қayiп әкелмейді. 
ПК-ның сыртқы компоненттерінің идентификациясы 
ПК-ның iшкі құрылысымен жұмыс істемес бұрын компьютердің сыртқы бөлігінде орналасқан разъемдармен толық танысайық. Әдеттегідей олардың көпшілігі ПК-ның артқы панелінде орналасқан. Төменде көрсетілген разъемдарды компьютердің артқы панелінен көруге болады: 
 

Тізбектелген (последовательный) порт. Бұл тізбектелген құрылғыларды (яғни тізбектеліп берілетін информациялар  биті) қосуға арналған: модемдер, принтерлер және т. б. Параллельді порт. Параллельді  принтерлерді және ауыспалы тасымалдағыштағы кейбір сыртқы жинақтағыш түрлерін қосуға арналған. VGA видео порты. Бұл сіздің мониторыңызды қосатын орын. Клавиатура порты. Мұнда сіздің клавиатураңыз  жалғанады. Ол үлкенірек АТ-сияқты разъем немесе кішірек РС/2 сияқты разъемдардың біреуінен тұрады. USB порты (Universal Serial Bus). Бұл 127 құрылғы жалғауға болатын 12 МБит/сек. жылдамдықпен мәліметтерді беру мүмкіндігі бар интерфейс.  
ПК-дың компоненттерінің ішкі идентификациясы 
Ал енді ПК-дің ішкі негізгі компоненттерімен танысайық. 
Системалық плата  
ПК-дың корпусын ашып, сіз негізгі системалық платаңызды көре аласыз. Егер компьютер корпусы desktop болса, системалық плата оның түбінде орналасады, ал tower модельді болса, қабырғасына тұруызылады. ПК-дың басқа да компоненттері системалық платаға тікелей немесе онда орналасқан көптеген разъемдардың біріне немесе кеңейту картасы арқылы жалғанады. 
  
Микропроцессор  
Микропроцессор системалық платаның ұяшығына немесе слотына орналасады және ол компьютердің миы деп есептелінеді. Ертеректегі 486 модельді компьютерлерде микропроцессорлар системалық платаға жабыстырылып шықты. Көптеген ертедегі микропроцессорлар квадрат тәрізді формада болды. Алайда Pentium ІІ-ден бастап Іntel компаниясы микропроцессорларды VHS видеокартасынан кішірек контейнерларға орналастырып шығарды. Pentium ІІ процессорының ерекшелігі CPU бар контейнер системалық платаның ұяшығына орналаспайды. Pentium ІІ және одан кейінгі модельдер системалық платаға арнайы осы процессорларға арналған слоттар арқылы жалғанады. Микропроцессорлар компьютерге енгізілген программалардағы командаларды орындайды, мысал ретінде 80486, Pentium, Pentium Pro, Pentium ІІ, Pentium ІІІ және қазіргі таңдауы Pentium ІV микропроцессорларын айтуға болады. Көп жағайларда микропроцессор радиатормен жабылып тұрады. Радиатор микропроцессор бөлетін жылуды төмендетуге қолданылады. 
 

Жады  
Сіздің компьютеріңіздің жадысы (немесе RAM) SІMM модульді болуы мүмкін (Single Іnline Memory Module - жады микросхемасының бip ретпен орналасқан модулі). SІMM системалық платадағы слотқа орналастырылатын, ұзындығы шамамен 10.5 см болатын электронды модуль. Қазipгi жаңа компьютерлерде SІMM модулі DІMМ-мен (Dual Іnline Memory Module -жады микросхемасының екі қатармен орналасқан модулі) орын алмастырылған. Осы екі түрлі жады модулін салыстырсақ DІMM SlMM-ның үлкейтілген түрі деп айтуға болады. Жады көлемі мен дискілік кеңістік бір өлшеммен (МБайт) өлшенгенімен бұл екеуін шатастыруға болмайды. ПК-да жады программаларды және уақытша информациялардың мазмұнын жіктеу үшін, ал дискілер файлдарды ұзақ сақтау үшін қолданылады.  
  
Дисководтар  
Әдетте ПК екі түрлі дисководтан тұрады. Иілгіш (гибкий) диск (FDD- floppy disk drive) және қатты диск (HDD- hard disk drive) дисководтары. Алғашқыда иілгіш дискілер дисководы сыйымдылығы 160 КБайт болатын 5.25 дюймдік дискеталармен жұмыс істеді. Нәтижесінде көрсетілген дискета сыйымдылығы 1.2 МБайтқа жетті және олар 3.5 дюймдік дискеталармен алмастырылды. Одан кейін сыйымдылығы 720 КБайттан 1.44 МБайтқа дейін өсті. Бұлар қазір де тұтынылуда. Қазіргі таңда барлық ПК-лер 3.5 дюймдік дисководтармен қамтылған. ПК қатты дискілермен 1984 жылдан, яғни ІBM өзінің алғашқы PC/XT моделін шығарғаннан бастап қамтылған. Қатты дискілер ПК-дың кез-келген ішкі бөлігінен орын алуы мүмкін. Олар қара немесе күміс түстес сұр ленталық кабель жалғанған 1 дюймдік қалыңдықтан аспайтын корпустан тұрады. Қатты дискілер әдетте ПК-дың ішінде орналасады және сырттан көрінбейді.  
 

Кеңейту картасы  
Кеңейту картасы ( немесе интерфейс картасы ) компьютерге әртүрлі құрылғыларды жалғауға мүмкіндік беретін электронды плата. Кеңейту картасының түрлері өте көп. ПК-ға кеңейту картасын орнату үшін системалық платаның бір слотына орналастырып қояды.  
Ескерту: Кеңейту картасын компьютер қосылып тұрғанда қосуға немесе ажыратуға болмайды, өйткені картаңыз немесе системалық платаңыз істен шығуы мүмкін. 
Кеңейту картасының ең түпкі өкілі видеокарта. Ол компьютерге мониторды қосуға арналуан. Егер ПК- дың мониторының артын қарайтын болсаңыз ол кеңейту картасының бір разьемына қосылып тұр. Бұл сіздің компьютеріңізді видеокартасы.  
  
Кейбір ПК- да видеосистеманың электронды схемасы тікелей системалық платаға орналасқан. Бұл бөлек видеокартаны қажет етпейді. Оны мына төмендегі суреттен көре аласыз.  
  
Кеңейту картасының мынадай түрлерін орналастыруға болады:  
1. Ішкі модемдер. Басқа модемдермен телефон арқылы байланыс жасауға арналған.  
2. SCSІ карта (Small Computer System Іnterfase – кіші есептеу жүйесінің интерфейсі).Компьютерге сканер және сыртқы дисководтар тәрізді SCSІ құрылғыларын жалғауға арналған.  
3. Желілік карта – ПК- ді локальді желіге қосуға арналған.

 

Ақпараттық жүйелерді қорғау

 
Жоспар 
Кіріспе 
Ақпараттық қауіпсіздік 
Ақпараттық қауіпсіздік саясаты  
Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері 
Қорытынды 
Қолданылған әдебиет 
Кіріспе 
Хабарлар тасымалданатын байланыс арналары көбінесе қорғалмаған болып келеді және осы арнаға қатынас құру құқығы бар кез келген адам хабарларды қолға түсіре алады. Сондықтан тораптарда ақпаратқа біраз шабуылдар жасау мүмкіндігі бар. 
Бұзушы - тиым салынған операцияларды қателескендіктен, білместіктен орындауға әрекет жасаған немесе ол үшін саналы түрде әртүрлі мүмкіншіліктерді, әдістерді және құралдарды қолданатын тұлға. 
Бұзушының үлгісін зерттеген кезде мыналар анықталды: 
21 Қатарларында бұзушы болуы мүмкін тұлғалардың санаттары жойында жорамалдар; 
22 Бұзушы әрекетінің себептері туралы жорамалдар; 
23 Бұзушының біліктілігі және оның техникалық жабдықтанғандығы жөнінде жорамалдар; 
24 Бұзушының ықтимал әрекеттерінің сипаты туралы жорамалдар. 
Ақпаратты қорғау құралдары - мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қорғауға арналған техникалық, криптографиялық, программалық және басқа да құралдар, олар жүзеге асырылған құралдар, сондай-ақ, ақпарат қорғаудың тиімділігін бақылау құралдары.  
Ақпараттық қорғау жүйесі жобалау әр түрлі жағдайда жүргізілуі мүмкін және бұл жағдайларға негізгі екі праметр әсер етеді: ақпарат қорғау жүйесіне арнап әзірленіп жатқан деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесінің қазіргі күй-жағдайы және ақпаратты қорғау жүйесін жасауға кететін қаржы мөлшері. 
Ақпаратты қорғау жүйесін жобалау мен әзірлеу келесі тәртіп бойынша жүргізуге болады: 
- қорғанылуы көзделген деректердің тізбесін және бағасын анықтау үшін деректер өңдеу жүйесін қойылған талдау жасау; 
- ықтимал бұзушының үлгісін таңдау; 
-ықтимал бұзушының таңдап алынған үлгісіне сәйкес ақпаратқа заңсыз қол жеткізу арналарының барынша көбін іздеп табу; 
- пайдаланылатын қорғаныш құралдарының әрқайсысының беріктілігін сапасы мен саны жағынан бағалау; 
- орталықтанған бақылау мен басқару құралдарын әзірлеу; 
- ақпарат қорғау жүйесінің беріктілігінің сапасын бағалау.   
Ақпараттық қауіпсіздік 
Ақпараттық қауіпсіздік — мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. 
Ақпаратты қорғау  —  ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады. 
Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, программалық, техникалық шаралар қажет. 
Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық. 
Қол жетерлік (оңтайлық) - саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қол жеткізерлігі - ақпараттың, техникалық құралдардың және өңдеу технологияларының ақпаратқа кедергісіз (бөгетсіз) қол жеткізуге тиісті өкілеттілігі бар субъектілердің оған қол жеткізуін қамтамасыз ететін қабілетімен сипатталатын қасиеті. 
Тұтастық - ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы. Ақпарат тұтастығы деп ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған (бұзылған) кезде есептеу техника құралдарының немесе автоматтандырылған жүйелердің осы ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін қабілетін айтады. 
Жасырындылық - заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау. 
1983 жылы АҚШ қорғаныс министрлігі қызғылт сары мұқабасы бар «Сенімді компьютерлік жүйелерді бағалау өлшемдері» деп аталатын кітап шығарды. 
Қауіпсіз жүйе - белгілі бір тұлғалар немесе олардың атынан әрекет жасайтын үрдістер ғана ақпаратты оқу, жазу, құрастыру және жою құқығына ие бола алатындай етіп ақпаратқа қол жеткізуді тиісті құралдар арқылы басқаратын жүйе. 
Сенімді жүйе - әр түрлі құпиялық дәрежелі ақпаратты қатынас құру құқығын бұзбай пайдаланушылар тобының бір уақытта өңдеуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ақпараттық және программалық құралдарды қолданатын жүйе. 
Жүйенің сенімділігі (немесе сенім дәрежесі) екі негізгі өлшемі бойынша бағаланады: қауіпсіздік саясаты және кепілділік. 
Ақпараттық қауіпсіздік саясаты 
Қауіпсіздік саясаты -  мекеменің ақпаратты қалайша өңдейтінін, қорғайтынын және тарататынын анықтайтын заңдар, ережелер және тәртіп нормаларының жиыны. Бұл ережелер пайдаланушының қайсы кезде белгілі бір деректер жинағымен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Қауіпсіздік саясатын құрамына мүмкін болатын қауіптерге талдау жасайтын және оларға қарсы әрекет шаралары кіретін қорғаныштың белсенді сыңары деп санауға болады. 
Қауіпсіздік саясатының құрамына ең кемінде мына элементтер кіруі керек: қатынас құруды ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі, қауіпсіздік тамғасы және қатынас құруды мәжбүрлі басқару. 
Кепілдік - жүйенің сәлетіне және жүзеге асырылуына көрсетілетін сенім өлшемі. Ол қауіпсіздік саясатын іске асыруға жауапты тетіктердің дұрыстығын көрсетеді. Оны қорғаныштың, қорғаушылар жұмысын қадағалауға арналған, белсенсіз сынары деп сипаттауға болады. Кепілдіктің екі түрі болады: операциялық және технологиялық. Біріншісі жүйенің сәулеті және жүзеге асырылу жағына, ал екіншісі - құрастыру және сүйемелдеу әдістеріне қатысты.  
Есепберушілік (немесе хаттамалау тетігі) қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Сенімді жүйе қауіпсіздікке байланысты барлық оқиғаларды тіркеп отыруы керек, ал хаттаманы жазу-жүргізу тексерумен (аудитпен - тіркелу ақпаратына талдау жасаумен) толықтырылады. 
Сенімді есептеу базасы (СЕБ)  - компьютерлік жүйенің қауіпсіздік саясаты жүзеге асыруға жауапты қорғаныш тектерінің жиынтығы. Компьтерлік жүйенің сенімділігіне баға беру үшін тек оның есептеу базасын қарастырып шықса жеткілікті болады. СЕБ негізгі міндеті - қатынасым мониторының міндетін орындау, яғни, объектілермен белгілі бір операциялар орындау болатындығын бақылау. 
Қатынасым мониторы - пайдалынушының программаларға немесе деректерге әрбір қатынасының мүмкін болатын іс - әрекеттер тізімімен келісімдігі екендігін тексеретін монитор. Қатынасым мониторынан үш қасиеттің орындалуы талап етіледі: 
- оңашаландық. Монитор өзінің жұмысы кезінде аңдудан қорғалуға тиісті; 
-   толықтық. Монитор әрбір қатынасу кезінде шақырылады. Бұл кезде оны орай өтуге мүмкіндік болмау керек; 
-   иландырылатындық. Мониторды талдауға және тестілеуге мүмкін болу үшін ол жинақы болуы керек. 
Қауіпсіздік өзегі -  қатынасым мониторының жүзеге асырылуы. Қауіпсіздік өзегі барлық қорғаныш тетіктерінің құрылу негізі болып табылады. Қатынасым мониторының аталған қасиеттерінен басқа қауіпсіздік өзегі өзінің өзгерместігіне кепілдік беруі керек. 
Қауіпсіздік периметрі - сенімді есептеу базасының шекарасы. Оның ішіндегі сенімді, ал сыртындағы сенімсіз деп саналады. Сыртқы және ішкі әлемдер арасындағы байланыс ретқақпа арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретқақпа сенімсіз немесе дұшпандық қоршауға қарсы тұра алуға қабілетті бар деп саналады.  
  Объектінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтаммасыз етуге арналған жұмыстар бірнеше кезеңге бөлінеді: даярлық кезеңі, ақпараттық қорларды түгендеу, қатерді талдау, қорғаныш жоспарын жүзеге асыру. Осы аталған кезеңдер аяқталған соң эксплуатациялау кезеңі басталады.  
Даярлық кезең. Бұл кезең барлық келесі шаралардың ұйымдастырушылық негізін құру, түпқазық құжаттарды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ, үрдіске қатысушылардың өзара қарым - қатынастарын анықтау үшін қажет. Даярлық кезеңде ақпарат қорғау жүйесінің ақпараттың міндеттері анықталады. 
Ақпараттық қорларды түгендеу. Бұл кезеңде, әдетте, объект, ақпараттық ағындар автоматтандырылған жүйелердің құрылымы серверлер, хабар тасышулар, деректер өңдеу және сақтау тәсілдері жайында мәлімет жиналады. Түгендеу анықталған соң олардың осалдылығына талдау жасалынады.  
Қатерді талдау. Келесі шаралардың нәтижелерді ақпараттық қорлардың қорғанылу күй - жағдайның қаншалықты толық және дұрыс талдануына тәуелді болады. Қатерді талдау мыналардан тұрады: талданатын объектілерді және оларды қарастырудың нақтылану дәрежесін таңдау; қатерді бағалау әдіснамасын таңдау; қауіптерді және олардың салдарын талдау; қатерлерді бағалау; қорғаныш шараларын талдау; таңдап алынған шараларды жүзеге асыру және тексеру; қалдық қатерді бағалау. 
Қауіп бар жерде қатер пайда болады. Қауіптерді талдау кезеңі қатерді талдаудың орталық элементі болып табылады. Қауіптердің алдын алу үшін қорғаныш шаралары мен қүралдары қажет. Қауіптерді талдау, біріншіден, мүмкін болатын қауіптерді анықтаудан (оларды идентификациялаудан) және, екіншіден, келтірілетін болашақ зиянды болжау - бағалаудан тұрады. 
Бұл кезеңнің орындалу нәтижесінде объектідегі қауіп - қатерлер тізбесі және олардың қауіптік дәрежесі бойынша жіктемесі құрастырылады. Бұлар бәрі ақпарат қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды айқындауға, қорғаныштың ең әсерлі шаралары мен құралдарын таңдап алуға, сондай - ақ, оларды жүзеге асыруға қажетті шығындарды анықтауға мүмкіндік береді. 
Қорғаныш жоспарын құрастыру. Бұл кезеңде осының алдында жүргізілген талдаудың нәтижесінде анықталған қатердерді бейтараптау үшін қорғаныштың тиісті ұйымдастырушылық және техникалық шаралары таңдап алынады.  
Қорғаныш жоспарын құру ақпарат қорғау жүйе,сінің функционалдық сұлбасын әзірлеуден басталады. Ол үшін қорғаныш жүйесінің атқаратын міндеттері анықталады және нақты объектінің ерекшеліктерін ескере отырып жүйеге қойылатын талаптар талқыланады. Жоспарға мынадай құжаттар қосылады: қауіпсіздік саясаты; ақпаратты қорғау құралдарының объектіде орналасуы; қорғаныш жүйесін жұмысқа қосу үшін қажет шығындардың сметасы; ақпарат қорғаудың ұйымдастырушылық және техникалық шараларын жүзеге асырудың күнтізбелік жоспары. 
Қорғаныш жоспарын жүзеге асыру. Бұл кезеңде қорғаныш жоспарында келтірілген шаралармен қоса жабдықтаушылармен келісім - шарттар жасасу жабдықтарды орнату және баптау, қажетті құжаттарды әзірлеу және т.б. осы сияқты шаралар іске асырылады.  
Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері 
Қауіпсіздік саясаты (ұйымдастыру тұрғысынан қарағанда) есептеу және қатынас қорларын пайдалану тәсілін, сондай - ақ, қауіпсіздік режимін бұзудың алдын алу және мән беру процедураларын дұрыс анықтайды. Қауіпсіздік саясатын қалыптастыру іс - әрекетін келесі кезеңдер түрінде қарастыруға болады:  
4 Ұйымдастыру мәселелерін шешу. Бұл кезеңде ақпараттық қауіпсіздік қызметі құралады, ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда пайдаланушылардың санаттары, пайдаланушылардың барлық санаттарының жауаптылық деңгейлері, құқықтары және міндеттері анықталады. 
5 Қатерге талдау жасау. Қатерді  талдау үрдісі нені қорғау керек, неден қорғау керек және қалай қорғау (істеу) керек деген сияқты сұрақтардың жауабын анықтайды. Мүмкін болатын қатерлердің бәрін қарастырып шығу керек және оларды келтіретін зиянының ықтимал мөлшеріне байланысты жіктеу керек. Қорғанышқа жұмсалатын қаржы қорғалынатын объектінің құнынан аспауға тиісті.  
6 Жеңілдіктерді анықтау. Қорларды пайдалану құқықтары, қорларды қолдану ережелері, әкімшілік жеңілдіктер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері, жүйелік әкімшілердің құқықтар мен міндеттері, жасырын ақпаратпен жұмыс істеу тіртіптері және тағы басқа анықталады.  
7 Қауіпсіздік саясатының бұзылуына жауап қайтару шараларын анықтау. Қауіпсіздік режимін бұзушыларды табуға және жауапкершілікке тартылуға бағытталған әрекеттер, сонымен қатар, ақпаратты бұрынғы қалпына келтіру және бұзулардың зардаптарын жою шаралары анықталады. 
8 Ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттарды дайындау. Қауіпсіздік саясатының негізгі жайлары әр түрлі нұсқауларда, қағидаларда, ережелерде және өкімдерде келтіріледі. 
Қауіпсіздік саясаты ақпарат қорғау жүйесінің қауіп-қатерлерге қарсы әрекет жасауға бағатталған құқықтық нормалардың, ұйымдастырушылық (құқықтық) шаралардың, программалық-техникалық құралдар және процедуралық шешімдер кешенінің жиынтығын анықтайды. 
Ақпарат қауіпсіздігінің жоғарғы дәрежесіне қол жеткізу тек тиісті ұйымдастыру шараларын қолдану негізінде ғана мүмкін болады. Ұйымдастырушылық шаралар кешенінің құрамына ақпараттық қауіпсіздік қызметін құру, жасақтау және оның іс-әрекеттерін қолдау, ұйымдастыра-өкімгерлік құжаттар жүйесін дайындау жұмыстары, сонай-ақ, қорғаныш жүйесін құруға және оның жұмысын сүйемелдеуге арналған бірқатар ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-техникалық шаралар кіреді. 
 Ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-техникалық шаралар жүргізу ақпараттың сыртқа кететін жаңа арналарын дер кезінде табуға, оларды бейтараптандыру шараларын қолдануға, қорғаныш жүйелерін толық жетілдіруге және қауіпсіздік режимін бұзу әрекеттеріне жедел қарсы шара қолдануға мүмкіндік береді.Қатерге талдау жүргізу қауіпсіздік саясатын қалыптастырудың негізгі кезеңі болып табылады. 
Ұйымдастыру мәселелерін шешілгеннен кейін программалық-техникалық проблемалардың кезегі келеді - таңдалған қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін не істеу керек? Қазіргі уақытта құны атқаратын міндеті және сапасы жағынан әртүрлі болатын ақпарат қорғау құралдарының көптеген түрі бар. Олардың ішінен нақты объектінің ерекшелігіне сай келетінін таңдап алу күрделі мәселелердің бірі болып саналады. 
Қауіпсіздік саясаты мынадай элементтерден тұрады: қатынас құруды ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі, қауіпсіздік тамғасы және қатынас құрудың мәжбүрлі басқару. 
Қатынас құрудың ерікті басқару - жеке субъект немесе құрамына осы сцубъект кіретін топтың тұлғасын ескеру негізінде жасалған объектілерге қатынас құруды шектеу. Ерікті басқару - белгілі бір тұлға (әдетте, объектінің иесі) өзінің қарауынша басқа субъектілерге өзінің шешімі бойынша объектігі қатынас құру құқығын бере алады. 
Қатынас құрудың ағымдағы жағдайы ерікті басқару кезінде матрица түрінде көрсетіледі. Қатарларында - субектілер, бағандарында - объектілер, ал матрицаның түйіндерінде қатынас құру құқығының (оқу, жазу, орындау және т.б.) кодасы көрсетіледі. 
Операциялық жүйелердің және дерекқор басқару жүйелерінің көпшілігі осы ерікті басқаруды жүзеге асырады. Оның негізгі жағымды жағы - икемділігі, ал негізгі кемшіліктері - басқарудың бытырыңқылығы және орталықтандырылған тексерудің күрделілігі, сондай-ақ, қатынас құру құқығының деректерден бөлек қарастырылуы (қаскүнемдер осыны пайдалана отырып құпия ақпараттарды жалпы қол жеткізерлік файлдарға көшіріп алуы мүмкін).  
Объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі. Бұл элемент құпия ақпаратты «қоқтықтан» кездейсоқ немесе әдейі шығарып алудан сақтайтын қатынас құруды басқаратын құралдардың маңызды қосымшасы болып табылады. Объектілерді қайтадан пайдаланудың мүмкін болатын 3 қаупі бар: жедел жадыны қолдану, сыртқы сақтау құрылғыларын қайтадан пайдалану және ақпарат еңгізу/шығару құрылғыларын қайтадан пайдалану. 
Қорғаныш тәсілдерінің бірі - құпия ақпаратпен жұмыс істегеннен кейін жедел жадыда немесе аралық жадыны тазалау. Жақсы әдіс деп тегерішті нығыздау программаларын қолдануды да санауға болады. 
Мәселен, принтерлердің аралық жадында құжаттардың бірнеше беті сақталып қалуы мүмкін. Олар басу үрдісі аяқталған соң да жадыда қалып қояды. Сондықтан оларды арашықтан шығарып тастау үшін арнаулы шаралар қолдану қажет. Әдетте кездейсоқ биттер тізбегін үш қайталап жазу жеткілікті болады. 
«Субъектілерді қайтадан пайдаланудың» қауіпсіздігі жайында да қамдану керек. Пайдаланушы ұйымнан кеткен кезде оны жүйеге кіру мүмкіншіліктерінен айыру және барлық объектілерге оның қатынас құруына тиым салу керек. 
Қауіпсіздік тамғасы.  Қатынас мәжбүрлі басқарудың кезінде субъектілер және объектілер қауіпсіздік тамғасы арқылы байланысады. Субъектінің тамғасы оның шүбәсіздігін сипаттайды. Объектінің тамғасы оның ішіндегі сақталатын ақпараттың жабықтық деңгейін көрсетеді. 
Қауіпсіздік таңбасы екі бөліктен тұрып: құпиялылық деңгейі және категориялар.  
Құпиялылық деңгейі реттелген жиынтық құрайды және әр түрлі жүйелерде құпиялылық деңгейлер жиынтығы әр түрлі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпия құрайтын мәліметтердің үш құпиялық дәрежесі тағайындалған және осы дәрежелерге сәйкес аталған мәліметтердің тасушыларына мынадай құпиялылық белгілері берілген: «аса маңызды», «өте құпия», «құпия», ал қызметтік құпия құрайтын мәліметтірге «құпия» деген құпиялылық белгісі беріледі. 
Санаттар реттелмеген жиынтық құрайды. Олардың міндеті - деректер жататын аймақтың тақырыбын сипаттау. 
Қауіпсіздік таңбалардың тұтастығын қамтамасыз ету оларға байланысты негізгі проблемелардың біреуі болып табылады. Біріншіден, тамғаланбаған субъектілер мен объектілер болмау керек. Әйтпесе тамғалық қауіпсіздікте (қолдануға ыңғайлы) саңылаулар пайда болады және қаскүнем осы жағдайды пайдаланып қорғанылатын ақпаратқа заңсыз қол жеткізуі мүмкін. Екіншіден, қорғалынатын деректермен қандайда болмасын операциялар орындалмасын, қауіпсіздік тамғалары өзгермей қалуы керек. 
Қауіпсіздік тамғаларының тұтастығын қамтамасыз етуші құралдардың біреуі - құрылғыларды көп деңгейлік және бір деңгейлік деп бөлу. Көп деңгейлік құрылғыларда әр түрлі құпиялық деңгейлі ақпарат, ал бір деңгейлік құрылғыларда тек бір құпиялық деңгейі бар ақпарат сақталады. 
Қатынас құрудың мәжбүрлі басқару. Қатынас құруды басқару мәжбүрлі деп атаудың себебі - қатынас құру мүмкіндігі субъектінің ерігіне тәуелді емес. Мұндай басқару субъектінің және объектінің қауіпсіздік тамғаларын салыстыру негізінде жүргізіледі. 
Ерге субъектінің құпиялылық деңгейіобъектінің құпиялылық деңгейінен кем болмаса, ал объектінің қауіпсіздік тамғасында көрсетілген барлық санаттар субъектінің тамғасында болса (яғни, осындай екі шарт орындалса), онда субект объектіден кез келген ақпаратты оқи алады. Мысалы, «өте құпия» субъект «өте құпия» және «құпия» файлдарын оқи алады. Бұл жағдайда «субъектінің қауіпсіздік тамғасы объектінің қауіпсіздік тамғасынан басым» деп атайды. 
  
Қорытынды 
Қорғаныштың мақсаты - қатынас құруға рұқсат етілмеген арналарды ақпараттың түрін өзгертуге, ақпаратты жоғалтуға және сыртқа келтіруге бағытталған әсерлерден сенімді түрде сақтауды қамтамасыз ететін өзара байланысты бөгеттердің біріңғай жүйесін құру. Жүйе жұмысын қалыпты режимде көзделмеген осындай оқиғалардың біреуінің пайда болуы рұқсат етілмеген қатынас құру деп саналады.  
Қорғаныш жүйесінің міндеттері: 
9 жасырын және өте жасырын ақпараттарды онымен рұқсатсыз танысудан және оның көшірмесін жасап алудан қорғау; 
10  деректер мен программаларды рұқсат етілмеген кездейсоқ немесе әдейі өзгертуден қорғау;  
11 деректер мен прогграммалардың бұзылуының салдарынан болатын шығындан көлемін азайту; 
12  есептеу техника құралдарының көмегімен орындалатын қаражаттық қылмыстардың алдын алу және т.б. 
Сенімді қорғаныс құру үшін мыналар керек: 
- ақпарат қауіпсіздігіне төніп тұрған барлық қауіп-қатерлерді айқындау; 
- олардың келтіретін залалдарын бағалау; 
-нормативті құжаттардың талаптарын, экономикалық мақсатқа лайықтылықты, қолданылатын программалық қамтамамен сайысушылықты және қақтығызсыздықты ескере отырып қорғаныштың керекті шаралары мен құралдарын анықтау; 
- қорғаныштың таңдап алынған шаралары мен құралдарын бағалау. 
Ақпараттық қорғау жүйесі - деп белгіленген қорғаныш мәселелерін шешу үшін онда көзделетін барлық құралдар, әдістер және шаралардың ұйымдастырылған жиынтығын айтады. 
Ақпарат қорғау жүйесін құрудың жалпы әдістемелік ұстанымдары:  
13 тұжырымдамалық тұтастық-бірлік, 
14  талаптарға барабарлық, 
15 икемділік,  
16 функционалдық тәуелсіздік,  
17 пайдалану ыңғайлығы, берілетін құқықтарды шектеу,  
18 бақылаудың толықтығы,  
19 қарсы әрекет жасаудың белсенділігі 
20  тиімділік

Информация о работе Ақпарат және информатика